Орнитология” пәні бойынша


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет4/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Глоссарий


  1. Птерилиялар;

  2. Аптериялар;

  3. Аmniota;

  4. Sauropsida;

  5. Neornithes;

  6. Aves;

  7. Қауырсындар құрылысы;


Бақылау сұрақтары:

  1. Құстардың денесінің ерекшеіктері?

  2. Жабын қауырсындардың маңызы?

  3. Мамық қауырсынның ерекшеліктері?


1-апта

ОБСӨЖ №3

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың тірек-қимыл жүйесі.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Құстардың қаңқасының құрылысы.

2.Құстардың қаңқасының құрылысы басқа омыртқалардың қаңқасынан ерекшелігі
ОБСӨЖ мазмұны: Тірек-қимыл жүйесі. Құстардың қаңқасының басқа құрлық омыртқалыларының қаңқасымен көптеген ұқсастықтары бар, деседе ұшатын жануарларға тән көптеген бейімдеушілік ерекшеліктерге ие.

Құстардың қаңқасы бассүйектен, тірек қаңқасы және онымен байланысатын көкірек клеткасынан, сол сияқты аяқтары мен олардың белдеулерінің (иық және жамбас) қаңқасынан тұрады.

Құстардың бас қаңқасындағы сүйектер рептилияға ұқсас, бірақ оларда тек осы класс өкілдеріне ғана тән көптеген ерекшеліктер болады. Бас қаңқасындағы сүйектер жұқа, іші ауаға толы, осыған қарамастан олар жеткілікті түрде мықты болып келеді. Ми сауытының көлемі біршама үлкен және қарақұс тесігі рептилиялардағыдай артқа емес, құстарда астына қарай бағытталған. Қазіргі құстардың жақтарында тістері болмайды, жақтары тұмсыққа айналған, ол түрлі отряд өкілдерінде әртүрлі пішінді. Бас қаңқасындағы сүйектер бір-бірімен жік түзбей бірігеді, сол себепті ересек құстарда сүйек аралық жіктер білінбейді. Бір ғана төменгі доға болады. Осыған қарамастан құстардың бассүйегін редукцияланған диапсидті типке жатқызуға болады. Құстардың үстіңгі тұмсығы үшін кинетизм (қозғалмалық) тән, бұл шайнау бұлшық еттерімен бірігіп тұмсықтың жемтік ұстау, ұя салу және т.т. кезінде жіктелген қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді.

Қорек типтері және оны ұстау сипатына түрліше бейімделушілік, ұсақтау және ұстап тұру таңдай-жақ аппаратының құрылымының алуантүрлілігіне алып келді. Паркер (1866) және Гексли Томас Генри (1867) Бұл құрылымның негізгі төрт типін ажыратты, дегенмен құстардың көптеген түрлерінде оның құрылымында әртүрлі аралас формалар да кездеседі.

Скелеттің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар:


  1. Алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы.

  2. Барлық скелеттің жеңіл әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде қуыстың болуынан, ал беріктігі – даму кеезңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.

Бассүйек қаңқасының үш типінен - схизо-, десмо- және эгитогнатикалық типтердің ішінен - алғашқысы болып схизогнатикалық тип, ал одан басқа екеуі кейін пайда болған деп есептеледі.

Құстардың тұлға қаңқасы бес бөлімнен – мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық бөлімінен тұрады. Әрбір бөлімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Мойын бөлімінде 11-ден 25-ке дейін гетероцельді омыртқа болады. Омыртқаның алдыңғы және артқы беті ер тәрізді, Бұл мойын бөлімінің өте қозғалмалы болуын (бас 270°-қа дейін бұрыла алады) қамтамасыз етеді. Бірінші мойын омыртқа – сақина тәрізді атлант (ауыз омыртқа), ал екіншісі –тіс тәрізді өсіндісі бар эпистрофей (білік омыртқа).

Құстардың кеуде бөлімінде бір-бірімен қозғалмайтындай болып бекінген 3-10 омыртқа бар, олар ұшу кезінде жұмыс жасайтын қанатқа мықты тірек болады әрі қозғалмайды және ұшу қозғалысына өзінің тербелісімен кедергі келтірмейді. Көкірек клеткасы 5-6 жүп қабырғадан құралған, ол арқа және құрсақ бөлімінен тұрады, Бұлар бір-бірімен қозғалмалы байланысқан. Қабырғаның жоғарғы бөлімі кеуде омыртқасының денесі және оның көлденең өсіндісімен байланысқан. Қабырғаның арқа бөлімінде ігектәрізді өсінді болады, ол көрші қабырғаның үстінде жатып, көкірек клеткасына беріктік береді. Жұқа әрі жалпақ (кейде жіңішке) және ұзын сүйекті тақтайшадан түзілген төсте қыр сүйегі (crista sterni) болады). Қыр сүйегі мен төстің аралығында үлкен кеуде бұлшық еттері орналасады, олар ұшу кезінде қарқынды жұмыс атқарады. Қыр сүйегі түйеқұстарда болмайды, бірақ ұшпайтын пингвиндерде жақсы дамыған, олар жүзу кезінде қанаттарымен жұмыс жасап, су қабатында «ұшады».

Бел омыртқалары екі сегізкөз және құйрық омыртқаларының бірнешеуімен тұтасып қозғалмайтын күрделі сегізкөз (synsacrum) түзейді. Оны құрауға түрлі құстарда 10-нан 22-ге дейін омыртқалар қатысады. Сонымен қатар, күрделі сегізкөзбен жамбас сүйектері де бірігіп, артқы аяқтар үшін жақсы тірек болады.

Құстардың иық белдеуі күшті коракоидтан тұрады, ол қанатқа тірек қызметін атқарады және төспен Бұлшық еттер арасында сусымалы орналасқан жіңішке жауырынмен (scapula) және аша тәрізді бұғанамен (furcula) байланысады. Бұғаналардың астыңғы ұштары бір-бірімен бірігіп кетсе, ал жоғарғылары иық буыны аймағында коракоидтарды тіреп, олардың ұшу кезінде бір-біріне жақындамауын жүзеге асырады.

Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, онда құрлықта жүруге бейімделген бессаусақты аяқтың негізгі элементттері сақталған, бірақ ерекшеліктер болады.




2-апта

ОБСӨЖ №4

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың таңдай-жақ аппаратының түрлі типтері
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Дромеогнатикалық тип.

  2. Схизогнатикалық тип

  3. Десмонгнатикалық тип.

  4. Эгитогнатикалық тип.



ОБСӨЖ мақсаты: Құстардың таңдай-жақ аппаратының түрлі типтерімен таныстыру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Бақылау сұрақтары


1.Cхизогнатикалық тип қандай қызмет атқарады?

2.Десмогнатикалық типтің орналасуы және қызметі?

3.Эгитогнатикалық типтің атқаратын қызметі мен ерекшелігі?

4.Дромеогнатикалық типтің қызметі?

5.Құстардың қаңқасының басқа құрлық омыртқаларымен ұқсастықтары?

6.Құстардың қаңқа сүйектерінің негізгі ерекшеліктері?



Тест

1. Құстардың таңдай-жақ аппарат құрылымының төрт түрлі типін ажыратқан ғалымдар?

А) Паркер мен Гексли Томас Генри

Ә) У.Альдрованди

Б) К.Геснер мен Д.Рим

В) А.Ф. Миддендорф, И.Г. Вознесенский

Г) Северцов пен Рим

2. Қазіргі құстардың жақтарында не болмайды?

А) Тістері

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

3. Бас қаңқасындағы сүйектер бір-бірімен нек түзбей бірігеді?

А) Жік түзбей

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

4. Құстардың үстіңгі тұмсығы үшін қандай ерекшелік тән?

А) Кинетизм (қозғалмалық)

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

5. Қорек типтері және оны ұстау сипатына түрліше бейімделушілік, ұсақтау және ұстап тұру қандай мүшесінің құрылымының алуантүрлілігіне алып келді?

А) Таңдай-жақ аппараты

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі



6.Өре сүйегі жалпақ, ол алдынан жақ сүйектердің таңдай өсінділерімен түйісетін тандай-жақ аппаратының типін ата?

А) Дромеогнатикалық тип

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) Таңдай-жақ аппараты

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

7. Өре сүйегінің алдыңғы жағы үшкір, ал артқы жағы айыр, соңғы ұшымен ол тұмсықтың парасфеноидының ұшын қоршап жататын таңдай - жақ аппараты не деп аталады?

А) Схизогнатикалық тип

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) Таңдай-жақ аппараты

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

8. Өре сүйегі кішкентай, жіңішке, алдына қарай үшкір, бірақ жақ сүйектерінің таңдай өсінділері бір-бірімен біріге алатын аппаратты ата?

А) Десмогнатикалық тип

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі

9. Өре сүйегі доғал, немесе алдынан аша тәрізді және артқы жағынан парасфеноид қоршайтын өте күшті айыр болып келген таңдай - жақ аппаратын көрсет?

А) Эгитогнатикалық тип

Ә) Тұқым көпіршігін түзейді

Б) пісіп жетілген сперматозойд жиналады

В) қос қабат қабық орналасады

Г) жұмыртқа жолы бездер бөледі


2-апта

ОБСӨЖ №5

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың құрылысындағы айырмашылықтар.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Мойын, кеуде, бел сегізкөз және құйымшақ-құйрық бөлімдері.

2.Ересек құстардың омыртқа жотасы
ОБСӨЖ мазмұны: Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұщуға бейімделге түрі. Генеткиалық жағынан құстар рептилилерге ұқсас, оның прогрессивті бұтағы болып саналады

Құстардың рептилийлерден айырмашылығы:



  1. Құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, соған қарай түрлі жағдайларға бейімделе алады.

  2. Денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының ретінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан.

  3. Ауа кеңістігінде ұшу қабілеті, көпшілігінің қозғалу, не болмаса өрмелеу қабілетін жоймаған.

  4. Көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).

Құстар класы жастығына қарамастан жер шарында кеінен таралған.

Қазіргі кезде құстар 3 отрядқа топтасады, 8 мыңнан астам түрі бар, ал амфибияларының – 2800, рептилиялардың – 5500 түрі ғана тіршілік етеді. Морфологиялық жағынан денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің ішінле қуысы бар, ми сауытының шүйдесінде бұжыры бар, жүрегі 4 камералы, оның жанында бір ғана аорта барлығымен сипатталады.

Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері, тұмсық пішіні мен басы, мойынның ұзынды қысқалығы, қанаттары мен құйрығының пішіні – тіршілік жағдайының ортасына байланысты.

Бассүйектің созындысы ретінде мүйізбен қапталған құстың тұмсығы екі бөліктен тұрады: үстіңгі бөлігі - тұмсық үсті, астыңғы бөлігі - тұмсық асты деп аталады. Аяғы 4 бөліктен құралады: сан, сирақ, жіліншік және саусақтар.

Құстардың саусағы әр түрлі: 4,3 тіпті 2 саусақты (африкалық түйеқұс). Төрт саусақтың үшеуі ғана алға қарай, ал біреуі артқа бағытталған. Саусақтарының ұшында тырнақтары болады.

Құстардың терісі жұқа, сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Теріде без болмайды, тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған заттары қауырсындарын майлайды.сөйтіп оған су жұқпайды. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған.

Сүйекте туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Жоғары және төменгі жақтарының үсті азды көпті мүйізденген қапшықпен қапталған.

Құстың қанаттары орналасқан жерлеріне қарай бірнеше топқа бөледі.



  1. Екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындары – қақпа (маховые) қауырсындар дейді.

  2. Құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар деп атайды.

  3. Қанаттың үстін жауып жататын қауырсындары – қанат үсті жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп атайды.

Қалыпты қауырсындар астыңғы жағында ұсақ-мамық қауырсындары орналасады. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардың серіппелері тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшаларысабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды – нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында көп болады. Олардың негізгі қызметі – организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындарда кездеседі.

Құстардың бұлшық еттері олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Құстардың бұлшықеттері біршама жіктеліп барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді.

Екіншіден аяқтарын икемделген көлемді бұлшыет дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұшымен аяқтарға бекінген.

Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшықеттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінен екі жағына орналасады, әсіресе аяқ еттері. Төс сүйегінің қырына бекітілген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 %-не жетеді, бұғана саты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Құс бұтаққа келіп қонғанда тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарынан иіп тұратын сіңір созылады. Бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.


2-апта

ОБСӨЖ №6

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың бас сүйегі
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Құстардың бас сүйек қаңқасы және оның типтері.

  2. Жоғарғы жақ сүйекшесіне қосылатын сүйектер.


ОБСӨЖ мақсаты: Құстардың бас сүйегі, оның 4 сүйекке бөлінетіндігі жайында мәлімет беру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет