МӘШҺҮр-жүсіп көпейұлының ҚЫСҚаша энциклопедиясы



бет3/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Құдайберген Әлсейітов

(1884-1933)
Әнші-композитор, ақын Әлсейітов Құдайберген Павлодар облысы Ертіс ауданы (қ. Железинка ауданы) Қаратерек ауылында туған. 11-12 жасынан «Бала ақын» атанған, Омбы, Павлодар, Семей, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар өңірлерін аралап, ақын, әнші, сері ретінде танылған. Атбасар, Қараөткел, Қоянды жәрмеңкелерінде әншілік, ақындық өнерін, ат ойынын көрсеткен. Әлсейітовтің көптеген музыкалық шығармалары «Құдайбергеннің әні», «Құдайбергеннің желдірмесі», «Баласы Әлсейіттің Құдайберген» тәрізді термелерімен қатар «Құдайбергеннің Хадина қызбен айтысы», «Құдайбергеннің термесі» т.б. өлендері ел арасында кең тараған. Ақынның әндері терме жанрына тән жеңіл ырғаққа құрылып, кебінесе ионийлік, миксолидиялык, дорийлікладтарға негізделген. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланды. Әлсейітов шығармашылығын насихаттаған И.Байзақов Сондықтан да оның желдірмелері ақынның әні, шығармашылығы үлкен әсер етті.


Құрманғазы Сағырбайұлы

(1818-1889)
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді-мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.

Құрманғазының күй өнеріне баулыған оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатын иеленеді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Ержан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлтттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер- халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30 жылдарында Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», « ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», « Адай» күйлерінде ол халықтың азаттық аңсаған арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Оның «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.

Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері де бар («Балбырауын», «Әсем»).

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмегеи де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлерін дүниеге келтірген .

1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді-мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара,Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

«Байжұма», «Бозқаңғыр» туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өзінің күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. «Итог» атты күйінде ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

Қыжымұрат Смағұлов
Қыжымұрат Смағұлов-ақын, журналист. 1939жылы Ресейдің Новосібір облысында туған. Белгілі шығармалары: «Тағдырлар», «Жазықсыздар», «Батырлар туралы жыр» поэмалары.


Қуат Әбусейітов

Біздің атақты жерлесіміз, қазақ киносының ардагері, кинорежиссер Қуат Әбусейітов 1925 жылы Павлодар қаласында туды. Ол Баянауыл ауданы Қызылтау жерінің түлегі. 1941 жылы Павлодар қазақ драма театрының актері болып шығармашылық жолын бастады. 1943 жылы Алматыдағы киноактер мектебінің актерлік бөлімшесіне түсіп, оны 1947 жылы бітірді. Бұдан кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің ассистенті, дубляж режиссері болып жұмыс істеді. 1952 жылы ВГИК-ке түсіп, оны 1956 жылы бітіреді, қайтадан «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істейді.

Қуат Әбусейітов алты толық метражды көркем фильмді шығарды. Ол 20-дан астам телевизия және деректі киноленталардың қоюшысы.
Мағзұм Ахметұлы

Ахметұлы Мағзұм қария (1887-1960) – шежіреші, ескілікті әңгімелерді көп білген қариялардың бірі. Әкесі жас шағында қайтыс болып, анадан жалғыз болған Мағзұм Ахметұлы үйден шыға алмай қазақша дін молласынан араб оқуын оқып, ертегі, ескі әңгімелерді жинап көп қарастыратын еді. 1933 жылы Алматыға барып, институтке кіреді. Мұның себебі Адматыда ғылым жағынан қазақтың фольклорлық үлгілерді жинақтауға ден қойған бір кезі болатын. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев КСРО ҒА Қазақстандағы бөлімшесінің басшылығына келген уақыттан-ақ, яғни 1934 жылдан бастап, фольклорлық экспедициялар ұйымдастырылғаны белгілі.

Мағзұм қария Ахметұлының жинақтап жазған тарихи-фольклорлық материалдары (ертегілер, жыр-қисса, дастандар, шежіре, шешендік сөздер, билердің сөзі, аңыз, қария сөз, жұмбақ, тақпақ, мақал-мәтелдер, т.б.) Ғылым Академиясының кітапханасының қолжазбалар қорына өткізілген, көбісі «Шешендік сөздер» жинақтарында да жарияланған.

Мәди Бәпиұлы

(1880-1921)
1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ақын, әнші-композитор.

Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Әнші әрі дәулескер күйші ретінде де Мәди ерте танылды.

Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен кездесіп, өнер сайсына түседі, өнеге алады.

Сол кездегі үстем тап өкілдерінің «ұры» деген жалған жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мәди өзінің атақты «Қаракесек» әнін шығарады. Бұл ән мен өлеңнен адам рухының қайтпас қайсарлығын аңғарамыз.

1915жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жаңдайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. «Шіркін-ай» әні де осы кезде туған.

1916жылы еліне оралады, 1917 жылы болыс билеушісі Айтқожа Теміржанов Мәдиді «Жылқы ұрлады, түрмеден қашты» деп айып тағып, тағы да түрмеге жабады. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысында отырып қарсы алады.

1918жылы бостандыққа шығады. Кеңес өкіметі қуанышпен қарсы алып, қолынан келгенше көмек етсем деп ойлайды. Композитордың халық арасына кең тараған атақты «Мәди» әні осы кезең жемісі.

Кеңес өкіметін Мәди ән-жырмен ғана емес, қолына қару алып тағы да қорғады. 1919 жылы Қолчакқа қарсы соғысты. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді ұйғарады. 1921жылдың ақпан айында Мәди қаза табады.

Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әндері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алады. Композитордың тағдыр талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиұлының әндері талайларды тебірентумен келеді.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев

(1858- 1931)
Ақын, фолыклорист, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясын, туған халқының тарихы мен этнографиясын өте жетік білген ғұлама ақын, шежіреші, философ, қасиет дарыған керемет киелі адам. Жасынан ауыл мрлдасынан сабақ алды, 1870 жылдары Хамеретдин Хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұқарада оқыған. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. 1875 жылы біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уалаяты» газетінде хат-хабар, мақала жазып, тілші болған.

Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыстың классикалық әдебиеттерінен сусынған. Ол осы жылдары тюрколог-ғалым В.Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, бастырумен айналысты. М.Көпеев 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікті көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық беру, елде мектеп-медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды, Бұхар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырған. Қазақ ауыз әдебиеті мен шығыс дастандарының үлгісінде «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» т.б. дастандар жазған.



Меркемелдинов Бекболат

(1891-1963)
Ақын Меркемелдинов Бекболат 1891 жылы Павлодарлысы Баянауыл ауданында туған. Әкесі Меркемелиден патшаға қарсы айтылған сөздері мен кылығы үшін қамалып, Павлодар түрмесінде қайтыс болған. Бұл кезде Бекболат төрт жаста еді. Анасының тәрбиесінде болған Бекболат ескіше оқып хат тани бастаған.

1916 жылғы патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы Ерейментауда болған көтеріліске ақын да қатысады. 1922 жылы ашылған Петропавл каласындағы мұғалімдер курсына түсіп оқиды. 1924-1956 жылға дейін Карағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында оқытушылық қызмет атқарды. Осы жылдары мектептерде көркемөнер үйірмелерін басқарып, ақындық өнерден қол үзбеді. Қарт ақын ¥лы Отан соғысы жылдарында акындар айтысына белсене қатысады. 1944 жылы Ақмола облысының Есіл ауданының тұрғындары Рақым Байқошқаровпен, Қасен Төрегелдинмен, Аманжол Әлжановпен айтысқа түседі.

1958 жылы Ақмолада өткен облыстық айтыста жүлдеге ие болады. 1961 жылы Алматыда өткен ақындардың республикалық мәслихатына арнау өлеңін («Ақындар жыры») (1963) айтты. «Ереймен» атты өлеңі «Пернедегі термелер» (1965).жинағында жарияланды.
Молда Мұқан Манапұлы

(1854-1924)
Ақын, жерлесіміз, ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы Молда Мұқан Манапов Баянауыл ауданында 1854 жылы дүниеге келген. Мүқанның әдеби мұрасын зерттеген жерлесіміз, белгілі ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы Б.Жақыпбаев. 1949жылы ақының «Алдамшы өмір», «¥лы жорық», «Өлімнен күшті», «Үш жігіт», «Үш бәнкер», «Еңбектен қашқан бай» поэмаларын, «Жоқтық ұят емес», «Өнердің ұрысы», «Шайтанның саудасы», «Көк сиырдың қиссасасы», «Үш өсиет» және тағы басқа мысал өлеңдерін жинаған. Ақын Мұқан кезінде ескіше сауатты болған. Сондықтан ауылда бала оқытып, ұстаздық жұмыспен айналысқан. Әдебиеттен хабары бар, ол өзі де өлең жаза бастаған, Араб, парсы ертегілерін қазақша өлең етіп жазған. Мұқан молда қазақтың ауыз әдебиетін қағазға түсіріп, жинақтаған. «Қозы Көрпен- Баян сұлу» жыр нұсқасын толығырақ етіп жазған.

Ақынның өлеңдері бұрын жарияланбаған. «Жазушы» баспасынан 1990 жылы «Боздағым» атты кітабы алған рет жарық керген. Ақынның шығарманылығы қазақ әдебиеті тарихында аз зерттелген. Бүркітбайұлы Мұстафа ақын Бүркітбайұлы Мұстафа- қазақтың белгілі әншілерінің бірі. Туған жері мен жылы белгісіз. ОмбыдағыАзия мектебінде оқыған. Атақты күйші Тәттімбетпен дос болған. Шығыс зерттеушісі, фольклорист Н.Ф.Костылецкийдің шәкірті. Оның тапсыруымен Бүркітбайұлы қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, ұлттық ойындарды жинаған, кысқа новеллалар да жазған. Біржан салдың әншілік дәстүрін ұстап, Баянауылдың атақты әншісі Өтелбай салды тәнті етіп, Байтен сал, Жарылғапберді, Әбжан, Қозыкелермен бірге өнер көрсеткен. Өзі де талай әндер шығарған. Көп әндерінің ішінде «Бүркітбай» әні ғана сақталып, халық арасына кеңінен таралған.



Момын Әшірбеков

(1890-1973)
Ақын Әшірбеков Момын Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев атындағы совхозда туған. Жасынан қызметке араласып, ән-күйге, ақындыққа үйір болған. Өлеңдері мерзімді баспасөзде жариялап тұрған. Ақынның өлеңдері «Пернедегі термелер» жинағында (1965) жарияланды. Өзінің «Белестер», «Кербез дала» (1963), «Ақ селеу» (1972) аталған өлеңдер жинағы жарық көрғен. Жазушынын өлең-жырлары негізінен туған жер табиғатына, аңшылық-саятшылық кәсіпке, еңбек, өнер адамдарына арналған. Көп шығармалары Отан соғысының батырлары, космонавтарға арналған.
Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев-1923 жылы Павлодар облысы, Щербақты ауданындағы Маралды ауылында туған.

ҚазМУ-ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген.

Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

Армиядан оралған соң «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөліс меңгерушісі, бас редактор орынбассары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болды.

Алғашқы кітабы- «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бернеше дүркін таңдамалары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты.

Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы.

Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында басқа тілдердің өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.

Мүбәрак Жаманбалинов
Мүбәрак Жаманбалинов-ақын, баладар жазушысы. 1924жылы Павлодар облысының Железинка ауданында туған. Неғұрлым белгілі шығармалары: «Бала ақын», «Ұстаз-батыр», «Толқын», «Сәлем», «Түгел батыр», «Ақшам» поэмалары мен өлеңдер жинақтары.

Нұрлыбек Баймұратов

(1887-1969)
Ақын-импровизатор Баймұратов Нұрлыбек 1887жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. Нұрлыбек ақын Қазақстан халық акындарының ішіндегі өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты суырып салма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды ірі тұлға. Жасынан жалшылықта жүрген кедей Баймұрат егін кәсібімен айналасып, күн көрісті ойлаған. Ақынның арғы тегімен үрім бұтағын тарата айтар болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал-Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген орта жүздің белді руы Шақман ішінде Кенжалы бұтағынан тараған. Ескіше де, жаңаша да сауатын ашқан Н.Баймұратовтың өлеңдері 1924 жылдан бастап жарияланып тұрды.

Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлсу (1944), т.б. ақындармен айтысты. ¥лы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған «Ер Төлеген» (1945), азамат соғысын суреттеген «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді. Ақынға 1939 жылы Қаз ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. СССР Жазушылар Одағы мүшелігіне қабылданды. Қазақ ССР-ң Жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен марапаттаған.



Нығманов Қимадиден

(1924-1980)
Қимадиден Нығманов 1924 жылы 11 қаңтарда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылында лүниеге келғен. Әкесі Нығыман Ертіс өңірінің Естай, Қүдайберген сияқты ақындарымен замандас болып, солардың өлең-жырларын айтып, таратып отырған. Өнер сүйген жанұяда өскен Қимадиден де әнерге жастай талпынған. Қимадиден сегіз жасқа келгенде балалар үйіне оқуға барады. Кейін Павлодардағы он жылдық мектепке келіп, онда оқуын жалғастырған. Ақын он төрт жасынан өлең жаза бастады. 1939 жылы осы мектепте оқып жүргенде алғаш рет «Өткір алмас» деген төрт шумақтан құралған өлеңі басылады.

Он жылдықты аяқтағаннан кейін он тоғыз жасында Отан қорғауға аттанады. Майданда да әдебиеттен қол үзбеген ақын, соғыстан кейін елге оралып ақындық өнерін жалғастырады, ақынның өлеңдерін оқығанда оның халықшыл екенін көруге болады. «Алпыс батыр», «Мақаштың ерлігі», «Барлаушы Семей», «Сержант Сембай» дастандары майдан өмірін бейнеледі.

Баянауыл табиғатын жырлағандардың бірі- Қ.Нығманов ақын. Ол «Баянауыл жырлары» деген өлеңдер топтамасын тамаша жерлерге арнайды. Ақын өлеңдерінде сол кездің ауылы, адамдардың қилы-қилы тағдырлары орын алады. Оның «Еділ құрбаны» балладасы, «Дарқан дала», «Дала шұғыласы», «Алпыс батыр» поэмасы оқырман қауымға кеңінен танылып, ыстық ықыласқа бөленген.

Қ.Нығманов көптеген толғау, арнау өлеңдер жазып, айтыстарға қатысып отырған. Ақын ауыз әдебиетінің нұсқауларын жинаумен айналысты. Сонымен қатар шежіреші адам болған. Ол Басентин- Ақтілес, оның ішінде қазіргі Жаңатал, Жанабет ауылдарындағы адамдардың шежіресін жасаған.



Садық Кәрімбаев

(1918-1975)
Қызылтаудың өңірінде туған. Музыка өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1947 жылы Садық Бақытбекұлы Кәрімбаевқа Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артисі құрметті атағы беріледі.

Садық бала кезінде жанарынан айырылса да, намысшыл адам болып өседі. Композитор өз өмірбаянында өнер жолының бастауы туралы былай жазады: «Мен Сарыарқаның даңқты жері Баянауылда тудым, балалық шағым Ертістің жағалауында Павлодарда өтті. Аурудың салдарынан екі көзден айырылдғандықтан өнер мектебінде оқи алмадым. Арқаның белгілі әнші, музыканттары Жаяу Мұса мен Майра менің ұстаздарым болды. Майраның үйімен бірнеше жыл көрші тұрдық. Майра гармонь тартып, ән салғанда үйдің іші ғана емес, менің де ішкі жан дүниемді нұрландырып жібергендей болатын. Әншінің ғажап дауысы басқа әлемге жетелегендей болып, көңілімді көтеретін». Әнші-композитор Майра осылайша Садықтың композитор, әнші, музыкант ретінде қалыптасуына әсер етіп, шынайы музыка өнері әлеміне жетеледі.

Майра Шамсутдинованың талантымен қанаттанған жас дарын музыкалық білім алуға 1930жылы Алматыға аттанады. Садық талантының арқасында аз уақыт ішінде астана жұртшылығына әнші, музыкант ретінде танылады. Домбыра мен гармонда қазақ әндері мен күйлерін орындап, сүйіспеншілік пен бедел жинайды. Өлкелік комсомол комитетінің көмегімен Сібір темір жол басқармасы Түркістан клубының көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады. 1936 жылы халық әндерін орындаушылар республикалық конкурсында Гранприді иемденеді. Осыдан кейін Қазақ радиосына музыкант қызметіне шақырылады.
Сақау Мәукеұлы

(1798-1875)
XIX ғасырдағы қазақ ақындық өнерінің өкілі, белгілі айтыс ақыны Сақау Мәукеұлы 1798 жылы қазіргі Баянауыл ауданы Майөзек ауылында туып, сол жерде қайтыс болған. Жас шағында музыкаға әуес болып, өлең шығарған, айтыстарға қатысып, өзінің тапқырлығымен танылған. Өмір тарихы аз зерттелген. Тек, атақты ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ҚР Ғылым Академиясы қолжазба қорында сақталған қолжазбаларында Сақау ақынның Баянауылда «жатақ жатып, саржан сатып күнін көрген» кедей екендігі туралы айтылады.

Ақынның бізге жеткен тоғыз өлең, бес айтысы бар. ¥лы ғалым М.Әуезов «Сақау мен Тоғжан» айтысын жоғары бағалаған. МЖ.Көпеев «Сақау мен Тоғжан», «Жанақ пен Сақау» айтыстарын қағазға түсірген және осы айтыстарға түсініктеме беріп отырған. Сақаудың айтыстары өткірлігімен, шынайылығымен бағалы. Кейбір шығармалары Шоңға, Торайғырға, Саржан Төреге арналған. Сонымен қатар, Сақау әділетсіздікті, үстемдікті қатты сынаған. Сақаудың айтыстарын, өлеңдерін жинаушылар қатарына Торайғыров Шәймерденді қосуға болады. Соның арқасында «Сақау мен Тәти», «Сақау мен Жәмшібай» айтыстары, «Сақаудың Садыққа айтқаны», «Кәдір-Көлбай еліне айтқаны», «Қазанғаптың асында айтқаны» жөне т.б. шығармалар жинағы Ғылым Академиясы қолжазба қорында сақталған.



Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы

(1860-1923)
Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы 1860 жылы бұрынғы Семей облысы Семей уезіне қарасты Малыбай болысының (қ.Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Малыбай ауылында) орталығында жылқышылар отбасында дүниеге кслген. Жасынан желіде бие сауғызып, құлын-тайды сылап-сипап өсірген жылқышы баласы ат айылып тартып, азамат болып, атқа мінгенінде де алған атқарған жұмысы жылқы бағу болыпты. Ол туралы ел аузында аңыз сақталған. Ақын өлең айтуға құмар болып, домбырасын арқалап айдалада тыңдаушы елді іздеп жүретін болған. Ол тұста қазақ халқының мәдени өмірі аса төмен дәрежеде болды. Оқу өнері дамымай жатқан кез. Өз елінде кітап басу тиым еді. Кітаптар Қазан, Троицкі, Петербургтен ғана шағын-шағын данамең шығып отырған. «Түркістан уалаяты» (1870-1882) , «Дала уалаяты» (1888-1902), « Қазақстан» газеттері (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) басылымдарын ұйымдастырып тарату мүмкіндігі болмаған. Халық караңғылықта болды. Араб жазуымен жазылған қолжазбалар кеңес заманында өртелініп, жойылды. Сондықтан да бұндай ақындар өз заманына дүлдүл саналғанымен, шығармалары қағазға түспей, сақталмай қалды.

Ақынның «Құсайын болыс» атты поэмасы табылған. Поэмада «Құсайын» бейнесі еш бояусыз шынайы суреттелген.

«Призваға» деп аталатын 1916 жылғы патша жарлығына байланысты қазақтан қара жұмысқа кісі алып іріктеуі, азаматтарды сараіща салғаны туралы поэзия тілінде тұңғыш рет осы өлеңінде суреттелген. Ақын аса тапқыр, өткір ойлы суырып салма; төкпе ақын болғаны оның бата өлеңдерінен анық көрінеді. Салық ақын 1923 жылы қайтыс болды. Оның өмірінің ақыры қалай болғаны белгісіз. Ақынның шығармашылығы Лебяжі ауданына қарасты «Қарағай» еліне жақсы таныс. Олардың негізінде «Салық өлеңі еді», - деп жатқа айтушылар көп болыпты.
Сара Тастанбекқызы
1853 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданыныда өмірге келген. «Жетісудың бұлбұлы» атанған ақын.

Әкесінен жастай жетім қалған Сара тағдыр-тауқыметін көп шегеді. Анасымен бірге туысқандарын сағалап, жоқшылық пен таршылықты басынан кешіреді.

Өз өмірінің ауыр суреттерін «Тұзақ» атты дастанында баяндаған. «Жүрек сыры», «Жүрек» атты өлеңдерінде ақын қыз махаббат бостандығын жырға қосады. «Ашындым», «Арсалаң алдында», «Торығу» толғауларында өмірдің ащы шындығы, әйелдің бас бостандығы, атқамінерлердің озбырлығы мен әділетсіздігі баяндалады.

Сара Тастанбекқызының ақындық таланты Қапал-Ақсу мағында өткен Біржанмен айтысында кеңінен танылады. Дәстүр бойынша бұл жыржарыс екі өнерпаздардың бір бірімен сәлемдесіп, өздерін жұртқа таныстырудан басталады. Екеуін де халық жақсы біледі, атақ даңқтары мәлім. Осы айтыста екеуі де тамаша өнер көрсетеді, бірінен бірі кем түспейді. Бірақ, Сараның сүймеген адамына шыққанын тілге тиек еткен Біржан, осы бір осал жерінетиіп, жеңіп кетеді. Сара жеңілгенін мойындаса да, қазақ әйелінің теңсіздігі жайлы өкінішті айтылмай қалмады.

Айтыс қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін жинаушы Жүсіпбек Шайхыисламұлының еңбегінің арқасында кезінде Сараның өз аузынан жазылып алыныпты. 1898 жылы Қазан қаласында бірінші рет жарық көрді. 1907 жылы айтыстың екінші нұсқасын Әріп Тәңірбергенов жариялады. Біржан мен Сараның айтысы-халық құрметіне ие болған, ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі құнды дүние.

Мұнан соң да Сара «Жайлауда», «Қош бол, елім» т.б. көптеген өлеңдер шығарды.

Сараның Әсет Найманбайұлымен және Төребай Есқожаұлымен айтыстары да көпшілікке мәлім.

Сараның туған, өлген жылы туралы нақты дерек жоқтың қасы.



Cәйтек Оразалыұлы

(1861-1939)
1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданынды дүниеге келген. Көрнекті күйші-композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін қалаушы.

Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырады.

Сейтек Оразалыұлы жес кезінде шығрмаларындағы бостандық сүйгіш идеялары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахан, Мәскеу түрмелерінде өткізеді. 1897жылы Сахалинге саяси тұтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жұмысшыларымен байланысты болды деген айып тағылады. Осы кездегі күйлері: «Түңілдім», «Арман», «Айдау».

1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан долдасының қазасын естіп, «Ғазиз», «Жоқтау», «Сардала» күйлерін шығарады.

1916 жылы патшалық Ресейдің езушілік саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін «16-жыл» күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады. 1917 жылғы Қазан төңкерісін «Партсъезд», «17-жыл», «Бостандық» күйлерінде жырлады. Сейтек Совет әкелген жаңалықтарға белсене араласты. Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді. Оның патриоттық бағыттағы «Марш», «80 ер» «Тойбастар» күйлері адам жанының сұлулығын, халықтың арман-мүддесін паш етті.

Сейтек талай куәсі болған домбыраға өзіндік жаңа үн берді. Күйлерінде орыс, украин, түркімен, қалмақ саздарына ұқсас жерлері де кездеседі. Ол ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А.Б.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әніне» кіргізген. Ғ.А.Жұбанова Сейтектің «Заман-ай» күйінің өзінің «Батырлық» симфониялық поэмасында пайдаланады.

Сейтектің «Арпалыс», «Айман», «Шарипа», «Қарашаш», «Бес ат», «Көкала ат» және басқа туындылары Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі репертуарынан орын алады.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009 (07) ббк 81. 2 каз- 9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған Рецензент
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет