Орман тұҚым ісі 050807 Орман шаруашылығы ісі мамандығына арналған оқу құралы Павлодар (075. 8) Ббк 43. 4 я73 О90 С. Торайғыров атындағы пму-дың Ғылыми кеңесі баспаханада басуға ұсынды Пікір жазушы



бет7/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Тұқым сапалылығы – деп кесу әдісі мен анықталатын сау тұқымдардың талдауға алынған тұқымдарға проценттік қатынасын айтамыз. Бұл тәсіл тұқымдары өте баяу өнетін, өміршеңдігін табу әдістері әлі анықталмаған ағаш пен бұта түрлеріне қолданылады.Тұқым сапалылығы кесу арқылы анықталады, оны анықтаудың техникалық шарттары 8 – кестеде келтірілген.
8 кесте – Тұқым сапалылығын анықтау шарттары

Ағаш пен бұта түрінің аты

Тұқымның кесу алдындағы дайындығы

Тұқым сапалылығының нышандары

Долана (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай немесе 4-5 тәулік суда ұсталып кесіледі

Ұрығы ақ түсті

Жүзген (барлық түрлері)

Бүтін тұқымдары 4 тәулік бойы суда жібітіледі

Ұрығы шымыр,ақ немесе ақсары түсті

Емен (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай кесіледі

Жарнақтары сау, қатты

Кәдімгі үшқат

Бүтін тұқымдары 3-4 тәулік суда ұсталады

Ұрығы шымыр,ақ түсті

Татар және шағанжа- пырақты үйеңкі

Қанатшаларымен бірге 1 тәулік суда жібітіледі және 20 градуста 20-30 күн бойы ылғалды құмда не ағаш үгіндісінде ұсталынады

Ұрығы шымыр, сары немесе ақса- ры түсті, маланба-

ған


Ат каштаны

Тұқымы құрғақтай немесе 2-3 тәулік суда ұстаған соң,кесіледі

Ұрығы ақ немесе ақсары түсті


Жаңғақ

Тұқымы құрғақтай немесе 5-6 тәулік суда ұсталып, кесіледі

Ұрығы шымыр, ақ немесе ақсары түсті

Пісте

Бүтін тұқымдары 3-5 тәулік суда жібітіледі

Ұрығы шымыр, ақшыл-жасыл неме се ақ сары түсті

Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау

Талдауға 100 данадан 3 жүздік шошқажаңғақтары санап алынады. Олардың әр қайсысының қабықтары аршылып, жарнақтары сызық бойымен скальпель арқылы екіге бөлінеді.

Әр бір осылай кесілген еменнің шошқажаңғақтары сапалылығы бойынша жарамды және жарамсыз – деп екі топқа бөлінеді.

Жарамды шошқажаңғақтарға жататындары:

а) жарнақтары қатты, жылтыр сарғыш-ақ немесе қызғылт түсті және тұқым тамыршасы мен алғашқы бүрі барлары;

б) күңғірт-қоңыр сызықшалар мен қара-көк дақтардың көлемі жарнақтардыың 1/4 бөлігінен аспағандары;

в) өскін мұрттары сынғаны мен сынбағандары, егер жоғарыдағы талаптарға сай болса.

Жарамсыздарға жататын шошқажаңғақтары:

а) жарнақтарының 1/4 бөлігінен көп жерінде қара-көкшіл дақ барлары және олар ұрық қасына өте жақын орналасқандары;

б) зиянкестермен зақымданғандары;

в) саңырауқұлақтармен зақымданғандары;

г) кеуіп, солып немесе босап кеткендері;

д) суық немесе ыстыққа ұшырағандары;

е) ұрығы өлгендері.

Тұқым сапалылығының есептеулері тұқым өнгіштігі мен өміршеңдігінің есептері сияқты жасалынады. Жұмыс аяғында «Шошқажаңғақтардың сапалылығын анықтау актісі» толтырылады.
Құрал – саймандар мен материалдар:

1) еменнің шошқажаңғақтары;

2) скальпельдер;

3) қоқыс салатын жәшік


9 Зертханалық жұмыс. Тұқым сапасының көрсеткіштері және тұқым сапасы туралы құжаттар
Талдау қағазы бойынша ең алдымен барлық графаларының орташа арифметикалық мәндері (әр бір бақылау күндерінде өскен тұқым саны, бүкіл талдау мерзімінде өскен тұқым саны,т.с.с.) есептелінеді.Содан соң мыналар:

1.Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігі - өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқым сандарына проценттік қатынасы бойынша есептелінеді:



п х 100

Шар.өнг.= ----------- , мұнда

П

п - өскен тұқым саны,

П -өсіруге алынған тұқым саны.

Осы көрсеткіш пен тұқым тазалығы арқылы тұқым сапасының тобы анықталады.



2. Абсолюттік тұқым өнгіштігі – барлық бақылау мерзімінде өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқымдардың ұрықтары өнгендеріне проценттік қатынасы бойынша анықталады:

Бұл көрсеткіш әдетте ғылыми зерттеулерде қолданылады.


п х 100

Абс.өнг.= ----------- , мұнда

П - б

б – бос тұқымдар саны.



3. Өсу (өну) қуаты - өскен тұқымдардың проценттік санын көрсетеді, бірақта бүкіл мерзім бойынша емес, тек оның 1/2 - 1/3 бөлігінде. Мысалға, кәдімгі қарағайдың өнгіштігінің мерзімі 15 күн, ал өсу қуаты тек 7 күнде анықталады (5 кесте).

4. Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) – тұқымдардың өсу жылдамдығымен сипатталады.Оны мына формула бойынша есептейміз:
п х в +...+п х в

Т.о.т. = --------------------, мұнда

п1 + п2 + ... пп

п - өскен тұқым саны

в – бақылау күні

5.Шаруашылық жарамдылығы дегеніміз – орташа үлгідегі таза өнгіш тұқымдардың проценттік мөлшерінің көрсеткіші.Оны тұқым өнгіштігінің тазалығына көбейтіп және 100-ге бөліп есептейміз:
өнгіштік% х тазалық%

Шар.жар.= ---------------------------

100

Зерттелген тұқым партиясының шаруашылық жарамдылығы мен өсу қуаты тұқым талдау қағазының тиісті графаларына түсіріледі.Ал тұқым сапасының басқа көрсеткіштері талдау карточкасының бірінші бетіндегі бос шеттеріне жазылады.

Тұқымның шаруашылық өнгіштігі мен тазалығы бойынша, егер соңғысының мәні стандартта көрсетілгеннен кем болмаса, тұқым сапасының тобы анықталады (9 кесте).

Өнгіштігі бойынша стандартты, бірақ ластанған тұқымдар қайта тазартуға ұсынылады, ол туралы талдау қағазында көрсетіледі.

Стандартты тұқымдарға «Тұқым сапасы туралы куәлік» бланкасы, ал стандартқа сай емес тұқымдарға – «Тұқым талдау нәтижесі» толтырылады.

Тұқымдық сапасы туралы мөлшерлері анықталмаған тұқымдарға «Анықтама» қағазы беріледі.



9 – кесте. Тұқым сапасының тобын анықтау үшін стандарттық мөлшерлері (нормалары)


Тұқым түрінің атауы


Сапа тобы


Өнгіштігі,%тен кем емес

Өміршеңдігі, сапалылығы,%-тен кем емес

Тазалығы,%-тен кем емес

Кәдімгі қарағай

1

2

3



95

85

65



95

85

65


92


Кәдімгі шырша

1

2

3



85

75

60



85

75

60


90


Шренк шыршасы

1

2

3



80

65

50



80

65

50


93


Сібірлік балқарағай

1

2

3



70

55

40



70

55

40


93


Сібірлік майқарағай

1

2

3



45

30

20



45

30

20


80


Самарсын қарағай

1

2

3



-

-

-



85

70

50


96


Қотыр қайың

1

2

3



55

35

25



-

-

-


25


Кәдімгі шаған

1

2

3



-

-

-



85

70

50


90


Үйеңкі

1

2

3



-

-

-



85

75

60


93


Алма

1

2

3



-

-

-



90

80

65


93




N 10 – зертханалық сабақ
Тақырып: Қайың дәндерінің толық дәнділігін анықтау

Жұмыс мақсаты: негізгі түсініктерді, терминдерді игеру; толық дәнділік әдістерімен танысу; қайың дәндерінің толық толық дәнділігіне іс жүзінде талдау жүргізу.

Дәндердің толықтылығының мағнасы, егуге жарамдылық және сапалылықпен, бірдей.



Дәндердің толықтылығы – пайыздық көрсеткішпен есептелген, талдауға алынған барлық дәндердің жалпы санына қабығы толық дәндердің, сан қатынасы. Қайың дәндерінің толықтылығын анықтау үшін негізгі екі әдіс бар, оларды П.Л.Богданов пен С.Н.Новашин дайындаған.
І.Богданов әдісі (дәндерді езу).

Жұмыс тәртібі:

1.Оқытушыдан массасы 1 г қайыңның дәндер өлшемін алу керек.

2.Өлшемді екі фракцияға бөлу керек:

- таза дәндерге;

- қоспаларға.

3.»Таза» дәндердің пайызын мына формуламен анықтау керек:

М1

Т = -------- х 100 , бұл жерде



М

Т – «таза» дәндер, %;

М1 - өлшемнің салмағы, г;

М – таза дәндердің салмағы, г.

4.Өлшенген таза дәндерді торланған бюкске салып 5 -10 минут қайнап жатқан суда ұстау керек;

5.Қайнатылған дәндерден 4 рет 100 данадан есептеп алынады.

6.Дәндерді төртке бөліп шыны үстіне салу керек.

7.Екінші шынымен дәндердің үстінен басу керек.

8.Езгенде толық дәндерден ақ ұрық (жарнақ пен тамырша) шығады, ал бос дәндер өзгермейді (олардан су шығады).

9.Толық дәнді тұқымдардың санын есптеу керек.

10.Төрт есептеудің орта арифметикалық мағнасын анықтау керек.

11.МСТ 13657-68 негізінде тұқымның сапа классын анықтау керек (10 кесте).


10 – кесте. Тұқымның сапа классын анықтау

(МСТ 13857-68)Түр аталуы

Класс

Өніштігі,% төмен емес

Тазалығы,% төмен емес

Қотыр қайың

1

2

3

55

35

25

25

25

25

12. Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерге істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.



ІІ.Новашин әдісі (дәндерді күн сәулесінде қарау).

Жұмыс тәртібі:

1.Таза дәндер өлшемінен қайыңның 400 дәнін алу керек (100 данадан 4 рет).

2.Дәндерді бюкске салып үстінен спирт құйып 24 сағат ұстау керек.

3.Ұстау мерзімі өткеннен кейін 5-6 мг глицерин қосып тағы 1 тәулікке қалдыру керек (глицерин сіңген дәндер жылтыр болады).

4.Дәндерді жүздеп шыныға салып арнайы шыны немесе көзбен қарап есептейді, сосын дәндердің келесі түрлерін бөледі:

- толық дәндерді – дамыған дән қабықты толық толтырған;

- толық дамымаған – дамымаған дән;

- бос – қоңыр түсті ұрықтанбаған екі тұқым бүрісі көрінеді;

- аурулар немесе зиянкестермен зақымданған.

5.Төрт есептеудің орташа арифметикалық толық дәнділігін есептеу керек.

6.МСТ 13857-68 негізінде қайың дәндерінің сапа классын анықтау керек.

7.Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.


Материалдар мен құралдар:

1.МСТ 13857-68 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

2.Қотыр қайыңның дәндері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 г;

3.Пинцеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. .. . . . . . . . 4 дана;

4.Инелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

5.Талдау тақташалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

6.Торлы бюкстер . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

7.Аспаптық шынылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 8 дана;

8.Спирт (96 %) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-15 мг;

9.Глицерин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6 мг;

10.Үлкейткіш шыны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 дана;

11.Электрлі таразы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

12.Электрлі плита . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . 1 дана;

13.Су құйылған ыдыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 1 дана.




Әдебиеттер

1 Данченко А.М. Береза. – Алма-Ата: Кайнар, 1982. – 72 с.

2 Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

3 Леса и древесные породы Северного Казахстана. – Алматы: Наука, 1974. – 184 с.

4 Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

А Қосымша

(міндетті)


П А С П О Р Т
200__ ж.________________________________ дайындалған тұқым

( айы, күні )

партиясына__________________________________________________

( түрдін толық қазақша және латынша аты )

салмағы_____________________________________________________

(цифрмен) ( жазбаша )

1.Бұл тұқым партиясы ___________________________ жиналған _____________

2.Шаруашылықтың байланыс адресі_____________________________

3.Шаруашылықтың телеграфтық адресі__________________________

4.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинау мерзімі

200 __ ж. _______

(айы, күні)

5.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинайтын орны (орман шаруашылығы, орманшылық, ж.т.б.)_____________________________

6.Плантацияның, учаскенің, орман екпесінің таксациялық сипаты:

құрамы ________бонитеті _____________орман типі___________ жас тобы

____________________________________________________________

(балауса, орта жастағы )

____________________________________________________________

(пісуге тайау, піскен )

Селекциялық тобы __________________________________________ Тұқымның ормандық құндылығы ______________________________ ____________________________________________________________

(әдеттегі, жақсартылған, таңдап-сұрыпталған)

Басқа мәліметтер _____________________________________________

7. Таулы жағдайда көрсетілуге тиісті:

а) теңіз деңгейінің биіктігі ____________________________________

б) беткейі (шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік) ____________________

8.Тұқымдарды, жемістерді, бүршіктерді жинау алдында кім және қашан тексеру жүргізді: _______________________________________

9. Қандай әдіспен және қашан бүршіктерден тұқымдары алынған, кептіргіштің түрі, температура, т.б. ______________________________

10. Қылқандардың тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмдер қолдану арқылы қанаттары сындырылып, тазартылды ____________________________________________________________

11. Құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен тұқымдары алынып, тазартылды __________________________________________

12. Тұқымдардың тазалауы қашан аяқталған ______________________

(күні, айы, жылы)

13. Тұқым қайда сақталады ____________________________________

(жылы не суық қоймада, ұрада, траншеяда, т.б.)

14.Қандай ыдыста сақталуда ___________________________________

(қаптар, жәшіктер, шыны ыдыстар, т.б.)

15. Тұқымдар қай жылыдың жоспарына дайындалған ______________

16. Тұқымдар қандай мақсатпен дайындалған ____________________________________________________________

(өзшаруашылықта пайдалануға, сатуға, тәжірибелік себуге, т.б.)


М.О. Паспорт толтырған адамның қызметі және

қолы

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................…………..3

1 Орман тұқымдарының дамуы мен

классификациялануы ................……………………………....4

2 Жеміс беру ерекшеліктері .........................................................6

3 Өнімділікті есептеу және болжамдау...............………………8

4 Тұқымдарды құжаттандыру және тасымалдау..............…....11

5 Дайындамаларды аудандастыру және орман дәндерін

басқа жерлерге ауыстыру...................……………………….14

6 Сұрыптаудың түрлері.........................................…………….15

7 Будандастыру...........................................................................19

8 Мутанттарды алудың химиялық әдістері..............................20

9 Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік

полипоидиясы………………………………………………..21

10 Орман ағаштары интродукциясының

теориялық негіздері………………………………………….22

11 Ормандық тұқым тану ғылым ретінде.Ормандық ағаш

өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы……….. .25

12 Орман тұқым шаруашылығы.........................................…….28

13 Қылқан жапырақтылар селекциясы.Кәдімгі қарағайдың

селекциясы……………………………………………………31

14 Көп жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясы………. 34

15 Орман тұқымының шикі затын дайындау, өңдеу

және сақтау…………………………………………………...36

16 Тұқымдардың физиологиялық жағдайы…………………....40

17 Тұқымды егуге дайындау……………………………………41

18 Зертханалық жұмыстар............................……………………43

Әдебиеттер.....................……………………………………...74

А Қосымша..................................................................……….75






Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет