«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ


§ 1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау



бет2/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау
35-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялауды жүргізу жағдайлары мен аумақтары
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті

реквизициялау ерекше жағдайларда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық нысандарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жетпеген кезде жүзеге асырылады.

2. Төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау төтенше жағдай аймағымен (төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақта) және/немесе төтенше жағдайлар аймағында заңнамалық белгіленген тәртіппен жарияланған төтенше жағдайдың кезеңімен шектеледі. Төтенше жағдайлар аймағында заңнамалық белгіленген тәртіппен жарияланған төтенше жағдайлар аймағынан тыс немесе төтенше жағдайлар кезеңінен тыс төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау рұқсат етілмейді.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулауды және жоюды қамтамасыз ету үшін қажетті азаматтығына және тіркеу орнына қарамастан азаматтардың және заңды тұлғалардың мүлігіне қатысты рұқсат етіледі.


36-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялаудың негізгі мақсаты мен шарттары
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау, жою жұмыстарының өзге материалдық проблемаларын шешу үшін жүзеге асырылады.

2. Төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау мүлікті уақытша толық көлемде алып қоюға байланысты туындаған реквизиция жасалатын мүлікті пайдалануға төлемдер және залалды өтеу шарттарымен мүлікті уақытша алып қою жағдайында жүзеге асырылады.

3. Мүлікті пайдалану кезінде мүлік едәуір нашарлаған жағдайда меншік иесі қайтарылған мүліктен бас тартуға және ұқсас мүлік беруді талап етуге немесе толық көлемде реквизициядан туындаған шығындарды өтеумен алынған мүліктің құнын талап етуге құқылы.

4. Қолданылатын мүлік, оның ішінде тез бұзылатын өнім меншік иесінен алынатын мүлікті мүліктің нарықтық құнын өтеу, сондай-ақ реквизициялаудан туындаған шығындарды өтеу жағдайында қайтарусыз толық көлемінде реквизициялауға жатады.

5. Меншік иесіне мүліктің нарықтық құнымен алынатын мүлікті өтеу реквизиция күнінде немесе мүлік иесінің таңдауы бойынша мүліктің құнын өтеу күнінде айқындалады.

6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес төтенше жағдайлар кезінде мүліктеріне реквизиция жасалынбайтын ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

7. Мүліктің жекелеген түрлерін реквизициялау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді.
37-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау негіздері
1. Төтенше жағдайлар басталған кезде мүлікті реквизициялау Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар туралы жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сәйкес жол беріледі.

2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдайды енгізу кезінде мүлікті реквизициялау қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарды жүргізу үшін төтенше жағдайды енгізу туралы шешімге сәйкес рұқсат етіледі.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті органның ұйғарымы негізінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде рұқсат етіледі.
38-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау тәртібі

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жалпы басшылық пен реквизицияны қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген төтенше жағдайлардың түрі (нысандық, жергілікті, өңірлік және жаһандық) мен ерекшелігіне байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларға басшылық ететін уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Мүлікті реквизициялау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқа3

3. Реквизиция туралы жергілікті атқарушы органның шешімі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті органның немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтер басшыларының ұйғарымы негізінде шығарылады.

4. Ұйғарым табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін мүлік туралы мәліметтерден тұруы тиіс.

5. Реквизиция туралы шешім:

1) реквизицияға жататын мүліктің тізімдемесі, меншік иесі және мүліктің орналасқан жері, егер мүлікті меншік иесі жеткізетін болса, реквизицияланатын мүлікті жинау жері, сондай-ақ реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді;

2) жекелеген аудандық әкімшілік-аумақтық бірлікте реквизицияны бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;

3) жекелеген аудандық әкімшілік-аумақтық бірлікте мүлікті алып қоюды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;

4) бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;

5) реквизициялауды өткізу мерзімін;

6) өтеулерді төлеу мерзімдерін;

7) реквизицияны өткізуге қажетті өзге де мәліметтерді қамтуы тиіс.

6. Қажет болған жағдайда, оның ішінде реквизицияға жататын мүліктің тізбесі, лауазымды тұлғалардың немесе бағалау комиссиясының дербес құрамы өзгерген кезде, шешімге тиісті өзгерістер енгізіледі.

7. Реквизиция және оған бұдан арғы барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күнгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға, сондай-ақ онымен еркін танысу үшін қолжетімді жерлерде, әкімшілік-аумақтық бірліктің барлық аудандарында жариялауға жатады.
39-бап. Оған қатысты реквизициялау туралы шешім шығарылған мүлікті алып қою

1. Мүлікті алып қоюға дейін меншік иесі реквизиция туралы шешіммен жеке қол қою арқылы танысуы қажет.

2. Мүлікті алып қоюды мүлік иесінің (немесе оның өкілінің) және мүлікті алып қою туралы акт негізінде бағалау комиссиясының қатысуымен осыған уәкілетті лауазымды тұлғалар жүргізеді.

3. Мүлікті алып қою туралы акт:

1) реквизиция туралы шешімің реквизиттерін көрсете отырып реквизицияны өткізу негізін;

2) мүлікті алып қоюды өткізудің уақыты мен орнын;

3) реквизицияны өткізетін лауазымды тұлға, бағалау комиссиясының құрамы мен мүшелерінің саны, реквизиция жасалатын мүліктің иелері, мүлікті алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;

4) салмағын, өлшемін, сапасы мен орау түрін, құқықты белгілейтін құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке айқындалған сипаттарды көрсете отырып реквизиция жасалатын мүліктің тізімдемесін;

5) мүлікті бағалау және төлеудің мөлшері туралы мәліметтерді;

6) егер мүлік қайтару шарттарында реквизицияланса, мүлікті қайтарудың болжамды мерзімін;

7) өтеулерді төлеу мерзімі мен жауапты лауазымды тұлғаны көрсете отырып оны төлеуді қамтамасыз ететін қаржылық органға нұсқауды;

8) реквизиция және реквизиция жасалатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуы тиіс.

4. Акт екі данадан кем емес жасалады, оған уәкілетті лауазымды тұлға, бағалау комиссиясының мүшелері мен мүліктің иесі қол қояды және актінің бір данасы реквизиция жасалатын мүліктің иесіне немесе оның өкіліне беріледі. Актінің екінші данасы белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғаның есебімен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жіберіледі.
40-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдайлар режимін енгізу кезінде реквизициялау ерекшеліктері

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдайлар режимін енгізу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтің басшысы өзінің жеке жауапкершілігінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу үшін қажетті мүліктің реквизициясын дербес өткізуге құқылы.

2. Мүлікті алып қою реквизициялар туралы актінің негізінде жүзеге асырылады, олардың құрамында:

1) реквизицияны өткізудің негіздемелері;

2) алып қоюды өткізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағы мен атын көрсете отырып реквизицияны өткізетін лауазымды тұлға, сондай-ақ реквизицияға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың реквизиттері, реквизиция жасалатын мүліктің иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;

4) салмағын, өлшемін, сапасы мен орау түрін, құқықты белгілейтін құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке-анықталған сипаттамаларды көрсете отырып реквизиция жасалатын мүліктің тізімдемесі;

5) мүлікті бағалау туралы мәліметтер;

6) реквизиция және реквизиция жасалатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер болуы тиіс.

3. Актінің бір данасы реквизиция жасалатын мүліктің иесіне (немесе меншік иесінің өкіліне) беріледі.

4. Алып қою туралы актісі қоса бере отырылып, өткізілген реквизиция туралы есеп жасалады, ол белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою саласындағы уәкілетті органға және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына жіберіледі.
41-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіруді жүргізу кезінде реквизициялау

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіруді жүргізу кезінде ерекше жағдайларда авариялық-құтқару қызметінің немесе шұғыл медициналық көмек қызметінің жекелеген жасақтарының (бөлімшелерінің) қажеттілігі үшін мүлікті реквизициялауды осы жасақтың (бөлімнің экипажы) бастығы дербес жүргізеді.

2. Мүлікті алып қою реквизициялар туралы акт негізінде жүргізіледі, оның құрамында:

1) реквизициялауға негіз болған ерекше жағдайлар туралы нұсқау;

2) алып қоюды өткізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағы мен атын көрсете отырып реквизицияны өткізетін лауазымды тұлға, сондай-ақ өзге де қажетті реквизиттер, реквизиция жасалатын мүліктің иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;

4) салмағын, өлшемін, сапасы мен орау түрін, құқықты белгілейтін құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке-анықталған сипаттамаларды көрсете отырып реквизиция жасалатын мүліктің тізімдемесі;

6) реквизиция және реквизиция жасалатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер болуы тиіс.

3. Актінің бір данасы реквизиция жасалатын мүліктің иесіне (немесе меншік иесінің өкіліне) беріледі.

4. Авариялық-құтқару қызметінің немесе шұғыл медициналық көмек қызметі жасағының (бөлімшесінің) басшысы есеп пен реквизициялау туралы актіні қоса бере отырып жүргізілген реквизициялау туралы жоғарыда тұрған бастық арқылы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою саласындағы уәкілетті органды кешіктірмей хабардар етуге міндетті.


42-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланған мүлікті қайтару

1. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдайлар жойылған кезде немесе табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар тоқтатылған кезде реквизицияланған мүліктің иесі сақталған мүлікті қайтаруды сот бойынша талап етуге құқылы.

2. Мүлігін алып қойғаны үшін өтем алмаған реквизицияланған мүліктің иесі өзінің таңдауы бойынша мүлікті қайтаруды және залалдың орнын толтыруды немесе өтемдерді толық көлемде беруді талап етуге құқылы. Ішінара өтем алған меншік иесінің де осындай құқығы бар. Ішінара өтем алған меншік иесіне мүлікті қайтару кезінде шығындарды өтеу төленген сомаларды ескере отырып жүргізіледі.

3. Толық көлемде өтем алған реквизицияланған мүліктің иесі қайтару күні мүліктің бағасы бойынша сақталған мүлікті басым сатып алуға құқығы бар, бірақ алынған өтемдер сомасынан жоғары болмауы тиіс.

4. Мүліктің жекелеген түрлерін қайтарудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер, мұнай, тұрғын-үй қатынастары туралы заңнамалық актілермен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен белгіленеді.
43-бап. Мүлікті реквизициялау үшін ақшалай өтеулер төлеу

1. Реквизиция жасалатын мүлік үшін ақшалай төлем жергілікті бюджет қаражатынан, ал жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актілерге сәйкес республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

2. Өтеулер реквизиция туралы шешімде көрсетілген мерзімде, бірақ мүлікті алып қою күнінен бастап алпыс күннен кешіктірмей төленуі тиіс.

3. Өтеулерді төлеудің мерзімі өтіп кеткен кезде, қарыздың сомасына нақты төлеу күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан шығарылып саналатын мөлшерде айыппұл есептелінеді.


44-бап Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде алынған мүлікті есепке алу

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияны жүзеге асыратын орган алынған мүлік тізбесі анықталатын реквизицияланған мүліктің бастапқы есебін және реквизицияланған мүлікті пайдалану үшін берілген авариялық-құтқару қызметінің немесе өзге де ұйымдардың бөлімшелері туралы мәлімет жүргізуге міндетті.

2. Реквизицияланған мүлік қозғалысының одан әрі есебі реквизицияланған мүлікті есепке алу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Мұқтаж үшін алынған және берілгендерді пайдалану есебінің жүйесі, төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
45-бап. Реквизиция кезінде меншік иесінің құқығына кепілдік беру

1. Реквизицияны өндіру кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Реквизиция, сондай-ақ реквизицияланған мүлікті бағалау және өтеу мөлшері, оның ішінде өтелетін шығындардың мөлшері туралы шешімнің заңдылығына реквизицияланған мүліктің иесі сот тәртібімен дауласа алады.

3. Реквизицияланған мүлік иесінің мүлік құнын өтеу және реквизициядан туындаған шығындар туралы талабына талап етудің өткен мерзімдері таратылмайды.



§ 2 Қорғаныс мұқтаждығы үшін мүлікті реквизициялау ерекшелігі

(соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында)
46-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қорғаныс қажеттіліктері үшін мүлікті реквизициялаудың негіздері мен тәртібі

1. соғыс жағдайын енгізген және жұмылдыру хабарландырылған жағдайда мүлікті қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялау (толық немесе ішінара) Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарына және тиісті есепті жылға арналған өндіріс және қызмет көрсету жоспарына сәйкес жүргізіледі.

2. Соғыс жағдайын енгізген және соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету ретіндегі қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүлікті реквизициялау Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін әскери жағдайды енгізу туралы жарлығына, әскери жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

3. Бұдан әрі, қорғаныс қажеттіліктері үшін мүлікті қосымша реквизициялау қорғаныс қажеттілігін және соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін штаб бастықтары комитетінің немесе әскери басқарудың жергілікті органдарының (штаб бастықтары комитетінің келісімі бойынша) ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.

4. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүлікті реквизициялау облыстың (астананың және республикалық маңызы бар қаланың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде штабтар бастықтары комитетінің, әскери басқарудың жергілікті органдарының, жұмылдыру органдарының немесе жоғарыда тұрған әскери органдардың жазбаша бұйрықтары негізінде осындай өкілеттік берілген әскери бөлімдердің командирлерінің ұйғарымдары бойынша жүзеге асырылады.

5. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүлікті реквизициялау бойынша әскери органдар мен әскери бөлімдердің қызметін жалпы басқару мен үйлестіруді Қазақстан Республикасының қарулы күштері туралы заңнамалық актілерінің, қарулы күштердің жалпы әскери жарғыларының, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери жарғылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас қолбасшысының бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.

6. Жергілікті атқарушы органның реквизициялау туралы шешімі қарулы күштер және соғыс жағдайы туралы белгіленген нормативтік құқықтық актілер тәртібі бойынша шығарылған әскери органдардың (штабтар бастықтар комитетінің, жұмылдыру органдарының, жергілікті әскери органдардың) ұйғарымдары негізінде шығарылады.

7. Ұйғарым қорғаныс мұқтаждығы үшін қажет мүлік туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.


47-бап. Қорғаныс мұқтаждығы үшін реквизициялауға жататын мүлік

1. Соғыс жағдайын енгізген және жұмылдыру хабарландырылған кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарына сәйкес автокөлік құралдары және басқа да мүліктер реквизициялауға жатқызылады.

2. Соғыс жағдайын енгізген және соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету шарасы ретінде мүлікті реквизициялау қажеттілігі танылған кезде реквизициялауға жатқызылатын мүліктің тізбесі соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен айқындалады.

3. Соғыс жағдайы кезеңі күшінде болған кезде қосымша реквизициялау қажеттілігі болған жағдайда реквизициялауға жатқызылатын мүліктің тізбесі әскери органдардың ұйғарымына сәйкес айқындалады.

4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүліктері реквизициялануы мүмкін емес ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

5. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатқызылмайтын мүліктерінің тізбесі мен нормативі Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.


48-бап. Соғыс жағдайында қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүлікті реквизициялаудың ерекшеліктері

1. Соғыс уақытында соғыс қимылдары жүріп жатқан және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істемейтін жағдайда штаб бастықтарының комитеті бұл туралы кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметінің хабарлай отырып Қорғаныс қажеттіліктері үшін қажеттімүлікті реквизициялауды дербес жүргізеді. Штаб бастықтары комитеті реквизициялауды жүргізу үшін қарулы күштерді қамтамасыз етуге арналған жедел жоспарлары негізінде жергілікті әскери органдарға немесе әскери бөлімдердің командирлеріне жазбаша ұйғарым береді. Ұйғарым сондай-ақ жергілікті әскери органдардың немесе әскери бөлімдері командирлерінің ұсыныстары бойынша да берілуі мүмкін.

2. Мүлікті реквизициялауды ұйғарым берілген жергілікті әскери органдардың бастықтары немесе уәкілетті әскери лауазымды тұлғалардың жазбаша бұйрықтарымен тағайындалған әскери бөлімдердің командирлері тікелей жүргізеді.

3. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы мыналарды қамтуы тиіс акт негізінде жүзеге асырылады:

1) штабтар бастықтары комитетінің реквизиттер көрсетілген реквизициялау жүргізу туралы негізделген ұйғарымдары;

2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағын және атын көрсете отырып реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлға туралы, сондай-ақ тұлғаны реквизициялауға реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысқан басқа да тұлғалар туралы реквизит бұйрықтары туралы мәліметтер;

4) салмағын, мөлшерін, сапасы мен орау түрін, құқықты белгілейтін құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке айқындалған сипаттарды көрсете отырып реквизиция жасалатын мүліктің тізімдемесін;

5) мүлікті бағалау туралы мәліметтер;

6) реквизиция және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер.

4. Жүргізілген реквизициялаулар туралы есеп жасалады, ол алып қоюлар туралы қоса берілген актілермен белгіленген тәртіппен жоғарыда тұрған басшылық арқылы штаб бастықтары комитетіне жіберіледі.
49-бап. Соғыс қимылдары жүргізілген кезде қорғаныс қажеттіліктері үшін мүлікті реквизициялаудың ерекшеліктері

1. Ерекше жағдайларда соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлімдердің мұқтаждығы үшін мүлікті реквизициялауды әскери бөлімнің командирі дербес жүргізеді..

2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы мыналарды қамтуы тиіс акт негізінде жүргізіледі:

1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше жағдаяттарды көрсету;

2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағын және атын көрсете отырып реквизициялауды жүргізетін әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ егер реквизиция тағайындалған тұлғамен жүргізілсе, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың реквизиттері, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысқан басқа да тұлғалар туралы мәліметтер;

4) салмағын, мөлшерін, сапасы мен орау түрін, құқықорнататын құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке айқындалған сипаттарды көрсете отырып реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;

5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы басқа да қажетті мәліметтер:

3. актінің бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне (немесе меншік иесінің өкіліне) беріледі.

4. Әскери бөлімнің командирі реквизициялау туралы есеп пен актіні қоса беріп жүргізілген реквизициялау туралы жоғарыда тұрған басшы арқылы штаб бастықтары комитетін дереу хабарлауға міндетті.

5. Штабтар бастықтары комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметін реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем ұсыну үшін мүлікті алып қоюды жүргізу есебін және реквизициялау туралы актіні қоса беріп соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақта мүлікті реквизициялау жүргізілгендігі туралы дереу хабарлауға міндетті.

6. Соғыс қимылдарын жүргізген кезде реквизицияланған мүлікті өтеу бюджет қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес республикалық бюджет қаражатынан төленеді.


50-бап. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялауға жатқызылатын және қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу

1. Бейбіт уақытта есепке алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік резервтерін жасау шеңберінде айқындалған тізімге қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялау мақсатына автокөлік құралдары және басқа да мүліктер жатқызылады.

2. Бейбіт уақытта қорғаныс қажеттіліктері үшін реквизициялауға жатқызылатын мүлікті есепке алуды мемлекеттік органдардың деректері немесе мүліктің жекелеген түрлерін тіркеуді жүргізетін басқа да мемлекеттік органдардың, мемлекеттік статистика органдардың және мүлікті реквизициялау үшін қажетті ақпарат бар басқа да мемлекеттік органдардың деректері негізінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

3. Мемлекеттік органдарға және жұмылдыру және жұмылдыру саласындағы органдарға реквизициялауға жатқызылатын мүлікке қатысты мемлекеттік органдарға және басқа да мемлекеттік ұйымдарға ақпарат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

4. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялануға жатқызылатын мүлікті есепке алу бейбіт уақытта осы мүлікті еркін иелену, пайдалану немесе басқару құқығын шектеуі тиіс емес.

5. Реквизицияланған мүлікті бастапқы есепке алуды және алып қойылған мүліктің тізбесін айқындауға тиісті реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген әскери бөлімдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтерді жергілікті әскери ұйымдар жүргізеді.

6. Реквизицияланған мүліктің одан әрі қозғалысын есепке алу әскери мүлікті есепке алу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет