Медициналық ұйымды таңда! 1



Дата28.04.2016
өлшемі111.84 Kb.

Мазмұны


Мазмұны 1

Медициналық ұйымды таңда! 1

Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюроларын құру туралы 3

Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюроларының Ережесі 4




Медициналық ұйымды таңда!


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88 және 91-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық ұйымдарды еркін таңдауға құқылы.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ақпанды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде өңірлерде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау қағидаты бойынша тұрғындарды қайта тіркеу жүргізілуде.

Жаңа жүйені енгізу Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің қалауы бойынша дәрігер мен емхананы өз бетінше таңдау құқығын береді.

Қазақстан Республикасының азаматтарын уақтылы қайта тіркеу мақсатында, медициналық ұйымдардың мекенжайлары мен телефондарын сіздер облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларында ала аласыз.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 жылғы қаулысымен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету тәртібін белгілейтін ереже бекітілді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация;

2) мыналарды қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек:



  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі- МСАК);

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманы (учаскелік дәрігер) мен бейінді мамандарын жіберу жөніндегі консультациялық-диагностикалық көмек;

3) уәкілетті орган белгілеген емдеуге жатқызу жағдайларының (шекті көлемдері) жоспарланған мөлшерінің шеңберінде, шұғыл айғақтары бойынша – жолдамасының болуына қарамастан МСАК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;

4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5) қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халықтың санаты бойынша паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі лицензиямен белгіленген олардың қызметінің меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда тегін негізде жолдамаға сәйкес және олармен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) немесе облыстардың денсаулық сақтау басқармаларымен (МСАК, консультациялық-диагностикалық қызметтер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарт жасасу талаптары кезінде көрсетіледі.

МСАК көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, қала тұрғындарына мекенжайы бойынша немесе тіркелген жері бойынша медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады. Қала тұрғындарын аумақтық емханаларға бекіту жөніндегі компания жылына 1 рет, 1 қаңтардан бастап 1 ақпанды қоса алғанда жүргізіледі. Осы уақытта Сіз еркін таңдау құқығын пайдалана аласыз және өзіңіздің аумақтық емханаңыздан шығып, өзіңіздің қалауыңыз бойынша басқасына тіркеле аласыз. Қайта тіркелуге жылына 1 рет рұқсат етіледі. Егер Сіз медициналық ұйымға тіркеліп қойған болсаңыз және оны ауыстыруды көздемесеңіз, ойланудың қажеті жоқ, Сіз өзіңіздің тіркелген емханаңызда қаласыз.



Стационарларға емдеуге жатқызу медициналық айғақтары бойынша жүзеге асырылатын болады:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарлық ем қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шарт жасаған пациенттер оның қызметінің бейініне сәйкес кез келген мемлекеттік немесе жеке аурухананы, бұл ретте тек тұрғын мекенжайы бойынша ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның кез келген басқа өңірі бойынша да таңдай алады.

Шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу мамандардың амбулаториялық-емханалық ұйымдарға жолдамасының болуынан тыс шұғыл тәртіппен жүзеге асырылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы жатқызу амбулаториялық-емханалық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Сіз таңдаған стационарда бос бейінді төсектер болған жағдайда жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында емдеуші дәрігер жолдаманы ресімдейді және емдеуге жатқызу күнін көрсете отырып қолыңызға береді.

Сіз таңдаған стационарда бос бейінді төсектер болмаған жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің таңдауыңызға басқа стационарды ұсынады.

Сіз ұсынылған стационарлардан бас тартқан жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің деректеріңізді Сіз ұсынылған стационарлардан бас тартқан жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің деректеріңізді Емдеуге жатқызуды күту парағында Сіз таңдаған стационарға тіркеу үшін жібереді және емдеуге жатқызудың алдын ала күнін көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді.

Емдеуге жатқызуға жіберген ұйым Сізге емдеуге жатқызудың нақты күнін хабарлайды.

Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтерді, сондай-ақ психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық қызметтерді, республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын медициналық ұйымдарда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру республикалық бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерінің атынан ТМККК бірыңғай төлеушісі жүзеге асырады.

25 – 26 желтоқсанда ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің департаменттері өңірлерде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізді. Нәтижелері өңірлік БАҚ-та жарияланды.

Амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық жәрдем (санитариялық авиацияны қоса алғанда), психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтерді сатып алуын ұйымдастыруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінің қаражатының есебінен жүзеге асырылады.



25 желтоқсан 2009 жылы № 869

Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюроларын құру туралы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, пациенттердің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – РАТО) республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюролары (бұдан әрі – Емдеуге жатқызу бюросы) құрылсын.

2. «Мединформ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Нұғыманов Т. Қ.):

2010 жылғы 1 ақпанға дейін жоспарлы емдеуге жатқызу мәліметтер базасын қалыптастыру мен тіркелімін (бұдан әрі – Тіркелім) жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;

2010 жылғы 5 ақпанға дейін Тіркелім бағдарламасын РАТО-ға, медициналық ұйымдарға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетіне (бұдан әрі – Комитет) беруді қамтамасыз етсін.

3. РАТО директоры:

1) қоса беріліп отырған Емдеуге жатқызу бюросы туралы ереже бекітілсін;

2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бұйрықпен бекітілген Ережеге сәйкес Емдеуге жатқызу бюросының қызметін және 2010 жылғы 5- ші ақпаннан бастап Тіркелім бағдарламасын барлық филиалдарға енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша), республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес барлық мүдделі медициналық ұйымдардың Емдеуге жатқызу бюросына ақпаратты күнделікті беруін қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Министр Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 869 бұйырығымен

бекітілген



Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюроларының Ережесі


1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросы қызметінің мақсатын, міндетін және құқық пен ұйымдастыру негізін анықтайды (бұдан әрі – Емдеуге жатқызу бюросы).

2. Емдеуге жатқызу бюросы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігің «Республикалық ақпаратық – талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – РАТО) және оның филиалдарының жанында құрылады.

3. Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты азаматтардың медициналық ұйымдарды еркін таңдау құқығын, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлем (әрі қарай – ТМККК) шеңберінің қол жетімділігін және ауруханаларға жоспарлы жатқызудың айқындылығын қамту.

4. Ауруханаға жатқызу бюросы Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің заңдарымен, актілерімен, басқада нормативтық құқықтық актілері мен осы Ережеген сай қызметін атқарады.

5. Ауруханаға жатқызу бюросы қызметін ТМККК көрсететін медициналық ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (әрі қарай –Министрлік) құрылымды бөлімшелерімен, денсаулық сақтау субъектілерімен, Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен ( әрі қарай – МҚАТК) және мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті ұйымымен қарым қатынаста атқарады.

6. Ауруханаға жатқызу бюросының құрылымы Министрліктің келісімімен РАТО бекітеді.

7. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

2) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек;

3) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;

4) медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;

5) ауруханаға жатқызудың шекті көлемі – Министрлікпен белгіленген ауруханаға жатқызу жағдайлардың жоспарлы саны;

6) ауруханаға жоспарлы жатқызу – медициналық ұйымдарының науқасты стационарлық емге жоспарлы түрде жатқызуын рәсімдеу қағидаты;

7) ауруханаға жоспарлы жатқызудың тіркелімі - Ауруханаға жатқызу бюросы бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін ұйымдарынан жоспарлы жатқызуға жолданған, жатқызуды күтудегі, қандайда бір себептермен жатқызудан бас тартылған және күту парағынан алынған науқастар туралы мәліметтер және де стационарлар мен бейінді бос төсектерді қалыптастыратын бірыңғай дербес ақпарат базасы;

8) күту парағы – тіркелім дерегінен қалыптастырылған ауруханаға жоспарлы жатуды күтудегі науқастар тізімі.



2. Негізгі міндеттері мен қызметі

8. Ауруханаға жатқызу бюросының негізгі міндеттері:

1) «Психиатриялық, жұқпалы, туберкулез ауруларын қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету қызметтері» республикалық 067 бюджеттік бағдарламасына сай ТМККК шеңберінде білікті, мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік стационарлық көмекті көрсету мақсатында ауруханаға жоспарлы жатқызу тіркелімін қалыптастырумен науқастарды ауруханаға жоспарлы жатқызуды ұйымдастыру;

2) Ауруханаға жоспарлы жатқызудың және қағиданың айқындылығын қамтудың мониторингісін жүргізу;

3) Қазақстан Республикасы аумағында науқастарды ауруханаға жоспарлы жатқызу барысында қатысушылардың қарым – қатынасын қамту;

9. Ауруханаға жатқызу бюросының негізгі қызметтері:

1) мемлекет пен аумақтарда стационарлардағы бос төсек орын туралы ақпаратты күнделікті жинау;

2) науқастарды ауруханаға жатқызуға жолдайтын денсаулық сақтау ұйымдарын бос төсек орын туралы ақпаратпен қамту;

3) бейіні бойынша бос төсек орын болмаған жағдайларда ауруханаға жоспарлы жатқызу үшін күту парағын қалыптастыру;

4) МҚАТК аумақтық департаменттеріне, МҚАТК, ДСБ, РАТО –на жоспарлы жатқызу туралы ақпаратты күнделікті ұсыну.



3. Құқықтары

10. Жүктелген міндеттері мен қызметтерінің орындалуын жүзеге асыруда Ауруханаға жатқызу бюросы құқылы:

1) ауруханаға жоспарлы жатқызу сұрақтары негізінде Ауруханаға жатқызу бюросы ТМККК көрсететін медициналық ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (әрі қарай –Министрлік) құрылымды бөлімшелерімен, денсаулық сақтау субъектілерімен, Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен ( әрі қарай – МҚАТК) және мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасымен қарым қатынас атқаруға;

2) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікке ұсыныс жасауға.



4. Қызметін ұйымдастыру

11. РАТО мен оның филиалдарының басшылары ауруханаға жатқызу бюросының қызметін үйлестіреді және бақылайды, жұмысын жоспарлайды, бюроның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асырылуына жағдай жасайды.

12. Республикалық ауруханаға жатқызу бюросы Министрлікке бағыныстағы республикалық ұйымдар мен аймақтар арасындағы ауруханаға жоспарлы жатқызуға берілген жолдамалардың мониторингін жүргізеді.

Аумақтық ауруханаға жатқызу бюросы аумақтағы медициналық ұйымдар арасындағы жоспарлы жатқызуға берілген жолдамалардың мониторингін жүргізеді.

13. Аудан көлеміндегі жоспарлы жатқызу мәселелері аудандық стационар мен емхана арасында шешіледі.

14. Жоспарлы стационарлық көмек ұйымдастыру үшін РАТО базасында «Жоспарлы жатқызу тіркелемі» бейінді дербес ақпарат базасы Министрлікпен бекітілген келесі есеп құжаттарының деректерінен қалыптастырылады:

1) бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдары мамандарымен ресімделген «Ауруханаға жатқызуға жіберілген және ауруханаға жатқызудан шеттетілген науқастарды есепке алу журналы» №001-6/е нысаны;

2) стационарда бос төсек орындарын тіркейтін «Стационардағы бос төсек орынды есепке алу парағы» (әрі қарай – Тіркеу парағы) №007-1/е нысаны.

15. Ауруханаға жатқызу бюросы:

1) стационарлық көмек алуға мұқтажды науқастар туралы БМСК ұйымдары ұсынған деректер мен стационарлардағы бейінді бос төсек орын туралы мәліметтер негізінде ауруханаға жоспарлы жатқызудың мониторингін жүргізеді;



2) мемлекет аумағында ауруханаға жоспарлы жатқызу барысында қатысушылар мен Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және денсаулық сақтау басқармасы арасындағы қарым қатынасты қамтады;

3) МҚАТК аумақтық департаменттеріне, МҚАТК, ДСБ, РАТО –на жоспарлы жатқызу туралы ақпаратты күнделікті ұсына.
Каталог: images -> stories -> files
files -> Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп Тәрбие сағаты Дайындаған: Алпамысова Б
files -> Батлейка вядучы: а цяпер, каханыя вялікія цуды будуць, бо да нас тут госьці з Бэтлеем прыбудуць. I езус Маленькі, І Юзеф Старенькі, І Марыя Дзева, Свету Каралева, І Анелау хоры, пастухі-музыкі, каралі вялікія, Ірад-злы правітель І д'ябал
files -> Nickelodeon главные события в программе 3 февраля 2014 – 2 Марта 2014 Страусёнок Оливия – новые серии!
files -> Nickelodeon россия октябрь 2013 Главные события в программе версия 1 Составлено 20. 08. 2013 сэм и кэт новый сериал стартует 13/10
files -> Фариза,Фаризажан,Фариза қыз. ( Ән байқауы) Мақсаты
files -> Вопрос ы к экзамену по учебной дисциплине «современные проблемы метеорологии и агроклиматологии» для специальности 1-31 80 17 (магистранты) «Метеорология, климатология, агрометеорология»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет