Орнитология” пәні бойынша


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет13/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Глоссарий


1. Psittaciformes

2. Ara


3. Cacatuinae

4. Psittacus

5. Nestor

6. Caprimulgis luropalus


7. Carinatea


8. Podicipediformes

9. Gaviiformes


10. Pholacrocoridae



Тест тапсырмасы

1. Жапалақ тоты қайда мекендейді?

А) Жаңа Зеландияда

Ә) Америка

Б) Африка

В) Австралия

2. Ешкіемерлер қай уақытта тіршілік етеді?

А) Түнде


Ә) Күндіз

Б) түсте


В) таңда

3. Америкада тотының қандай түрі мекен етеді?

А) Айқын түсті ара

Ә) Сұр жако

Б) Айдарлы какаду

В) Жапалақ тоты

4. Тотытектестер тұқымдасы қай аудандарда кең тараған?

А) Тропика және субтропикалық аудандарда

Ә) Тропикада

Б) Арктикада

В) Антарктидада

Г) Европада

5. Тотылардың салмағы қаншаға дейін барады?

А) 10 г-нан 1 кг-ға дейін

Ә) 15 г-нан 150 г-ға дейін

Б) 1 кг-нан 10 кг-ға дейін

В) 10 кг-нан 15 кг-ға дейін

Г) 10 г-нан 15 г-ға дейін

6. Тотылардың аяғының саусағының саны қанша

А) 4


Ә) 4-5

Б) 5-6


В) 2

Г) 10


7. Тотылардың миының жарты шарының үлкен болуы осыған орай қандай қабілеті жақсы дамыған?

А) Ассоциативті қабілеті

Ә) Көру қабілеті

Б) Сезу қабілеті

В) Жылау қабілеті

Г) Ойлау қабілеті

8. Есте сақтау және дыбыс қайталау қабілеті қай құстарда жақсы дамыған?

А) Тотыларда

Ә) Тоқылдақтарда

Б) Торғайларда

В) Шымшықтарда

Г) Шағалаларда

9. Тотылардың негізгі қорегі не?

А) Өсімдіктектес азықтар

Ә) Насекомдар

Б) Жануарлар

В) Балықтар

Г) Қояндар

10. Тотылар ұясына қанша жұмыртқа салады?

А) 2-8


Ә) 5-6

Б) 4-5


В) 10-15

Г) 20-25


11. Тотылардың шығарған балапандары қандай?

А) Қызылшақа

Ә) Ширақ

Б) Тірідей

В) Түксіз

Г) Түкті


12. Тотытектестерде қанша түр бар?

А) 324


Ә) 384

Б) 355


В) 366

Г) 234


13. Тотытектестердің өкілдері қанша тұқымдас тармағына бөлінеді?

А) 3


Ә) 5

Б) 6


В) 10

Г) 15

Бақылау сұрақтары


1. Айқын түсті ара жайлы жалпы түсінік?

2. Жапалақ тоты жайлы түсінік?

3. Ешкіемерлер отрядына жалпы түсінік?


11-апта

ОБСӨЖ №31

ОБСӨЖ тақырыбы: Жaпалақтар - Strigiformes. Торғай тәрізділер - Passeriformes
ОБСӨЖ жоспары:

1.Ақ жапалақ.

2.Үншіл торғайтәрізділер.

3. Бозторғайлар.


ОБСӨЖ мазмұны: Отряд. Жапалақтар Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш құстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағұрлым алыстау тұрады. Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұрады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200 - ге жуық түрлері бар. Ал бізде 20 - дай түрі кездеседі. Балапандары әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Жапалақтар. Жоғарғы қатар солдан оңға қарай : үй байғызы, ақ жапалақ, құлақты жапалақ.

Төменгі қатар солдан оңға қарай: үкі, неясыть, сипуха.
Отряд. Торғай тәрізділер

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жартысынан көбі жатады, оның 5000-ға жуық түрі белгілі. Сыртқы пішінімен мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы каролек, оның салмағы 5 - 6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100 - 1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерде мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай терізділер үш отряд тармағына белінеді.

1. Үншіл торғай тәрізділер. Тропиктік ұсақ орман құстар 1000 - ға тарта түрі белгілі 11 тұқымдасқа топтасады.

2. Жалған жыршы торғай тәрізділер. Бұған Австралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы - лиралар.

3. Жыршы торғай тәрізділер. Бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген. 5-7 пар дыбыс еттері блады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 52 тұқымдасқа бірігеді. Олардың түрлері:

 


Торғай тәрізділер. Жоғарғы қатар солдан оңға қарай : Жасыл калиптомент, сары печник, үлкен лира құс, жұмақ құс, дала бозторғайы.

Төменгі қатар солдан оңға қарай : Қала қарлығашы, қаратамақ, жулан, оляпка, нектарник.

Босторғайлар далада шөлді жерлерде, тіршілік өтетін ұсақ құстар, артқы саусағының тырнағы түзу және ұзын. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды.

Қарлығаштар - өте тез ұшатын ұсақ құстар, олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып, қағып ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың 3 түрі қыстау қарлығашы, қала қарлығашы, жаға қарлығашы кездеседі.



Торғай тәрізділер. Жоғарғы қатар солдан оңға қарай: қарапайым снегирь, пуночка, кәдімгі қараторғай, болга қараторғайы.

Төменгі қатар солдан оңға қарай : Құзғын қарға, ұзақ, галка, солтүстік сойка, сауысқан.

 

Қарғалар - дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бір сыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік өтеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа - құзғын, қарға, ұзақ, сауысқан, және т.б. жатады.



11-апта

ОБСӨЖ №32

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Жапалақтар. Торғай тәрізділер.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Жапалақтар отряды.

  2. Торғай тәрізділер отряды.


ОБСӨЖ мақсаты: Жапалақтар отряды мен торғай тәрізділер отрядына жалпы түсінік беру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет