Орманшылық 050807 Орман шаруашылығы ісі мамандығына арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2009 (075) ббк 43. 4 я73 с – 85 Биология-химия факультетінің генетика және биотехнология кафедрасы ұсынды Пікір жазушы


Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру



бет6/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

4.2.Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру

Құндылығы аз орман екпелерін қайта құру дегеніміз - құндылығы аз орман екпелерін кесу және мәдени орман өсіру тәсілдері көмегімен құндылығы жоғары екпелермен орнын ауыстыру. Қайта құрудың негізгі мақсаты – орман құрамының құндылығын жақсарту, өнімділігін және табиғатты қорғау функцияларын жоғарылату.

Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың орындарын басады, яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда болған. І топқа жататын ормандардың өте жақсы өсу жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0,5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек діңдерді сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру жұмыстары ІІІ топ ормандарында жүргізіледі. Яғни мұнда сүректер аз кездеседі және шаруашылықта бағалы орман ағаштарын екпелермен ауыстыру жұмысының нәтижесі жоғары өнімділік бермейді.

Әдетте құндылығы аз екпелерде қайта құру, біртекті топтастыру, бірқалыпты қайта құру және тегіс қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Олар қайта құратын екпелердің құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына байланысты, ең бастысы - шымылдық астындағы шаруашылық жағынан құнды түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.

Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер мен тамыратпалар тегі бар ұсақ жапырақты 5-20 жылдық өсімдіктерде және биіктігі 6-7 метр болып, шаруашылықта құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе. Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады. Келешекте ол жолдарды сиректетеді немесе тегіс кесіп тастайды.

Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20 жастық толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық астындағы топтар 0,05 га дейін және шаруашылықта құнды түрлері бар біртекті ағаштарда қолданылады. Топтар мен біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен сапасы екінші сатыдағы ағаш түрлері кесіледі немесе шаруашылықта құнды ағаштарға өсу мүмкіншілігі жақсартылады. Ол өсуді нашарлататын жапырақты өсімдіктен арылуымен байланысты.

Бір қалыпты қайта құру - шашылған дәннен өскен ағаштардың үстіндегі шымылдықты сиректетумен байланысты және шаруашылықта құнды түрлерді бірнеше тәсілмен сақтауды жүргізеді.

Құндылығы төмен екпелерде тегіс қайта құру жұмыстары жоғары қарқынды орман шаруашылығында қолданылады және ол өскіндердің жоғарысындағы ұсақ жапырақты тамыр атпалардан дамыған ағаштарды жоюмен байланысты, олардың ішінде шаруашылықта құнды түрлер болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен бұталардан арылу «Секор» бұта кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта өсімдіктерін жоятын арнайы химиялық заттармен, яғни арборицидтермен жүгізіледі.

Арборицид ретінде жүйелі түрде әсер ететін препараттар қолданылады. Жапырақтарға түскеннен кейін жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді, сонымен қатар таңдамалы әсер ететін болып келеді. Яғни жағымсыз ағаштарды (сұр қандағаш, көктерек, қайың, орманжаңғақ, тал, т.б.) жойып, пайдалы (шырша, балқарағай, майқарағай, қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.

Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында қолданылатын негізгі арборицид түрлеріне амин тұздары, бутил және т.б. эфирлер 2,4-Д, пиклоран препараттары (раундап, гармон, т.б.), вельпар, гардоприм жатады. Бүрку тәсілін құрғақ, тыныш ауа райында таңғы немесе кешкі сағаттарда, ереже ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және қылқан жапырақтыларда өркендер ағаштанғанда жүргізіледі. Бүркіп шашуға ұшақтар (АН-2, АН-2М) және тікұшақтар (КА-26, МИ-2), тракторлар (орманда қолданылатын аэрозольді бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор АГ-4Д-2), сонымен қатар арнайы, арқаға салып жүретін бүріккіштер (ОРП, ОМР-2,т.б.) қолданылады. Арборицидтерді ағаш қабығына жағу арқылы және діңінің камбиіне енгізу арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде жаққыштар пайданылады, өңдеу аппараты (АБО-1) және сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), «Кобра» аппараты қолданылады.

Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғанда, мыналарды ескеру керек. Олардың жоғары токсинді болуын, бірақ та адамдар мен жануарларға қауіпсіз, ағзада жиналмауын және вегетациялық кезеңде толық ыдырауы қамтамасыз етілу керек.

Құндылығы төмен жас ағаштарды химиялық өңдеудің механикалық жоюдың алдында мына артықшылықтары бар, яғни жұмыс және қаржыны аз шығындандырады. Жапырақты жас сүректерді арборицидтермен уландырғанда, жағымсыз, пайдасыз, пайдасы аз ағаштар біртіндеп жойылады, ал өздігінен өскен қылқан жапырақтылар мен жас бұтақтар жаңа қоршаған ортаға біртіндеп бейімделеді. Бірақ, химиялық өңдеуде ұсақ сүректер пайдаланылмайды, уақыт өте келе, алайда көптеп қайта қалпына келтірілген екпелердің сыртқы түрі нашарлайды, ағаштар көптеген саңырауқұлақ ауруларымен зақымдалу қаупі төнеді. Ең жаманы топырақ микрофаунасына, орман аңдары мен құстарына үлкен қауіп төнеді.


4.3.Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі кесу жұмыстарының технологиясы.

Орман шаруашылығын жүргізу жұмыстары халық шаруашылығының сұраныстарын толық қанағаттандыруы керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және т.б. Жанжақты қолдану, сақтау, орманның көптеген ерекшеліктерін үлкейту: орта түзуші қорғаныстық, суды сақтау, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық және басқа да орманның табиғи қасиеттері орман шаруашылық жұмыстарын жүргізудің басты шарттары болып табылады. Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы, жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны қолдану негізінде өнімділігін арттыру да маңызды орын алады.

Орман шаруашылығында өндіріс еңбектерінің жоғарлауы әрдайым экологиялық талаптарға сәйкес қолданылатын машиналар және механизмдер комплекстерімен байланысты болуы керек. Сонымен бірге, басты қолданыстағы кесу жұмыстарында көбінесе ұжымдасқан кесу жұмыстарында ағаш сүректерін дайындау, шығару кезінде орманның экологиялық жағдайына қауіп төнеді. Ол ауқымды жұмыстарымен байланысты - ағаштарды құлату, тасымалдау, және сортименттерді қалыптастырумен олар орман орталығын сақтауға қауіпті жағдай жасайды. Орман кесетін жерде күшті және ауыр тракторлар, құлататын және бумалайтын зор машиналар жиналады. Сонымен бұтақтарды кесетін, артатын, тасымалдайтын және т.б. құралдар қолданылады, олар орманның қалыптасатын және қорғау мағынасын бұзады. Орманды құру талаптары мен орманды пайдалану жағдайлары арасында қайшылықтар пайда болады.

Көптеген қайшылықтарды азайту үшін орман табиғатын аз зақымдайтын машиналар мен механизмдерді қолдану керек. Олар өзі өсетін және шаруашылықта құнды түрлерді сақтап, орман топырағын бұзбауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда технологиялық үрдісті дұрыс орындаудың маңызы жоғары, өйткені өндірістік үрдістің негізі болып есептеледі, және орман шикізатын дайындауда қолданылатын тәсілдер мен әдістердің орны мағыналы болады.

Ағаш дайындау үрдісі үш негізгі кешеннен тұрады: орманды кесу , орманды транспорттау және төменгі қоймадағы жұмыстардан. Орман шаруашылығында ағашты кесу жұмыстары үлкен орын алады. Бұлар ең негізгі операцияларды (технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі үзілмей бір жұмыс орнында жасалады, бір ғана жас бұтақ, сортименттер жасалады) орындайды: ағаштарды құлату, бұталарды кесу, кесу орнын тазалау, ағаштар мен бұтақтарды тасымалдау (технологиялық үрдіске байланысты), ағаш материалдарын сұрыптау, ағаштарды жинап қалау және ағаш тасушы транспортқа жүкті арту. Бұл жұмыстар орманның қоршаған ортасы өзгеруіне әсер етеді. Себебі топырақтың тығыздалуы байқалады, шаруашылықта құнды тұқымдар жойылады, тамырлар және өсіруге қалған ағаш діңдері зақымданады және т.б. Орманның қоршаған ортасына мұндай өзгерістер тегіс кесу жұмысы барысында енеді және жаңа орман өсіргенде пайда болады, ал ескі орманның экологиялық әсері жоғалады. Орманның қоршаған ортасының өзгеруіне кесу кезінде орындайтын - ағашты құлату, сүректі тасымалдау жұмыстары көптеп әсер етеді. Ал экологиялық ортаның өзгеруінде бұтақтарды кесу, сүректерді ағаш тасушы транспортқа тиеу аса маңызды емес.

Ағаштарды құлату технологиялық үрдістің алғашқы операциясы болып табылады. Бұл ағаш түбін кесіп белгілі бір бағытта құлатумен іске асырылады. Бұл тәсіл бұтақтарды әрі қарай жақсартады, сонымен қатар бұтақтарды кесуді, ағаштарды жинақтау және тасымалдау жұмыстарын жеңілдетеді. Ағаштарды құлату жұмыстарының бастысы – кесу, яғни бұл шараның барлық тәсілдерінде қолданылатыны, бензинмоторлық шынжырлы кесу құралдары (МП-5, «Урал-2», гидроклин, «Дружба-4», М-228, «Тайга-214», «Кронд-202») .

Ағаш дайындау жұмыстарының тәжірибесінде, яғни тегіс кесуде, ағаш құлатуға арнайы технологиялық жабдықтанған ағаш тасушы машиналар, бұл үрдістің толық механизациясында кеңінен қолданылады. Мұндай машиналар тек бір ғана операция орындауы мүмкін - ағашты құлату (арнайы бір операциялық машина) немесе технологиялық үрдістің бірнеше операцияларын (көп операциялы машина). Қолданылуына байланысты бірнеше түрге ажыратылады: құлатуға арналған машиналар, құлатып тасымалдауға , құлату – бумалау, құлату – бұтақ кесуші және т.б. тегіс беттегі орман ағаштарына қолданылатын машиналар.

Құлату машиналары (ВМ-4 және т.б.) тегіс кесу жұмыстарында үлкен ірі ағаштарды құлату үшін қолданылады, әрбір ағаш қасына жақындай түскенде өскіндерді де жойып жібереді.

Құлату – тасымалдау машиналары (ВМ-4А, ЛП-17, ЛП-49, ЛП-53 және т.б.) ағашты тек құлатудан басқа, оны буып тасымалдаумен айналысады.

Құлатып – буатын машиналар (ЛП-19 және т.б.) ағаштарды кесіп арнайы құралда немесе жерде оларды жинақтау үшін қолданылады.

Ағаш кесуде негізгі технологиялық процесс ағаш тасымалдау ісі болып табылады. Яғни ағаштарды, бұтақтарды құлату жернен жүк арту пунктіне дейінге апару. Тасымалдау жұмыстарына тракторлар, құлату – тасу машиналары, т.б. машиналар қолданылады. Бумалар мен жас бұтақтарды жинауда технологиялық қамтамассыздандырылған арнайы тракторлар пайдалынады. Тракторлар арасында ТДТ-55 және ТТ-4 кеңінен қолданылады. Олар жылдың 4 кезеңіне де жарамды. Олар ағаш қалдықтарынан, құлатпа үйінділерінен, түбірлерден жасалатын кедергілерден оңай өтеді.

Чокерсіз ағаштарды тасымалдауда гидроманипуляторы бар тракторлар ТБ - 1 және ЛП-18 қолданылады, ондағы көтерушінің ұзындығы 5,5 м. Бұл тракторларды құлату, бумалау машиналарымен бірге қолданады. Мысалы ЛП-19 бен бірге.

Ылғалды топырақтарда, яғни батпақты ормандарда ағаштарды тасу үшін ауыр жүк таситын шығырлы қолданылады. Олар арнайы жабдықтармен қамтамассыз етілген.

Таулы жер ормандарында ағашты құлату үшін жазық далада қолданылатын бензиндік араларын қолданады. Жардың шатқалдығы 20%-ға дейін жерде ағаштарды тасымалдау үшін жазық жерде қолданылатын тракторлар іске қосылады. Ал топырақтың құндылығы аз және шатқалдығы тік жерлерде арнайы қондырғылар қолданылады (ЛЛ-25, ЛЛ-24, ЛЛ-26А, ЛЛ-26Б, ЛЛ-2 және т.б.).


4.4.Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары

Орман алқаптарында қолданылатын басты кесуде жоғары өнімді технологияларды пайдаланғанда, шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін жас өскіндерін сақтауды да ойластыру керек. Сонымен қатар топырақты сақтаудың да мағынасы мол, себебі экологиялық ортаны жақсартатын және орманның қолдан қалпына келтіруі ойланыстырылады.

Технологиялық үрдісте ерекше орынды машиналар мен механизмдер алады. Олардың негізінде ағаш кесу жұмыстарының технологиясы жасалады; кесу жұмыстарында соңғы өндірістік операциялар маңызды орын алады; өскіндер мен жас бұталардың негізгі маңыздылығын сақтауда ағаш кесу операцияларының құрамы мен қалыптасуына келесі технологиялық деңгейлер қолданылады.

1) Құлату-тасымалдау – ағаштарды тасушы транспортқа тиеу. Бұл схемада төменгі қойма қуаты жылына 100 мың м3 сүректен көп болса (ағаштарды дайындаудағы негізгі цехтардың бірі; бұл орманда жалпы бастапқы өңдеу мен уақытша сақтауға арналған, сонымен қатар әрбір бөлімді қайта қарау мен өнімді тұтынушыға түсіріп беру қызметін атқарады) іске асады. Ағаштың басы мен бұтақтардың утильдену мүмкіндігі бар. Машиналар көмегімен ағаш құлату жұмыстарын қолмен істеуден босатады. Ал бензин араларымен кесу және тасымалдау жұмыстары қолмен еңбек еткенді талап етеді.

2) Құлату, ағаштардағы бұталарды жүктеу. Бұл түрі де бірінші деңгейдегі сияқты барлық өндірістік операцияларда толық механизацияландыруды қажет етеді. Өскіндер мен жас бұталардың сақталуы, кесу жұмыстарында ағаштарды құлату мен тасымалдау әсіресе бұталарында 60...70% аз болмайды.

3) Ағаштарды құлату - бұталарды кесу, бұталарды тасымалдау – жүкке арту. Бұл схема бойынша бензинмоторлық кескіштер, арнайы тасушы тракторлар (ауыр жүк тасымалдайтын шығырлар, чокерлер) қолданылады. Технологияның бұл түрі, тегіс кесу ішінде негізгісі болып табылады. Өскіндер мен жас бұталардың, ағаштардың сақталуын қамтамассыз етеді.

4) Құлату – ағаштарды тасымалдау – бұтақтарды кесу –бөлшектеу (бұтаны бөренеге, т.б. бөлу). Сортименттерге бөлшектеу – жүкке арту 1- ші және 2-ші түрдегі схема тәрізді. Тракторлық тасымалдауда өскіндердің сақталуын қамтамассыз етеді. Тұтынушыға сортиментті жеткізудің тәсілдерін шығарады.

5) Ағаш құлату – бұталарды кесу - бөлшектеу- сортименттерді тасымалдау және жүкке арту қол еңбегін көп керек етеді. Дегенмен жас бұталар мен өскіндер жақсы сақталады.

Орман пайдалану тұрғысынан қарасақ, ең тиімдісі 1-ші және 2-ші түрдегі схемалар болып табылады. Себебі олар кесу жұмыстарының механизациялауын қамтамассыз етеді, кесу кезіндегі ауыр жұмыстарды қолмен істеуден арылтады. Бірақ жас бұталар мен өскіндердің жақсы сақталуын төмендетеді. Сондықтан еңбек және кесу жұмыстарына шығынды аз қажет ететін орманды қалпына келтіретін машиналар мен технологиялық үрдістерге көп мән берген жөн.

Орман құру тәжірибесінде басты кесу жұмыстарында қолданылатын көптеген нақты технологияларының сызбалары белгілі. Технологиялық сызбалардың көптеген түрі трактормен ағаш тасуға негізделген, аз түрі басқа тәсілдерге (ауыр жүк тасу шығырлары, құлатып тасымалдайтын машиналар және т.б.) негізделген.

Кесу жұмыстарының алдында дайындықтар жүргізіледі, яғни соқпақтарға бөлу (кесу жұмысының бір бөлігі, мұнда ағаштар мен бұталар, сортименттер тракторлармен сүйретіліп тасымалданады) және соқпақта ысырмалап тасымалдау (ағаштардан тазартылған транспорттық жолақ, яғни ағаштарды кесу орнынан жүкке арту орнына дейін тасымалдау жолы).

Тегіс кесу жұмыстарында трактормен тасымалдауда магистральді тасымалдайтын ысырмалардың ені 6...7 м соқпақтарда -5 м, біркелкі және таңдамалыда -4 м болуы керек. Бұл жас бұтақтар мен өскіндердің жақсы сақталуына әсер етеді. Соқпақтың ені кесілетін ағаштың орташа ұзындығына, ағашты құлату мен тасымалдауға, қолданылатын машиналар мен механизмдерге, сонымен бірге ағаш дайындау кезеңдеріне байланысты анықталады.



4.5.Орман күтіміндегі механизациялық және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Күтімдік кесу жұмыстарының технологиясын, механизациялауын ұйымдастыру сұрақтары өте күрделі. Жас ағаштарда жүргізілетін күтімдік кесулердің механизациялауының деңгейі әзірше төмен,әсіресе тасымалданатын ағаштарда,өйткені кесілген өрім талдардың көлемі өте аз.Жарықтандыру және тазалау жұмыстары кезінде көбінесе шырпылар (ағаштардың жұқа діңдерінің қалыңдығы 4 см дейін, ұзындығы 2-ден 6 м-ге дейін, сонымен қатар жоғарғы жағы кесілген, бұтақтар және бұтақшалар), қолайлы жағдайда ұсақ тауарлы сүректер кесіледі, олардан тек сырғауыл, қадалар (жұқа ағаш діңі немесе олардың жоғарғы жағындағы кесіндісі қабықсыз болғандағы қалындығы 3-7 см және ұзындығы 3-6,5 м-ге дейін). Сондықтан жас ағаштарда күтімдік кесулерді жүргізгенде машиналар мен механизмдерді мүлдем қолдануға болмайды.

Қазіргі уақытта күтімдік кесу жұмыстар технологиясы, оларды жүргізуге арналған машиналар мен механизмдерді өңдеп жатыр, яғни олар тұтастай және нақты жұмыс операцияларын орындауы керек. Орман шаруашылығында күтімдік кесу жұмысына арналған орман кесуші машиналары негізгі операцияларды орындайды: ағаштарды құлату, бұтақ пен бұтақшаларды кесу және орманды тасымалдау мықты дамыған бұтақтарын бөлу.

Күтімдік кесулердің басты мәселесі – шаруашылықта маңызы бар жас ағаштардың жұмсақ жапырақтылармен өсіп кету кезінде орманды кесу жұмыстарын механикаландыру. Бұл тұқымдарды жою үшін мотоагрегат «Секор» қолданылады, оның көмегімен нашар ағаштар мен диаметрі 15 см-ге дейінгі талдар кесіледі. Дақылдарда дөңгелегі бар жарықтандырғыш – талкесуші КОМ-2,3, шынжыр табанды КОГ – 2,3 және жарықтандырғыш каток КОК – 2 «Секорға» қарағанда 8-10 есе өнімді жұмыс істейді.Жарықтандырғыш тал кесуші КОМ-2,3 диаметрі 5 см-ге дейін нашар сүректер мен талдарды кесіп,оларды ағаш дақылдар арасына жатқызады, ал КОГ-2,3 жарықтандырушы катогі дақылдардың арасымен жүргенде ағаштар мен талдарды жерге қарай майыстырып, диаметрі 5 см-ге дейін кесіп және біртіндеп бөледі.Жолақтық тәсілмен отырғызылған жас емендерде күту жұмыстарын жүргізгенде роторлық РКР-1,5 кескіші қолданылады, ол жағымсыз өсімдіктерді кесіп, ұсатып жаңқаға айналдырады.

Ормандағы технологиялық жолдарды дайындау үшін (технологиялық құралдардың орналасқан және жүретін орны), соқпақта таңдап кесу, ағаштар бумаларын қалыптастыру, транспорттық жолға жақындатып және дайындауға электрленген ЭЛХА орман шаруашылық агрегаты қолданылады. Ол агрегат өзі жүретін Т-16М шассиінде орналасады және 2 электрлі арамен жабдықталған, олар ағаштарды бұталар мен бұтақшалардан арылтады, сонымен қатар оларды сортименттерге бөледі.

Жас дақылдарда сызықтық сирету жүргізу үшін бумалап-кесуші РПР-1,ал таңдау кезінде кесуші комбайн КРМ-1 қолданылады. Өзі жүретін мотоагрегат СМА-1 сирек қолданылады, ол арқылы қалыңдығы 2-18 см-ге жететін ағаштарды кеседі.

Қысқа мөлшерлі сүректер мен шірпілерді тасымалдау үшін тасымалдау құралын ТПР-1, тасымалдауға көмектесетін тросс сүйрегішті ЛТ-400 және т.б. қолданылады.

Бұтақтар мен бұтақшаларды кесу үшін бензин моторлы бұтақ кесуші БС-1 қолданылады, оның көмегімен диаметрі 15 см-ге дейін өсетін ағаштарды кесуге болады.Механикаландырылған контулы кесушіні қолдану негізінде 2-4 метрлік ағаштар бойындағы бұтақтар мен бұтақшаларды кесу үшін қолданылады.

Орта жастағы және пісіп қалған сүректерде сиректету, сонымен қатар санитарлық, жолақтық кесулер қолданылатын жерлерде машиналар қолдану жұмыстары жеңіл жүргізіледі. Басты күтімдік кесулердегідей, оларды құлату үшін бензинді-моторлы араларды қолданылады. Орманды тасымалдау үшін сүректерді тасымалдауға арналған тракторлар, тасуға арналған құрылғылар қолданылады. Сонымен қатар басты күтімдік кесулердегідей машина мен механизмдер қолданылады. Келешекте орманды тасымалдау үшін телескопты манипулятор тасымалдауышы МТТ-10, гидроманипулятор ЛВ-184,ЛВ-185 қолданылады.

Орман күтімдік кесу жұмыстарына арналған технологиялар және олардың орындалы барысы орман үшін маңызды рөл атқарады. Күтімдік кесу жұмыстары ағаш бітімінің тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оның бағалығын басты қолдану жасына көтеру керек.Күтімдік кесулерге арналған учаскелер магистральді және тасымалдаушы сүйретпелер өте алатындай аралықтарға бөліну керек. Технологиялық жолдардың ені 3-5 м-ден аспауы үшін, оларды орман жолдарымен, визирлермен, соқпақ жолдармен, табиғи алаңқайлармен дәлдеу керек. Аналогиялық тәсілмен тиелетін орындар дайындалады, олардың ауданы 0,20 га (40*50) аспауы керек.Механикадандырылған бригада жұмыстары үшін учаскелер ауданы өндірістің жағдайы бойынша анықталады: ең бірінші таксациондық өлшем, тасымалдаудың орташа аралығы, ол 500 м-ден аспауы керек, ең жақсысы ол 300 м.

Орманның күтімдік кесуіне арналған технологиялық орманды кесу жұмыстары ағаштардың бұтақтары мен тамырларының аз зақымдалуын қамтамасыз ету керек. Технологиялық орман кесу жұмыстарының орм ан өсірушілік және экономикалық бағалығы және қолданылуы технологиялық тордың басымен, санымен, параметрлерімен, дайындалған және тасымалданатын шикізаттың түрімен, техникалық құралдармен жағымсыз ағаштарды алып тастаумен анықталады. Орман шаруашылық тәжірибесінде технологиялық сызбаларды қолданылады, оның негізгісі аралықтардың ені, күтімдік кесудің және отырғылардың түрі болып табылады. Олар арқылы күтім жүргізіледі: жалпақ, орташа, жіңішке.



Жалпақ аралықты технология тазалау және жарықтандыру жұмыстарында қолданылады. Ең алдымен технологиялық жолдар кесіледі, олардың ені 2-2,5 м, ал арасындағы аралық 80-120м. Технологиялық жолдарға тасымалдаушы визир аралығы 20-25м, ені 0,8-10м орнатылады. Жас ағаштарды біркелкі сиретеді, ал хмыз(жіңішке шыбық ұзындығы 2м дейін), орташа және үлкен шыбықтар, сонымен қатар ағаштарды визирлерге тасысмалдап, бумаларға жинайды. Ол бумаларды жүк ауданына шығарады. Технологиялық жолдарда сүйрегіштермен тасымалданатын ағаштарды құлату және шыбықтарды кесу үшін орман шаруашылық агрегаты ЭЛХА, қол моторлы құрал «Секор», бензинді-моторлы ара «Тайга -214» және т.б. қолданылады.Шөпшектер мен ағаштарды тасымалдау үшін ауыр жүк таситын шығыр ЛТ-400, ал технологиялық жолдармен бумаларды тасымалдау үшін тасымалдайтын құрылғылар ТПР-1,ПТН-0,8 агрегатты траторлары Т-40,МТЗ-80/82 қолданылады.

Жалпақ аралықты технология сирету мен күтімдік жолақтақ кесулерде қолданылады. Ағаштарды, шыбықтарды, сортименттерді технологиялық жолдармен тасымалдау үшін ауыр жүк таситын шығырды ЛТ-400, ЛТ-600 пайдаланады. Орманшылық және экономикалық көзқарас бойынша жалпақ аралықты технология орманды кесу жұмыстарына, кәсіпорын аудандарына, орман ортасына аз зақым келтіреді.



Орташа аралықты технология бір және екі есе биік аағаштар үшін 2 нұсқада қолданылады. 1-ші нұсқада аралық,ендік бойынша 1,5-2 есе (40-65м) биік ағаштарды және шыбықтарды тасымалдайды. 2-ші нұсқада жолақ ендігі бойынша 1-1,5 есе биік ағаштар (26-40м) қолданылады. Шыбықтар мен ағаштарды бумаларға орап, тасымалдайды. Орташа аралықты технология көбінесе сирету және жолақтық күтімдік кесулерде пайдаланылады. Мұнда орманды кесу жұмыстарына арналған машиналар мен механизмдер қолданылады.

Жіңішке аралықты технология 16-25 м биіктікті ағаштар үшін қолданылады. Бұл технологияда сирету және жолақтақ кесулерді жүргізу үшін құлатып, бумалайтын машиналар ЛП-2 мен тракторлар ТДТ-55 қолданылады. Машина максималды ұшуы 10,5 м жететін манипулятормен қамтамасыздандырылған.

Технологиялық үрдіс құлатып- бумалайтын машиналармен жүргізіледі. Учаскені өңдердің алдында сирету немесе жолақтық кесу алдында визирлер қолданылады(түзу жолақ ағаштарды белгілеумен анықталады), бал жинайтын жерлер ағаш бітімінің биіктігіне байланысты 16-дан 25 м-ге дейін. Содан кейін ЛП-2 машинасы белгіленген визирлермен технологиялық жолдар жасайды, ені 205-3 м, сонымен қатар жоятын ағаштарды 8-10 метрлік жалпақтығымен кеседі. Учаскелерді өңдеу жұмыстары арғы шетінен бастайды, себебі бумаланатын көлемі 2,4-4 м3 ағаштар технологиялық жолдарда жиналып, Т-157Л тракторымен тасымалданады.

Жіңішке аралықты технологиясында Лп-2 машинасы қолданылып, құлатпау әдісі меңгеріледі. Кесілген ағаштар көтеріліп тік қалпында машинаға апарылады және қалыптастырылған құралдармен артылатын алаңға тасымалданады.

Тоқсандық кесу әдісі күту жұмыстарының түрлерімен әдістерінен қалыптастырылады, сонымен қатар басқа да орман шаруашылық іс- шараларымен біріктіріледі, өйткені орман шаруашылық типтері біркелкі тоқсандарды немесе блоктарды дайындау басқа орман шаруашылық іс-шараларына жатады. Оған жататындар басты кесу учаскені тағайындаумен байланысты, яғни технологиялық жолдарды белгілеумен, арту жұмыстарын анықтап, технологиялық карта құрастырады. Сонымен қатар, тоқсандар немесе блоктар тиеледі де технологиялық жолдармен тасымалданады.

Орманды күту жұмыстарындағы механизацияны қолдану орман шаруашылығында күрделі мәселе. Сондықтан жаңа машиналар мен механизмдерді жаңа негізбен дайындау керек, олардың көмегімен жаңа отырғыларды отырғызып, кесілген ағаштарды құлатпай өсімдіктер арасынан тиімді алып, маңызды орман шаруашылық іс-шараларын жүргізуге болад.

Шет мемлекеттерде (Швеция, Дания, Великобритания,Франция,Германия,Финляндия,Канада,США және т.б.) орманды күту технологиялары өңделіп жатыр, В.Г.Атрохин және И.К.Иевень айтуы бойынша технологиялар 2 бағытпен жүргізіледі: биотехникалық және техникалық. Биотехникалық бағыттағы тазалау және сирету жұмыстарында механизация құралдарын қолдану орман шаруашылықты және орман қорғау ережелерін сақтау қатаң бақыланады. Ең басты мақсат – ол ағаш сүрегінің массасының өсуі, өсірілетін ағаш сүрегінің сапасы мен санын өсіру. Техникалық бағытта негізгі мақсат – ол күтімдік жұмыстар кезінде механизмдерді тиімді пайдалану, сонымен қатар, ерте жастағы коммерциялық ағаш сүректерін алу, өйткені жіңішке ағаш сүректері кеңінен қолданылады.

Күтімдік кесу жұмыстарындағы орындарды тазалау жұмыстары бірте-бірте және таңдаулы кесу жұмыстары сияқты іске асырылады. Күтімдік кесу жұмыстарындағы орындарды тазалау барысында шаруашылық үшін өте бағалы ағаштар, яғни өсіру үшін қалдырылған ағаштарға өте көп көңіл бөлу қажет.Кесілген ағаш қалдықтарын бүкіл жерге шашуға және ұсатуға болады.

Күтімдік кесу жұмыстарының маңызы мен рөлі үздіксіз өсе береді. Бірақ олардың орындалуы, көлемдерді кеңейту үлкен қиындықтармен байланысты, олар орманды күтуді механизациялаудың деңгейінің төмендігі, әсіресе, жас орманда, орман кесу жұмыстарының технологиясы нашар дамығандығы және кіші көлемді төмен сапалы ағаштарды өндірудегі іс-шараларында. Сондықтан төмен тауарлы ағаш сүректерін кеңінен қолдану күтімдік кесу жұмыстарында маңызы ерекше.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет