«Орнитология» пәні бойынша



бет14/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Көбеюге дайындық.

  2. Балапан шығару кезеңі.

  3. Құстардың түлеу кезеңі.

  4. Қысқа дайындық және қыстау.

Лекция мақсаты: Құстардың түлеу кезеңдері, қысқа дайындық жайында толық мәлімет беру.

Лекция мазмұны: Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі – тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық құбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылысу, жұмыртқа басу, түлеу т.б. құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мыналар:

Көбеюге дайындыққұстардың тіршілік жағдайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда «сигналдық» сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығының заңды өзгеруі және олардың мінез-құлығындағы өзгерістер («күй ойнақ»), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т.б. факторлар.

Балапан шығару кезеңіқұстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа басу және балапандарынқоректендіру сияқты бірінен соң бірі келіп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.

Құстардың түлеу кезеңітүрлі құстарда түрліше болады. Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын жұмыртқадан тек қана мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар біртіндепұзақ уақыт түлейді, ол кезде олардың активтігі аздап та болса да бәсеңдейді.

Құстардың түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап кетеді.



Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде құстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып отырады.

Қыстау. Қыс кезінде құстардың тіршілік жағдайы, кенет қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып, қажет тамақты табу ауырлайды.Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қысқарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып – құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.

Жыл құстары күзде қыстауға қайтқанда, ыңғайлы жерлерге кідіріп, жайлап ұшады. Ұя салатын жерлеріне келерде, өте тез ұшып келуге әрекет етеді. Мысалы, балшықшы веретенниктер күзде – қыстауға қайтқанда, 12000 км жерді 2-3 айда ұшып өтсе, ал сол жолды көктемде келерде 1-1,5 айда ұшып үлгереді екен.

Жыл құстарының миграциялық инстинкті тарихи қалыптасқан, жоғарғы нерв системаларының әрекеттері болып саналады. Басқа туа пайда болған инстинктер сияқты, бұл да өзін қоршаған ортаның сигналдарының күрделі әсерлерінің себенінен пайда болатын қалыпты сезім.
24 лекция.

Құстардың экологиялық топтары.

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың экологиялық топтары.

  2. Құстардың таралуына ауа температурасының әсері.

  3. Құстардың таралуына дымқылдықтың әсері.

  4. Құстардың таралуына жарықтың әсері.


Лекция мақсаты: Құстардың таралуына ауаның, ылғалдылықтың, жарықтың әсерін түсіндіру.

Лекция мазмұны: Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі.Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бірқатары теңіз деңгейінен әлдеқайда биік жерлерде де кездеседі. Құстардың ұшу қабілеті басқа омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез өтуіне мүмкіндік береді. Екіншіден жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік еткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар бөлігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.

Құстардың таралуына ауа температурасы да үлкен әсер етеді. Насекоммен қоректенетін құстардың таралуының шегі солтүстікте температурада насекомдар өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқа мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгіре алмайды.

Құстардың таралуына дымқылдықтың да аздап болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кшірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер, қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып кетеді. Ұзақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді.



Құстар оңтүстікке ұшуда
Құстар тіршілігі үшін жарықтың да маңызы зор. Өйткені, құстардың көпшілігі күндіз белсенді түрде тіршілік өтеді. Күннің қысқаруы көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар тіршілігіне қажетті қорегін қамти алмайды.

Жарықтың белгілі бір мөлшерден артық болуы құстарға қолайсыздық етпейді. Қиыр Солтүстікте жаз кезінде бірнеше ай бойы күннің батпауы түнде жемін аулайтын құстардың тіршілігіне нұқсан келтірмейді, олар тез арада күндіз тіршілік етуге ауысып кетеді. Ондай құстарға ақ жапалақ, қаршыға жапалақ, қауырсын аяқты байғұз, т.б. жатады. Түнде тіршілік етуге беймделген құстардың түрі көп емес, оларға жататындар – жапалақтар, үкілер, байғұздар, кивилер.

Осы кезде тіршілік ететін құстар ағашты, бұталы, батпақты сулы орталарда мекен етеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы құстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.
25 лекция.

Құстар қозғалысының ерекшелігі

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет