Надежка селолық округі



Дата02.05.2016
өлшемі34.98 Kb.
Надежка селолық округі
Селолық округте 4 елді мекенді біріктіреді: Надежка, Дүйсеке, Еремеевка, Беняш.

2011 ж. 01.01. селолық округте –1420 адам, Надежка селосында - 730, Дүйсеке селосында 210, Еремеевка селосында 216, Беняш ауылында 264 адам тұрады. Үй басы 432 , оның ішінде Надежка – 245, Дүйсеке – 54, Еремеевка – 67, Беняш – 66 аула құрайды. Округ халқы көп ұлтты.

Ауылшаруашылығына бағытталған 14634 мың га жері бар,онда бидай, арпа, сұлы т.б. өнімдерін өндіретін 16 ауылшаруашылық құрылымдары бар. 2010 жылы орташа астық жинау округ бойынша 14 ц/га құрайды. «Надеждинское» ЖШС, «Ноғайбай» ЖШС алқаптарында жоғары өндірісті техникары мен кешендер жұмыс істейді.

Шаруашылық басшылары жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, және де біздің селоларымыздың өміріне байланысты сұрақтарды шешеді, қосалқы шаруашылықтар біздің село тұрғындарын қажет жем шөппен қамтамасыз етеді, барлық қоғамдық шаралар мен мерекелерді материалды қолдап отырады.

Нарыққа мал өнімдерін жеткізуші және негізі өндіруші болып жеке меншік аулалар саналады. Ет, сүт және құс өнімдері Петропавл қаласында өтетін жәрмеңкелерке байланысты іске асырылады, бұл жек меншік саудагердің сатып алушыларды өтіп нарыққа шығуына мүмкіндік береді.

Округ аумағында «Пальчик» ЖК сүт сатып алу жүргізіледі. Округ аумағында 1 жасанды ұрықтандыру пунктісі жұмыс істейді. ІҚМ 85 басы ұрықтандырылды.

Селолық округте тұрғындарымызды ұн және нанмен қамтамасыз ететін диірмен және нан пісіру орны жұмыс істейді. Күн сайын 300-ден астам бөлке нан пісіріледі.

Шаруашылық етуші субъектілердің күшімен округте жолдарды тазарту және тегістей жұмыстары жүргізіледі, селоны көріктендіруде көмек көрсетіледі.

Округтің аумағында 12 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді.

Сауда-саттық саласы жетекші орын алады. 6 күнделікті тұтыну тауарларының дүкендері Еремеевка селосында – 3 және Беняш селосында – 1, 6-уы Надежка селосында орналасқан.

Селолық округімізде кәсіпкерліктің алдағы уақытта дамуына сенеміз, округімізде тұрмыс техникалары, киім жөндеу кәсіпорындары мен шаштараздар жоқ.

Жаңа жылда қамтылған адамдардың қолдаулары негізгі тапсырмаларымыздың бірі болады.

Округіміздің емдеу жүйесі 4 медпункт­пен ұсынылған, мемлекеттік дәріхана бар.

Округте 216 оқушылар оқитын 4 мемлекеттік жалпы білім беру мекемелері бар. Надежка орта мектебінде 105 оқушы оқытылады, осы мектептің жанында 18 орынды шағын орталық бар. Еремеевка бастауыш мектебінде – 15 оқушы, шағын орталықта – 5 орын бар, Дүйсеке орталау мектебінде – 44 оқушы, шағын орталықта 10 орын, Беняш орталау мектебінде – 52 оқушы оқиды, шағын орталықта 10 орын бар.

Мектеп жасындағы барлық балалар оқумен қамтамасыз етілген.

Мектептер кадрлармен, компьютерлік техникалармен жабдықталған, телефон және Интернетке қосылған.2010 жылы Надежка мектебі бойынша ҰБТ 87 балл құрады.

Селолық округте спортқа ерекше көңіл аударылады. 100- ден астам оқушылар мен жұмыс істейтін жастар жиі спортпен шұғылданады. Хоккей қорабы жасалды.Мектеп спорт залдарында баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шаңғы, футбол, президенттік жаттығулар бойынша үйірмелер істейді.

Селолық округте «Достық» қазақ-орыс ұлттық мәдени орталығы қызмет етеді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бағдарламасының негізінде округте жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізілуде.Учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасылар жұмыстарымен айналысатын қоғамдастық Кеңесімен жақын қатынасамыз.Селолық округ әкімінің аппараты селолық округтің Ардагерлер кеңесімен қатынасады.

Жұмыспен қамту Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстардың нәтижесінде 2010 жылы 48 адам жұмысқа орналастырылды.

Сапалы өмірдің негізгі көрсеткіші болып халықтың осал тобын әлеуметтік қорғау деңгейі саналады. Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмекті өткен жылы 412900 теңге сомасына 30 отбасы мүшесіне 8 отбасы алды, 71 отбасы – 18 жасқа толмаған 143 балаға 1 млн. 769 мың теңге сомасында жәрдемақы алды. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығының ішінде 150 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.

Селолық округте үш кітапхана бар, селолық округтің ұстаздары мен оқушылары, сонымен қатар барлық кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы құрамалары жетекшілерінің күшімен селода – Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының ынтымақ күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Астана күні, Қарттар күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күндері сияқты мерекелер өткізіледі.

2010 жылы селоны көркейту жұмысы жүргізілді: селолық округ ішіндегі селолардың көшелерін жөндеу, Надежка селосындағы Калинина көшесінің қоршау қадалары ауыстырылып боялды, Беняш селосындағы құдық жөнделді.

Селолық округ тұрғындарымен 2010 жылы есепті кездесулерде селолық округ тұрғындарымен бірнеше ұсыныс пен ескертулер айтылды, шешілген сұрақтар: Надежка селосындағы электржелісі жөнделді, көшелер жарықтандырылды (қосымша 2 фонарь қондырылды), Еремеевка селосы су құбырының жарығы жөнделді, Беняш орталау мектебіне жылыту қазаны алынып қондырылды, Қарақоға селосының жанында аялдама қойылды, және де көптеген сұрақтар.



2010 жыл қорытындысы – біздің бірігіп жұмыс істеуімізден. Әрине, осы жылы да бірге шешетін біршама сұрақтар, мәселелер бар.
Каталог: uploaded -> mzh.sko.kz -> docs
uploaded -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
uploaded -> Регламенті Жалпы ережелер «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
uploaded -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «10» қыркүйектегі
uploaded -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
docs -> Авангард селолық округі
docs -> Бастомар селолық округі
docs -> Александров селолық округі
docs -> Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша село, қала, аудандаға атқарушы органдардың жұмысы жөнінде халықтан ұсыныстар,секертулер, және тілектер жинау бойынша жәшіктерді орналастыру туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет