Орнитология” пәні бойынша



бет9/16
Дата25.04.2016
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Реферат


  1. Құстардың зәр шығару жүйесі

  2. Құстардың ас қорыту жүйесі

  3. Құстардың көру мүшелері

  4. Құстардың сезім мүшелері

  5. Құстардың аналық безі қандай қызмет атқарады

  6. Құстардың аталық безі қандай қасиетке ие


Тест тапсырмасы

1. Құстардың зәр шығаруда ерекшелігі

А) Қуық болмайды

Ә) Бүйрек болмайды

Б) Несепағар түтігі болмайды

В) Зәр шығарушы түтігі болмайды

Г) Клоакасы болмайды

2. Құстардың жыныс органдары қандай?

А) Дара жынысты

Ә) Қос жынысты

Б) Жыныс мүшесі болмайды

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

3. Зәр шығару органдары?

А) Дене бүрек

Ә) Қос жынысты

Б) Жыныс мүшесі болмайды

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

4. Бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын қандай түтігі шығады?

А) Несеп

Ә) Қос жынысты

Б) Жыныс мүшесі болмайды

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

5. Ересек құстардың қандай мүшесі болмайды?

А) Қуығы

Ә) Қос жынысты

Б) Жыныс мүшесі болмайды

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

6. Денесімен салыстырғанда, құстардың бүйрегінің көлемі қандай?

А) Үлкен

Ә) Кіші


Б) Орташа

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

7. Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде қандай процесінің актив жүруіне байланысты?

А) Зат алмасу

Ә) Қос жынысты

Б) Жыныс мүшесі болмайды

В) Гермофродитті

Г) Дұрыс жауап жоқ

7-апта

ОБСӨЖ №19

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың жыныс жүйесі.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Құстардың аналық безі. Аталық жыныс бездері.

2.Шағылыс органдары жайлы түсінік.
ОБСӨЖ мазмұны: Шығару жүйесі және су-тұз алмасу. Құстарда метанефросты бүйрек қызмет атқарады, олар күрделі сегізкөздің қуысында орналасқан. Бүйрек үш бөліктен тұрады. Бүйректен несепағар шығады, ол клоакаға зәр-шығару саңылауы арқылы ашылады. Қуық болмайды, бұл құстардың ботқа тәрізді қоймалжың зәр қышқылын шығаруға байланысты болуы да мүмкін. Құстар бүйрегінің негізгі бөліктері, рептилия бүйрегі сияқты, көптеген микробөліктерге бөлінеді, олардың ортасында жалпақ алып кетуші вена (v. intralobularis) және оны ілестіруші жіңішке артерия (а. intralobularis ) жатады. Артерия бұтақшаларын (vasafferens) бүйректің шетіне қарай орналасқан көптеген бүйрек шумақтарына (glomeruli) жібереді. Бөлік бетінде алып келуші венаның (renalis advehers) жіңішке бұтақшаларында (v.interlobularis) ілестіруші зәр жинайтын түтіктер жатады. Түтікшелерден зәр шығару өзекшелері орталық венаға бағытталады, иіледі және көптеген тұзақтардан соң Мальпигий денесінің бүйрек орамдарымен аяқталады. Капиллярлық жүйе алып келуші және алып кетуші веналарының арасында орналасады, зәр шығару өзектерін орап, Мальпигий орамдарынан шығатын артериялық тамырларды (vasa efferentid) қабылдайды. Құс бүйрегінің Мальпигий мөлшері үлкен болмайтыны анықталған, ол судың нашар сүзіп оны үнемдеуге көмектеседі. Негізінен зәр қышқылы бүйрек каналшалары қабырғаларының бездері арқылы бөлінеді. Омыртқалылар ішінде ең алғашқы рет нефронда Генле тұзағы (әсіресе сүтқоректілерде дамыған) пайда болады, оның айналасында капиллярлар қарсы ағыс жүйесі қалыптасады. Генде тұзағы-шығару жүйесінің өте белсенді қүрылымды элементі – бұл жерде түздар мен судың сіңірілуі және реабсорбциясы жүзеге асады. Натрий иондары тұзақтың өрмелегіш бөлімінде реабсорбцияланады. Мұның бәрі концентрлі зәрдің қалыптасуына және сұйықтықтың үнемденуіне алып келеді. Клоакада да судың сіңірілуі жүзеге асады.

Көптеген құстарда көз шарасының үстінде маңдай сүйектің қуысында орналасқан мұрын бездері болады. Жемтігімен қоса теңіз суын жұтып қоятын теңіз құстары осы тұзды бездердің көмегімен организмнен натрий тұзының астық мөлшері танау тесіктері арқылы тұзды тамшы түрінде шығарылады.



7-апта

ОБСӨЖ №20

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Жұмыртқаның құрылысы
Жоспар

  1. Жұмыртқаның құрылысының ерекшелңктері

  2. Жұмыртқаның құрамы

  3. Жұмыртқа басу ерекшеліктері


ОБСӨЖ мақсаты: құстардың жұмыртқасының құрылысымен таныстыру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Коллоквиум сұрақтары


  1. Жұмыртқаның құрылысы жайлы түсінік ?

  2. Құстардың жұмыртқаларының сары уызы мен ақ уызының ерекшелігі?

  3. Жұмыртқаның сыртқы қабығы туралы түсінік?

  4. Құстардың жұмыртқасының рептилийлерден айырмашылығы мен ұқсастықтары?

  5. Құстардың сүтқоректілерден ерекшеліктері?

  6. Құстардың морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері?

  7. Жұмыртқаның сары уызы?

  8. Жұмыртқа “белогының” негізгі маңызы?

  9. Жұмыртқаның қатты қабығы?



Тест тапсырмалары:

    1. Қалыптасқан жұмыртқа қандай дене болып саналады?

А) Күрделі

Ә) Жай


Б) Орта

В) Жоқ


Г) Бар

2. Нағыз жұмыртқа деп?

А) Сыры уыз

Ә) Жай


Б) Орта

В) Жоқ


Г) Бар

3. Жұмыртқаның басқа қосымша бөілмі?

А) Белок

Ә) Жай


Б) Орта

В) Жоқ


Г) Бар

4. Сары уыз бөлімінің бет жағында не орналасады?

А) Протоплазма және ядро

Ә) Жай


Б) Орта

В) Жоқ


Г) Бар

5. Сары уызының құрамында су неше пайыз?

А) 50

Ә) 45


Б) 25

В) Жоқ


Г) Бар

6. Сары уызының құрамында протеиндер неше пайыз?

А) 16

Ә) 20


Б) 10

В) Жоқ


Г) Бар

7-апта

ОБСӨЖ №21

ОБСӨЖ тақырыбы: Құстардың көбею ерекшелігі.
ОБСӨЖ жоспары:

1.Құстардың көбеюінде аналық аталық жыныс бездерінің атқаратын қызметі.



2. Құстардың көбею ерекшелігі.
ОБСӨЖ мазмұны: Құстар дара жынысты жануарлар және олардың арасынан гермафродитизм байқалмаған. барлық құстар тек жұмыртқа салушылар және оларда тірі жұмыртқа туатын әрі тірі туатын түрлері жоқ. Аталықтарында кішкене келген жұп тұқым безі болады, олар күйойнақ кезінде 1000 есеге дейін үлкейеді. тұқым жолының алғашқы бөлімі мезанефростың қалдығы (тұқым безінің қосалқысы) болп табылады, ал тұқым жолының өзі – Вольф өзегі тек бір ғана қызмет атқарады, яғни аталық жыныс өнімдерін өткізеді. Клоакаға кірер алдында тұқым жолы аздап кеңейіп, тұқым көпіршігін түзейді, ол жерде пісіп-жетілген сперматозоидтар жиналады. Көптеген құстарда пенис (аталық жыныс мүшесі) болмайды, ал шағылысу бір-бірінің клоакаларын түйістіру арқылы жүреді. Бірақ құстар, тинаму, қазтәрізділер және басқаларында клоаканың үстіңгі бүртігі бар нағыз шағылысу қосалқысы болады және оларда шағылысу аналығының клоакасына аталығының пенисінің кіруі арқылы жүзеге асады. Тұқым көпіршіктері клоакаға зәр шығару саңылауынан сәл алшақ орналасқан жыныс саңылауы арқылы ашылады.

Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы. Жұмыртқа ақуыздан (белок), сарыуыздан және қатты қабықтан тұрады. Қатты қабық көмірқышқыл тұздары мен фосфорлы қышқыл известтен және жіпшелер түрінде жұмыртқа тірегін түзейтін органикалық заттан қалыптасады. Жұмыртқа бетінде өте майда тесіктер болады, олар қатты қабықты тесіп өтетін өзекшелерге барады. Жаңа шыққан жұмыртқаны жауып жататын мұндай беттік жарғақты қатты қабық үсті қабықша деп атайды, ол ауа өткізеді, бірақ микробтар енуіне кедергі келтіреді. Қатты қабық астында қос қабатты қабық орналасады, бұлардың арасында жұмыртқаның доғал ұшында ауа камерасы (қуысы) болады. Сарыуызды қоршап жатқан белок өзінің құрамы бойынша біртекті емес, әсіресе сарыуыз айналасында тығыз және осы тығыз белоктан жұмыртқаның полюстеріне қарай аяқбаутәрізді түзінді -халаза созылып жатады, ол сарыуызды жұмыртқаның орта деңгейінде ұстап тұрады. Сарыуызда өзінің құрылысы жағынан біртекті емес және одан сары және ақ сарыуызды қабаттарын ажыратуға болады. Қоқиқаз немесе бірқазандар сияқты су құстарының жұмыртқаларының қатты қабығы кеуекті известь қабатпен қапталған (ылғалдылыққа және су тиюге бейімдеушілік).



Екінші аралық бақылау



Тақырыбы

Апта реті

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Осы заманғы тіршілік ететін құстарға систематикалық шолу.

  1. Құстардың систематикасы.

  2. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер.

  3. Қырлы төсті құстар

8 апта



2 б

Глоссарий

Тест



2

Қырлы төстілер.

1.Гагар тәрізділер немесе маймаққаздар - Gaviiformes. Гагар тұқымдасына жататын құстардың түрі.

2.Паганкалар - Podicipediformes. Паганакалардың қоректенуі.











3

Ескек аяқтылар - Steganopodes.

1.Бірқазандар тұқымдасы. Су құзғындар тұқымдасы.

2.Дегелек (Аист) тәрізділер – Сiconiformes. 3.Дегелек тұқымдасы. Ивистер тұқымдасы. Құтан тұқымдасы.


8 апта

2 б

Тест

Бақылау сұрақтары



4

Қаз тәрізділер – Anseriformes. Аққулар тұқымдас тармағы.

1.Қаздар тұқымдас тармағы.

2.Өзен үйректері тұқымдас тармағы.











5

Тауық тәрізділер - Galliformes.

1.Тауықтар отря тармағы.

2. Үлкен аяқтылар не қоқыс тауықтары тұқымдасы.


9 апта

2 б

Тест

Бақылау сұрақтары



6

Сутатарлықтар - (Rallifomec).

1.Сутатарлықтар тұқымдасы.

2. Сутатарлықтардың маңызы.











7

Балшықшылар - (Charadriformes).

1.Чистиктер - (Alciformes). Кайрлар.

2.Чистиктер. Көбеюі, ұшуы.

10 апта



2 б

Реферат тақырыбы

Тест


8

Тотылар. Балшықшылар Көгершіндер - (Columbiformes)және Көкектер.

1.Көгершіндердің жер жүзінде таралуы.

2.Көкектер - (Cuciliformes).











9

Тотылар - (Psittaciformes). Ешкіемерлер - (Psittaciformes).

1.Айқын түсті ара. Айдарлы какаду. Сұр жако. Жапалақ тоты.

2. Ешкіемерлердің көптүрлілігі.


10 апта

2 б

Глоссарий

Тест


Бақылау сұрақтары

10

Жaпалақтар - Strigiformes. Торғай тәрізділер - Passeriformes

1.Ақ жапалақ.

2.Үншіл торғайтәрізділер.











11

Жaпалақтар - Strigiformes. Торғай тәрізділер - Passeriformes

1.Ақ жапалақ. Құлақты жапалақ. Байғыз. Сұр нясыть.

2.Үншіл торғайтәрізділер. Жалған жыршы торғай тәрізділер.


11 апта

2 б

Тест Глоссарий

Бақылау сұрақтары



12

Құстардың тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы.

1.Құстардың ұшу қабілеті. Ауа температурасының құстардың тарауына әсері.

2.Түнде тіршілік ететін құстар.











13

Құстардың қауырсынның түлеуі.

1.Қауырсынынң түлеуі нәтижесінде құстардың ұшу қабілетінің нашарлауы.

2. Құстардың қауырсынның түлеуінің маңызы.


12 апта




2 б

Глоссарий

Тест


Бақылау

14

Құс реңінің жастық және маусымдық өзгеруі.

1.Алғашқы, екінші, үшінші,төртінші, бесінші, алтыншы түрленуі.

2. Құстардың маусымдық өзгеруі.











15

Құстар миграциясы.

1.Құстарға сақина салу.

2.Құстардың көктемде ұшып келуі, күзде ұшып кетуі.


12 апта

2 б

Бақылау сұрақтары

Тест


16

Құстардың түрлі мекендеу ортасы.

1.Ауа – құстар мекендеуші орта.

2.Ауада ұшып жүріп қорегін ұстауы.











17

Су – құс мекендеуші орта.

1.Суда және су маңайында мекен етуші құстар.

2.Суда жүзіп тіршілік ететін құстардың ерекшеліктері.

3.Батпақ құстары



13 апта

2 б

Тест

Бақылау сұрақтары



18

Батпақ – құс мекендеуші орта.

1.Батпақтан қоректенетін құстар.

2.Дегелектер, құтандар, шағалалар мен торғайтәрізділер.











19

Ашық алаңдар – құстар мекендеуші орта.

1. Ашық алаңдарда мекендейтің құстар.

2.Бұлдырықтар, шалшықшы қарақастар.


14 апта

2 б

Реферат

Бақылау


Тест

Глоссарий



20

Ағашты өсімдіктер – құс мекендеуші орта.

1.Ұзынқанаттар, колибрилерге сипаттама

2.Күндізгі-түнгі жапалақтар.











21

Құстардың табиғатта шаруашылықтағы рөлі. 1.Құстардың адам өміріне пайдалы жақтары мен зиянды жақтары.

2.Насеком қоректі құстар.



14 апта

2 б

Коллоквиум

Тест


22

Кәсіптік құстар.

1.Бүркіттің кәсіптік маңыздылығы.

2.Жабайы аңдарды, жабайы құстарды аулауда кәсіптік құстардың қызметі.


15 апта

-

-

23

Үй құстары.

1.Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар.

2. Үй құстардың маңызы.


15 апта

-

-

24

Қазақстанда мекендейтін және сирек кездесетін құстар.

1.Қазақстанда мекендеуші құстар

2.Сирек кездесетін, “Қызыл кітапқа” енгізілген құстар.


15 апта

-

-

8-апта

ОБСӨЖ №22

(3 балл)

ОБСӨЖ тақырыбы: Осы заманғы тіршілік ететін құстарға систематикалық шолу
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Құстардың систематикасы.

  2. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер.

  3. Қырлы төсті құстар

  4. Африка түйеқұстары.

  5. Америка түйеқұстары немесе нанду

  6. Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар.

  7. Қанатсыздар немесе кивилер.


ОБСӨЖ мақсаты: Құстардың систематикасына, қырсыз төстілер отрядына жалпы сипататама беру.


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет