Мәдени іс-шара түрі Шараның өткізілген орны



Дата14.08.2020
өлшемі40.4 Kb.
АПТАЛЫҚ АҚПАРАТ



Мәдени іс-шара түрі

Шараның өткізілген орны

Жауапты мекеме

Қатысқан адам саны

БАҚ-та теледидарда жариялануы

Бос лауазым бойынша ақпарат

1.

«Қазақ сөз өнерінің қайталанбас дарын иесі»

/тарихи круиз /



(Ілияс Жансүгіров–

125 жыл)


Сарыбұлақ ауылдық кітапханасы

Сарыбұлақ ауылдық кітапхана қызметкері

10

ВК, фейсбук, инстаграмм





31 қараша күні кітапхана оқырман залында Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арнап кітапханашылар Т.Нурманова мен Б.Танкибаева кітапхана оқырман залында «Қазақ сөз өнерінің қайталанбас дарын иесі» атты тарихи кеш өткізді. Кештің мақсаты ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірі жайлы мағлұмат беру. Тұлғаның адамгершілік мінез-құлқының тәжірибесін, оқырманның азаматтық-патриоттық ұстанымын, XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы оқиғалар туралы түсініктерін қалыптастыру; Ілияс Жансүгіровтың шығармашылық өнері негізінде оқырманның өз туған өлке тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Кеш барысында кітапханашы Т.Нурманова ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Өз сөзінде Жансүгіров Ілияс -ақын, қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп; 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң; 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып; 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ақталды, деп атап өтті.

Сонымен қатар кітапханашы Б.Танкибаева «Қазақ әдебиетінің барлық жанрларына қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын» атты баяндамада Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің бүкіл жанрына қалам тартқан дарын иесі. Қазақтың маңдайына Абайдан кейін біткен поэзия ақтангері. Он шақты жылда 40-тан аса кітап жазған шашасына шаң жұқпас жүйрігі. Прозалық, драматургиялық жазбаларынан өзге, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды өлмес мұраны еліне тарту еткен қаламына адал жан.

Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.

Ілиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ілияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.

Бүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде.

Ілияс Жансүгірұлының ұлтымыз өміріндегі орны орасан, қазақ әдебиетіндегі әлемі айрықша. Ол – қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол – туған әдебиетіміздің бір асқар Алатауы, немесе жыр Жетісуы. Иә, ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек, сара құбылыс.



Қорыта келе кітапханашы Т.Нурманова қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды, деп іс-шарамызды аяқтады. Сондай-ақ кітапханашы Б.Танкибаева «Жыр құлагері» атты көрмеге шолу жасады. Іс-шарамызға 10 адам қатысты.
Кітапхана меңгерушісі Т.Нурманова

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет