«Орнитология» пәні бойынша



бет13/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Бұталы орман құстары

  2. Батпақты шалғындықтың құстары

  3. Шөлді дала құстары.


Лекция мақсаты: Құстардың құрлықтар таралуы, бұталы орман құстары, батпақты шалғындықтың құстары, шөлді дала құстары жайында баяндау.

Лекция мазмұны: Бұталы орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері. жатады. Бұл ортада көберекі мамандалған құстардың тобы - ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбнесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс тұқым жемділер, нектар жемділер деп белінеді.

Батпақты шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз, ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін тайыз батпақты сулардың түбінен табады. Бұл топқа жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.

1). Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын - тырналар, құтандар, дегелектер жатады.

2). Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары - көлемдері орташа және шағын болады да, батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптөсін жерлерін мекен етеді. Бұған әртүрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, поганыштар, сұлтан тауығы және т.б. жатады.

3). Тайыз судың балшықшылары - ұсақ әдетте тұмсықтары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.



III. Шөлді дала құстары. Бұларға - түйеқұстар, дуадақтар, және т.б. жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен өтеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге белінеді.

Тез ұшатын құстарғга шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Қауіп тенгенде жерге бауырын тесеп жата қалады.



ІV. Жыртқыш құстар. Жыртқыш құстардың белгілі мекен өтетін экологиялық ортасы болмайды. Олар түрлі ортада тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді. Олардың бірнеше түрі белгілі: өлексе жеушілер (тазқара), бүркіт пен ақсарылар, жапалақтар, құладындар, қаршығалар, және сұңқарлар
22 лекция.

Құстардың тегі және эволюциясы

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың арғы тегі және эволюциясы.

  2. Псевдозухилер жайлы түсінік


Лекция мақсаты: Құстардың арғы тегі, эволюциясы жайында түсінік беру. Псевдозухилер жайлы мәлімет беру.

Лекция мазмұны: Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардың арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөілініп, одан ең соыңында құстардың шығуы мезазойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Pseudosuchia) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Ornithosuchus) болған. Олар құстар сияқты артық аяқтарымен қозғалып жүріп алдыңғы қол-аяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінің сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.

Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі емес. Құстардың арғы ата-тектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның слдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған.

Құстардың нағыз тегінің қалдығы әлі табылмаған. Полеонтологиялық қазбалардың ішінде рептилийлер мен құстардың аралық формасы болатын үш факті бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қаурсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың арғы тегі, систематкиалық жағынан псевдозухиларға жақын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз.


23 лекция.

Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет