Құнанбайдың тірі кезінде болған уақиғалар болатын



бет8/8
Дата03.04.2016
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Осы сөзімнін соңына орай, тағы бір қажет деп тоқтай кететін мәселем – «Правданың» мақаласында көрсетілген негізсіз жікшілдік, отбасылық жөнінде, бұндайлық анық татымсыз, жиренішті фактының ең ауыр ащы жағы – осындай құнсыз, болымсыз әлекке түсу – біздің өзімізге, жазушыларға бәрінен залалды. Жікшілдік кей кездерде бақай қулықтарды туғызады. Соның жетегімен әділетсіздік, қиянат, қызғаныш және талай өзге де былғаныш араласып кетеді. Мұндайда кісі өз еңбегін қуанышты, жарқын, жақсы көңілмен істей алмайды, сондықтан да ішкі ойымен де, сөзімен де нашар пиғылдан сау болу шарт.

Сол залалды мінездер, әсіресе, біздің әдебиеттің өсуіне бөгет болды. Бұндай дертті жағдайда көп нәрселер өзінің лайықты бағасын ала алмайды. Және бәрінен бетері көп сорақы, жат, жаулық жайлар терең тамырына шейін ашылмай жүреді.Отбасылық, жалған достық қарым-қатынастарды бүркенген сондай жаман «шылықтар» жазушылардың сау ортасын бықсытып, көптен бері тырмыса жабысып келді.

Бұл мәселеде жөнінде өзімнің жауаптылығымды терең сезіну нәтижесінде мен жазушыларды осындай масқаралық күйлерден арылуға бекінгеніме сендіремін. Жұртшылықтың бізді сынаған әділ талабына ден қойып, ендігі еңбекті ұлы Отанымыздың игілігіне арнап, шабытты жарқын жолда творчестволық еркін жарыс жасауға арнайық деймін.

Мұхтар Әуезов, ақпан, 1953 жыл.».
Мұндағы пікірлер – Мұхтар Әуезовтің өзінің шын көңілінен шыққан пікірлер емес, қысымнан қғтылудың кезекті бір амалы ғана сияқты еді. Себебі, бұл хаттағы тұжырымдар бойынша М.Әуезов өзінің бүкіл шығармашылығынан бас тартты. Сонда М.Әуезовті қадір тұтатындай не қалды өзі? Ештеңе де. Тек құр сүлдері қалды. Жазалауға негізделген идеология үшін қажеті де сол тірі сүлдерін қалдыру еді.

Алайда СССР Жазушылар одағы басқармасындағы талқылау байыпты өтті. Мұхтар Әуезовтің ұлтшылдығы дәлелденбеді, жергілікті жердің айыптаулары негізсіз байбалам, орталықтың сыны жазушыға емес, сыншыларға арналған – деп шешті. Бұл жиналыстың шешімі КПСС Орталық комитетіне жіберілді. Жазушы Алматыға қайтпай, Мәскеуде қалатын боп ұйғарылды. М.Әуезов Москва университетінің профессоры қызметіне орналасты. Өкініштісі, жанталаса жүріп «Абай» романының әуелгі желісі мен көркемдік идеясына көптеген өзгерістерді енгізіп үлгерді. Қазір де сол қзгерген қалпында жарияланып келеді. Бұл өзгерістер біздің «Бесігіңді ая!..» және «Құнанбай» атты әфсаналарымызда толығымен салыстырыла зерттелгендіктен де оған тоқталмаймыз. Өйткені бұл басылымның мақсаты кеңестік жазалау талқысын деректер мен құжаттар арқылы әшкерелеу.

Сол тұста Берия қолға алынғанда, кеңестік билік тәсілі әшкерелеудің жаңа науқанын бастайды деп күтіп, өздерін сақтандыру шараларын қамдастырды. Осындай талмалы тұсты қапы жібермеу үшін М.Әуезовке ең соңғы, ең қастаншықпағыр, ең қиянатты соққы берілді. Қазақстанның Орталық комитеті мен жазалау мекемелерінің құдіретті шеңгелін білдіргісі келгендей 1953 жылдың 2 маусымы күні «Казахстансая правда» газетінде белгісіз автордың «По поводу романа М.Ауэзова «Абай» атты мақаласы найзағай боп ойнап өтті.

Бұл – Мұхтар Әуезовтің толық талқандалып, қазақ ұлты «Абай» романынан айырылуының алғашқы қаралы дабылы әрі қазақстандық идеология жасақтарының қауқарсыз қалмағанын сездіретін «айбарлы шара» еді. Мақаланың авторларын, біреулер газет редакторы Никитин десе, хаттаманы жақсы білетін Әбілмәжін Жұмабаев – Брагин деп анық сеніммен айтты. Алдыңғысы Қазақстанда көп тұрақтай алмады, ал Брагин сүлдерін сүйретіп ұзақ жүрді.

Қазіргі қазақ оқырманы үшін оқу аса қиындыққа түсе қоймас деген ниетпен және түпнұсқаны сақтау мақсатында бұл мақаланы және оған қарсы М.Әуезовтің жазған хатын түпнұсқа бойынша бердік.

Көркемдік талаптың деңгейінің тым қарабайырланып кеткені сондай, кейіпкердің өміріне араласып:



«Бұған қосымша мен Әуезов пен Мұқанов жолдастардың тоғыз томдық басылымдар туралы айта кетпекпін. Әрине жақсы шығармалардың болғаны және олардың көп томдық басылымын шығарған жақсы, алайда олардың қалтарысында қатерлердің бұғып жатпауын қадағалау қажет. Әуезоа пен Мұқанов жолдастар көптеген қателер, ұлтшылдық қателер жіберді, сондықтан да ең алдымен олардың өзі сақ болғаны жөн. Олар өздерінің шығармаларын өздері тиянақты қарап шығуы тиіс. Онсыз болмайды. Мынадай мысал келтірейін: а/ Осы уақытқа дейін жақсы пьесалардың қатарына жатқызылып келген Әуезв жолдастың «Түнгі сарынды» қайтадан қарап шығуы тиіс. Себебі, оның басты кейіпкері, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Мұғалім – ұлтшыл «Қазақ» газетінің оқырманы ретінде көрсетілген. Дәл қазір пбесаны мұндай күйде жіберуге болмайды. б/ Сондай жағымсыз шығармалардың бірі Мұқанов жолдастың «Балуан Шолағы». Онда Кенесарыға байланысты жіберген қатесін Мұқанов жолдастың өзі де мойындады. Бұл туындыны шығармалар жинағына қосу дұрыс емес», – деп баға беріп, кейіпкерлерге де марксиз-ленинизм ілімі бойынша өмір сүруді талап етті.( 37 іс, 182бет).

Өзге-өзге, тарихи көркем шығарманың заңдылықтарын жақсы білетін оқымысты жазушы Тахауи Ахтановтың өзі кейіпкер Абайдың туған ұлы Тұрағұлдан бас тартуын талап етті. Шығармада суреттелген тұста Абай мен бесіктегі Тұрағұл суреттелген тұста «Алаш» партиясын былай қойғанда, алаш көсемдерінің өзі мүшел жасқа толмаған блатын.


хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
4.

хххххххххххххххххх

Ал «Хан Кене» пьесасы араға отыз жыл салып барып қысқартылып, ал елу жыл салып барып біздің қолымызбен толық нұсқасында жарық көрді. Алланың ол ырыздығына да шүкіршілік. Фирдауси: «Шахнама» эпосы арқылы бүкіл фарсының ұлттық санасын ояттым» - деген екен. «Хан Кене» де қазақтың ұлттық идеясын өшіртпей тәуелсіздікке дейін сақтап келді. Тек сахнаға арналған дүниенің сахнасыз жетімсіреп жатқаны қынжылтады.

Әр заманның бір сұрқылтайы бар. Ол сұрқылтай сыртта емес, ұлтымыздың ішінде. Ол сұрқылтай – сол баяғы жалған намыс.

Міне, азаттықтың ақ туын көтерген бір шығарманың жазылу, қойылу, жарық көру, талқылану тарихы осындай.

Ең бастысы – Бесігіміз түзелді. Ұрпағымызды рухани тәуелділіктен сақтасын. Елдің тыныштығын берсін. Әр бесіктен әлди кетпесін – деген тілекпен біз де әфсанамызды аяқтаймыз.



Алматы Астана Алматы. 1989 29.12.2007 жж..
Каталог: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет