Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



бет7/9
Дата02.05.2016
өлшемі2.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы
шағын және моноқалаларының тізбесі

Р/с №

Атауы

Мәртебесі

2014 жылғы 1 қаңтарға халық саны, мың адам

Мамандандыру (орналасуы)

Экономикалық даму әлеуеті

1

2

3

4

5

6

Ақмола облысы

1

Ақкөл қ.

шағын қала

13,7

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

2

Атбасар қ.

29,7

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

(магистраль бойы)



орташа

3

Державинск қ.

6,3


төмен

4

Есіл қ.

10,9

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

5

Ерейментау қ.

10,4

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

6

Макинск қ.

17,1

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

7

Степняк қ.

3,8


төмен

8

Щучинск қ.

45,9

туризм, рекреация (магистраль бойы)

жоғары

9

Степногорск қ.

моно қала

66,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Ақтөбе облысы

1

Алға қ.

шағын қала

19,9

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

орташа

2

Жем қ.

1,9


төмен

3

Қандыағаш қ.

31,9

көлік торабы

жоғары

4

Темір қ.

2,5


төмен

5

Шалқар қ.

27,7

көлік торабы

орташа

6

Ембі қ.

11,7

көлік торабы

орташа

7

Хромтау қ.

моно
қала

25,2

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

Алматы облысы

1

Есік қ.

шағын қала

38,2

туризм (агломерация аймағы)

жоғары

2

Жаркент қ.

42,7

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

3

Қаскелең қ.

64,4

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

4

Қапшағай қ.

43,5

рекреация (агломерация аймағы)

жоғары

5

Сарқант қ.

13,9

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

6

Талғар қ.

48,1

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

7

Үшарал қ.

17,3

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

8

Үштөбе қ.

24,8

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

9

Текелі қ.

моно қала

30,8

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа



Атырау облысы

1

Құлсары қ.

моно қала

55,5

өңдеу өнеркәсібі

орташа

Шығыс Қазақстан облысы

1

Аягөз қ.

шағын қала

37,3

көлік торабы

орташа

2

Зайсан қ.

15,6

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

3

Шар қ.

7,7

көлік торабы

орташа

4

Шемонаиха қ.

18,2

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

5

Зыряновск қ.

моно

қала


37,9

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

6

Курчатов қ.

11,7

орташа

7

Риддер қ.

58,0

жоғары

8

Серебрянск қ.

9,1


орташа

Жамбыл облысы

1

Шу қ.

шағын қала

35,9

көлік торабы

жоғары

2

Жаңатас қ.

моно қала

21,6

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

3

Қаратау қ.

27,6

орташа

Батыс Қазақстан облысы

1

Ақсай қ.

моно қала

33,6

кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Қарағанды облысы

1

Қарқаралы қ.

шағын қала

8,7

рекреация (туризм)

орташа

2

Приозерск қ.

13,3

рекреация (магистраль бойы)

орташа

3

Балқаш қ.

моно қала

78,0

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

4

Жезқазған қ.

89,0

5

Қаражал қ.

19,2

6

Саран қ.

51,4

7

Сәтпаев қ.

70,2

8

Теміртау қ.

182,6

жоғары

9

Шахтинск қ.

57,3

орташа

10

Абай қ.

27,9

Қостанай облысы

1

Арқалық қ.

моно қала

41,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

2

Жітіқара қ.

35,2

орташа

3

Лисаковск қ.

41,2

орташа

4

Рудный қ.

128,3

жоғары

Қызылорда облысы

1

Арал қ.

шағын қала

31,7

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

2

Қазалы қ.

7,2

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

Маңғыстау облысы

1

Форт-Шевченко қ.

шағын қала

5,3

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

орташа

2

Жаңаөзен қ.

моно қала

130,6

кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Павлодар облысы

1

Ақсу қ.

моно қала

69,4

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

2

Екібастұз қ.

149,1

Солтүстік Қазақстан облысы

1

Булаево қ.

шағын қала

7,8

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

2

Мамлютка қ.

7,3

орташа

3

Сергеевка қ.

7,4

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

төмен

4

Тайынша қ.

11,5

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

Оңтүстік Қазақстан облысы

1

Арыс қ.

шағын қала

41,9

көлік торабы

орташа

2

Жетісай қ.

29,9

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

3

Леңгір қ.

24,7

өңдеу өнеркәсібі (агломерация аймағы)

жоғары

4

Сарыағаш қ.

39,9

рекреация (шекаралас)

орташа

5

Шардара қ.

30,9

электр энергиясы өндірісі шекаралас)

орташа

6

Кентау қ.

моно қала

90,7

кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа







2548





Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен шағын
және моноқалаларды айқындау критерийлері

Р/с №

Шағын және моноқала перспективалылығының критерийлері

Шағын және моноқала перспективасыздығының критерийлері

1.

Қаржылық-шаруашылық қызметінің оң көрсеткіші, тұрақты табиғи-шикізат факторы бар (кен базасының сарқылу қаупі жоқ, шығарылатын өнімге тұрақты сұраныс және т.б.) ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның болуы:
өндірудің ағымдағы деңгейінде келешекте 25-30 жылғы перспективада пайдалы қазбалар қорларының болуы;
ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның өніміне тұрақты сұраныстың болуы және өндіріс көлемін төмендететін факторлардың болмауы

Қаланың ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорнында өндіріс көлемінің азаюы және оның өнімінің бәсекеге қабілетсіздігі:
ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорында өндіріс көлемінің соңғы 10 жылда айтарлықтай азаюы

2.

Қаланың облыстық немесе республикалық маңызы бар ірі қалаға жақын, агломерация құрамында, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта (мемлекеттік шекара сызығына тікелей жақын) орналасуы

Ірі қалалардан, агломерациялардың ықпал ететін аймағынан және халықаралық және республикалық деңгейдегі негізгі көліктік дәліздерден алыс орналасуы (радиусы 75 км алыс немесе 1-сағаттық қолжетімділікте):
шағын қаланың тұйықта орналасуы (республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және темір жолдардың болмауы);
қаланы басқа қалалармен және өңірлермен байланыстыратын көліктік инфрақұрылым өте тозған күйде

3.

Қаланың логистикалық инфрақұрылымды (теміржол станциялары, қоймалар) ұйымдастыру мүмкіндігі бар ірі көліктік дәліздердің қиылысында (республикалық маңызы бар темір және автомобиль жолдары бойында) орналасуы



4.

Қалада бірегей әлеуеттің (табиғи-ресурсты, географиялық, тарихи):
қалаға тікелей жақын орналасқан, игеру мен қайта өңдеуге перспективасы бар пайдалы қазбалар қорларының;
басқа әлеуеттердің (туристік, рекреациялық, бірегей қорық аймақтарының), ғылыми және инновациялық әлеуеттің болуы

Қорлары сарқылған минералды-шикізаттық база:
кенде пайдалы құрамдауыштың төмендеуі;
соңғы 10 жылда қала құраушы кәсіпорындағы өндіріс көлемінің едәуір қысқаруы

5.

Дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым болған кезде қаланың мемлекеттік, білім беру, медициналық, инфрақұрылымдық, көліктік-логистикалық, қаржы-делдалдық, мәдени-бос уақыт, дене шынықтыру-спорттық және өзге сервистік қызметтерді, оның ішінде іргелес ауылдық аумақтарға көрсету қабілеті

Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның авариялық тозуы: авариялық тұрғын үйлердің жоғары үлесі;
су, электр, жылу инфрақұрылымының тозуы 80 %-дан асады

6.

Белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың үлесі:
қалада дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің болуы (қызмет көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібінде және басқалары)



7.

Кадрлық әлеует:
қалада жоғары білікті техникалық, оның ішінде қала құраушы кәсіпорында, оның ішінде ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорында жұмыс істеп жатқан мамандардың болуы

Қала халқының тұрақты кетуі (санының азаюы):
соңғы 10 жылдағы көші-қон сальдосының теріс серпіні (халық санының азаюы негізінен жоғары білікті еңбекке қабілетті халық есебінен іске асады)

8.

Жағымды экологиялық жағдай:
- экологиялық апат аймақтарынан тыс экологиялық нормалардан жоғары асатын ластану көздерінің болмауы

Қолайсыз экологиялық жағдай:
қала аумағының экологиялық апат аймағында орналасуы және экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болуы

9.

Қала халқының жалақысы республикалық деңгейден төмен емес

Халықтың жалақысы орташа облыстық көрсеткіштерден төмен

Өңірлерді дамытудың    
2020 дейінгі бағдарламасына
2-қосымша         

Электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау


және су бұру желілерін дамыту тетіктері

1. Электрмен, жылумен, газбен жабдықтау желілерін және сағатына


100 Гкал дейінгі қазандықтарды қаржыландыру тетігі

      Жылумен, электрмен, газбен жабдықтау желілерін және сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтарды салу және реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру басымдығы тұрғысынан іріктеу критерийлері.


      1. Әлеуметтік фактор
      Халықтың сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуі (халықтың санына байланысты), халық көп қамтылатын жоба қаржыландырылады.
      2. Заманауи энергия үнемдейтін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану
      Нұсқаларды салыстыру арқылы ең сапалы материалдарға басымдық беріледі. Көрсеткіштер бірдей болған жағдайда қазақстандық өндірушіге артықшылық беріледі.
      3. Жылу көздері:
      1) жылумен жабдықтау схемасының болуы;
      2) блокты-модульді қазандықтарды пайдалану;
      3) өз ресурсы сарқылған қазандықтарды пайдалы әрекет коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК) жоғары жаңаларына ауыстыру;
      4) когенерациялық жүйелерді қолдану;
      5) химиялық су дайындауды міндетті енгізу;
      6) калориялылығы кемінде 4 мың ккал көмір қазандықтарын сатып алуды және жеткізуді пайдалану.
      4. Жылумен жабдықтау желілері
      Қолданыстағы жылу магистральдарының жылу құбырларын жедел диспетчерлік басқаруға арналған мәліметтерді жинау және бақылау жүйелерімен жарақтандырылған тиімділігі жоғары жылу оқшаулайтын құбырларға ғана ауыстыру;
      құбыр жолының мақсаты (магистральдық, орамішілік).
      5. Газбен жабдықтау желілері
      Құбыр жолының мақсаты (магистральдық, орамішілік).
      6. Электрмен жабдықтау желілері
      АОС қолдану.
      7. ТКШ бағдарламасында көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу
      Жаңғыртылған желілердің ұзақтық индикаторын барынша ұлғайтатын жобаларға басымдық беріледі (желілердің тозу деңгейін төмендету).
      8. Ауыспалы жобаларды аяқтау.
      Облыс бойынша бірінші кезекте ауыспалы жобалар қаржыландырылады.
      9. Жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жобалар
      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, Парламент депутаттарының сауалдары.
      10. Жобаның құны
      Өңірлерде қаржылық мүмкіндіктердің жоқ екенін ескере отырып, неғұрлым ірі жобаға басымдық беріледі.
      Жобаларды таңдаудың балдық жүйесі   

Р/с №

Критерий атауы

Ескертпе

Балдар

Критерийлер

1

2

3

4

5

1.

Әлеуметтік фактор

халықтың сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуі (халықтың санына байланысты), яғни халық көп қамтылатын жоба қаржыландырылады

1

20 мың адамнан астам

0,75

5 мың адамнан 20 мыңға дейін

0,5

5 мың адамнан аз

2.

Заманауи энергия үнемдеу материалдарын, жабдықтар мен технологияларды қолдану

нұсқаларды салыстыру арқылы ең сапалы материалдарға басымдық беріледі. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қазақстандық өндірушілерге артықшылық беріледі.

1

сапалы, қазақстандық өндіріс

0,5

сапалы, импорттық өндіріс

1)

жылумен жабдықтау бойынша:









Қазандықтар

жылумен жабдықтау схемасының болуы;

1

жылу көздері бойынша барлық жобалар үшін міндетті талаптар, схемасы болмаған жағдайда қаржыландырылмайды

0

схема жоқ

блокты-модульді қазандықтарды қолдану;

1

жылу жүктемесі сағатына 5 Гкал дейін болған кезде қолданылады

0,5



өз ресурсы сарқылған қазандықтарды ПӘК-і жоғары жаңаларына ауыстыру

1

ПӘК 85 %-дан астам

0,5

ПӘК 85 %-дан аз

когенерациялық жүйелерді пайдалану

1

когенерацияны енгізу жағдайында

0,5

когенерация болмаған жағдайда

химиялық су дайындауды міндетті түрде енгізу

1

бар

0,5

жоқ

калориялылығы кемінде 4 мың ккал көмір қазандықтарын сатып алуды және жеткізуді пайдалану

1

калориялылығы 4 мың ккал асатын көмір

0,75

жоба бойынша

0,5

4 мың ккал төмен

жылу желілері

қолданыстағы жылу магистральдарының құбырларын жедел диспетчерлік басқаруға арналған мәліметтерді жинау және бақылау жүйелерімен жарақтандырылған тиімділігі жоғары жылу оқшаулайтын құбырларға ғана ауыстыру

1

алдын ала оқшауланған құбыр

0,5

алдын ала оқшауланбаған құбыр





құбырдың мақсаты

1

магистральдық орамішілік





0,5

орамішілік

2)

газбен жабдықтау бойынша

-





3)

электрмен жабдықтау бойынша

АОС-ті қолдану

1

АОС-ті қолдану кезінде

3.

ТКШ бағдарламасында көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу

көрсеткіштерін ең көп ұлғайтатын жобаларға басымдық беріледі



жаңғыртылған желілердің ұзақтығы

жылумен жабдықтау бойынша

1

5 км астам

0,75

2-ден 5 км дейін

0,5

2 км дейін

газбен жабдықтау бойынша

1

15 км астам

0,75

5-тен 15 км дейін

0,5

5 км дейін

электрмен жабдықтау бойынша

1

15 км астам

0,75

5-тен 15 км дейін

0,5

5 км дейін

4.

Ауыспалы жобаларды аяқтау

облыс бойынша бірінші кезекте ауыспалы жобалар қаржыландырылады

1

ауыспалы

0,75

жаңа

5.

Жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жобалар

Мемлекет басшысының,

1

тапсырмалар болған жағдайда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламент депутаттарының тапсырмалары

0,5

6.

Жобаның құны

өңірлерде қаржылық мүмкіндіктердің жоқ екенін ескере отырып, неғұрлым ірі жобаға басымдық беріледі

1

2 млрд. теңгеден астам

0,75

500 млрд. теңгеден 2 млрд. теңгеге дейін

0,5

100 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін

0 (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады)

кемінде 100 млн. теңге

      Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жылдам жаңғырту мақсатында жобаларды қаржыландыру 160 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 60 млрд. теңге және 2016 жылы – 100 млрд. теңге көлемінде Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаты есебінен республикалық бюджетке қосымша жүзеге асырылатын болады.
      Халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту бойынша жергілікті атқарушы органдарды (бұдан әрі – ЖАО) ынталандыру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін бюджеттік кредиттеу арқылы нысаналы трансферттер есебінен 2016 жылы іске асыру жоспарланған жаңа жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе пысықталатын болады.
      Осы Бағдарлама шеңберінде жылудың ысырап болуын қысқарту мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерде терможаңғырту жүргізу және автоматты жылу пункттерін, жылуды есептеу аспаптарын орнатуды уәкілетті ұйым «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ кең ауқымда жүргізу, сондай-ақ қуаты сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтар бойынша, оның ішінде әлеуметтік сала объектілері үшін өңірлерде басқарушы компаниялар (бірыңғай оператор) құру мәселесін пысықтау қажет.

2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту тетіктері



      Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету өңірлердің негізгі даму факторларының бірі болып табылады.
      Ауыз сумен қамтамасыз етудің белгілі бір дәрежеде жақсарғанына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі әлі де тиісті сападағы сумен және толық көлемде қамтамасыз етілмей отыр. Көптеген тазарту құрылыстары өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, бұл сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеп соқтырады.
      Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру секторы проблемалар кешенімен сипатталады.
      Осыған орай сумен жабдықтау және су бұру секторында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі бірыңғай операторды құру мәселесі қаралатын болады.
      Елді мекендерде сумен жабдықтау көздері жерүсті, жерасты сулары болып табылады.
      Бағдарлама шеңберінде жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауызсудың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жерасты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымға тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мен жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органымен бірлесіп жыл сайын айқындайтын болады.
      Жер асты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы су жинағыштар бойынша жер асты сулардың қорының болуы туралы уақытша қорытындылар беретін болады.
      Сумен жабдықтаудың жерасты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жерүсті көздері пайдаланылатын болады.
      Су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті орган топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.
      Сондай-ақ, ауылдық сумен жабдықтау секторында жергілікті сумен жабдықтау көздерін барынша пайдалану, блокты тазарту құрылыстарын қолдана отырып, үлгі жобаларды әзірлеу және халық саны аз елді мекендерде қолдану қажет.
      Бюджет қаражатын тиімсіз және ұтымсыз пайдалану фактілерін болдырмау, 2020 жылға дейінгі алдағы кезеңге арналған халықты ауызсумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша баламалы және үнемді шешімдерді іздеуді кеңейту мақсатында сумен жабдықтау мен су бұру секторын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде жүйелі тәсілді енгізу;
      2) сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту. Қалалық және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік үлгісіне кезең-кезеңмен көшіру;
      3) сумен жабдықтау мен су бұру саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, үлгі жобаларды және үлгі жобалық шешімдерді әзірлеу, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін құрудың және пайдаланудың бірыңғай техникалық саясатын енгізу;
      4) халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану;
      5) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық үлесті дамыту;
      6) саланы кадрлық қамтамасыз ету.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту кезінде Бағдарламаның міндеттерінде көрсетілген басымдықтар (агломерацияларды, «екінші деңгейдегі» қалаларды, «үшінші деңгейдегі» қалаларды, ауылдық аумақтарды, шекара маңындағы аумақтарды дамыту) және Бағдарламаның негізгі ережелері қабылданады.
      1. Қалалық жерлерде жүйелі тәсіл мынаны көздейді:
      1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды қажет ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруы;
      2) 53 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялар негіздемелерін әзірлеуді аяқтау (басталуы 2011 жылдың екінші жарты жылдығында және аяқталуы 2014 жылы).
      Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, олардың негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).
      Жергілікті атқарушы органдар бекіткен бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемелерін бекіту кемінде 2020 жылға дейін есептелген мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі;
      3) ЖАО-ның жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органмен келісуі;
      4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемесіне сәйкес қалыптастыруы;
      5) сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен (бұдан әрі – ВАК) келісу. ВАК келіскен сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесіне қаржы жылының ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, нақтыланған тізбені ВАК-ға келісуге енгізу қажет.
      Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын тізбесін қалыптастыруды коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган ЖАО-ның жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖАО тарапынан міндетті қоса қаржыландыру ескерілуі тиіс. ЖАО тарапынан қоса қаржыландыру деңгейі ВАК-та әрбір өңір бойынша жеке, оның ішінде алдағы жоспарланған бюджеттік кезеңге капиталды көп қажет ететін объектілер бойынша жыл сайын қаралатын болады.
      Мынадай құжаттары бар жобаларды қаржыландыруға рұқсат етіледі:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде ЖСҚ-ның болуы;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың болуы;
      3) жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
      4) жоба ЖСҚ-сының мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы туралы кепіл хат.
      Басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) пайдалану кезінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына сәйкес келетін заманауи материалдарды, жабдықтарды және технологияларды қолдану көзделген жобалар;
      2) аяқталмаған (ауыспалы) сумен жабдықтау және су бұру жобалары.
      Уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қымбаттауын болдырмау мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет;
      3) Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмалары бар қалаларды және елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобалар;
      4) жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға бағытталған жобалар;
      5) қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің аса авариялық учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жобалар;
      6) құрылыс құны 100 млн. теңгеден аз, өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, Бағдарламада көзделген жалпы өңір бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін жобалар жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылады.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2014 жылдар) қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Кейін қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін жүйелі тәсіл:
      1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруы;
      2) ЖАО-ның Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органмен келісуі;
      3) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның мынадай критерийлер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыруы:
      пайдалану кезеңінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына жауап беретін заманауи материалдар, жабдықтар және технологиялар салынған жобалар;
      аяқталмаған сумен жабдықтау және су бұру (ауыспалы) жобалары;
      уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау жобаларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет;
      ауылдық елді мекендерді, әсіресе суды шеттен тасып әкелетін елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар;
      бұл ретте, осы мақсатқа аса тиімді қол жеткізу үшін халықтың барынша көп санын орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, халқының саны жоғары, орта деңгейдегі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне ерекше мән беріледі;
      аса авариялық учаскелерді реконструкциялауға бағытталған жобалар;
      жалпы өңір бойынша жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын Бағдарламада көзделген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, құрылыс құны кемінде 100 млн. теңге болатын жобалар.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан міндетті бірлесіп қаржыландыру ескерілуі тиіс. ЖАО тарапынан бірлесіп қаржыландыру деңгейі ВАК-та жыл сайын жеке әрбір өңір бойынша, оның ішінде капиталды көп қажет ететін объект бойынша қаралатын болады.
      Жобаларды іріктеу кезінде мынадай құжаттардың болуы қажет:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштердегі ЖСҚ;
      2) экологиялық сараптама;
      3) бекітілген сумен жабдықтау көзі не жер қойнауын мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
      4) жоба ЖСҚ-сының мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы туралы кепіл хат.

Өңірлерді дамытудың    


2020 дейінгі бағдарламасына
3-қосымша         

Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі

1. Мемлекеттік қолдау шаралары

      Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етіледі:


      1) елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобалары мен құрылыс салу қағидаларына сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу;
      2) құрылыс салу жоспарланған учаскелерге мақсатты түрде жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу;
      3) озық технологияларды қолдану негізінде құрылыс көлемінің өсуін және мерзімін қысқартуды, өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін құрылысты индустрияландыру.

Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

      Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
      Осы мақсат үшін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО):
      1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуі;
      2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды айқындауы;
      3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуі;
      4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі;
      5) құрылыс салушыға жер учаскелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес беруді қамтамасыз етуі қажет.
      Жаппай құрылыс салуға бөлінген алаптар тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз етілуі тиіс.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жөніндегі шаралар туралы

      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар ИКИ-мен қамтамасыз етілуі қажет.
      ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу (сыртқы, ішкі кварталдық және магистралдық желілерге қосылу нүктелеріне дейінгі тұрғын объектінің ішкі желілерінен тыс алаңішілік аумақтарды абаттандыруды қоспағанда) республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жеке құрылыс салушылар ИКИ құрылысының сметалық құны бойынша тиісті мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тиіс.
      ИКИ құрылысының іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларының бірі Алматы облысындағы ИКИ-ді дамытуды қолдау болып табылады, оның ішінде «G4 City» төрт серіктес қалалар мен «Алтын сай» серіктес қала. ИКИ салу жобаларын қаржыландыру Алматы облысының уәкілетті ұйымы «Алатау» акционерлік қоғамын капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады.

Құрылыс индустриясын және индустриялық үй


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет