Орнитология” пәні бойынша


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет11/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Бақылау сұрақтары


1. Ескек аяқтылар, бірқазандар тұқымдасы?

2. Су құзғындар тұқымдасы жайлы түсінік?

3. Дегелектер тұқымдасы ?

4. Ивистер тұқымдасы?

5. Құтан тұқымдасы?

Тест сұрақтары

1. Ескек аяқтылар отрядына қанша түр кіреді?

А) 55


Ә) 11

Б) 110


В) 40

2. Қазақстанда қанша бірқазандар түрі кездеседі?

А) 2

Ә) 3


Б) 4

В) 5


3. Дегелектер қанша жұмыртқа салады?

А) 3-5


Ә) 6-10

Б) 5-10


В) 20-30

4. Дегелек тәрізділер - дене мөлшері?

А) Ұзын, Ірі, ұзын аяқты

Ә) Жәндіктер, өсімдіктер

Б) Жыландар, құстар

В) Тасбақалар, құрбақалар

Г) Паразитті қоректенеді

5. Ескекаяқтылардың негізгі қорегі:

А) Балықтар және омыртқасыз жануарлар

Ә) Жәндіктер, өсімдіктер

Б) Жыландар, құстар

В) Тасбақалар, құрбақалар

Г) Паразитті қоректенеді

6. Дегелектің ұзындығы қанша метр?

А) 1 метрге жуық

Ә) 3 метр

Б) 5 метр

В) 0,5 метр

Г) 1,5 метр

7. Дегелектер Қазақстанның қай жерлерінде мекендейді?

А) Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл обылысы

Ә) Солтүстік Қазақстан

Б) Батыс Қазақстан

В) Шығыс Қазақстан

Г) Орталық Қазақстан

8. Ақ дегелек немен қоректенеді?

А) Жәндіктер, бақа, кесіртке, балапандар және көжектермен

Ә) Жыртқыш жануарлармен

Б) Өлекселермен

В) құстармен

Г) Өсімдіктермен

9. Дегелектер қанша жұмыртқа салады?

А) 3-5

Ә) 6-10


Б) 5-10

В) 20-30



9-апта

ОБСӨЖ №25

ОБСӨЖ тақырыбы: Қаз тәрізділер – Anseriformes. Аққулар тұқымдас тармағы.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Қаздар тұқымдас тармағы.

2.Өзен үйректері тұқымдас тармағы.
ОБСӨЖ мазмұны: Отряд. Ескек аяқтылар (Steganopodes). Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусағы кейін қарай емес ішіне қарай қараған құстар, тұмсығы ұзын. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді.

Бірқазандар тұқымдасына өте ірі тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығына орналасқан созылғыш тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы иілмек тәрізді иілген. Мойны ұзын, жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауларында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жайылмаларына өсімдік тектес заттардан бегет жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Олар жақсы жүзгенімен суға сүңги алмайды. Бірқазандардың қорегі балық.
Дегелек, қазтәрізділер, күндізгі жыртқыштар, тауық тәрізділер отряды

 

 Жоғарғы қатар. Құтан тұқымдасы. Солдан оңға қарай : көк құтан, үлкен ақ құтан, сары құтан, үлкен выпь. Төменгі қатар. Солдан оңға қарай : волчок ,кваква, қарапайым қолбақай.

 

Отряд. Дегелек тәрізділер - дене мөлшері әртүрлі, көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып ата аналары қоректендіреді. Артика мен Антрактидадан басқа жердің барлығына тараған.




9-апта

ОБСӨЖ №26

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Тауық тәрізділер. Тырналар.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Тауық тәрізділер.

  2. Тырналар, сутартарлықтар, дуадақтар, балықшылар отрядтары.


ОБСӨЖ мақсаты: Тауық тәрізділер мен тырналарға жалпы сипаттама беру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Тест сұрақтары

1. Тауық тәрізділер отрядына қанша түр кіреді?

А) 253


Ә) 535

Б) 335


В) 100

2. Қазақстанда тауықтар отрядының қанша түрі кездеседі?

А) 13

Ә) 15


Б) 25

В) 100


3. Тырнатәрізділер отрядына жататын түрлердің салмағы

А) 30 г-нан 16 кг-ға дейін

Ә) 100 г-300 г

Б) 50 г-60 г

В) 1000 кг

4. Тауықтардың бас нерв жүйкесі қанша жұптан тұрады?

А) 4

Ә) 6


Б) 12

В) 8


5. Қазақстанда қанша бірқазандар түрі кездеседі?

А) 2


Ә) 3

Б) 4


В) 5

6. Тырналардың омыртқа жотасының мойын бөлімінде неше омыртқа бар?

А) 110-112

Ә) 14-17


Б) 20-25

В) 40-50


7. Тауықтардың жемді сақтайтын мүшесі?

А) Жемсау

Ә) Ауыз қуысы

Б) Мұрны

В) Ішегінде

Г) Аяқтарының арасында

8. Тауықтәрізділер қандай балапан туады?

А) Ширақ


Ә) Қызылшақа

Б) Тірідей

В) Өлідей

Г) Дұрыс жауап жоқ

9. Тауықтардың жүрегі неше камералы?

А) 4


Ә) 5

Б) 3


В) 2

Г) 6


10. Тырналар қайда мекендейді?

А) Батпақта

Ә) Таулы жерде

Б) Орманды жерде

В) Үйде

Г) Дұрыс жауап жоқ



11. Тауықтәрізділердің есту мүшесі неден тұрады?

А) Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтан

Ә) Ортаңғы құлақтан

Б) Сыртқы құлақтан

В) Ішкі құлақтан

Г) Ортаңғы, ішкі құлақтан


Бақылау сұрақтары

  1. Тауықтардың құрылысындағы ерекшеліктер?

  2. Тырналардың құрылысындағы айырмашылықтар?

  3. Тырналардың мекен ету ортасы ?

  4. Тауықтәрізділердің айырмашылықтары?

  5. Тауықтәрізділердің есту мүшесі?

  6. Тауықтардың жүрегі неше камералы?


9-апта

ОБСӨЖ №27

ОБСӨЖ тақырыбы: Сутатарлықтар - (Rallifomec). Тауық тәрізділер.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Тауық тәрізділер. Сутатарлықтар тұқымдасы.

2. Тырналар, сутартарлықтар, дуадақтар, балықшылар отрядтары.

Сутатарлықтардың маңызы.


ОБСӨЖ мазмұны: Отряд: Тауық тәрізділер. Тауық тәрізділер барлық жерелерде тараған. Олардың денелері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түрлері - ұрпақтарына қамқорлықты аналықтары ғана атқарады. Балапандары жұмыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шығарылады.

Тауық тәрізділер. Жоғарғы қатар солдан оңға қарай: бұта күркесі(сорные куры), қырғауылдар тұқымдасы(қарапайым бөдене, сұр шіл, қырғауыл) Төменгі қатар. Солдан оңға қарай:қарапайым бұлдырық, кәдімгі меңіреу құр,рябчик, тундра кекілігі.


Тырнатәрізділер. Жоғарғы қатар солдан оңға қарай: африкалық үш саусақ, тырналар (сұр тырна, ақ тырна, тәжді тырна) Төменгі қатар. Солдан оңға қарай: арама, коростель қарапайымқамысты погоныш.

Отряд: Тырналар - ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.


10-апта

ОБСӨЖ №28

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Балшықшылар. Чистиктер.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Балшықшылар отряды.

  2. Чистиктер отряды.


ОБСӨЖ мақсаты: Балшықшылар мен чистиктерге жалпы сипаттама беру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет