Орнитология” пәні бойынша “050113” – “Биология”



бет5/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6

Реферат


  1. Құстардың аяқтары мен қол-аяқтарының қызметі

  2. Құстардың ұясының маңыздылығы.

  3. Құстардың ұя салу әдісі

  4. Құстардың ұясының алуан түрлілігі

  5. Құстардың иық белдеуі

  6. Құстардың Тірек-қимыл қызметі

  7. Құстардың рептилийлерден айырмашылығы

  8. Орнитология ғылымымен айналысқан ғалымдар

  9. У. Альдровандидің еңбектері

  10. Кұстар класын зерттеуде Қазақстан ғалымдарының еңбектері.

Құстардың ауыз қуысы және ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері

Құстардың ауыз қуысы және ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Ауыз қуысының негізгі ерекшеліктері

  2. Ас қорыту органдары.

ОБСӨЖ мақсаты: Ауыз қуысының ерекшеліктерімен, ас қорыту органдарымен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқырып теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.

Құстардың ауыз қуысынан түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, ері қатты болса, қаздардың тілі - етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі - өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.

Сілекей бөздері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында. Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды.

Кейбір құстардың өңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын кеңістік болады, оны - жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатын “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.

Өңеш қабырғасы жұқа безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден - етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден - құстың жұтқан ұсақ тастары да әсер етеді. Құстардың аш ішегі едеуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген оларды бір-бірінен ажырату қиын.

Глоссарий


1. Synsacrum

2. Рygostyle


3. Carpus

4. Metacarpus

5. Carpo-metacarpus

6. Scapula


7. Furcula

8. Ccrista sterni

9. Tibio-tarsus

10. Tarso-metatarsus

11. Metatarsus

12. M. Pectoralis major

13. M.deltoideus major және minor

14. T. triceps

15. M.biceps

16. M.flexor digitorum perforans



Құстардың қан тасымалдау органдары

Құстардың қан тасымалдау органдары

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Қан тасымалдаушы органдар.

  2. Олардың атқаратын қызметтері

ОБСӨЖ мақсаты:

ОБСӨЖ мәтіні: Қантасымалдау жүйесі. Омыртқалылардың ішінде алғашқы рет (крокодилдерді еске алмағанда құстарда 4 камералы жүрек пайда болады. Жүректің оң жақ жартысы венозды, сол жағы-артериальды. Қарыншалардан крокодилдердегідей екеу емес тек бір ғана аорта доғасы шығады, бұл функциональдық жағынан өте маңызды. Аорта доғасы, оттегіне қаныққан кан бар, сол қарыншадан шығып оңға орай бұрылады. Одан жұп атсыз артерия шығады. Оң және сол атсыз артериялардан үш жұп артерия басталады. Олар-оттегіне байыған қанды тұлғаның алдыңғы бөлімі мен басқа апаратын - көкірек, бұғанаасты және жалпы ұйқы артериялар. Құстардын алдыңғы аяқтарынан басқа бүкіл организмі арқа аортасынан шығатын қан тамырларымен артериялдық қанмен байланысады, олар аортаның оң доғасына (бауыр, бүйрек және т.т.)

Тұлғаның алдыңғы бөлімінен венозды қан әрқайсысы яремді (бұғалық), бұғанаасты және көкірек веналарынан қалыптасатын оң және сол жоғарғы қуыс веналары арқылы оң құлақшаға құйылады. Оң құлақшаға, сол сияқты, ең ірі венозды тамыр (артқы қуыс вена) келеді. Оған дененің артқы бөліміндегі барлық басқа веналар (өкпе веналарынан басқалары) келіп қосылады. Құстарда тек осыларға ғана тән құйымшақ-шажырқай венасы болады, ол рептилиялардағы құрсақ венасын алмастырады және бауыр қақпа венасына келеді, оған қарын және ішектен қан таситын бірнеше тамыр қосылады. Бауырда барлық омыртқалылардағыдай, қақпа жүйесі түзіледі. Бауырдан бауыр веналары шығып, артқы қуыс венасына келіп құйылады. Құстарда бүйрек қақпа жүйесі біртіндеп редукцияға ұшырайды және тек бұл органның төменгі бөлімінде ғана сақталады. Өкпе веналары өкпеден шығып сол құлақшаға барып, одан сол қарыншаға оттегіне қаныққан қан апарады.


Тест сұрақтары

1. Құстардың жүрегі неше камералы?

А) 6


Ә) 4

Б) 5


В) 8

2. Егер жүрек лүпілі тыныштық кезінде минутына 60 рет соқса, ал ұшуда ол қаншаға дейін көтеріледі?

А) 6 %


Ә) 3 %

Б) 2 %


В) 5 %

3. Тез ұшатын және белсенді тіршілік ететін түрлердің жүрегі дене массасының қанша %-н құрайды?

А) 6


Ә) 3

Б) 2


В) 4

4. Құстардың иық белдеуі немен байланысқан?

А) Жауырын және аша тәрізді бұғанамен

Ә) қанаттарымен

Б) Сегіз көзбен және бел омыртқаларымен

В) Төспен және сегізкөзбен

5. Құстардың қанаттары қандай сүйектен тұрады?

А) Иық сүйектен және иықалды сүйектен

Ә) Бұғана мен төстен

Б) сегізкөз бен бел омыртқаларынан

В) Каракойдтан

6. Құстардың саусақ буындары не деп аталады?

А) білезікаралық

Ә) Иық белдеуі

Б) Саусақтары

В) Қолы

7. Құстардың жамбас белдеуі қандай?

А) ашық


Ә) жабық

Б) көлденең орналасқан

В) ойыс

8. Құстардың артқы аяқтары қандай бөлімнен тұрады?

А) Саннан, сирақтан

Ә) төс пен бұғанадан

Б) жақ аппараттарынан

В) Күрделі сегізкөзден

9. Әдетте құстардың саусақтары нешеу?

А) 4


Ә) 5

Б) 7


В) 9

10. Жақсы ұшатын құстардың кеуде бұлшық еттері түсі қандай?

А) ақ


Ә) сары

Б) қара


В) ал қызыл

11. Артқы аяқтың бұлшық еттерінің құрамына қанша бұлшық ет жатады?

А) 20


Ә) 10

Б) 30


В) 45

12. Құстардың безді қарындағы күрделі бездің неше типі бар?

А) 2


Ә) 3

Б) 1


В) 5

13. Құстарда ас қорыту секреттерін бөлетін қарын

А) етті қарын

Ә) қарын бездері

Б) безді қарын

В) он екі елі ішек

14. Безді қапшықтардың тереңдігі қанша

А) 3 мм


Ә) 4 мм

Б) 8 мм


В) 10 мм

15. Қоректік заттардың механикалық және химиялық өңдеуі жүретін қарын?

А) Жемсау

Ә) Етті қарын

Б) Безді қарын



16. Құстардың асқорыту жолы немен аяқталады?

А) Фабриций қалтасымен

Ә) Клоакамен

Б) Ішекпен



17. Фабриций қалтасы қайда орналасқан?

А) Ішекте

Ә) Өңеште

Б) Клоаканың үстінде



18. Қарын қандай бөлімдерден тұрады?

А) Безді және бұлшықетті бөлімнен

Ә) Өңеш және жемсаудан

Б) Қарын және ішек бөлімдерінен



19. Құстардың тыныс алу жүйесі қандай қапшықтардан тұрады?

А) кеңірдек, бронхылардан

Ә) ауа қапшығынан

Б) өкпеден және жұқа қабырғалы қапшықтан



20. Құстарда қанша ауа қапшығы болады?

А) 8


Ә) 9

Б) 10


В) 45

21. Құстарда қандай бездер болады?

А) Тері бездері

Ә) Май бездері

Б) Құйымшақ бездері



22. Құстардың жүрегі неше камералы?

А) 6


Ә) 4

Б) 5


В) 8

23. Егер жүрек лүпілі тыныштық кезінде минутына 60 рет соқса, ал ұшуда ол қаншаға дейін көтеріледі?

А) 6 %


Ә) 3 %

Б) 2 %


В) 5 %

24. Тез ұшатын және белсенді тіршілік ететін түрлердің жүрегі дене массасының қанша %-н құрайды?

А) 6


Ә) 3

Б) 2


В) 4

Құстардың он екі елі ішегінің атқаратын қызметі

Құстардың он екі елі ішегінің атқаратын қызметі

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Құстардың он екі елі ішегінің атқаратын қызметі

  2. Оның ас қорытудағы маңызы.

ОБСӨЖ мақсаты: Он екі елі ішектің атқаратын қызметін, оның маңыздылығын таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Ішек 12-елі ішекпен басталады, оған бауыр мен ұйқы безінің өзектері ашылады және онда сілтілік ортада, асқорытылу жүреді. Құстардың ащы ішегінде бүрлер байқалады, олар сүтқоректілердегідей және біршама күрделі. бірақ толық зерттелмеген. Құстардың ащы ішегі салыстырмалы түрде ұзын, ішінен бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен төселген. Эпитолиоциттер арасында мукоциттер өте көп. Бұл бөлімнің сілемейлі төсеніші ішектің ұзына бойына көптеген бүрлер мен қатпарлар түзейді. Бұл өсінділер сүтқоректілер бүрлеріне қарағанда қарапайым құрылысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда құстардың 12-елі ішегінің бүрлерінің түбі бірігіп, біршама терең крипталар түзеді, онда қарқынды түрде пролиферация процестері жүреді. Басқа жағдайларда бүрлер түбімен бірікпейді, бірақ бөрібір крипталар жақсы байқалады. Ащы ішектің каудальды бөлімінде, көпшілік жағдайда, бүрлері бірімен-бірі бірігіп, төменгі сатыдағы омыртқалыларға тән ұзынша және көлденең қатпарлар құрайды. Құстардың тоғы ішегі өте кішкентай болады және мукоциттер көп қабатты жалпақ эпителиймен төсенген. Ащы және тоғы ішегі шекарасында жұп тұйық қапшық орналасқан, ол кейбір құстарда "ашытқыш ыдыс" торсық қызметін атқарады, онда ашу процестері ары қарай дамиды.

Құстардың асқорыту жолы клоакамен аяқталады, оның үстінде Фабриций қапшығы орналасады, ол балапандарға ғана тән және оларды лимфатикалық клеткалармен қамтамасыз етеді. Кейбір түрлерде клоакамен копулятивтік (шағылысы) қосалқының дамуы байланысты.



Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет