Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі №146 бұйрығы


Ә кімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру және талдамалық анықтаманың мазмұны бойынша түсініктеме



бет3/4
Дата17.05.2020
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4

Ә кімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру және талдамалық анықтаманың мазмұны бойынша түсініктеме

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік органның есеп нысанын (бұдан әрі -есеп нысаны) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген.



2. Есеп нысанды жүргізудің басты мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелеріне мониторинг жүргізу болып табылады.

3. Есеп нысаны толтырылады және талдамалық анықтамамен бірге тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 7-і күніне дейін:

орталық мемлекеттік органды, оның ведомстволарын, ведомстволардың аумақтық бөлімшелерін, ведомстволық бағыныстағы мекемелерді есепке алып, орталық мемлекеттік органның орталық аппаратымен - Агенттікке;

орталық мемлекеттік органның ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен - Агенттіктің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

4. Есеп нысанға мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

 

 



2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме

 

5. Есептік нысанның 1-тармағында Заңның 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі) көзделген есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (1.1, 1.2, 1.3 және 1.4-тармақтардың сомасы) туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.



6. Есептік нысанның 1.1-тармағында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес тек ғана қызмет беруші арқылы көрсету көзделген есептік кезеңде мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.

7. Есептік нысанның 1.2-тармағында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге мүмкіндігі бар, бірақ есептік кезеңде мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бөлінісіндегі сандық мәліметтер көрсетіледі.

8. Есептік нысанның 1.3-тармағында есептік кезеңде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.

9. Есептік нысанның 1.4-тармағында есептік кезеңде электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

10. Есептік нысанның 1.4.1-тармағында есептік кезеңде электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.

11. Есептік нысанның 1.4.2-тармағында есептік кезеңде электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.

12. Есептік нысанның 2-тармағында есептік кезеңде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосылған мемлекеттік қызметтер жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

13. Есептік нысанның 3-тармағында есептік кезеңде бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

14. Есептік нысанның 4-тармағында есептік кезеңде бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

15. Есептік нысанның 5-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар пен регламенттерінде көзделген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

16. Есептік нысанның 5.1-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар пен регламенттерінде көзделген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атауы туралы мәліметтер көрсетіледі.

17. Есептік нысанның 5.2-тармағында есептік кезеңде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтердің саны мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар пен регламенттерінде көзделген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің түрлері бөлінісіндегі мәліметтер көрсетіледі.

18. Есептік нысанның 5.3-тармағында есептік кезеңде электрондық түрде мемлекеттік қызметтердің саны мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар пен регламенттерінде көзделген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атауы туралы мәліметтер көрсетіледі.

19. Есептік нысанның 6-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

20. Есептік нысанның 6.1, 6.2 және 6.3-тармақтарында мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы мекемеде), халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электрондық түрде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдардың саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

21. Есептік нысанның 7-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылудың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

22. Есептік нысанның 7.1, 7.2 және 7.3-тармақтарында мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы мекемеде), халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электрондық түрде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылу саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

23. Есептік нысанның 8, 8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.5, 8.6 және 8.7-тармақтарында есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың көздері туралы мәліметтер көрсетіледі.

24. Есептік нысанның 9-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер алушылардың қаралған шағымдарының жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

25. Есептік нысанның 10 және 10.1-тармақтарында есептік кезеңде мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдары бойынша ішкі бақылау шеңберінде, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілген тексерулердің жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

26. Есептік нысанның 11, 11.1 және 11.2-тармақтарында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органның орталық аппараты, оның ведомстволары, орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердің кесінінде жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

27. Есептік нысанның 12, 12.1, 12.2, 12.3, 12.4, 12.5 және 12.6-1 тармақтарында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін қолданылған тиісті тәртіптік жазалардың, оның ішінде тәртіптік жазалар кесінінде жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

28. Есептік нысанның 13-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшесімен енгізілген ұсыныстардың жалпы саны көрсетіледі.

29. Есептік нысанның 14-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшенің ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша қабылданған шаралардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

30. Есептік нысанның 15-тармағында есептік кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және тағы басқа шаралардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі.

 

 



3. Талдамалық анықтаманың мазмұны бойынша түсініктеме

 

31. Талдамалық анықтама есеп нысанмен бірге енгізіледі және келесі мәліметтерді қамтиды:



қадағалау салада есептік кезеңдегі мемлекеттік қызметтер көрсету саласының қазіргі жағдайы, оның ішінде ең танымал мемлекеттік қызметтердің атауы, оларды есептік кезеңде көрсетудің саны, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетудің нысаны (қағаз және (немесе) электрондық түрде, халыққа қызмет корсету орталықтары арқылы) туралы мәліметтер;

есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік қызметтердің атауы, тиісті нормативтік құқықтық актілердің атауы, нөмірі және датасы туралы мәліметтер. Есептік кезеңде Тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтерді жоқтығы жағдайда, мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша атқарылған жұмысы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға енгізілген ұсыныстары туралы ақпарат;

есептік кезеңде бекітілген стандарттар бойынша мемлекеттік қызметтердің атауы, тиісті нормативтік құқықтық актілердің атауы, нөмірі және датасы туралы мәліметтер. Есептік кезеңде бекітілген мемлекеттік қызметтердің стандарттары жоқтығы жағдайда, мемлекеттік қызметтер стандарттардың жобаларын әзірлеу, оның ішінде оларды қоғамдық талқылау және келісу бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат;

есептік кезеңде бекітілген регламенттер бойынша мемлекеттік қызметтердің атауы, тиісті нормативтік құқықтық актілердің атауы, нөмірі және датасы туралы мәліметтер. Есептік кезеңде бекітілген мемлекеттік қызметтердің регламенттері жоқтығы жағдайда, мемлекеттік қызметтер регламенттердің жобаларын әзірлеу бойынша атқарылған жұмысы және оларды келісудің қазіргі кезеңі туралы ақпарат;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына есептік кезеңде түскен шағымдары, оның ішінде осы мемлекеттік қызметтердің атауы, шағымдардың мазмұны, оларды қарау барысы және қабылданған шешімдері туралы мәліметтер;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына есептік кезеңде келіп түскен шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атауы, бұзылу жасалған себептері және қабылдаған шаралары туралы мәліметтер;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшесімен енгізілген ұсыныстары және оларды орындау туралы мәліметтер;

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және тағы басқа шаралардың саны, пәндері және қысқаша мазмұндама туралы мәліметтер.

32. Талдамалық анықтамаға есеп нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті ақпараттық материалдары (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдар және тағы басқалар) қоса беріледі.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету



сапасын бақылау қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша


жергілікті атқарушы органның есебі

 

Есептік кезең 20_____жылғы_______ тоқсан

 

Индекс: 2-мқ

Кезеңділігі: тоқсандық

Ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері

Тапсыру мерзімдері: тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 7-ші күнінен кешіктірмей

 


Т.№

Атқарылып жатырған шаралар

1 -тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы

Қантар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - барлығы, оның ішінде:








































1.1.

мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































1.2.

«электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе)халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген саны оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































1.3.

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































1.4.

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - барлығы, оның ішінде:








































1.4.1.

Электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































1.4.2.

Электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































2.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің саны








































3.

мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - барлығы, оның ішінде:








































3.1

мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен)мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































3.3.

Электрондық түрде мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:











































мемлекеттік қызметтің атауы








































4.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны - барлығы, оның ішінде:








































 

4.1

мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны








































4.2

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны








































4.3

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны








































5.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны-барлығы, оның ішінде:








































5.1

мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны








































5.2

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны








































5.3

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны








































6.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың көздері:








































6.1

Жеке тұлғалардан








































6.2

мемлекеттік органдардан








































6.3

заңды тұлғалардан








































6.4

бағалауға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға уәкілетті органның тапсырмалары








































6.5

облыс әкімінен








































6.6

бұқаралық ақпарат құралдарынан








































6.7

басқа да көздер








































7.

Қаралған шағымдардың саны








































8.

Шағымдар бойынша жүргізілген тексерулердің саны - барлығы








































8.1

оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен








































9.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны - барлығы








































9.1

оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері








































9.2

оның ішінде ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметкерлері








































10.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны - барлығы, оның ішінде;








































10.1

ескерту








































10.2

сөгіс








































10.3.

қатаң сөгіс








































10.4

қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту








































10.5

қызметтің төмендетуі








































10.6

атқаратын қызметінен босатуы








































11.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшесімен енгізілген ұсыныстардың саны








































12.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшесінің ұсыныстарын қарау нәтижесінде мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) қабылданған шаралардың саны








































13

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және тағы басқа шаралардың саны








































 

жергілікті атқарушы органнның атауы: Мекенжайы:

___________________________________ _____________________________

___________________________________ _____________________________

Орындаушының аты-жөні:_____________ Телефоны:__________________

Басшы______________________________ (Т.А.Ә.(бар болғанда)қолы)____

20___ жылғы « »_______________ М.О.

 

 



Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет