«Орнитология» пәні бойынша



бет10/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер



Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан



13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:

  1. Құстардың жұмыртақалау ерекшеліктері

  2. Бластодерманың бөлшектенуі және құрылысы.


Лекция мақсаты: Құстардың көбеюі мен дамуымен таныстыру.

Лекция мазмұны: Түрлі отрядтардың ұяларында жұмыртқа санының бір-бірінен айырмашылығы болады. Торғайтәрізділер әдетте 4-7 жұмыртқа салады. Ұзынқанаттар, колибрилер, кептерлер, тырналар және бірқазандар бар жоғы 2 жұмыртқа ғана салады. Шағалалар әдетте 2-3 жұмыртқа, ал шалшықшылар әр уақытта 4 жұмыртқа салады. Ірі жыртқыш құстар (қырандар) жыл салып ұялайды және 2 жұмыртқа салады, бірақ оның біреуі ұрықтанбай қалады. Бұл жағдайда біздің құстар ішінде ең алдыңғысы сұр шілдер, соның ішінде бөдене, 26-ға дейін жұмыртқа салады.

Бластодерманың бөлшектенуі және құрылысы. Жұмыртқа жолымен ұрықтанған жұмыртқа өткен кезде бөлшектену (сегментация) процесі басталады. Бөлшектену жұмыртқаның анимальды полюсінде орналасқан аздаған протоплазматикалық учаскесінде жүреді. Сарыуыздың көп массасы бөлінбейді – мұндай жеке бөлшектену дискодиальды деп аталады. Құстарда меробластикалық жұмыртқалар басым, оның дамуы үшін 40°С-ға жуық тұрақты температура қажет. Ұрықтық дискіде 2 учаскені бөлуге болады: орталық-ақшыл және шеткі-күңгірт. Бластодерма клеткасының сыртқы қабаты – эктодерма, ал одан тереңдеу жатқан клеткалар жиыны келешекте мезодермаға және энтодермаға айналады. Бластодерма бірте-бірте өседі, сарыуызды қоршап, ұрықтық бөлімді қалыптастырады, одан ұрық дамиды және ұрықтан тыс бөлім пайда болып ол ұрықтық қапшықты қоршайды, бірақ ұрықтың қалыптасуына қатыспайды. Бұл сатыда ұрықтық дискінің бластодерма ортасы қалыңдайды. Бұл алғашқы жолақ (сайша), онда эктодерма, мезодерма және энтодерма қалыптасады. Ұрықтық дискінің шеттері өсіп, ұрықтық қабықтарды түзейді, олар бірте-бірте сары уызды қоршап алады. Осымен бір мезгілде алғашқы жолақ аймағында қалыптасатын ұрықтың дамуы ары қарай жалғасады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жалпақтау үшы Гензен байламы деп аталады (гастропорға сәйкес келеді). Бластодисканың аса мөлдір емес және жуан шеттері күңгірт өріс деп аталады. Гензен байламының алдында бас өсінді (клеткалық жіпше) пайда болады, ол эктодерма мен энтодерма арасына еніп, кейіннен хорда түзіледі. Хорда үстінде орналасқан эктодерма учаскесі кейіннен нерв түтігін түзейді, оның екі жағында сомиттерге бөлінетін мезодерма орналасады, нерв түтігінің алдыңғы ұшы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Ұрықтың бас жағындағы ұшы бірте-бірте бластодермалық дискіден бөлінеді. Ұрықтық дискінің шеттерінде әте ерте сатыда көптеген қан тамырлары қалыптасады, олар ұрықты коректендіруге қатысады. Кейіннен ұрықтың айналасында сақиналы қатпар түзіледі, кейіннен ол ұрықты толықтай қоршап ұрықтық қабықтарға айналады: ішкісі-амнион, ал сыртқысы-сероза. Амнион мен сероза арасында тағы да бір ұрықтық қабық - аллантоис қалыптасады, ол ұрықтық өкпе және қуық қызметін атқарады, ол жерге метаболизмнің барлық улы өнімдері жиналады.

Ұрық дамуының алғашқы сатыларында ересек құсқа мүлдем ұқсамайды. Оның басы үлкен, миы мен көзі ірі, мойнының екі жағында 5 жұп жапырақсыз желбезек саңылауы орналасады. Аяқтары қарапайым өсінділер тәрізді және құйрығы салыстырмалы түрде әлі де ұзын. Ары қарай жіктелу процесінде желбезек саңылаулары (біріншісінен басқалары) бітеледі, тұмсық пайда болады, мойны ұзара бастайды, аяқтары қалыптасады, құйрығы кысқарады, сары уыз қапшығы мен ақуыз мөлшері мүлдем азаяды, ал аллантоис, керісінше, үлкейеді. Жұмыртқадан шығар алдында сарыуыз жапшығы мен дене қабырғалары астынан ұштасады, балапан тұмсығын ауа камерасына сұғып, алғашқы рет тыныс алып, тұмсығының ұшындағы кертіктің көмегімен қатты қабықты жарып, сыртқа шығады.


16 лекция.

Құстардың систематикасы. Қырсыз төстілер. Түйе құстар

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Қырсыз төстілер отряд үсті тармағы

  2. Африка түйеқұстары

  3. Америка түйеқұстары

  4. Австралия түйеқұстары


Лекция мақсаты: Құстардың ситематикасымен таныстыру. 1-отряд үсті қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер жөнінде түсінік беру.

Лекция мазмұны: Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар.

1 класс тармағы – нағыз құстар

1 отряд үсті – қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер. бұл отряд үстіне 4 отряд кіреді.

1-Африка түйеқұстары

2-Амерка түйеқұстары немесе нанду

3-Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар

4-Қанатсыздар немесе кивилер
2 отряд үсті. Пингвиндер.

1-отряд. Пингвиндер.


3 отряд үсті. Қырлы төсті құстар. Бұл отряд үсті өзіне 20 отрядты біріктіреді.
Отряд үсті тармағы. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: Бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарының болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Бұл құстардың төсіндетерісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен. Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір мүшесі басқа органдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын әрі мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны3, немесе 2-ге дейін қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады.

Африка түйеқұстары (Struthioniformes).

Осы замандағы құстардың ең ірісі (Struthio camelus) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркектерінің бойының биіктігі 260-275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі – аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кезде құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр – сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шөлді-далалы аймақтарында кездеседі. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2-3 метрді алады. Олардың негізгі қорегі - өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, кемірушілер, рептилийлер, насекомдар болып табылады.





Түйеқұс тәрізділер. Солдан оңға қарай: Африка түйе құсы, қарапайым нанду, дарвин нандуы.
Америка түйеқұстары. Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақтарында оның екі түрі тараған. Көбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rea americana). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5-7 ұрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Ұрықтанған ұрғашылары жұмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын еркектері ғана басады. Олар жұмыртқадан шыққаннан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 20-30 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебінде өсіреді.

Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар (casuariiformes). Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді.Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.

Бір ұяда 7-16 жұмыртқа болады, инкубация кезеңі орта есеппен 52 күнге созылады. Қоректері негізінен өсімдіктер. егер оларды дұрыс асырап күтсе, бізде орталық және солтүстік зоопарктерінде көбейеді. Ересектері суыққа төзімді болады. Дымқылды көтере алмайды.




Австралия түйеқұстары немесе казуар,айдарлы казуар, эму, қарапайым киви.
Қазуарлар туысына Жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі. Қазуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олардың жалпы түсі қара, қауырсындары ұзын қылтық сияқты болады. Қазуарлар ыстық жақтың ағашты бөлімдерінде тіршілік етеді. Көбею және қоректенуі негізінен эмуға ұқсайды.
17 лекция.

Отряд үсті тармағы Пингвиндер

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет