Монография Түркістан 2012 ббк 635 Ә 19



бет5/15
Дата02.05.2016
өлшемі4.21 Mb.
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

АНТРОПОГЕНЕЗЭТНОГЕНЕЗ
а) Биоэволюция мен этноэволюцияның арақатынасы
1992 жылдың мамыр айындағы "Атамекен" үнқағазында Жапония генетиктерінің ұзақ жылғы ғылыми-лабораториялық анализдері бүкіл адамзат ұрпағының бір атадан тарағандығын анықтағандығы жайлы хабар берілді.

Бүгінгі адам атаулының түбі бір ата-анадан – Адам ата мен Хауа анадан тарағандығы туралы сөз "Құран Кәрім" және т.б. діни кітаптарда айтылған.

Жаратылыстанушылар бұдан 13 млрд. жыл бұрын сұрапыл жарылыстың нәтижесінде Дүние пайда болған, содан кейін барып адамзат баласы жаралған деген тезисті қолдап отыр. Бірақ та «өлі» анорганикалық дүниеден «тірі» органиканың қалай пайда болатынын әзірге Ғылым теория жүзінде бұлдыр болжаммен айтса да, нақты тәжірибе жүзінде көрсете алған жоқ. Бұл ретте Исламдық танымның өзі бір төбе. Оны қарастыру өз алдына бөлек ізденісті талап етеді. Сондықтан да Ғылым өкілдері не айтады? Алдымен солардың ой-пікірлерін бір жүйелеп қарастырып алғанды жөн көрдік.

Мутациялық тұжырым бойынша, осыдан 5 млн жыл бұрын құрлықтардың соқтығысуының нәтижесінде жердің жоғарғы қабатына радиоактивті заттардың шығуына байланысты инстинктері сөнген маймылдардың миы тез өсіп, сана пайда болған-мыс. Түптеп келгенде, мұның нағыз ақиқатын археологиялық, палеантропологиялық т.б. ғылымдардың кешенді зерттеулері алдағы уақытта дәл айтары сөзсіз.

Кейбір еңбектерде Homo habilis-тің (адам) тас құралдарды өңдеуді білгендігі, құрылымы жағынан оны ең ежелгі адам деп білу керек деген тезис алға тартылады1. Сондай-ақ, авторлар hомо еректустың (тік жүруші) отты пайдаланғандығы және трансцендентальдық ойлау қабілетіне ие болғандығын жазған1. Антропогенездің мұндай схемасын көптеген зерттеушілердің қабылдағанымен, онымен келіспейтін антропологтардың қарасы әжептәуір екенін айта кеткен жөн. Олардың пікірінше, неандертальдықтар hомо сапиенс түріне жатады. Бұл ретте неандертальдықтар мен кроманьондықтардың араласа өмір сүргендігін айғақтайтын көптеген мекен-жайлардың табылып отырғаны уәж ретінде келтіріледі. Ол, ол ма, Д.М.Тайсаев шимпанзе мен адам геномаларының ұқсастығы 98,9%, дейді. Ал, американ генетигі М.Гудмен шимпанзені адамдар қата-рына жатқызады. Мұның дұрыстығы күмәнді және бұлыңғыр.

Басқа бір топ зерттеушілер адамның пайда болуында «табиғи сұрыпталу» мен «жыныстық сұрыпталудың» үлкен рөл атқарғандығын тұжырымдайды. Конрад Лоренц мұндай тезисті қабылдауға болмайтынын айтады. Бағзы бір зерттеушілер табиғи сұрыпталу жағдайындағы тіршілік иегерлеріне әлеуметтік факторлардың еткен әсерін мойындайды. Көне өркениеттердің қалыптасуы барысында адамның өмір сүруі мен аман қалуы оның күшті немесе денсаулығының мықты болуына емес, ендігі жерде оның қайсы өркениетке жататындығымен және әлеуметтік жағдайымен айқындалатын болған. Көне адам мейлінше әлеуметтенген сайын, ресурстар үшін болған күреске қарағанда идеялар үшін болған күрестің маңызы арта түседі. Мұнда діни ымырасыздықтың да рөлі аз болған жоқ. Өздерінің идеологиясын тиімді экспансиялаған халықтар жеңіске жетіп, қатарына көп-көп одақтастарын тарта білді (Д.М.Тайсаев).

Бұл ретте егер hомо сапиенс биологиялық эволюционизм заңдылықтарының негізінде дамымаған болса, қалайша кроманьондықтар соншалықты морфологиялық түрлі нәсілдерге ажырап кетті деген сауал туындайды. Мәселе мынада: қара тері ультрафиолеттік нұрланудан жақсырақ қорғайды, ал ақ түсті тері – Д витаминнің синтезденуін қамтамасыз етеді. Қара тәнділер мен ақ түсті адамдардың айырмашылықтарын осымен түсіндіруге болады. Дарвин адамдық нәсілдерді қалыптастыруда жыныстық сұрыпталу анықтаушы рөл атқарады деп есептеген. Бұл тұрғыда Я.Я.Рогинский мен М.Г.Левин «алғашқы қауымдық қоғамдағы ең күшті еркектер ең сүйкімді әйелдерді өздеріне таңдап алған. Мұндай ер адамдардың ұрпақтары көп санды болған. Ақырында, жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде тайпа типі қалыптасқан болуы керек» – деп, болжамдайды1.

Жаңа заманда қоршаған ортаға тәуелді болмастан өмір сүрген адамдардың жиынтықталған нәсілдік белгілерінің бейімделу үшін маңызы болмай қалды. Алайда, этникалық өздік сана мен жыныстық сұрыпталу үдерістері жинақталған биологиялық айырмашылықтардың араласуына жол бермеді. Табиғи сұрыпталу тек мемлекеттік құрылымның қалыптасуына байланысты ғана рөлін жоғалта бастаған. Адамның саналы және мақсатқа қаратылған еңбегінің де маңызы зор болды. Сонымен, зерттеушілер бастапқы замандарда ғана табиғи және жыныстық сұрыпталу әсерінің әжептәуір болғандығын мойындайды. Айта кету керек, адамзат биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, табиғатпен байланысын үзген жоқ. Сонымен бірге адам баласы саналы тіршілік иесі болғандықтан, моралдық қасиеттерін жоғалтпауы тиіс. Табиғат технократтық даңғойлықты кешірмейді. «Бейімділікке қабілет танытпаған нәсілдерді» жоюға қаратылған ресми мемлекеттік саясат та, қанауды ақтау үшін еңбек жазған ғалымдар (Спенсер) да әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасын ту етіп көтеруде. Кезінде Гитлер: «Природа жестока, поэтому и я жесток» деген-ді1.

Биологиялық эволюция бұл «өмір сүру үшін ғана күрес» емес екен. Сонымен бірге ол кооперативтілік деген сөз. Дарвин да эволюциялық процестердің альтруистік жағын терістеген емес.

Әрине, гоминидтердің дамуы біраз уақытқа дейін биологиялық эволюционизмге негізделген еді. Олардың эволюциясында «топтық сұрыпталудың» рөлі айрықша болған. Бұл таңдаудың қайнар көздерін біздің биологиялық өткенімізден іздеген жөн. Мұнда өмір сүру үшін күрестің субъектілері ретінде жекеленген жандар емес, белгілі бір әлеуметтік топтар аренаға шығады. Гоминидтер тобының қауымдастығы - бірлестігі (алдымен тобыр, кейініректе қауым, тайпа және, ақырында, мемлекет) жыртқыштарға жекеленген индивидтерден гөрі тегеурінді соққы бере алған. Олардың мұндай дамуына интеллект, индивидтераралық байланыстар, құралдарының жетілгендігі әсер еткен. Биологиялық эволюцияға қарағанда мәдени эволюция жеделдеу үдеріс болып, мұнда адамдар бір ұрпақтан келесісіне жинақталған ақпаратты беруге қабілеттілігімен ерекшеленіп тұрады. Ал мұның өзі прогрессивтік өсуді қамтамасыз еткен. Адамды адам еткен интеллект қана емес. Ол өзінің өткенін есінде сақтай отырып, тапқан пайдасын кәдеге жарата алады. Адамның өмір сүруі өзіне дейінгі өмірлік тәжірибенің жинақталуының биігінен басталады. Ницше оны ең ұзақ өткенді жадында сақтайтын тіршілік иесі деп анықтаған еді. Өткеннің бәрін ысырып-үзіп тастап, тіршілігін нөлден бастау – орангутан болуға ұқсаудан басқа ештеңе де емес2. Әлеуметтік жүйедегі білім жалғастығы биологиялық құрылымдағы тұқымқуалаушылық сияқты рөл атқарады. Тіпті бір индивидтің түрді (порода) сақтап қалуға деген маңызды қабілеті бар болса, ол сол уақыттың өзінде барлық популяцияның ортақ игілігіне жұмсалатын болады. Мұның өзі дүниеде абстрактылық ойлау жүйесімен бірге пайда болған тарихи процестердің мың есе жедел жүруін қамтамасыз етті1.

Ламаркизм бойынша, қабылданған белгілер – ақпараттар мен білімдер жыныстық жасушалар арқылы тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бұл тұжырым әзірше молекуляр-лық биология тарапынан расталынбады. Ламаркистер биологиялық қасиетті социумға таңып, антроморфизмге ұрынуда. Осы уақытқа дейін ретровирустар және мобильдік генетикалық элементтердің жыныстық жасушаларға белгілі бір бағытта әсер ете алатындығы анықталған емес. Табиғи орта арқылы қалыптасатын нәсілдік ерекшеліктерді орнықты ететін қосымша фактор ретінде этностық өздік сананы көрсетуге болады. Бұл өздік сана арқылы белгілі бір қауымдастыққа жататын адамдар арасында ғана некелесу жөн саналады. Сондықтан да жыныстық сұрыпталу адаптивті (бейімделе) бөлінудің қол жеткен деңгейін тұрақты етуге жәрдемдеседі. Дарвин бойынша, осылайша тайпалық тип қалыптасады. Жаңа дәуірде этностық өздік сана мен «жыныстық сұрыпталу» биологиялық айырмашылықтардың сақталып қалуына әсер етеді. Ендігі жерде әлеуметтік жүйенің өзіндік ұйымдасуында сананың ықпалы айтарлықтай болады.

Адамның өмір сүруі оның болжамдағыш іс-әрекеті мен тәртібіне негізделген. Келешегі болмаған адам ойсыз өмір сүре береді. Ал мақсатты өмір сүретін жан өзінің әрекетінің салдарына баға беріп, соған байланысты түзетулер жасайды. Адамзат баласы нақты тәжірибеге сүйенбестен-ақ пайдалы ақпаратты ала алады. Жануарлар бұндай қабілеттен мақұрым қалған. Жалпы алғанда, этнос мәселелерін биологиялық эволюционизмнің методологиялық базасына орайластырып қарастыру қателікке ұрындырмай қоймайды. Әрине, адамның биологиялық мәнін толығымен терістеуге болмас, ол табиғатпен байланысын жоғалтқан жоқ қой. Табиғи сұрыпталу өмір сүру үшін күрестегі жетістіктерге байланысты және эволюциядан бізге мұра ретінде эгоистік агрессивтілік қалған болуы керек. Дегенмен де эволюционист Томас Хаксли айтқандай, біздің моральдық сезіміміз бен сеніміміз біздің хайуандық табиғатымызға қарсы тұруы керек.

Адам тек қоғамда және қарым-қатынаста ғана адам болып қалыптасады. Еңбек – мақсатқа жетудің тетігі. Жануарлар дүниесінде мақсат өткінші қажетсінулерді қанағаттандыруға қаратылған әрекетпен байланысты. Егер мұнда табиғи сұрыпталу мен тұқым қуалау өзгерісі белең алса, әлеуметтік эволюцияның негізгі факторы – білімнің сабақтастығы және қажеттіктердің-талаптардың ұдайы өсіп баруы. Конт: «тарихты кездейсоқ оқиғалардың емес, белгілі бір мақсатқа жетудің жолы» деп анықтаған-ды.



Кейбір авторлар этникалық феноменнің эволюциялық негізі бар деп есептейді1. Өйткені, біріншіден, биологиялық эволю-ция – бұл өмір сүру үшін күрес қана емес, сонымен бірге өзара жәрдемдесу. Екіншіден, социобиологияның өкілдері (Э.Уил-сон, Р.Александер) сияқты мәдени эволюцияның биологиялық-гендік табиғатын абсолюттендіріп жіберуге болмайды. Бірақ олар да этникалық ерекшеліктер тұқымқуалаушылықтың гендік табиғатына байланысты деген біржақты түсінігінен іргесін аулақ сала бастады. Дегенмен социобиологтар қоғам-дық мәдениеттің бастауы ретінде адам генін көрсетеді. Олар мәдениеттің дамуының негізінде гендік мәдени коэволюция жатады деп біледі. Р.Докинз адамның өзімшілдігі оның мәдени гендік табиғатына негізделеді деп тұжырымдайды1. Әрине, генетикалық бейімділіктің (әуестік) немесе эпигенетикалық ережелердің мәдени эволюцияға көптен-көп әсері бар екендігі белгілі. Бұл орайда Дарвин эволюциялық процестердің альтруистік аспектілерін терістеген емес. Мысалы, ол бір-бірлеріне ниеттестігі мен тілеулестігін білдіретін ең көп санды ниеттестік пен тілеулестігін білдіретін ең көп санды адамдары бар қоғамдар өркендеп, өсіп кетеді және олар өздерінен кейін қыруар ұрпақтар қалдыра алады деген2. Керісінше болған жағдайда этностың ыдырай бастауы туралы сөз қозғауға болады деп білемін. П.Кропоткин айтқандай, өзара жәрдемдесу де өзара күрес сияқты табиғаттың заңы болып табылады. Эгоизм – бұл адамның басқаларға зиянын тигізе отырып, өзінің бас пайдасын түгендеу әрекеті мен мінез-құлқы. Альтруизм – бұл өзіне тиетін зиянды елеместен басқаларға риясыз жәрдем беру. Сонымен бір қатарда ол адамның жеке пайдасын көздейтін әрекеті болып табылады. Мұның дәлелі ретінде Араның өз ұясын қорғап қалу үшін өзіне төнетін қандай да болмасын қауіптен қашпай шағып алуын көрсетуге болады. Өзінің және ұрпағының, бүкіл жүйенің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған әрекет позитивтік эгоизм. Рас, қоғамның эволюциялық этикасы генетикалық тұрғыдан емес, үйрету, оқыту, тәрбиелеу арқылы, сондай-ақ этикалық-мәдени тәжірибенің жинақталуы арқылы жүзеге асырылады. Этностың ерекше жағдайдағы кейбір әлеуметтік топтарының еңбекқорлығы немесе басқалай қабілетінің арқасында осынау қауымдастықтың жағдайының жақсаруы қамтамасыз етілуі мүмкін. Алайда біздер басты ұмтылыстарымызда биологияға тәуелді болып қалмаймыз. Этносты биологиялық популяцияның әлеуметтік-антропо-логиялық аналогы ретінде қарастыруға болады. Нәсілдер – таза биологиялық бірлік, ал этнос ең алдымен әлеуметтік қауымдастық болып табылады. Алайда, биологиялық түр үшін генетикалық изоляция (оқшаулану) – негізгі өлшем, ал этносты көрші этностардан ажырататын мәдени айырмашы-лықтарды саралайтын тетіктің аты – этностық өздік сана. Этнос өмірінен де генетикалық изоляция орын алған, өйткені этностық өздік сана экзогамдық некелесудің шектелуіне ықпалын тигізбей қоймайды. Этностық өздік сананы этноэволюцияның негізгі қозғаушы күші ретінде қарастыруға болмас. Меніңше, бір ғана этностық өздік сананың өзі мұндай күшке ие бола алмайды. Бұл сананың өзі – этностық мәде-ниеттің нәтижесі емес пе? Сондықтан да этностық өздік сана + этникалық мәдениет + этносты орнықты етуші мемлекет – міне, осылар негізгі қозғаушы күш болып табылады. Бастапқыда адамдардың, әрине, нәсілдік те, этникалықтық та ерекшеліктері мүлдем болмаған. Кроманьондық типтес адамдарда да нәсілдік сипат әлі көрінбеген еді. Сондықтан этникалықтық феномен плейстоценнен бұрынғы кезеңде пайда болмаған деп болжамдауға болады дейді кейбір зерттеушілер. Қоғамның этникалық және нәсілдік құрылымының қалыпта-суы алғашқыда популяциялық мутациядан қорғану эффекті-сіне байланысты болған. Ежелгі адамдар кішігірім рулық қауымда өмір сүрген. Мұнда адамдар саны өте аз болғандықтан ұзақ мерзімге созылатын, жалғасатын жағдайдағы импритинг қаупінен (геномдардың гомотизацияға ұшырауының нәтижесінде ата-бабаларының ең құнды қасиеттерін жоғалтуы) қашып құтыла алмас еді. Сондықтан еркектер көбінесе жұбын қауымның тысқарысынан іздеген. Ол заманда этникалық қауымдастық әлі де қалыптаса қоймағандықтан, еркектер белгілі бір антропологиялық кейіптегі қыздарды таңдаған. Басқаша айтқанда, басынан бастап адамзат қоғамдастығында жыныстық таңдау тек қана бірыңғай биологиялық өлшемдермен анықталған. Бірте-бірте жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде бұл қауымдараралық топтардың ішінде сыртқы пішіннің қайталанбас антропологиялық типі қалыптасты. Бұлар әлі де болса этностар емес еді. Шынында да бұл топтар іс жүзінде толықтай биологиялық белгілерімен ажыралып тұрғандықтан, әлі де болса биологиялық популяциялар болып қала берген. Өйткені, олар белгілі бір қайталанбас және тұрақты генофондтық ерекшеліктермен сипатталған еді. Олар идентификацияның, яғни бірыңғайлылықтың тұрақты мәдени өлшемдеріне ие болмаған еді. Бірақ жыныстық таңдау саналы түрде, мақсатқа сай жүзеге асырылғандықтан едәуір нәтижелі болды. Мысалы, ыстық климат жағдайында жұпты таңдауда жұбының терісінің күреңдеу болуына қарай бүйрегі бұрып тұрды. Осыдан барып адамның биологиялық полиморф-тылығы айқындалады. Бұл топтағылардың генетикалық сіңісуіне популяциондық мутациялардан қорғану эффектісі жол бермеді, өйткені ол бөтен пошымға ықыласты болмаған. Біртіндеп бұл топтардағы ұзаққа созылған эндогамия өзіндік қайталанбас әлеуметтік-мәдени кескіннің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Өзіндік диалектілер, шаруашылық тәсілдері мен тұрмыстық нормалар дамыды. Сыртқы пішінді ерекшелеп бояу, киім кию, әшекейлеу белең алды. Мұның бәрі бөтен топтармен сіңісіп кетпеу үшін де саналы түрде жасалынған. Некелерге тұру әлеуметтік-мәдени бірлік негізінде жасалынды. Антропологиялық ұқсастық екінші орынға ысырылды. Тек осындай мәдени, салыстырмалы түрдегі оқшауланған эндогамдық топтың қалыптасуынан кейін ғана жаңа этнос пайда болды деп есептеуге болады. Дәл осынау алғашқы этникалық топтар жаңа нәсілдердің бастауы болды. Homo руының ең ежелгі өкілдерінде ерекшеліктер деген болмаған. Өйткені, мәдени ерекшеліктер бойынша эндогамияға әсер ететіндей әлеуметтік сипаттас факторлар оларда маңызды рөл ойнамаған. Бұдан тысқары, олардың этникалық өздік санасының деңгейі әлі де жоғары емес еді. Бұл этникалық қауымдардың мәдени портреті әлі де болса жеткілікті көлем мен түрде қалыптаспаған еді. Бәрі де көне өркениеттер пайда болғаннан соң түбегейлі өзгерді. Өркениеттер өздерінің азаматтарын пассионарлық қуаттың патриоттық зарядымен нәрледі. Көптеген европеоидтық этностардың тегінің алғашқы түбірі-түбі ең көне өркениеттердің орталығынан бастау алған деген пікір айтылуда. Бұл – Шумер еді. Әлбетте, европеоидтық нәсілдің Еуропада көптеген ошақтары бар болатын-ды. Бірақ индоевропалық пассионарлық қуат олардың бәрін басып тастап отырған. Жаңа өркениеттердің пайда болуы этногенетикалық дифференциацияның одан әрі тармақталуын күшейтті. Қазіргі типтегі адамның түбегейлі пайда болуынан соң, табиғи таңдаудың рөлінің төмендеуіне байланысты биологиялық прогрессивтік детерминизм және генетикалық тұрақтылықтың факторы ретіндегі популяциялық мутация-лардан қорғану эффектісінің маңызы жойыла бастады. Әрине, биологиялық тұқым қуалаушылықтың рөлін елемеуге болмас. Бірақ ендігі жерде әлеуметтік қауіпті идеялардан қорғанудың идеологиялық механизмнің рөлі арта түседі. Әсіресе, популяциондық мутациядан және ассимиляцияға ұшыраудан қорғануда этностық өздік сананың рөлі зор болды.

Кейбір авторладың пікірінше, әлі күнге дейін этностың пайда болуы туралы нақты теория ашылмаған. Олар этносқа иррационалдық сипат беріп, оны ақылмен танып- білуге болмайды деп есептейді. Әрине, оның барлық қыр-сыры тек Алла тағалаға ғана мәлім. Дегенмен де этнос табиғатына бойлаған ғылымның жеткен жетістіктері тұрғысынан оның мән-мағынасының кейбір тұстарын бағамдауға болады емес пе?




ә) Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері

Әрине, этнос – бұл түр емес, тіпті популяция да емес. Ол мәдениеттік сипаттас ұғым, сонымен бірге өте аз көлем мен дәрежеде биологиялық ұғым да болып табылады. Сондықтан да біз осынау кітабымызды «Этнос: табиғи және тарихи сипаты» деп атадық. Этнос үшін ең бастысы – экзогамияның төмен дәрежеде болуы да емес, генетикалық изоляция да емес, ең маңыздысы және тарихи сипаты» деп атадық. Этнос үшін ең бастысы – экзогамияның төмен дәрежеде болуы да емес, генетикалық изоляция да емес, ең маңыздысы – мәдениет, тіл тазалығының және тәртіптің ішкі этникалық нормалары. Мәдени изоляция – этностың қажетті жағдайдағы томаға-тұйықтығын, оның өзіндік этникалық қайталанбас кейпін сақтаудың, яғни этностың жаны есептелінген нәрсенің бәрін қолдаудың амалы. Этностық өздік санада рухани бірлік одан әрі түйсініледі. Алайда, П.И.Кушнер оны этностың маңызды өлшемі деп есептемеген: этнос – бұл тек, әдет-ғұрып, тіл және тұрмыс салтының бірлігі негізінде топтасқан адамдар.

ХVІІІ ғасырда неміс ғалымы мен ағартушысы И.Г.Гердер өзінің "Адамзат тарихы пәлсапасына орай идеялар" атты кітабында адамзаттың тегі бір екенін және оның барлық этникалық бөліктерінің тарихи дамуға құқылы екенін мойындаған. Бұдан жарты ғасыр өткеннен кейін әйгілі американ этнографы және заңгері Л.Г.Морган адамзат тегінің бірлігі турасындағы идеяны алға тартып қана қоймастан, жер компаниялары тарапынан қорлық көрген индус-ирокездердің құқықтарын іс жүзінде қорғап шықты. Ал, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде революционер-демократ Н.Г.Чернышевский нәсілдер мен тілдердің теңсіздігі туралы айтылып жүрген тұжырымдардың түбірімен қате көзкарас екендігін көрсетіп берді1.

Гуманистік ой-пікірлер айтқан зерттеушілердің бірі – Мик-лухо-Маклай. Халықтардың тағдырын жеңілдетуге ұмтылмай, қайғысы мен қуаныштарын бөліспей, мұңын мұңдамай, жоғын жоқтамай тұрып, оларды терең де жан-жақты зерттеуге болмайтынын жете түсінген жан еді. Ол Маклай жағалауын мекендеген адамдардың физикалық құрылымы еуропалықтар-дан айтарлықтай алшақ емес екендігін дәйекті дәлелдермен сөз етті. "Қоңыр түсті нәсілдерді" қырып-жоюды тоқтатуға, дүлей күштерді қолдануға қарсы әрбір ақ ниетті адам үн көтеріп қарсы шығуға тиіс, – деп жазды ол 1877 жылы1.

"Тағдырдың жазуы", "дүние жүзіне басшылық ету", "өмірлік маңызы бар аймақтар" туралы концепциялар қай жерде, қай халықтың ортасында пайда болмасын, тарихта талай рет этникалық мәдениеттердің құлдырап, құруына әкеп соқтырған қанды соғыстар мен агрессияларға жол ашып берген. Қазіргі уақытта да осындай концепцияларды ұстанған империялар жер-жерлерде соғыс өртінің өршуінің себепшісі, дем берушісі болып отыр. Аз халықтың қанын төгу, оны қыспаққа алу өздерін державалар деп атайтын елде басшылығының үйреншікті әдетіне айналған.

Мұның бәрі жойқын да дүлей күштер алдында барша ізгі ниетті адамдардың, халықтардың ынтымақтастығын нығайту-ды күн тәртібіне қойып отыр. Сонымен бірге әр түрлі халықтардың өзара түсінісу мәселесі, олардың арасында бейбіт қатынастарды орнықтыру қажеттілігі де халық, этнос, ұлт сияқты ұғымдарды дұрыс ұғынып-түсінуді діттейді. Қан-туыстық байланыстар тайпаға емес, тайпа бөліктері болып табылатын руға тән нәрсе. Олар рулық экзогамиялық прин-циптерге негізделеді. Рулық қауымда территориялық қатынас-тар мен байланыстар болмайды. Территория басқалай байланыстардың (экономикалық, саяси, этникалық) дамуы үшін қызмет ететін фактор. Алғашқы таптық коғамда қауымдастықтарды не біріктірген? Территория да емес, экономикалық мүдде де емес. Оларды ірірек әлеуметтік бірлестіктерге топтастырған күш – тек қана мемлекеттік өкімет. Экономикалық байланыстарға келсек, олар этникалық қауымдастықтарға емес, мемлекеттік бірлестіктерге тән болып, этникалық байланыстармен емес, мемлекеттік шекаралармен айқындалып тәуелденеді.

Органикалық біртұтас қауымдастық ретінде көрінген тайпа өкілдерінің, әдетте, ортақ, мәдениеті болған, олар бір тілде немесе диалектіде сөйлескен. Бұған олардың өздерінің бірлігін және өздері сияқты басқа топтарға жататын кісілер мен өздерінің арасындағы айырмашылықтарды түйсініп-түсінетіндігін қоссақ тайпаның неліктен этникалық кауымдастық болып табылатыны өз-өзінен түсінікті болар еді. Тайпа ең алдымен әлеуметтік организм, яғни тарихи дамудың бірлігі болып табылады. Әлеуметтік организмдер әрдайым белгілі бір территорияны мекендеген, олардың шекаралары осы организмдерді құрайтын адамдар тіршілік еткен шеңбермен шектелген. Бұл шеңберді анықтап ажыратарлық анық ережелер болған. Ол адамның белгілі бір топқа, ендеше әлеуметгік организмге жататынын көрсетіп тұрған. Осы сипаттас әлеуметтік организм топтасқан халық (тұрғындар мағынасындағы), сонымен бірге этностық қауымдастықтың ерекше түрдегі ұйысуы болып табылады. Мұндай организмді белгілеу үшін айтылатын сөз – «халық». Ол термин бірнеше рулар, әлеуметтік организмдердің жиынтығына қарата қолданылған. Халық сөзін әсіресе тарихи-мәдени-тілдік жағынан топтаса, қалыптаса, интеграциялана бастаған қауымды бейнелеу үшін қолдану өте орынды болар еді. Үнді халқы, американ халқы дегенде жаңағы мағынада айтылып, жазылып жүр. Қазақ халқы деген тіркес өз орнында қолданылуда, ал Қазақстан ұлты дегеніңіз әлі табиғатта жоқ нәрсе, ол келешекте қалыптасатын қауымның аты мен заты. Әр тілде сөйлесетін, әр түрлі мәдени-традицияларды ұстанатын, менталитеті басқа, басқаша болған этникалық-әлеуметтік топтар халық деген қауымға жатпайды. Олардың атауы – тұрғындар (население). Қазақстанда тұрып жатқан орыс тілділер мен шетелдіктердің қазақ мәдениеті мен тіліне қатыстылығы шамалы немесе мүлдем жоқ. Олай болса олар әзірше Қазақстан халқы атты өздік атаумен бейнелене алмайды. Олар Қазақ мемлекетінің азаматтары ғана, Қазақстан жерінің тұрғындары болып саналады. Ал нәсіл – адамдардың биологиялық қауымдастығын білдіретін ұғым. Сондыктан да бір нәсілге жекеленген бірнеше халық кіруі немесе бір халық әр түрлі дәрежеде араласқан екі не одан да көп нәсілдерден (немесе нәсілдік типтен) құралуы ықтимал. Демек, "халық" пен "нәсіл" деген түсінік бірдей емес.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, алғашқы таптық қоғам орнағанға дейінгі кезеңде этникалық қауымдастық дербес құбылыс ретінде өмір сүрмеген. Ол әлеуметтік организм немесе әлеуметтік организмдер тобы сияқты басқа қауымдастықтың бір таманы ретінде жүзеге келген екен1. Таптық қоғамға өтуге байланысты демоәлеуметтік организмдердің орнын геоәлеуметтік организмдер басты. Мұндай әлеуметтік организмдердің шекаралары ретінде олар мекендеген жерлер қабылданған. Бұл сияқты әлеуметтік организмдерді олардың мекендеген жерлерінен ажыратып алып қарастыруға болмайды, сондықтан олардың аты да тек территориалдық сипатты болуы мүмкін (Франция, Италия, Бельгия және т.б.). Осындай әлеуметтік организмдер әдебиетте елдер немесе мемлекеттер деп аталады. Геоәлеуметтік организмнің құрамындағы адамдардың жиынтығы оның оқшауланған бір элементі, оның тұрғындары ретінде анық көрінеді. Тұрғындарсыз (население) ел, мемлекет болмайды, бірақ елдің өзі мен оның халқы (население) арасына теңдік белгісін қоюға және болмайды. Геоәлеуметтік организмдердің халқы түрлі белгілеріне қарай түрлі топтарға бөлінуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы қағанаттар мен мемлекеттердің құрамында қазіргі қазақтардың да ата-бабалары болған, олар басқа барша халқымен қоса тұтас ел, мемлекет ретіндегі Түрік қағанаты, Түркеш қағанаты немесе Эфталиттер мемлекеті деп аталған. Демек, қазақтардың сол кездегі ата-бабалары жалпы Тұран елінің бір бөлшегі ретінде өмір сүрген. Көріп отырғанымыздай, этникалык қауымдастыққа жататын кісілер тобы бір немесе бірнеше әлеуметтік организмдер шегінде өмір сүре отырып, оның бүкіл халқын немесе бір бөлігін құрауы мүмкін екен. Ежелгі Тұран елі мен мемлекетінде қазіргі қазақтардың ата-бабалары ғана тұрды деу қате болар еді. Онда басқалай түрік тайпалары, тіпті парсы тілдес халық өкілдерінің қатар мекендегендігі белгілі.

Мұның бәрін жекелеп тілге тиек етуіміздің өзіндік сыры жоқ емес. Себебі, құдды осы сипатты таза этникалық қауымдастықтар ұлыс деген атқа ие болған. Ұлыс бұл этникалық қауымдастықтың нақ өзі болып табылады.

Сондықтан да ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық құрылымы туралы сөз етудің өзі артықша. Француздар, немістер және түріктердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық құрылымы туралы сөз қозғауға болмайды. Тек, Англия, Франция, Түркияның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы ғана сөз өрбітуге болады. Әңгіме ел тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөнінде емес, жалпы алғандағы елдің экономикалык құрылымы туралы болуға тиіс.

Рулық, әсіресе тайпалық дәуірде көптеген жерлерде суперэтникалық қауымдастықтар қалыптаса және анық айқын саналылана бастайды. Бұған өзіміздің түрік тайпалары мысал бола алады. Мұндай қауымдастықта синхрондық байланыстардың қарқындылығы мен пәрменділігі әлі де әлсіз болады, оның байланыстары диахрондық бағыт пен сипаттағы ортақ традициялардың, тарихының алғашқы кезеңдерінің, ортақ мәдени мұрасының кейбір бөліктерінің бірдейлігінде өз көрінісін табады1. Дей тұрғанмен суперэтникалық қауымдастықтың субэтникалықтық қалыпқа ішінара болса да жуық арада тез түсіп hәм өтіп кете алатындығын айғақтайтын мысалдар жиі кезігеді: мәселен, касталық сипаттас, сегрегграциялық (оқшауланған) эндогамдық кішігірім топтар негрлер мен үндістер ұрпақтарынан пайда болды. Қазақтар негізінен түріктер мен парсы тілдес тайпалардың (арийлердің) ұрпақтарынан өрбіген. Суперэтникалық қауымдастықтар этнолингвистикалық және этномәдеии бірлікпен сипатталады. Субэтникалық қауымдастыққа касталар және тілдік-мәдени ерекшеліктерге ие болған жекеленген топтар жатады.

Ең көпсанды және әлеуметтік жағынан мейлінше дамыған, әлді ұлыс өкілдерімен мейлінше тікелей байланысып тұратын тайпаның әлеуметтік жағынан жоғары да ең белсенді бөлігі сол ұлысты референттік топ деп біледі де өзінің жүріс-тұрысының белгілі бір бөлігін сол ұлыстыкіне ұқсастыра моделдендіріп жүреді (кейбір жағдайда бұл ұлыс тобының тілін, жазуын және этикеттік әдет-ғұрыптарын толық меңгергенге шейін), сонымен қатар тайпаның қалған бөлігімен бірге бұл тайпаны біріктіретін мәдениет пен традициялық құндылықтарын сақтап қалады. Мұндай жағдайларда дін мен рухани мәдениеттің басқа салаларында қабылданған және өзгеріске ұшыраған синкретизм мен рәсімдер параллелизмінің көзге ұрылуы да мүмкін болған жәйт. Кейбір тұстарда ассимиляцияға ұшырау немесе базбір жағдайда бір ұлысқа айнала бару процестері мен тенденциясы бой көрсетеді. Ал тайпалар одағына тән нәрсе – барған сайын күш алып бара жатқан синхронизация, бірақ этникалык жағынан алып қарағанда тайпалар одағының интеграцияланатын тарихи традицияларының қарқындылығы мен пәрменділігі айтарлықтай болмайды1. Сонымен бірге қазіргі таңда этникалық топтар мен этностардың бәрін бірдей ұлттар деп атауға және болмайды, әлбетте мұнда сан мен сапалық көрсеткіштерді ескерген жөн. Сондай-ақ, саяси қозғалыстар мен ұмтылыстар бар жерде ұлт пайда болады деп білемін.

V БӨЛІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет