Орнитология” пәні бойынша


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет12/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Реферат


  1. Балшықшылар (Charadriformes) түрлері

  2. Балшықшылардың жыл мезгіліне байланысты түлеуі

  3. Балшықшылардың аталықтарының түлеуі

  4. Шағалалардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі

  5. Құстардың биологиялық ритмі неге байланысты

  6. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар

  7. Батпақты шалғын құстардың мекен ортасы?

  8. Бұталы орман құстарына жататындар



Тест тапсырмасы

1. Нағыз шалшықшылардың Қазақстанда қанша түрі мекендейді?

А) 27 түрі

Ә) 25 түрі

Б) 40 түрі

В) 15 түрі

Г) 12 түрі

2. Балшықшылар тұқымдасының ТМД мен Қазақстанда бірдей қандай түрлері бар?

А) Қарала шалшықшы

Ә) Қоңыр шалшықшы

Б) ала шалшықшы

В) қоңыр қара шалшықшы

Г) сары шалшықшы

3. Қарала балшықшылардың тұмсығы қандай?

А) Ұзын, әрі тік, екі бүйірінен қысыңқы

Ә) Жалпақ доғалдау келген

Б) Қысқа тік, бүйірі жалпақ

В) Ұзын, басы иілген

Г) Қысқа басы иілген

4. Шалшықшылар ұясын қандай жерге салады?

А) Тау өзендерінің қиыршық тасты жағалауына

Ә) Ашық далалы жерлерге

Б) Үй, баспана ішіне

В) ағаштардың басына

Г) Ағаштардың қуыстарына

5. Шалшықшылар отряды қай жылы «Қызыл кітапқа» тіркелген?

А) 1996 ж

Ә) 2000 ж

Б) 1998 ж

В) 1897 ж

Г) 1902 ж

6. Тауқұдіреттектестер қай жерлерде мекендейді?

А) Ылғалды ормандардың ашық алаңдарында

Ә) Теңіз-көл жағалауларында

Б) Үй, баспаналарда

В) кез келген жерлерде

Г) Африка мен Америкада

7. Балшықшылар тұқымдасүстінің Қазақстанда қанша түрі мекендейді?

А) 27


Ә) 100

Б) 500


В) 1

8. Бізтұмсықтектестер тұқымдасының салмағы қанша

А) 500 г

Ә) 1000 кг

Б) 25 кг

В) 100 г


9. Чистиктердің саусақ саны қанша

А) 3


Ә) 5

Б) 50


В) 10

10-апта

ОБСӨЖ №29

ОБСӨЖ тақырыбы: Тотылар. Балшықшылар Көгершіндер - (Columbiformes)және Көкектер.

ОБСӨЖ жоспары:

1. Балшықшылар (Charadriformes).

2. Тотылар (Psittaciformes).

3. Көкектердің түрлері. Көкектердің жұмыртқалауы.


ОБСӨЖ мазмұны: Отряд. Балшықшылар (Charadriformes). Бұлардың көпішілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі.

Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200 ге түрі белгілі, бізде оның 50 ден аса түрі кездеседі.

Қызғыштар бізде кең тараған, желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батпақты және сазды көгал жерлерге салады.

 


Шағалалар. солдан оңға қарай : ақ шағала, сұр шағала, клуша, өзен шағаласы.

Отряд. Чистиктер (Alciformes).

 Чистиктер - жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері де кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар.



Отряд. Тотылар (Psittaciformes). Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құстар. Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауытымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.

Отряд. Ешкіемерлер (Psittaciformes).

Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн құстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік өткен ортасына сай сұр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерлерді байқау қиын, өйткені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.

Ешкіемерлер - түн, іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдардың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Бұлар тек суық жақта ғана болмайды, бізде құрғақ орманды жерлерде – кәдімгі ешкіемер кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1-2 жұмыртқа болады. Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс.

 Тоты тәрізділер. Жоғары қатар солдан оңға қарай : айқын түсті ара, көк сары ара, пальма какадуы, инка какадуы.



Төменгі қатар солдан оңға қарай : Толқынды тоты, жако, Жапалақ тоты, түрлі-түсті лорикент.


Солдан оңға қарай: Көкек тәрізділер (қарапайым көкек, сия көкек турако), ешкіемерлер (қарапайым ешкіемер, гуахаро).


10-апта

ОБСӨЖ №30

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Тотылар. Ешкіемерлер.

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Тотылар отряды

  2. Ешкіемерлер отряды.


ОБСӨЖ мақсаты: Тотылар отряды мен ешкіемерлер отрядымен таныстыру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет