МӘШҺҮр-жүсіп көпейұлының ҚЫСҚаша энциклопедиясы



бет4/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Сүлеймен Баязитов
Сүлеймен Баязитов 1944 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. ҚарМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1971 жылдан 1997 жылға дейін «Жеңіс» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. 1997 жылдан 1999 жылға дейін облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып істеді.

Ақынның «Бастау» (1973), «Жасыбай батыр» (2004), «Хан ием» (2005) атты жыр жинақтары, «Құдіретті күшті бір Алла» атты әңгімелері, «Елсіздегі елес» атты екі кітаптан тұратын «Жаралы жердің жанары» повестері, әңгімелер жинағы жарық көрген. Облыстық журналистер одағы сыйлығының лауреаты.



Суат Әбусейітов

(1929-1992)
1981 жылдан эстрада әншісі, киноактер, Қазақ КСР-ның халық әртісі және 1952 жылдан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Бүкілодақтық және Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалының лауреаты.

Актерлік мектепті 1947 жылы, ал 1952 жылы Алматы консерваториясының ән факультетін бітірген. 1949-1955 жылы «Қазақфильмде» киноактер, 1955-1963 жылдары Мемлекеттік ән-би ансамблінде, 1963 жылдан өмірінің аяғында дейін Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық оркестрінің әншісі болып қызмет істеді.

Бала кезінен көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Халық әндерінің білгірі Ш.Аймановтан үйренген. Репертуарында қазақ халық әндері болған. Солардың ішінде «Екі жирен», «Жеңеше», «Алатау», «Баянауыл», П.И.Чайковскийдің, Н.А.Римский-Корсаковтың романстары бар. Кинофильмдерге түсіп, көптеген фильмдерді дыбыстандыруға, дубляж жасауға қатысты. Қазақ әдебиеті мен өнерінің үш рет он күндігіне (Москва 1958ж., Ереван 1968ж., Ташкент 1971ж.) қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Тәттімбет Қазанғапұлы

(1815-1862)
Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. Қазақтың сазгер-күйшісі, шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Әуенге қызығушылық анасы Ақбөпе арқылы дарыған.

Сазгердің әуендік стилі қалыптасуына, оның орындаушылық қабілеті артуына қазақтың сол замандағы күйші-домбырашылары ықпал еткен. Тәттімбет өзінің тақырыбы мен бағыты жағынан алуан түрлі 40-тан аса күй шығарған: «Қосбасар», «Саржайлау», «Сары өзен», «Теріс қақпай», «Сылқылдақ», «Бестөре», «Азамат», «Алшағыр», «Азына», «Көкейкесті», «Бозторғай», «Қорамжан», «Балбырауын», «Қашқан қалмақ», «Қара жорға», т.б.

Тәттімбеттің лирикалық әуенге толы күйлері адамның көңіл пердесін ағытады. Астарында терең пәлсапалық ой-толғау, ұлттық мәдениеттің негізі жататын Тәттімбеттің қоңыр күйлері орындалу тұрғысынан күрделі болып келеді. «Саржайлау» күйінде әсем де сұлу табиғаттан алған әсері, Ұлы Даланың рухани тыныс-тіршілігі, болмысы туралы ой-толғамы беріледі. Туған өлкенің әдемі табиғатын паш ететін Тәттімбеттің тағы бір күйі – «Былқылдақ», жайлау суреттерін соншалықты нәзік әуендермен әдемі жеткізеді. Мұнда орман құстарының сайрағаны, бұлақ сыңғыры, аққан өзен сылдырмен үндес дыбыстар да бар.

«Сылқылдақ» күйі қызға арналған. Бұл туындының әуендік негізі арқылы біз Тәттімбеттің шығармашылық жолын, романтика, лирика сияқты көркем жанрлардың негізінде қалыптасқан домбыра шерту мәнерін аңғарамыз.

Тәттімбеттің шығармашылығы қазақтардың бар болмыс-бітімін, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық ахуалын түгелдей дерлік қамтиды. Қоғамда болып жататын әлеуметтік және саяси өзгерістерге көзқарасын сазгер өз туындылары арқылы жеткізеді. Бұған мысал ретінде «Бестөре» күйін айтуға болады.

Тәттімбет сазгерлерінің ең биік шыңы – оның өмірінің соңғы жылдарында дүниеге келген «Көкейкесті» күйі. Терең мән-мазмұнына қоса, асқан орындаушылық шеберлікті қажет етер өте күрделі туынды



Шолпан Байғалы
Шолпан Байғалы- Палодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жаңатап ауылында туған. Әкесі Байғалы домбырашы, әнші әрі аңшы, білезік соғатын ұста болған.

Шолпанның тұңғыш өлеңдері облыстық «Қызыл ту» газетінде және «Қазақстан әйелдері» журналында, «Қазақстан пионері» газетінде, кейін «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жырық көрген.

Қазақ Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналыстика факультетін бітірген, мамандығы- журналист.

Облыстық радио және телевизия хабарларын тарату комитетінде қазақ редакциясының редакторы, облыстық «Қызыл ту» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Облыстық мәслихатта, облыс әкімдігінде ішкі саясат бөлімінде, баспасөз қызметінде, облыстық тілдерді дамыту департаментінде, қалалық әкімшілікте тіл саясаты бөлімдерінде қызмет жасады. Қазір қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бөлім меңгерушісі.

1985-1995 жылдар аралығанды өткен облыстық айтыстарға қатысып, бірнеше дүркін жүлделі орындарға ие болған. Республикалық айтыстарға да қатысқан.

«Жалын» баспасынан «Көктем тынысы», «Эко» баспасынан «Ай-нұрым менің», «Еркелеймін Ертіске» атты өлең кітаптары жарық көрген.


Шорманов Садуақас

(1850-1927)
Сәдуақас Шормановтың қайда және қашан туғаны туралы деректер әр түрлі болып келеді. Біреулер Баянауылда десе, екіншілер Омбы қаласында туған дейді. Сәдуақас екі жасқа келгенде Ақкелін ауылындағы атасы Шорманның бауырына әкелінеді. Ол он жасқа дейін осы ауылда болады. Ауыл молдасынан дәріс алады. Атасы мұғалім жалдап, Сәдуақасты орысшаға үйретеді. Бұл оның гимназияға түсуіне және оны ойдағыдай тәмамдауына үлкен көмек болады. Оқуды ойдағыдай бітіргеннен кейін Сәдуақас Томск университетіне түседі. Бірак, денсаулығына байланысты оқуды тастап елге кайтады. Сәдуақас Шорманов сол уақытта ақын ретінде жақсы танылған. Қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, әдебиет пен өнердің білгірі Сымағұл Садуақасов «Мағжан Жұмабаевтан кейін, халық қадірлеген қазақ ақындарының арасынан С.Шормановты айтуға болады»-деген еді. Ақын ретінде С.Шорманов адалдықты, махаббатты, табиғатты, адамгершілікті, қайырымдылықты, руханиятты жырлаған. Абай мектебін өнеге тұтқан ақын. Абайдан үйреніп, оған еліктегенін «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек» деген өлеңінен анық байқауға болады. Шорманов Садуақас -қазақ қолжазбаларын жинаушы, солардың ішінде Абай олеңдерінің қолжазбасын П.М.Мелиоранскийге тапсырған.

С.Шорманов поэзиясы әртүрлі тақырыпқа арналған. Солардың барлығын тұтастыратын негізгі идея адамгершілік, адалдық идеясы. Ақын адамдарды үлкен-кіші деп бөлуге болмайтындығы, қоғам жеке адамдардан бірігіп барып көзге түсетіндігін, тіршілік тірегі бірлік екенін нықтай жырлайды. С.Шормановтан қалған поэзиялық мұра көп

болуға тиіс. Ақын «Махаббат», «Ақ баян құсманы біз қолдайық», «Мінәжат» т.б. көлемді толғаулар жазған. Елдің тұрмыс жағдайы, қоғамдық; халі С.Шормановтың санасында ерекше ұялаған көкейкесті мәселе еді. Сондықтан да «Айқап» журналы шығысымен, оған елдің тұрмыс халі, шаруашылығы туралы мақалалар, хабарлар жазып тұрды. Ол мақалаларында казақ халқының отырықшылық өмірге ауысып, тұрақтануына, сол арқылы алдыңғы ел қатарына қосылуына жаңаншырлық пікірлер айтты. Болашағы мол өмір салтын насихаттады. Сонымен қатар, шаруашылық жағдайына ерекше ықпалы бар деген салаларға да қалам тартты. С.Шормановтың «Өрттің зияны», «Нелді суару» атты мақалалары бұған толық дәлел. «Қазақ» газетінде қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысындағы өзгерістер, бұрыңғы билермен кейінгі билерді салыстарған мақалалары жарияланған. С.Шорманов - шығармашылығы зерттелмеген талантты тұлға. Оның 1907 жылы баспадан шыққан «Аушы» (дұрысы «Аңшы» болу керек) атты бір шағын кітабы ғана белгілі. Ақынның ел аузында сақталған, баспасөз бетінде жарияланған қолжазбаларын іздестіріп жинақ етіп шығару аса қажет.
Шәкен Айманов

(1914-1970)

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпан айында Павлодар облысының Баянаула ауданына қарасты С.Торайғыров атындағы совхоздың Айман бұлақ деген жерінде дүниеге келген.

Шәкен Семей қаласында әуелі мектепте, одан кейін педагогикалық техникумда оқып жүрген жылдары 1928-1933жж.қаладағы көркем өнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Содан 1933 жылы белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің Алматыға арнайы шақыртуымен келген. Ол қазақ драма театрының құрамына актер болып қабылданып, 1954 жылға дейін осында қызмет атқарады. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жалға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен бірге бас режиссері болып та істеді. Театр сахнасында қайталанбас образдарды сомдаған Шәкенге 1942 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі деген құрметті атақ берілді.

Ш.Айманов репертуар бойынша бір-біріне ұқсамайтын кереғар әр алуан рольдерді орындап, өзінің табиғи творчестволық диапазонының кеңдігін байқатты. Ол көбіне басты рольдерді ойнап, сындарлы ойынымен көрермен құрметіне бөленді. Әсіресе Шәкен Кенжетайұлы жасаған сахналық портреттер қатарында І.Жансүгіровтің «Исатай Махамбетінен» Исатай, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысынан» Ақан сері және М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысынан» Қобыланды секілді қаһармандық-поэтикалық тұлғаларды айрықша атауға болады. Бірқатар өткір мінезді, әрі сатиралық бейнелер жасады. Олардың қатарында Казанцев М.Әуезовтің «Түнгі сарында», Қодар Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында», Керім М.Әуезов пен Л.С.Соболевтің «Абайында» бар еді. Шәкен аға театр сахнасында көрсеткен жоғары деңгейдегі өнері үшін 1947 жылы Қазақстанның халық әртісі деген құрметті атаққа ие болады.

Шәкен Айманов 1940 жылдан бастап киноға түскен:

«Райханда» Сәрсен, «Абай әнінде» Шәріп 1945ж,. «Алтын музейде» Досанов 1948ж., Жамбыл «Жамбылда» 1952ж., «Алдар Көсе» Фильміндегі Алдар Көсе рөлі үшін 1965 жылы Ш.Айманов Қазақстан мен Орта Азия республикалары кинематографистерінің 4-ші жарыс байқауының арнаулы дипломына ие болды. Шәкен Кенжетайұлы 1967 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды, 1959 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді.




Ықылас Дүкенұлы

(1843-1916)

Жезқазған облысы, Жаңарқа ауданында туған. Қазақтың күйші -қобызшысы, халық сазгері. Өзі де дәулескер күйші болған әкесі баласының өнерпаздық дарыны ерте ашылуына әсер етті. 7-8 жасынан қобыз ұстаған Ықылас Дүкен тартқан күйлерді тез үйреніп алады. 15 жасында ол үлкен жиындарды өнер көрсете бастайды. Атақты Жанақ пен Шөже ақындар Ықыластың талантына тәнті болып, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер өнерін жоғары бағалайды.

18 жасында ол әкесінен үйренген күлерге өзгеріс енгізіп, оларды классикалық формаға көтереді. Ол қобызды таза және анық сөйлеткендердің бірі болды. 19жасында тұңғыш төлтумасы-«Ықылас күйін» шығарады. Осы сазы арқылы өзінің дәулескер күйші екенін аңғартты. «Қоңыр» күйі де оның алғашқы туындылары қатарына жатады.

Ықылас алғашқы әуендерін халықтық фольклордағы оқиғалар желісіне құрды. Олар ырғағы жағынан өзінен бұрыңғы күйшілерге ұқсамады, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын шертті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын жырлады.

Батырлық-эпикалық күйлермен қатар, философиялық- лирикалық бағыттағы («Аққу», «Жезкиік», «Жалғыз аяқ», «Қамбар-Назым», «Қазан») туындылары да өмірге келді.

Бірде Ықылас Омбыға барып, генерал-губернатормен жүздеседі. Үлкен ұлыққа өнерпаз жігіт өзін ауыл старшинасы етіп қоюын сұрайды. Генерал-губернатор тез келіседі. Көп ұзамай, ол орынан түсіп қалған кезде, ешқандай налымай-ақ, күйшілік өнерін жалғастыра береді. «Жарым патша» үйі сол генерал-губернаторға арналған екен. Оның репертуарында патша өкіметінің қызметшілерін сынға алатын дүниелері де бар.

«Аққу»-өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу жөніндегі Ықыластың атақты күйлерінің бірі.

Елуге келген шағында Ықылас Ұлы жүзге қоныс аударады. Мұнда да өз шығармаларын кеңінен таратып, сыбызғыға арналған күйлерді қобызға лайықтап та жүреді.

Алпысқа қараған шағында Ықыластың тұрмысы қатты нашарлайды. Мұны естіген ағайын-туыстары көмекке келіпті. Қобыз атасы өле-өлгенше халық құрметіне бөленумен өткен көрінеді. Ал ол 1916 жылы дүние салды.

Ықыластың сазгерлік мұрасы өте бай. Оның күйлері Қазақстан композиторлары шығармаларынан көрініс тауып, күйсандықтан қобызға лайықталып орындалып жүр. Ықылас-қобыздық дәстүрдің негізін қалаушы. Оның шәкірттерінің арасында атақты Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты таланттар болды.




Ќорытынды
Мәшћүр–Жүсіп Көпеевтің шығармалары бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Ќазаќ филология» бөлімінің екінші курс студенттері А.Жаќтай, Г. Икласова, К.Табирова, А.Тоғызбаева, Б. Смағұлов, Ш.Тұржан студенттердің «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша 2005 жылы ќолға алынған ірі «Ғылыми жоба» «Мәшћүр-Жүсіп ќысќаша энциклопедиясы» (Өнер адамдары) 5 томын жазып бітірді. Бұдан бұрынғы 1- 4 томдарында Мәшћүртанушылар, Мәшћүр-Жүсіп ұрпаќтары, жер – су атаулары т.б. таќырыптар ќамтылған еді. Ендігі жерде студенттер Мәшћүр-Жүсіп шығармаларындағы өнер адамдары таќырыбын алды. Энциклопедия бір бөлімнен тұрады. Энциклопедияда Павлодар облысы және Ќазаќстан аумағы бойынша Мәшћүр-Ж‰сіп кµзі кµрген, не болмаса естіген, не болмаса белгілі бір тарихи оќиѓаѓа ќатысты айтылѓан, жазылѓан тарихи, немесе оќиѓаѓа ќатысы бар адамдар бейнесі, ќазаќтыњ аќын-жыршылары алынды. Олар негізінен єнші, жыршы, к‰йші-аќындар т.б. Айталыќ, Н±ржан Наушабаев, Иса Байзаќов, Жаяу М±са, Майра Шамсутдинова, М±са Шорманов т.б. бергі µнер адамдары Шєкен Айманов, Кєукен Кенжетаев, Ќуат жєне Суат Єбусейітовтар т.б. жєне сол сияќты µнер адамадарыныњ µмірі мен шыѓармашылыѓына байланысты мєліметтер жазылды. Ѓылыми ж±мыс энциклопедияныњ кейбір талаптарына сай болмаса да соѓан бара ±станыммен жазылды. Єрине, Мєшћ‰р-Ж‰сіп шыѓармаларындаѓы кейбір µнер, алаш азаматтарыныњ бєрін ќамтуѓа уаќыт тыѓыз болды. Мысалы, Ќажым±ќан М±њайтпасов, Балуан Шолаќ, Ќаныш Сатбаев т.б. ќамтылмады. Кейбір тарихи деректер аздыќ етті, олардыњ µзі кµбіне орыс тілінінде жазылѓаны аныќталды.

Болашаќта Мєшћ‰р-Ж‰сіптіњ 14-20 томдыќтары ќолѓа тиеді. Студенттер негізінен ќолда бар 1-13 томы бойынша осы энциклопедияны жазып шыќты.

Жалпы Мєшћ‰р-Ж‰сіп µнер адамдарымен ете таныс болып, олармен ќарым-ќатыаста µмір с‰рді. Олардыњ µнерін жоѓары баѓалады. Оны ф. ѓ. д., профессор Т±рышев Айтм±хамет Ќасымбай±лыныњ «Мєшћ‰р-Ж‰сіп» пьесасынан алынѓан мына ‰зіндіден де кµре аламыз:

Қоянды жәрмеңкесінде ақынның тікелей қарым-қатынас жасаған достары Жаңалінің Нүркесі, Шотаның Әйтиі, Сабырдың Жәниі, жиені Жүсіптің Қасенғалиі, Шанин Жұмат, Иса Байзақов, Уәлидің қызы Майра, атақты руы Қыпшақ Қажымұқан, домбырашы Байжанның Қалиі, Жаяу Мұса, Байқошқардың Сұлтанбайы, Бұланбайдың Мұқашы, Аманның Түсіпбегі, Тоғандықтың Жабайы, Сүтжанның Қасендері, қолынан өнер тамған Сүбек ұста, Құлмағамбетұлы Жәмит, Жалбырұлы Иманбай, Мұсабайұлы Мәшірап, Сағынай шебер т.б. көріп, қол алысып, кейбірімен төс қағысып мәре-сәре болып қалды. Иманжүсіп те қарап қалмады, өлең айтты, қара күштің де неше өнерін нақышына келтірді.

Мәшһүр-Жүсіп қолқалаған соң Уәлидің Майрасы сапырып отырған қымызын қоя тұрып, қолына сегіз баспалы гормонын алып, ырғай изеп, соза тартып, отты көзі ақықтай жарқылдап «Майра» әнін нақышына келтіріп шырқап кетті.

Үйдің іші, толған үстіне тола берді. Майрадан кейін кезек бойынша Қали «Аққұм», «Ғазіз», «Шама», «Алтыбасар», «Топай көк» міне осындай алуан әндер айтылып жаты. Зерубай, Омар тағы-тағылар өнерін көрсетіп жайылған елді де, сый қонақты да күлкіге батырып рақаттандырып жатыр.

Бұл кезде төрде отырған қонақтың ішіндегі ешкі бас, өткір көзді жас жігіт күйіне келіп, бабына түскен бе, бүйрек қызыл шұбар қаршығадай ойнақтап отыра алмай отыр еді.

Қасында ұзын бойлы, жасы үлкен кісі, қырынан қысып, санынан нұқып, етегінен басып тоқтатып отыр екен.

– Майра, домбыраңызды қонаққа неге ұсынбайсыз? Сіздер білмейсіздер, бұл-ақын Иса. Біздің Керекулік – дегенде, Исаның көзі ойнақтап, тұмсығын алақанымен сыйпай сүртіп бір тартып қойды, қолы домбыраға тиер-тиместен, шырқай айғайлап:

«Домбыра екі шекті ішің қуыс,

Ызботтан сөзім шықсын уыс-уыс,

Майра апам домбыраны алып берді,

Исада түні бойы болмас тыныс,- »

-деп ағыза жөнелді. Жұрт қолқалап қоймаған соң Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасын нақышына келтіріп оқып берді. Біраздан соң қыза келе, Иса құйрымен есіктен төрге, төрден есікке қарай жылжығанын өзі де білмеді.

Әнге еліріп, қымыздың буына қызып алған жұрт ду етіп, ортаға Жаяу Мұсаны шығарды. Ол ақырын «Сұршақызды» айтқанда ел тынышталып, ұйып тыңдап қалған еді. Бұл арада Байжанов Қали, Әміре Қашаубаев та аянып қалмады. Шашубайдың да өнері қара санан келеді екен, екі қолымен тік тұра қалып, жүріп берсін, түрлі қимылдар жасап, елді әбден қызыққа батырды.

Қымыз ішіліп, ет желініп бола бергенде Мәшһүр-Жүсіп:

– Ал, Әміре, мына кісілер сенің әніңді естиміз деп келіп отыр, көрсетсеңші өнеріңді – деуі мұң екен Әміренің қолына домбырасы тиісімен-ақ айғайы бірге шықты. Бір күрсініп, бір күліп «Ағаш - аяқты» айтып, жердегі үні аспандағы аққудың үнімен таласып жатты. Әміренің тағы бір ғажабы басқа әншілер сияқты ән салғанда тістенбей, «а» деп көтергенде-ақ аузы кең ашылып, көмекейіне дейін көрінеді екен. Айғайы күшейген сайын қысқалау мойыны жуандап, онан да гөрі қысқара түскен сияқтанады. Біраздан соң Әміре гармонмен ән салды. Жұмат Шанин де қалыспады, қобызбен «Қорқыттың күйін» зарлатты-ай кеп.

Жастар жағы:

– Уәй, мына салың не дейді-ау. Уа аруақ! Уа аруақ! – деп айқайлайды.

– Рахмет, балам! Көп жаса, өркенің өссін! – деп жатыр ақсақалдар.

Бір мезетте, топ ішінен біреу сумаңдап, сурылып шығып.

– Ей, Қажымұқан сенің беделің бар палуансың.

– Мәшһүр деген әулие шығыпты ғой. Әне отыр. Және өзінің бірнеше өнері бар көрінеді. Күрестің де айла амалын біледі дейді деп қарқылдап күлді.

– Қажымұқан, ашуды сабырға жеңдіріп.

– Мен ол кісімен күреспеймін. Өзім қазір барып, тізерлеп отырып алдына жығылып, өзім-ақ жеңілер едім. Өй жетесіз неме, өзіңді бүріп жіберейін бе? - дегенде манағы отырған, қымыздың қызуына қызара бөрткен үйден еңбектеген күйі шыға тұра қашты, Қажымұқан май құйырықтан теуіп қана үлгереді. Қажымұқанның ісіне риза болған ел қыран-күлкіге батып, бір мәз-мейрам болып қалды.

Ендігі кезек ойын-сауыққа тиді. Халық ортаға Қажымұқан шықсын, неге шықпай жатыр деп, дегбірлері қалмай шуылдауда. Қажымұқан үстіндегі атлас жеңіл шапанын сыпып тастап, шаршы топтың арасынан жеңіл қозғалып сурылып шықты. Анадайдан қарап тұрған досы Сүбек ұстаны шақырып алып, кеудесіне үлкен қара тас қойдырып, Сүбек ұстаға ұрғызып қақ бөлгізіп, мойнына сомтемірді галстук қылып тағып, жұртты айран-асыр қылды. Мойнына ұзын сырық салып, екі басына қалағанынша кісі мінгізіп, жүрді. Арба толы шөпті тісімен тартып жүргізді т.б.

Қоянды жәрмеңкесі біткен соң Қажымұқан досы Сүбек ұстанікіне тынығуға ат басын тірейді. Екі-үш күн болып, досына не керек екендігін сұрайды.

– Олжамның жартысын ал. Не болмаса, өнеріммен жинаған мына сөлкебайларымның таңдағанын берейін дейді.

– Сүбек ұста Қажеке маған түктің де керегі жоқ. Мына жалғыз ұлым Хайруллаға арнап бір ескерткіш қалтырыңыз. Көзіңіздей көріп жүрейін -дейді. Досының тілегін қабыл алған Қажекең есіктің алдында көрініп жатқан салмағы бір тонна тасты досы Сүбек ұстаның үйінің дәл іргесіне көтеріп әкеп қояды.

Енді жұрттың көзі есік жақта тұрған өте сұлу, белі қиылған талдырмаш

аппақ сұлуға ауды. Екі көзі қарақаттай қап-қара, белі қиылған, мойыны аққаудың мойынындай әсем, қос бұрымы тілерсегін соғады. Тым жас көрінеді. Танитын біреу кәні Гүлшара (Шара) – Биле!.. – деп айғай салды. Қалың ел жапырылып, есіктің көзін босатып, сыртта дөңгелініп тұра қалысты. Хусайын деген гармоншы жігіт бидің бір сазын құйқылжыта жөнелді. Әйелдер жағы өзара сыбырласып, танитындары мынау қыз - Шара, Баймолда Жиенқұлұлының қызы ғой деп жатыр, Бетім-ай! бұл, бұ жақта қайдан жүр десіп жатыр кей бір білгіш әйелдер бетін шымшып. Шара да «өзі де зытайын деп тұрған қоянға «тәйт» деген соң не шара» демекші, сол арада артында тұрған бір кісі ортаға қарай итеріп жібереді. Ұшып түскен Шара, көзі жыпық-жыпық етіп жан-жағына айнала қарады да дөңгелене жөнелді. Гормоншы жігіт «Қара жорға», «Келіншек», «Айжанқызды» құйқылжыта, жұрттың көңілін қытықтай гармонды құлаштай тартады-ай кеп. Шара мың бұралып, күй ырғағына қарай ат боп шауып, ұршық боп иіріліп, киіз басып, күбі пісіп не керек биге тән қазақ тұрмысынан алынған нақыштарды бар өнерін салып ортада шыркөбелек айналып, ес-ақылы қалмай билеп жүр. Биге сусап қалған жұрт аң-таң, әсіресе балалар жағы ауыздарының суы құрып, сілекейлері шұбырып, аққанын да білмей қалыпты. Әйелдер жағы тамсанып, жастық шағы есіне түсті ме? Әлде, қызуы жоқ шалға барғанына налыда ма, босағада сүйеніп тұрған қара торы әйел, тамсанып, ух! деп қалғанын өзі де білмей қалды. Сырттағы аттылы, түйеге мінген, шеңбер ішіндегі биге мойынын созған бала - шаға, қатын - қалаш, шал-шауқан, жігіт-желең бәрі желігіп алған Шараны жібергісі жоқ.

Мәшекеңнің көп отырып қалып, жол жүргісі барын ескеріп, жүргізуші бір сәт ойынды, думанды тоқтатып Мәшһүр – Жүсіптен бата сұрасты. Мәшһүр – Жүсіп қолын жайып, өнерлі жастарға батасын берді.



Әдебиеттер
1 Бұқар жырау Қалқаманұлы Шығармалары. – Алматы, 1992. –946 б.

2 Бұқар жырау Шығармалары // Нар мен зар заман поэзиясы. – Алматы, – 2002. – Б. 45–58.

3 Бұқар жырау Абылай ханды жоқтау : Өлең // Жұлдыз. журн. –1998. – № 4. – 3 б.

4 Бұқар жырау Қалқаманұлы (1998-1781) // Баянаула. – Алматы : Фолиант, 2001. – Б. 88–89 .

5 Бұхар жырау // Ай, заман-ай, заман-ай...(Бес ғасыр жырлайды) – Алматы, 1991. – 1. Т. – Б. 81–106.

6 Бұхар жырау // Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы, 2002. – 1. Т. – Б. 198 –203.

7 Бұхар жырау // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2000. – 3 .Т. – Б. 386 –418.

8 Бұқар жырау // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2000. – З. Т. – Б. 386 –418.

9 Бұқар жырау // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы : – 1999. – Б. 456 –459.

10 Баткеева Б. Т. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2001. – Б. 146–150

11 Көтеш ақын // Ұлы арман – Алматы, 1990. – Б. 107–112.

12 Қобылан Бәрібайұлы (1760-1840) // Баянаула. – Алматы : Фолиант, 2001. – 54 б

13 Қобылан Бөрібайұлы // Бес ғасыр жырлайды – Алматы, 1989. – 1. Т. – Б. 213–219.

14 Қобылан Бөрібайұлы // XIX ғасырдағы қазақ ақындары. –Алматы, 1988. – Б. 40–46.

15 Естай // Екімыңжылдық дала жыры. – Алматы, 2000. – Б. 289–290

16 Жұбанов А. Заман бұлбұлдары / А. Жұбанов. – Алматы, 2001. – Б. 249–265.

17 Әлсейітов Құдайберген // Ақын-жыраулар. – Алматы, 1979. –Б. 28–29.

18 Меркемелиденов Бекболат // Ақын-жыраулар. – Алматы, 1979, –285 б.

19 Жолдинов Жүнісбек // Ақын- жыраулар. – Алматы, 1979. – 69 б.

20 Байзақов Иса // Қазақ өнері: Энциклопедия. – Алматы, 2002. –Б. 105–106.



Мазмұны
Алғы сөз........................................................................................................3

Аманжол Шамкенов.....................................................................................4

Әміре Қашаубаев (1888-1925) ................................................................... 4

Әсет Найманбайұлы (1867-1922) ............................................................. 5

Базар жырау Оңдасұлы (1842-1913) ........................................................ 5

Балабек Ержанов .........................................................................................6

Баймұрат Нұрлыбеков ............................................................................... 6

Балтабай Сейсенбеков (1928-1993) ......................................................... 6

Бердалин Қабын Исаұлы (1867-1935) ...................................................... 7

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1397) ...................................................... 7

Бісмілла Балабеков..................................................................................... 8

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787)....................................................9

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887).......................................................10

Дина Нұрпейісова (1861-1955).................................................................11

Дихан Әбілев............................................................................................. 12

Естай Беркімбаев (1873-1946)...................................................................13

Жақып Әбілтаев (1910-1982)....................................................................14

Жапар Құттыбайұлы ................................................................................14

Жарылғапберді Жұмабайұлы (1851-1914)..............................................15

Жаяу Мұса Байжанов (1835-1929) ..........................................................15

Жолдинов Жүнісбек (1895-1983).............................................................16

Заитов Мұқсихан (1928-1976)..................................................................17

Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929).........................................................17

Иманғали Мәненұлы ...............................................................................18

Иса Байзақов (1900-1946) ........................................................................18

Кәукен (Әбдірахым) Кенжетаев ............................................................. 20

Көтеш Райымбекұлы (1745-1818)............................................................21

Қабдыкәрім Ыдырысов.............................................................................23

Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921)....................................................23

Қалижан Бекхожин (1913-1990) ..............................................................23

Қалкен Әділшинов (1931-1980)...............................................................24

Қалпасов Боранбай (Қорт Боранбай) (1907-1991) ................................24

Қайролла Жүзбасов ................................................................................. 26

Қобылан ақын (XVIII ғасырдың аяқ кезі - XIX ғ) .................................26

Қожеке Назарұлы...................................................................................... 27

Құдайберген Әлсейітов (1884-1933) ..................................................... 27

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)...................................................28

Қыжымұрат Смағұлов...............................................................................29

Қуат Әбусейітов.........................................................................................29

Мағзұм Ахметұлы..................................................................................... 30

Мәди Бәпиұлы (1880-1921)..................................................................... 31

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (1858- 1931) ...................................................... 31

Меркемелдинов Бекболат (1891-1963)................................................... 32

Молда Мұқан Манапұлы (1854-1924)................................................ .....33

Момын Әшірбеков (1890-1973) ...............................................................34

МұзафарӘлімбаев..................................................................................... 34

Мүбәрак Жаманбалинов ......................................................................... 35

Нұрлыбек Баймұратов (1887-1969) ........................................................ 35

Нығманов Қимадиден (1924-1980)......................................................... 36

Садық Кәрімбаев (1918-1975) ................................................................. 36

Сақау Мәукеұлы (1798-1875).................................................................. 37

Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы (1860-1923).............................. 38

Сара Тастанбекқызы.............................................................................. . 39

Cәйтек Оразалыұлы (1861-1939)............................................................. 40

Сүлеймен Баязитов................................................................................... 41

Суат Әбусейітов (1929-1992)................................................................... 41

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862)........................................................ 42

Шолпан Байғалы........................................................................................43

Шорманов Садуақас (1850-1927) ............................................................43

Шәкен Айманов (1914-1970) ...................................................................44

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) ...............................................................46

Әдебиеттер.................................................................................................53







Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009 (07) ббк 81. 2 каз- 9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған Рецензент
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет