Орнитология” пәні бойынша


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет10/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
    Бұл бет үшін навигация:
  • 9. Pecten

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Глоссарий

1. Larinx

2. Syrinx


3. Riparia riparia

4. R. diluta

5. Rtyonoprogne rupestris

6. Hirundo rustica

7. Panurus biarmicus

8. Aegithalos caudatus


9. Pecten

10. v. Intralo bularis

11. a. Intralobularis


12. Vassafferenes

13. Glomeruli

14. Renalis advehers

15. v. inter lobularis


тест тапсырмалары:

1. Қазіргі уақытта құстардың неше отряды бар?

А) 31


Ә) 4-7

Б) 10-15


В) 25-30

Г) 40-50


2. Қазіргі уақытта құстардың неше түрі бар?

А) 9500


Ә) 4-7

Б) 10-15


В) 25-30

Г) 40-50


3. Құстардың 1 класс тармағы не деп аталады?

А) Нағыз құстар

Ә) Құстар

Б) Үйректер

В) Қаз

Г) Құс


4. Қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер неше отрядқа бөлінеді?

А) 4


Ә) 7

Б) 10-15


В) 25-30

Г) 40-50


5. Африка түйеқұстарының аталықтарының биіктігі?

А) 260-275 см

Ә) 4-7 см

Б) 10-15 см

В) 25-30 см

Г) 40-50 см

6. Африка түйеқұстарының аталықтарының салмағы?

А) 90 кг


Ә) 7 кг

Б) 10-15 кг

В) 25-30кг

Г) 40-50 кг

7. Америка түйеқұстары немесе нандудың биіктігі?

А) 150 см

Ә) 4-7 см

Б) 10-15 см

В) 25-30 см

Г) 40-50 см

8. Америка түйеқұстары немесе нандудың салмағы?

А) 20 кг


Ә) 7 кг

Б) 10-15 кг

В) 25-30кг

Г) 40-50 кг


8-апта

ОБСӨЖ №23

ОБСӨЖ тақырыбы: Қырлы төстілер.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Гагар тәрізділер немесе маймаққаздар - Gaviiformes. Гагар тұқымдасына жататын құстардың түрі.

2.Паганкалар - Podicipediformes. Паганакалардың қоректенуі.
ОБСӨЖ мазмұны: Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар.

1 класс тармағы – нағыз құстар

1 отряд үсті – қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер. бұл отряд үстіне 4 отряд кіреді.

1-Африка түйеқұстары

2-Амерка түйеқұстары немесе нанду

3-Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар

4-Қанатсыздар немесе кивилер

2 отряд үсті. Пингвиндер.

1-отряд. Пингвиндер.
3 отряд үсті. Қырлы төсті құстар. Бұл отряд үсті өзіне 20 отрядты біріктіреді.

Отряд үсті тармағы. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: Бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарының болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Бұл құстардың төсіндетерісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен. Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір мүшесі басқа органдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын әрі мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны3, немесе 2-ге дейін қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады.

Африка түйеқұстары (Struthioniformes).

Осы замандағы құстардың ең ірісі (Struthio camelus) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркектерінің бойының биіктігі 260-275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі – аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кезде құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр – сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді-далалы аймақтарында кездеседі. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2-3 метрді алады. Олардың негізгі қорегі - өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кемірушілер, рептилийлер, насекомдар болып табылады.




Түйеқұс тәрізділер. Солдан оңға қарай: Африка түйе құсы, қарапайым нанду, дарвин нандуы.
Америка түйеқұстары. Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақтарында оның екі түрі тараған. Көбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rea americana). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5-7 ұрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Ұрықтанған ұрғашылары жұмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын еркектері ғана басады. Олар жұмыртқадан шыққаннан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 20-30 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебінде өсіреді.

Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар (casuariiformes). Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді.Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.

Бір ұяда 7-16 жұмыртқа болады, инкубация кезеңі орта есеппен 52 күнге созылады. Қоректері негізінен өсімдіктер. егер оларды дұрыс асырап күтсе, бізде орталық және солтүстік зоопарктерінде көбейеді. Ересектері суыққа төзімді болады. Дымқылды көтере алмайды.




Австралия түйеқұстары немесе казуар,айдарлы казуар, эму, қарапайым киви.
Қазуарлар туысына Жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі. Қазуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олардың жалпы түсі қара, қауырсындары ұзын қылтық сияқты болады. Қазуарлар ыстық жақтың ағашты бөлімдерінде тіршілік етеді. Көбею және қоректенуі негізінен эмуға ұқсайды.


8-апта

ОБСӨЖ №24

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Ескек аяқтылар. Дегелек тәрізділер.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Есекек аяқтылар отрядына жалпы сипаттама.

  2. Дегелек тәрізділер отряды.



ОБСӨЖ мақсаты: Ескек аяқтылар мен дегелек тәрізділер отрядына жалпы сипаттама беру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет