Негізгі бөлім ① Антисептиктер



Дата19.11.2020
өлшемі24.75 Kb.
Кіріспе
Микробтарға қарсы қасиеттері бар дәрілік заттарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа микробтарға қарсы таңдамалы әсері жоқ препараттар кіреді. Олар көптеген микроорганизмдерге жоятын әсер көрсетеді. Оларға антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттар жатады. Екінші топтың дәрілік заттарына таңдамалы әсер ететін микробтарға қарсы препараттар кіреді, олар химиотерапиялық заттар деп аталады. Бұл топтардың препаратттарына микроорганизмдердің белгілі бір түріне әсер ету тән. Олардың маңызды сипаттамсына үлкен емдік әсер ету тән.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың жалпы маңызы өте зор. Оларды жұқпалы жараларды, микроорганизмдермен зақымдалған тері жабынын және шырышты қабықтарды емдеу үшін, суды және тамақты өңдеу үшін, медициналық құрал жабдықтарды,киімдер мен төсек орындарды залалсыздандыру үшін қолданады. Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттар микроорганизмдерге, қарапайымдылар мен саңырауқұлақтарға қарсы әсерлерінің спектрі кең және жасырын кезеңі қысқа, олардың белсенділігі биологиялық субстраттардың қатысуымен де өте жоғары болу керек. Препараттар химиялық тұрақты және құны қол жетерлік болуы керек.



Негізгі бөлім
Антисептиктер әдетте сыртқы жабын тіндерге (теріге, шырышты қабатқа) қолданылады. Жеке антисептиктерді асқазан – ішек және зәр шығару жолдарында орналасқан микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданады. Олар консентрациясына байланысты бактерицидтік немесе бактериостатикалық әсер көрсетеді.

Дезинфекциялаушы заттар медициналық құралдарды, аппараттарды, бөлмелерді,ыдыстарды, науқастың бөлінділерін залалсыздандыру үшін пайдаланылады. Әсері тез дамиды. Олар әдетте бактерицидтік концентрацияда таіайындалады және инфекция таралуының алдын алу үшін қолданылады.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың арасында кенеттен шектеу жүргізу мүмкін емес, себебі көптеген заттарды белгілі концентрацияда антисептик ретінде, ал жоғарғыда – дезинфекциялаушы заттар ретінде қолданылады. Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың жалпы маңызы өте зор. Оларды жұқпалы жараларды, микроорганизмдермен зақымдалған тері жабынын және шырышты қабықтарды емдеу үшін, суды және тамақты өңдеу үшін, медициналық құрал жабдықтарды,киімдер мен төсек орындарды залалсыздандыру үшін қолданады. Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттар микроорганизмдерге, қарапайымдылар мен саңырауқұлақтарға қарсы әсерлерінің спектрі кең және жасырын кезеңі қысқа, олардың белсенділігі биологиялық субстраттардың қатысуымен де өте жоғары болу керек.

Дезинфекциялаушы заттар өңделетін құралдарды (түсін өзгертпеуі, металдар коррозиясын және т.б) зақымдамауы тиіс. Олардың жағымсыз иістері болмағаны дұрыс.

Антисептикалық белсенділігін бағалайтын кең тараған көрсеткіш фенолдық коэфициент (фенол мен сыналып отырған антисептиктің микробтарға қарсы бірдей әсер ететін концентрацияларының қатынасы).

Әртүрлі антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттарды әсер механизмі бірдей емес, олар белоктың денатурациясына, плазматикалық мембрана өткізгіштігінің бұзылуына, микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті ферменттердің тежелуіне байлаысты болуы мүмкін.

Химиялық құрылымы бойынша қарастырылатын препараттар келесі топтарға жатады:

• Құрамында галогені бар қосылыстар (Хлоргексидин, Хлорамин Б, Йодтың спиртті ерітіндісі);

• Тотықтырғыштар ( Сутегі асқын тотығының ерітіндісі, Калий перманганаты);

• Металл қосылыстары (Сынап дихлориді, Мыс нитраты, Мырыш тотығы, Мырыш сульфаты);

• Фенол топтары және оның туындылары (Таза фенол,Резорцин, Қайыңның қарамайы);

• Формальдегид ерітіндісі Этил спирті;

• Қышқылдар мен сілтілер( Бор қышқылы, Аммиак ерітіндісі);

• Детергенттер (Церигель);

• Нитрофуран туындылары (Фурацилин);

• Бояғыштар ( Бриллиант жасылы, Метилен көгі, Этакридин лактаты).

Құрамында галогені бар антисептиктер йод пен хлодан тұратын препараттар. Бұларда бос галогендер немесе оларды босататын белсенділігі жоғары антисептиктер. Хлоды босататын осындай препараттардың бірі хлорамин Б болып табылады. Оның антисептикалық және иісті жоятын қасиеттері бар. Оны науқастың бөліндісін (мысалы, іш сүзегінде,холерада, туберкулез және т.б) науқастың керек жарақтарын, металл емес құрал жабдықтарды залалсыздандыру үшін, сондай – ақ қолды және жұқпалы жара бетін өңдеу үшін қолданады.

Әсері жоғары хлор құрамды антисептиктер қатарына бигуанид туындысы хлоргексидин (хибитан) жатады. Ол бактерияға қарсы және фунгицидтік әсер көрсетеді. Хирургтың қолын, операция аймағын, жараны, қуықты өңдеу үшін және құрал – жабдықтарды стерилизациялау үшін қолданылады. Хирургтың қолын өңдегенде қолының құрғауы.дерматиттер болуы мүмкін.

Құрамында хлоры бар препараттарға пантоцид те жатады, оны суды залалсыздандыру үшін қолданады. Антисептик ретінде кеңінен йодтың спиртті ерітіндісі қолданылады, ол тітіркендіргіш және алаңдатушы әсерімен сипатталады. Сонымен қатар, элементерлы йодтан тұратын препараттарға Люголь ерітіндісі жатады, оны жұтқыншақ және көмейдің шырышты қабаттарының қабыну үрдісіне жағу үшін қолданады.

Антисептиктердің айтарлықтай бөлігі металл (тұздары) қосылыстары түрінде берілген. Металл тұздарының микробтарға қарсы әсер механизмі аз концентрацияда микроорганизмдердің сульфгидрилді топтарының ферменттерін тежеуіне байланысты болады. Жоғар,ы концентрацияда металл және қышқыл қалдығының сипатына, тұздарының концентрациясына, оның диссоциялану дәрежесі мен ерігіштігіне байланысты әртүрлі жергілікті әсерлер пайда болуы мүмкі: Мысалы, қармаушы, тітіркендіргіш, күйдіргіш (некроз тудырушы).

Металл тұздарының жергілікті әсері белоктың денатурациялануына байланысты болады. Осы кезде түзілетін альбуминаттар тығыз және борпылдақ болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тіннің бетінде қабат түзіледі, тін тығыздалады, қабыну азаяды, бұл көрініс қармаушы әсерге тән.Дәрілік зат өте тереңге өткенде жасушаның және жүйке ұштарының тітіркенуі болады.

Фенол тобы және оның туындыларына көптеген белгілі хош иістілер қатарының антисептиктері кіреді. Оларға оксибензолдар (таза фенол) және диоксибензолдар (резорцин) жатады. Фенол негізінен бактериялар мен саңырауқұлақтардың вегетативтә түріне әсер етеді. Фенол ерітіндісін құрал – жабдықтарды, науқастың керек – жарақтарын дезинфекциялау үшін қолданады.

Липофилділігі өте жоғары улы фенол, теріден және шырышты қабаттан оңай сіңетіндігін ескеру қажет.

Резорциннің антисептикалық белсенділігі фенолдан төмен. Резорцин аз концентрацияда кератолитикалық әсер көрсетеді. Оны кейбір тері ауруларында және конъюнктивитте қолданады.

Қайың қара майының құрамында фенол және оның туындылары, шайыр (смола) және басқа да қосылыстар кіреді. Препаратты қайың қабатын құрғақ айдау арқылы алады. Қайың қара майының микробқа қарсы, кератопластикалы, кератолитикалық және тітіркедіргіш әсері бар. Оны тері ауруларында және қотырды емдеу үшін қолданады.

Антисептиктерге альдигидтер және спирттер тобының да кейбір қосылыстар жатады. Альдегидтер өкілдерінің біріне формальдегид ерітіндісі жатады. Оның микробтарға қарсы және иіс жоятын күшті қасиеттер бар. Оны дезинфекциялаушы зат ретінде, сонымен қатар терлегіштікте теріні өңдеу үшін қолданады. Формальдегид ертітіндісінің әсерінен эпидермис тығыздалады (белок денатурациясына байланысты), соның нәтижесінде тердің бөлінуі азаяды. Препарат айқын тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Бұл топқа гексаметилентетрамин де (уротропин) жатқызылуы мүмкін. Кейде оны антисептик ретінде зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданады. Гексаметилентераминнің бактериостатикалық әсер механизмі оның қышқыл ортада ыдырап (несеп реакциясынқышқыл жағына қарай жылжыту қажеттілігінде аммоний хлоридін қолдануға болады), формальдегидті түзуіне байланысты. Гексаметилентерамин ішке және көк тамырға енгізіледі. Жанама әсерлерін тағайындауды тоқтатудың негізгі себебі болып келетін бүйрекке тітіркендіргіш әсер көрсететін мүмкіндіктерін ескеру қажет, бұл беруді тоқтатудың негізгісі болып табылады.

Этил спиртінің микробтарға қарсы айқын әсері бар. Ол құрал – жабдықтарды дезинфекциялау үшін, хирургтың қолын және операция жасайтын аймақты өңдеуде қолданылады. Этил спиртінің концентрациясы жоғарылаған сайын, оның микробтарға қарсы белсенділігі артады. Бірақ қолды залалсыздандыру үшін 95% қарағанда 75% этил спиртін қолданған жөн, себебі эпидермистің терең қабатына өтеді.

Нитрофуран туындылары антисептиктердің маңызды тобының бірі. Олар фурацилин (нитрофурал, нитрафуразон) жатады. Нитрофурандардың әсерінің спектрі кең.Олао гормон және грамтеріс бактерияларды, қарапайымдарды жоятын әсер көрсетеді. Фурацилин негізінен жараны, теріні, шырышты қабаттарды өңдеу үшін, серозды және буын қуыстарын жуу үшін қолданылады. Фурацилинді әдетте науқастар жақсы көтереді. Кейде ол сенсибилизация, дерматит туғызады.

Бояғыштар тобына химиялық құрылысы әртүрлі қосылыстар қатары жатады. Үшфенилметал туындысы бриллиант жасылы көбінесе кең қолданылады. Кейде фенотиазин туындысы метилен көгі және акридин туындысы этакридин лактаты қолданылады..

Бояғыштарға гормон кокктардың сезімталдығы ерекше.

Бриллиант жасылы белсенділігі өте жоғары және салыстырмалы түрде тез әсер ететін антисептик болып табылады. Белоктың қатысында оның әсері төмендейді. Негізінен терінің іріңді жараларында (пиодермияда) сыртқа қолданылады.

Метилен көгінің (метилтионий хлориді, метилен көгі) белсенділігі бриллиант жасылынан төмен. Оны сыртқа антисептик ретінде, ішке несеп жолдарының жұқпалы ауруларында, сонымен қатар цианидтерменуланғанда көк тамырға енгізу жолымен қолданады. Соңғы жағдайда, метилен көгінің әсері (жоғары мөлшерде) гемоглобинді метгемоглобинге айналдырумен түсіндіріледі, ол цианидпен байланысып, улы емес цианметгемоглобин түзеді.

Эткридин лактаты (риванол) сары түске боялған. Оның белсенділігі айтарлықтай жоғары бірақ әсері баяу дамиды. Оны сыртқа және инфекция жұқтырылған қуыстарды (плевра, іш пердесі), қуықты, жатырды жуу үшін қолданады.

Детергенттер немесе катиондық сабын, жуғыш және антисептикалық қасиеттері бар. Олар көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтарға әсер етеді. Осындай препараттардың бірі церигель жатады. Ол катиондық детергент – цетилпиридин хлоридінің моно – төртіншілік аммоний тұзы, сонымен қатар поливинилбутираль және этил спиртінен тұрады. Бұл топқа беткейлік айқын әсері бар роккал да жатады. Ол моно – төотіншілік аммоний тұзы болып табылады.

Детергенттер хирургтың қолын өңдеу үшін, құрал – жабдықтарды, аппараттарды стерилизациялау үшін қолданылады. Олар кәдімгі концентрацияда тіндерді тітіркендірмейді.

Детергенттерді аниондық сабындармен қосып қолдануға болмайды, себебі бұл кезде олардың микробтарға қарсы белсенділігі төмендейді. Детергенттердің әсері органикалық заттардың қатысуымен де төмендейді.



Қорытынды бөлім
Қорытындылай келгенде, антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың маңызы өте зор. Оларды жұқпалы жараларды, микроорганизмдермен зақымдалған тері жабынын және шырышты қабықтарды емдеу үшін, суды және тамақты өңдеу үшін, медициналық құрал жабдықтарды,киімдер мен төсек орындарды залалсыздандыру үшін қолданады. Сонымен бірге әртүрлі антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттарды әсер механизмі бірдей емес, олар белоктың денатурациясына, плазматикалық мембрана өткізгіштігінің бұзылуына, микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті ферменттердің тежелуіне байлаысты болуы мүмкін. Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттар микроорганизмдерге, қарапайымдылар мен саңырауқұлақтарға қарсы әсерлерінің спектрі кең және жасырын кезеңі қысқа, олардың белсенділігі биологиялық субстраттардың қатысуымен де өте жоғары болу керек.

ЖОСПАР:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар туралы түсінік;

Антисептикалық және дезинфекциялаушы дәрілердің жіктелуі;

Құрамында галоген қосылыстары бар антисептиктер,қолданылуы;

Металл (тұздары) қосылыстары бар антисептиктер,қолданылуы;

Фенол тобы және оның туындылары,қолданылуы;

Альдегидтер және спирт тобының қосылыстары,қолданылуы;

Нитрофуран туындылары, қолданылуы;

Бояғыштар тобы,сипаттамасы, қолданылуы;



Детергенттер,сипаттамасы, қолданылуы.

3. Қорытынды бөлім

4. Пайдаланған әдебиеттер.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Д.А. Харкевич «Фармакология», Алматы,2004,

489-497бет;

  1. «INTERNET» желісі «GOOGLE» «Антисептиктер,дезинфекциялаушы заттар» (Автор – Т.А.Момыновтың жетекшілігімен Б.Е.Шорманов)


М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік

медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Фармакология

Кафедра: Фармакология

Курс: 2

Тақырыбы: Антисептиктер, дезинфекциялаушы заттар

Орындау әдісі: мәнжазба

Орындаған: Cадық Фарида

Группа: 208 Б

Тексерген: Жансұлу Жұмабекқызы

Бағасы:

Ақтөбе 2012ж

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет