«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ



бет1/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Мемлекеттік мүлік туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және жарғылық капиталдағы мемлекетке тиесілі акциялар мен үлестерге, мемлекеттің ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен стратегиялық объектілерге ықпалының аясын айқындайды. Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесі ретінде де және басқа да құқық иеленушісі ретінде де құқықтарының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге; мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретінің аражігін айқын ажыратуға және осы органдар мен олардың басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуге жауапкершілігін арттыруға; ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік мүлікті корпоративтік басқарудың құқықтық негіздерін бекітуге, олардың мемлекеттік органдармен нақты іс-қимылын және олардың мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жауапкершілігін айқындауға бағытталған.



I бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер.


1- тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер.
1- бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар.

1.Осы Заңда келесі ұғымдар қолданылады:

1) мемлекеттік мүлік - Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі;

2) республикалық мүлік - Қазақстан Республикасының мүлкі, коммуналдық мүлікті қоспағанда;

3) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі;

4) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың мүлкі (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), оның ішінде облыстық бюджет және облыстық қазынаны құрайтын облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да мүлік, сондай-ақ облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген басқа да мүлік (аудандық коммуналдық мүліктен басқа);

5) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның мүлкі (облыстық маңызы бар қаланың), оның ішінде ауданның бюджеті және аудандық қазынаны құрайтын аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген басқа да мүлік;

6) мемлекеттің мүліктік құқықтары – өзінде мыналарды қамтитын мемлекеттің мүлікке құқықтары:

а) мемлекеттік меншік құқығы;

б) мемлекеттің басқа да заттық құқықтары (сервитуттар, жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану және басқалары);

в) мемлекеттің міндетті құқықтары (талап ету құқықтары);

г) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар;

д) мұрагерлік құқықтар;

е) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да мүліктік құқықтар;

7) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің) мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;

8) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мемлекеттік мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына, стратегиялық объектілерге жекешелендіру және меншікке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, мемлекеттік мониторингіні өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын арнайы атқару және бақылау-қадағалау функциялары бар орталық атқарушы орган;

9) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (одан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыру үшін және осы заңмен және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарын басқа да атқарушы орталық органға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы ережелері осындай атқарушы орталық органға таратылады;

10) мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мүлікті иеліктен шығару – жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтемін төлеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім негізінде және иеліктен шығарылатын меншік иесімен мемлекеттік мұқтаждықтар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құны мен өтемі төленетін шығындардың мөлшері туралы келісім негізінде, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда осы Заңға сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау және мемлекет меншігіне алу, соттың шешімі негізінде жүзеге асырылатын азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі мүлікті мемлекеттік (республикалық және коммуналдық) меншік құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

11) мүлікті реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия, соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаты бар басқа да жағдаяттар кезінде мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін мүлікті меншік иесіне мүліктің құнын төлей отырып алып қою;

12) мемлекет меншігіне алу - мүлікті мемлекет меншігіне алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі негізінде жүзеге асырылатын және осы Заңға сәйкес қабылданатын азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі мүлікті Қазақстан Республикасының меншік құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

13) мемлекеттік мұқтаждықтар – мемлекеттің функциясынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсатты көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекет меншігіне ауыстыру қажеттілігінің болуы;

14) жекешелендіру – мемлекеттің осы Заңмен белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;

15) мемлекеттік заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

16) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншіктегі республикалық кәсіпорындар және республикалық мекемелер;

17) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншіктегі коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

18) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

20) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы берілген және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауапты коммерциялық ұйым;

21) қазынашылық кәсіпорын – мемлекеттік мүлікті жедел басқару құқығы берілген коммерциялық ұйым;

22) мемлекеттік мекеме – мемлекет құрылған және бюджет қаражаты есебінен және (немесе) басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы басқа да функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге көзден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым;

23) шаруашылық жүргізу құқығы - меншік иесі ретінде мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және басқа да заңнамалық актілерде белгіленген шектерде осы мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;

24) жедел басқару құқығы - мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген шектерде өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеменің немесе қазынашылық кәсіпорынның заттық құқығы;

25) ұлттық компания – акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке, ұлттық басқару холдингіне тиесілі және қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылатын (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам;

26) ұлттық басқару холдингі - ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметінің тұлғасында Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

27) ұлттық холдинг – ұлттық компаниялардың және басқа да акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерін тиімді басқару үшін құрылған құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметінің тұлғасында Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

28) стратегиялық маңызы бар мүлік (стратегиялық объектілер) - қазақстан қоғамының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оған құқықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі жағдайына ықпал ететін мүлік;

29) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектіні басымдықпен сатып алу құқығы – Қазақстан Республикасының азаматтардан немесе заңды тұлғалардан стратегиялық объект оларға тиесілі болғанда, осындай тұлға стратегиялық объекті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауды ниет етіп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіден өндіріп алу немесе конкурстық (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектіні иеліктен шығару жағдайында нарықтық құны бойынша стратегиялық объектілерді сатып алудың үшінші тұлға алдындағы басымды құқығы;

30) мемлекеттік мүлік тізілімі – мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;

31) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алуға жатқызылатын мемлекеттік мүлік;

32) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 14-тарауында көзделген ережелерге сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектісі туралы ақпаратты жинау мен қорытындылаудың ретке келтірілген жүйесі;

33) мемлекеттік мүлік есебі саласындағы бірыңғай оператор – оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген Қазақстан Республикасының шешімімен анықталған, заңды тұлға.
2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері.

1. Мемлекеттік мүлік республикалық мүлік және коммуналдық мүліктен деп бөлінеді.

2. Республикалық мүлік құрамына кіретіндер:

1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:

а) республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

б) республикалық заңды тұлғаларға бекітілмеген, басқа да мемлекеттік мүлік;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.

3. Коммуналдық мүлік құрамына енгізілетіндер:

1) жергілікті қазынаның мүлкі:

а) жергілікті бюджеттің қаражаты;

б) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да коммуналдық мүлік;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.


3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы

1. Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен анықталады.

2. Осы заңның күші Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке таратылады.

3. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін, ал коммуналдық мүлік – осы әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс немесе халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ басқа да негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, осы мүлік орналасқан шетел мемлекеттерінің құқық нормаларымен анықталады.

5. Осы Заңның күші мемлекеттік органдарға, мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ олар көздеген жағдайларда – азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға таратылады.

6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда қамтылғаннан өзге ережелер бекітілген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

4-бап. Осы Заңның реттеу пәні

1. Осы Заң мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің құқықтарын және міндеттерін анықтайды, мемлекетке меншік құқығында тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқаруды қоса алғанда мемлекеттің мемлекеттік меншік құқығын, мемлекеттік мүлікке құқықтарды иелену және тоқтату тәртібін, оның ішінде мүлікті мемлекет иелігіне алған және жекешелендірген кезде, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік мүлікке жатқызылатын үлестерін және мемлекеттік мүлікті құрайтын басқа да мүлікті басқару тәртібі анықтайды.

3. Стратегиялық маңызы бар мүліктің (стратегиялық объектінің) құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен айқындалады.

4. Мемлекеттің бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына құқықтарын жүзеге асыруы бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына таратылады.

Мемлекеттің мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған басқа мүлікке мемлекеттік құқықтарды жүзеге асыру ерекшелігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді.

5. Мемлекеттің мәдени және тарихи құндылықтарға құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленеді.

6. Мемлекеттің зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен реттеледі.

7. Осы заңның ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және басқа да мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің заңды тұлғалары туралы ережелер, егер ұлттық басқару холдингі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісінде басқаша көзделмесе, ұлттық басқару холдингіне және оның құрамына кіретін ұлттық компанияларға және оның бақылауындағы басқа да заңды тұлғаларға қолданылады.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және олар құрған заңды тұлғалардың мүлкін иелену, пайдалану және басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен реттеледі.

9. Осы Заңның күші республикалық маңызы бар қала, астана, арнайы экономикалық аймақтар, мемлекеттік материалдық резерв туралы заңнамалық актілерде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық аймақтардың, мемлекеттік материалдық резервтің мемлекеттік мүлкін басқару бойынша қатынастарға таратылады.
5-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері

Мемлекеттік мүлікті басқару келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) есеп беру және бақылауда болу;

3) жариялылық; заңдылық;

4) мемлекет мүлкін тиімді пайдалану; есептілік және бақылауда болу;

5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету. жариялылық;
6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері

1. Мемлекеттік мүлік түрлеріне байланысты мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес республикалық мүлікті басқарады.

3. Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқаруды әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерде, осы органдардың мәртебесін анықтайтын ережелерде және басқа да актілерде белгіленген өз құзыреті шектерінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.


7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару

1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерде, ережелерде және басқа да актілерде белгіленген олардың құзыреті шегінде республикалық мүлікке олардың Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті өкілетті және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 2-тарауында және осы органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерде, ережелерде және басқа да актілерде белгіленген олардың құзыреті шегінде олардың коммуналдық мүлікке құқықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 10- бабымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілермен анықталады.

3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуына бақылауды тиісті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктің сақталуына бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылаудың басқа да органдары жүзеге асыруы мүмкін.

4. Мемлекеттік мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілуі мүмкін.

5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік) акционерлік қоғамдардың (акционері, қатысушысы), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындарды құрылтайшысы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) ретінде болуы, басқа ұйымдық-құқықтық нысанда болуына жол берілмейді.

6. Мемлекет коммерциялық ұйым болып табылмайтын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды құру мен оның қызметі Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнама актілерімен реттеледі.

7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тек қана мемлекет меншігіне тиесілі мүлік анықталады.


8-бап. Мүлікті мемлекеттік мүліктің бір түрінен екіншісіне беру

1. Мүлікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлкінің (республикалық мүліктің) құрамынан әкімшілік-аумақтық бірліктің (коммуналдық мүліктің) мемлекеттік мүлік құрамына немесе керісінше беру, мемлекеттік мүлікке мемлекеттің құқығының тоқтатылуына әкелмейді, бірақ республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқығын тоқтатуға және әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлікке құқығын иеленуге немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлікке құқығын тоқтатуға және Қазақстан Республикасының республикалық мүлікті иеленуіне негіздеме болады.

2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүліктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
9- бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру

1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлікке және аудандық коммуналдық мүлікке бөлінеді.

Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда осы Заңның 21, 22, 24, 28, 29, және 30 – баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлік кіреді.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқарудың деңгейімен теңестіріледі. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың аудандық деңгейі бөліп көрсетілмейді және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, коммуналдық мүлікті басқару бойынша осы Заңда көзделген ауданның атқарушы органының құзыреттерін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады..

Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейі аудан мүлкінің деңгейіне теңестіріледі.

2. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

3. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) облыстық коммуналдық мүліктің деңгейіне жатқызылатын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлестері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының өтініші негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;

2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының өтініші негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі

3) коммуналдық мүліктің аудандық деңгейіне жатқызылатын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлестері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару органының шешімі негізінде және облыстың жергілікті атқару органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;

4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.

4. Мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүліктің бір деңгейінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін отыз күндік мерзімде тапсыратын және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қоятын және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті облыстың және ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылары бекітетін мүлікті өткізу актісі ресімделеді.

Өткізу актісі төрт данада, ресімдеуге қатысатын тараптар үшін өткізу актісі екі данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамаларында өзге ережелер белгіленбеген болса, осы баптың ережелері мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүлікті беруге қолданылады .



2- тарау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік мүлікті басқару бойынша құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілер шығарады;


  1. мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады, республикалық

мүлікті басқарады, оны пайдалану бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

3) ұлттық холдингтердің және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар), мемлекеттік кәсіпорындардың даму стратегияларын, даму жоспарларын (қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын) және олардың орындалуы бойынша есептерді әзірлеу тәртібін айқындайды;

4) ұлттық холдингтердің және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар), мемлекеттік кәсіпорындардың даму стратегияларының, даму жоспарларының (қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларының) нысаналы көрсеткіштерінің орындалуын бағалау тәртібін айқындайды;

5) ұлттық холдингтердің және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар), мемлекеттік кәсіпорындардың даму стратегияларының, даму жоспарларының (қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларының) нысаналы көрсеткіштерінің орындалуына бағалау жүргізу бойынша тәртіпті айқындайды;

6) Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісімен бекітілген құзыретіне сәйкес мемлекеттің мұқтаждарын қанағаттандыру үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің басталғаны, оның тоқтатылуы немесе мүлікті иеліктен шығару туралы қаулы қабылдайды;

7) нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мүліктік кешендерін немесе мемлекетке тиесілі акцияларды және жарғылық капиталындағы үлестерін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

8) республикалық мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеу есебіне беру туралы шешім қабылдайды;

9) оларға қатысты мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ басқа да акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

10) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерін республикалық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;

11) мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде ұлттық компанияларды, ұлттық басқару холдингтерін, ұлттық холдингтерді басқару құқығын жүзеге асырады немесе осындай құқықты олар уәкілеттік берген орталық атқарушы органға береді; мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқа да акционерлік қоғамдарды және мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқару құқығын жүзеге асырады немесе осындай құқықты тиісті саланың уәкілетті органына береді;

12) стратегиялық объектілерді үшінші тұлғаларға кепілге беру, жалға алу (жалға беру) нысанында немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға не оларды иеліктен шығару құқығымен ауыртпалық салуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды;

13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірінші кезекті жұмыстарды қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету және нарыққа реттеуші ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;

14) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен айқындалған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес республикалық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады;

2) мемлекеттік мүлікті басқару саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) мемлекеттік мүлік объектілерін басқаруды талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

4) 5) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары бөлімдерінің құрылымын, көрсеткіштерінің нысаны мен тізбесін, даму жоспарларының (орта мерзімді бизнес-жоспарларының) орындалуы туралы есебін ұсынады;

5) мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамның бөлімдерінің құрылымын, нысанын және даму стратегиясы көрсеткіштерінің тізбесін ұсынады;

6) мемлекеттік мүлікті басқарудың шынайы және объективті талдануы үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, акционерлік қоғамдардан, мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестерден сұратады және алады;

7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.


12-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (одан әрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган):

1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес республикалық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады;

2) республикалық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

3) республикалық мемлекеттік мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеу мен қол қоюды және сату-сатып алу шартының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының атынан субъекті құқығының республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқықтарын жүзеге асырады;

5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы бойынша республикалық кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығында немесе қазынашылық) анықтайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді бекітеді;

6) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің иеліктен шығарылуын немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

7) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға иеліктен шығарылған мүліктің ұстау мерзімін және кейіннен теңгерімнен шығарылуымен оны басқа тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамсыз етуді белгілейді;

8) азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен республикалық мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу), сенімгерлік басқаруға береді;

9) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта құруды және таратуды жүзеге асыруға келісімін береді; тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісімін береді;

10) республикалық кәсіпорынға оған бекітілген мүлікті (өзі өндірген мүлікті сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе басқаша билік етуге, республикалық кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен пайдалануға, филиалдар мен филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық қарызды беруге және есептен шығаруға келісімін береді;

11) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін меншіктен шығарған кезде меншік иелерімен басқа мүлікпен (ақшадан басқа) өтеу туралы келісім жасайды; мүлікті мемлекеттік мұқтаждықтар үшін иеліктен шығарған кезде меншік иелерімен өтеуді басқа мүлікпен (ақшадан басқа) төлеу туралы келісімдер жасайды;

12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік етеді, мемлекетке тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады; республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді, мемлекетке жатқызылатын мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;

13) республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті мүліктік жалға беруге (жалға алу) талдау жүргізеді; республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті мүліктік жалға алуға (жалға беруге) талдау жүргізеді;

14) мемлекетке тиесілі акцияларға дивиденттер есептеудің уақтылығы мен толықтығына және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы үлестері мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің және стратегиялық объектілердің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамалық актісіне сәйкес мемлекеттік мониторингіні жүзеге асырады;

16) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жұмыс істеуінің және басқару тиімділігінің мониторингісін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

17) мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс істеуінің және басқару тиімділігінің мониторингісін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

18) сенімгерлік басқарушының мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

20) акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құрған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша орналастырылатын акцияларды төлеуді және республикалық мүлікті, оның ішінде акциялар мен ақшаны енгізу жолмен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салымды енгізуді жүзеге асырады;

21) акционер (қатысушы) ретіндегі мемлекеттің құқықтары тиісті саланың уәкілетті органына берілмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттің акционер (қатысушы) ретіндегі акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асырады;

22) жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тиісті директорлар кеңесінің және қадағалау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындайды, ал басқа да акционерлік қоғамдарда және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе қадағалау кеңесіне кандидатураларды акционерлік қоғамның жалпы жиналысына немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларына бекітуге ұсынады;

23) республикалық бюджет қаражаты есебінен акцияларды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталға үлесін төлеуді жүзеге асырады;

24) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережелерін әзірлейді;

25) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және тізілімді пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

26) тізілімде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есебін қамсыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;

27) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық актілеріне сәйкес республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарды жариялау үшін мерзімдік басылымды анықтайды;

28) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.


13-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті

1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес республикалық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады;


  1. тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттің аясатын іске асырады;

  2. бюджеттен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және жұмыстарының (қызмет көрсету) міндетті көлемін анықтайды;

  3. республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

  4. мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазынашылық) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;

  5. республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын және оларды орындау бойынша есептерін қарайды және бекітеді;

  6. республикалық заңды тұлғаның мүлкінің сақталуына және осы мүліктің мақсатына сәйкес тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

8) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің иеліктен шығарылуға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

9) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады; 8) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

10) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;


  1. республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржы есебін бекітеді;

  2. республикалық қазынашылық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілейді;

  3. республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарын бекітеді;

  4. республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

  5. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;

  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттің

акционер (қатысушы) ретінде акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады;

18) акционер (қатысушы) ретіндегі мемлекеттің құқықтары тиісті саланың уәкілетті органына берілген жағдайларда мемлекет жалғыз акционері болып табылатын, мемлекеттің бақылануындағы акционерлік қоғамдар мен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тиісті директорлар кеңесінің және қадағалау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындайды, ал басқа да акционерлік қоғамдарда немесе жарғылық капиталына мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе қадағалау кеңесіне кандидатураларды акционерлдің жалпы жиналысының немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыларға бекітуге ұсынады;

19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін тиісінше мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамына енгізуді қамтамасыз етеді немесе қажетті шаралар қабылдайды;


  1. мәліметтер дайындайды, оның ішінде, оның басқаруындағы

мемлекеттік заңды тұлғалардың және осы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындайды;

21) оған қатысты мемлекеттің акционер ретінде ұлттық холдингті басқару бойынша құқықтарын жүзеге асыратын ұлттық холдингтің қызметін үйлестіру үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері бойынша арнайы мамандандырылған кеңестің жұмыс органы ретінде болады;

22) ұлттық холдингті басқару бойынша оған қатысты акционері ретінде мемлекет құқығын жүзеге асыратын ұлттық холдинг қызметінің негізгі қағидаттары туралы Меморандум әзірлейді;

23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.


14-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының коммуналдық меншікті басқару бойынша құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:

1) коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

2) коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлкін дамытуға бағытталған ұсынысар мен ұсынымдарды әзірлейді;

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;


15-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:



  1. облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілерді шығарады;

  2. аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;

  3. облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  4. облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атып алу туралы заңнамалық актісіне сәйкес коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарды жариялау үшін мерзімді басылымды анықтау бойынша конкурс өткізеді;

6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру немесе олардан шығу туралы шешімдер қабылдайды;

7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекітеді немесе осыған мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық уәкілетті органға уәкілдік береді;

8) коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

9) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктер құруға келісімін береді;

10) облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;

11) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерді облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;

12) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда және тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;

13) мәдени және тарихи құндылықтардың пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншік иесінен мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу немесе оларды жария сауда-саттықта сату жолмен иеліктен шығару туралы талаппен сотқа шағымдану туралы шешім қабылдайды;

14) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға беру, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

15) төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген шарттармен мүлікті реквизициялау туралы шешім қабылдайды;

16) мемлекет мұқтаждары үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің басталғаны, оның тоқтатылуы немесе мүлікті иеліктен шығару туралы қаулы қабылдайды, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісімен бекітілген құзыретіне сәйкес мүлікті иеліктен шығару жөніндегі комиссия қызметінің тәртібін анықтайды;

17) орман қоры жерлерінен басқа, осы Заңның 72-бабында көзделген жағдайларда жер үлестерін мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

18) мемлекеттік мұқтаждар үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде өтеуді ақшалай немесе басқа да мүлікпен төлеу туралы келісім жасайды;

19) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

20) коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

21) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіне теңестіріледі.
16-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:



  1. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілерді шығарады;

  2. аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлкін басқарады, сондай-ақ оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

3) ешелендіру облыстың жергілікті атқару органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілері тізбесіне қосылған аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алады;

4) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;



  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атып алу туралы заңнамалық актісіне сәйкес коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарды жариялау үшін мерзімді басылымды анықтау бойынша конкурс өткізеді;

  2. азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға береді (жалға алу), сенімгерлік басқаруға береді;

  3. аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру немесе олардан шығу туралы шешімдер қабылдайды;

  4. аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді немесе осыған мемлекеттік мүлік жөніндегі аудандық жергілікті атқарушы органға уәкілеттік береді;

  5. аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

  6. аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруға келісімін береді;

  7. аудандық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;

  8. аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға алуға (жалға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

  9. төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген шарттармен мүлікті реквизициялау туралы шешім қабылдайды;

  10. коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында зат жоқ мәдениет және тарих ескерткіштеріне жатқызылатын мұраның үлесін аудандық коммуналдық мүліктің есебіне алынуын, сақталуын, бағалануын және одан әрі пайдалануын ұйымдастырады;

  11. мемлекеттің мұқтаждары үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің басталғаны, оның тоқтатылуы немесе мүлікті иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісімен бекітілген құзыретіне сәйкес мүлікті иеліктен шығару жөніндегі комиссия қызметінің тәртібін анықтайды;

16) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығарған кезде өтеуді ақшалай немесе басқа да мүлікпен төлеу туралы келісім жасайды;

17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына осы баппен жүктелген функцияларды республикалық маңызы бар қалада (астанада) қалалық атқарушы органдар жүзеге асырады.

II бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иеленуі

3- тарау. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иелену негіздері
17- бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иелену негіздерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқықтарды иелену негіздері:

1) республикалық бюджеттің түсімдері;

2) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі;

3) тәркілеу;

4) мүлікті коммуналдық мүлік құрамынан республикалық мүлік құрамына беру;

5) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және құру (сатып алу – сату, мердігерлік және т.б.);

6) стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқықты іске асыру;

7) соттың шешімі бойынша ұқыпсыз ұсталынған мәдениет немесе тарихи құндылықтарды сатып алу;

8) оған құқықты қайта ресімдеген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншік құқығындағы жер үлесіне мемлекеттік меншік құқығын алу;

9) мұрагерлік, сыйға тарту немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкінің республикалық мүлік құрамына басқа да өтеусіз берілуі не басқа да өтеусіз түсуі (өтуі);

10) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару: мүлікті реквизициялау, мүлікті мемлекет меншігіне алу және жер телімін немесе басқа да мүлікті мәжбүрлеп өтеулі иеліктен шығару;

11) шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасы орындағанды қайтару;

12) жарамсыз деп танылған келісім бойынша берілген мүлікті қайтару;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен көзделген басқа да негіздер.

2. Әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлік құқығын иеленуге негіз болып табылатындар:

1) жергілікті бюджеттің түсімі;

2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі;

3) иесіз және тәркіленген мүліктің коммуналдық мүлік құрамына түсуі;

4) мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына беру;

5) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және жасау (сатып алу – сату, мердігерлік және басқа да шарттар);

6) соттың шешімі бойынша өз бетімен салынған құрылысқа құқықтық иелену;

7) соттың шешімі бойынша ұқыпсыз ұсталған мәдени немесе тарихи құндылықтарды сатып алу;

8) мұрагерлік, иесіз мүліктің өтуі, сыйға тарту немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкінің коммуналдық мүлік құрамына басқа да өтеусіз берілуі не басқа да өтеусіз түсуі (өтуі);

9) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару: мүлікті реквизициялау, жер телімін немесе басқа да мүлікті мәжбүрлеп өтеулі иеліктен шығару;

10) шарт бұзылғанға дейін немесе өзгертілгенге дейін міндеттемелер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің орындалғанды қайтаруы;

11) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;

12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен көзделген басқа да негіздер.


18-бап. Мемлекеттік бюджетке жатқызылатын мүлікке құқықтарды иелену

Бюджетке жатқызылатын мүлікке құқықтарды иелену бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актімен айқындалады.


19- бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған, өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе басқа негіздер бойынша республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті иелену, осы мүлікке Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің құқықтарды иеленуге және оны мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікке жатқызуға негіз болып табылады.


20- бап. Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі

Тәркіленген мүліктің мемлекеттік немесе коммуналдық мүлік құрамына түсуі осы Заңның 216-218, 220, 221 – баптарында белгіленген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырылады.


21-бап. Иесіз жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік құқығын иелену

1. Иесіз жылжымайтын мүлік оның аумағында табылған тиісті жергілікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз жылжымайтын мүлікті есепке қойған күннен бастап бір жыл өткенде, жергілікті атқарушы орган осы мүліктің коммуналдық меншікке түскенін тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады. Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жер үлесі, иесіз жылжымайтын мүлік ретінде оның аумағында айқындалған тиісті жергілікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының өтініші бойынша есепке алынады.

2. Азаматтардың иелігіндегі немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі, осындай мүлікті жеке меншігі ретінде иеленген, иесіз жылжымайтын мүлік есепке қойылуы және коммуналдық меншікке берілуі мүмкін емес.

3.Осындай мүлікке басқа тұлғаның құқығы пайда болғанға дейін кез келген уақытта меншік иесінің оған тиесілі жылжымайтын мүлікті иесіз ретінде есептен шығаруға және оны өзінің нақты иелігіне қайтадан қабылдау туралы өтініш жасауға құқылы.

4. Иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынған жер учаскелеріне мемлекеттің құқықтарды иелену ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актілерімен бекітіледі.
22-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік құқығын иелену

1. Меншік иесінің тастап кеткен немесе олардың (тастаған мүлікке) меншік құқығынан бас тарту мақсатымен, оның басқа жолмен тасталған мүліктері осы бапта көзделген жағдайлар мен тәртіпте мемлекеттік мүлікке айналдырылуы мүмкін.

2. Оның пайдалануындағы жердің жер үлесінде тастап кеткен зат орналасқан мемлекеттік заңды тұлға құны жиырма айлық есептік көрсеткіштен айқын төмен немесе тастап кеткен металл сынықтарын, жарамсыз деп танылған өнімді, осы заттарды өзінің шаруашылық иелігіне немесе жедел басқаруына айналдыруды растайтын пайдалануға және басқа да іс-қимылдар жасауға кірісіп өзінің шаруашылық иеленуіне немесе жедел басқаруына айналдырады.

Осындай зат мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жерден табылған жағдайда, мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттігі кезінде ол аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті қазынаға түседі.

3. Мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттілігі мәселесін қараған кезде:

1) мүлікті мемлекеттік мүлік құрамына қабылдаудың экономикалық мақсатқа лайықтығы;

2) мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына ауыстырылғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.

4. Мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті осы бапта белгіленген тәртіппен осы Заңның 219-бабына сәйкес одан әрі іске асыру үшін аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдай алады.

5. Меншік иесі тастап кеткен, құны жиырма айлық есептік көрсеткіш және жоғары болатын жылжымалы мүлік мемлекеттік заңды тұлғаның жедел басқаруына түседі, немесе олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының иеленуіне енгізілген жағдайда - егер мемлекеттік заңды тұлғаның немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша осындай мүлікті сот иесіз деп таныған жағдайда аудандық қазынаның құрамына түседі.
23- бап. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен иелену

1. Бюджет қаражаты есебінен мүлікті иелену мемлекеттік сауда туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің ережелерін және талаптарын сақтай отыра мүлікті иелену туралы азаматтық-құқықтық шарттарды іске асыру, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету (сатып алу-сату, мердігерлік, ақылы қызмет көрсету және басқалары) негізінде жүзеге асырылады.

2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерді бюджет қаражаты есебінен иелену мемлекет құратын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталын өтеу осы Заңда және бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
24-бап. Мұрагерлік және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі

1. Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өсиетіне сәйкес мемлекетке өтуі мүмкін.

2. Егер не өсиет бойынша, не заң бойынша мұрагерлер болмаса, немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагерлердің ешқайсысы мұраға алу құқығына ие болмаса, немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады. Иесіз қалған мүлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен мұраны табу орны бойынша аудандық коммуналдық меншік құрамына өтеді.
25-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын иелену

1.Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекетке сыйға тарту шартына осы бапта белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 27-тарауының ережелері қолданылады. Мемлекеттік қызметші оның лауазымдық жағдайына немесе олардың сондай-ақ олардың жанұя мүшелерінің қызметтік міндеттерін іске асыруымен байланысты берілген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңның 222- бабында айқындалған.

2. Сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды иелену Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады:

3. Сыйға тарту шарты бойынша жер учаскесін жеке меншіктен мемлекетке меншігіне беру Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады.

4. Мүлікті жалпыға бірдей пайдалы мақсатта (қайырымдылық) түрінде жеке меншіктен мемлекеттік мүлік құрамына беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иелену

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иеленуді мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырады.

2. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иелену бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде мемлекет иеленген мүлік мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға түседі.


27- бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығын иелену

  1. Егер осы бапта басқаша белгіленбесе олжа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 247-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде немесе басқа да жылжымайтын мүлікте олжа табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы мен олжаны тауып алған тұлға арасында жасалған шартпен басқаша белгіленбегендіктен, тең үлесте мемлекет меншігіне және олжаны тауып алған тұлғаға түседі.

2. Егер олжа тарих және мәдениет ескерткіштеріне жатқызылатын мүлікті қамтитын болса ол Қазақстан Республикасының меншігіне беруге жатады. Осындай олжа табылған жылжымайтын мүліктің иесінің және олжаны тапқан тұлғаның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес олжа құнының мөлшерінде, егер олардың арасындағы шартпен басқаша белгіленбесе, тең үлеспен сыйақы алуға құқығы бар. Егер мәдени және тарихи ескерткіштерге жатқызылған заттар бар олжа мемлекетке тиесілі жер учаскесінде немесе басқа да жылжымайтын мүлікте табылған жағдайда, олжаны тауып алған тұлғаның осы олжа құнының елу пайызын алуға құқығы бар.

3. Мәдени және тарихи ескерткіштерге жатқызылатын заттары бар олжаны тапқаны үшін сыйақы төлеу бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен айқындалған тәртіпте бюджет қаражатынан жүргізіледі.


28-бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Ғимараттан немесе көліктен табылған мемлекетке тиесілі зат немесе меншік иесі немесе орналасқан жері белгісіз зат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 245-бабының ережелеріне сәйкес жалпы негіздемеде аудандық коммуналдық меншігіне өтеді.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 245-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда олжа аудандық коммуналдық меншікке өтеді.

Зат аудандық коммуналдық меншікке өткен жағдайда тауып алушы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды өтетіп алуға құқылы.


29-бап. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Ұстауы мен пайдалануында қараусыз жануарлар бар тұлға өзіндегі жануарларды алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы орган айқындаған тәртіппен пайдаланылады.

2. Жануарлар мемлекет меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда меншік иесі осы жануарлар тарапынан оған үйiрсектiгi сақталғаны туралы немесе қатал не оларға жаңа меншік иесінің өзгедей мейiрiмсiз қарағандығы туралы растайтын жағдайлар болған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік атқарушы органмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

30-бап. Өз бетімен салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығын алу

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабының

4-тармағына сәйкес мемлекетке жататын және жер пайдалануға жатпайтын жерлерде (жер учаскелерінде) тұлға өз бетімен тұрғызған құрылыс әлеуметтік-экономикалық орындылықты ескере отырып сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстарды өтей отырып аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.

Мемлекеттік жерді пайдаланушыларға жер пайдалануындағы жер учаскелерінде өз бетімен салуды жүзеге асыру кезде әлеуметтік-экономикалық орындылықты ескере отырып өз бетімен салынған құрылыс бюджет қаражатынан сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстарды өтеумен аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.




31-бап. Мемлекеттік мүлік құрамына күтiмсiз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды құндылықтардың түсуі

1. Мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың меншiк иесi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ерекше бағалы және мемлекет қорғайтын осы құндылықтарды күтімсіз ұстаса олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрсе осындай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алып қоюы мүмкiн.

2. Мәдени және тарихи қазыналар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардыѕ келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардыѕ құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

3. Күтiмсiз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды меншік иесінен алып қою тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау азаматтар мен заңды тұлғалардың мәдени және тарихы құндылықты қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын және күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи құндылықтарды мемлекет меншігіне өткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

4. Мәдени және тарихи құндылықтардың барлық санатын пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды тиісті саладағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар мәдени және тарихи құндылықтар қатынасында – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырады.

5. Мәдени және тарихи құндылықтардың пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды күтімсіз ұстағаны туралы фактілер анықталған жағдайда мәдени және тарихи құндылықтардың иесіне олардың мәдени және тарихи құндылықтарды қамтамасыз ету бойынша міндеттемені бұзғаны туралы ұйғарым беріледі және осындай бұзушылықтарды ұйғарымда көрсетілген мерзім ішінде жою жүктеледі.

6. Мәдени және тарихи құндылықтардың иесі оларды сақтау бойынша міндеттемені бұзғанын жоймаған жағдайда халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты тиісті саладағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құрған тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия мәдени және тарихи құндылықтарды мемлекеттің меншік иесінен сатып алу немесе оларды жария саудада сату жолымен алып қою туралы талаппен сотқа жүгіну туралы шешім енгізеді.

7. Соттың шешімі бойынша мемлекет халықаралық және республикалық маңызы бар мәдени және тарихи құндылықтарды алып қою жағдайында олар республикалық мүлік құрамына, ал жергілікті маңызы барлар – коммуналдық мүлік құрамына енеді.
32-бап. Жеке меншiктегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Жеке меншiктегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығын алу жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде оған жер туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.


33-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту және мәмілелерді жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтару жағдайында мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы

1. Мемлекеттік мүліктің шартты бұзу немесе өзгертуге дейін азаматтың немесе заңды тұлғаның жекеменшігіне өту негізінде шартты бұзу немесе өзгерту жағдайында егер осы Заңда, өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімдерінде басқаша көзделмесе тараптар бұзу немесе өзгерістерге дейін олардың міндеттемесі бойынша орындалғандарды қайтаруды талап ете алмайды.

2. Мемлекеттік мүлік азаматтың немесе заңды тұлғаның жекеменшігіне өту негізінде мәмілелерді сот жарамсыз деп танылған жағдайда осындай мүліктер мемлекетке қайтарылады, ал мүлікті заттай қайтару мүмкін болмаған кезде оның құны ақшалай өтеледі.
34-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы

1. Егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жүйесін енгізуге дейін мемлекеттік заңды тұлғаның балансқа қойылған ғимаратына, құрылыстарына және өзге де жылжымайтын мүлігіне меншік құқығын тану туралы дау болмаса қажетті құқық орнатушылық құжаттар болмаған жағдайда осы мүлікке мемлекеттік құқық осындай мүліктің мемлекет мүлік құрамында болуы туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құжаттарымен расталуы мүмкін. Көрсетілген мүлікке меншік құқығын тану дауы туындаған жағдайда мүдделі тұлғаның талабы негізінде сот тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және басқа субъектілердің меншігі болып табылмайтын барлық тарихи және мәдени ескерткіштер, сондай-ақ археология ескерткіштердің барлық түрлері, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларға байланысты ескерткіш орындары, қала құрылысы мен архитектура ескерткіштері, заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен тарихи және мәдени ескерткіштер ретінде танылған тарихи-мәдени ландшафттар Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.

4-тарау. Мүлікті реквизициялау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет