«Орнитология» пәні бойынша



бет15/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Пайдаланылған әдебиеттер



Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың ұшуы.

  2. Құстардың қанат қағу динамикасы.


Лекция мақсаты: Құстардың ұшуы, қанат қағу динамикасын түсіндіру.

Лекция мазмұны: Құстардың ұшуы. Құстардың қанаты қатал аэродинамика негізінде негізінде құрылған. Қанаттары сусымалы пішінді, бұл ешқандай кедергіге кездеспей-ақ ауаны қақ жаруына мүмкіндік береді. Олар созылып, көтеру күшін түзейді, ол күш құсты ауада ұстап тұрады. Қанатының алдыңғы бөлімі мен дөңес үстіңгі бөлімінен сырғып өтетін ауа, өзінің қозғалысын біршама үдетіп, үстінен қысымды азайтады, ал қанатының астындағы қысым өзгеріссіз қалады. Құстың қанаты мен қақпа қауырсындары ұшу кезінде, қанатын көтергенде және түсіргенде, әртүрлі жұмыс жасайды. Қанатының үстіңгі және астыңғы беттеріндегі қысым көтеру күшін туғызады, ал құс қанат құрылысының ерекшеліктерін пайдаланып, оны күшейтуге не азайтуға қабілетті. Әр түрлі құстардың қанатының құрылысы көпшілік жағдайда ұқсас болғанымен, ұсақ-түйектері жағынан көп айырмашылығы болады, бұл құстардың түрлі экологиялық қуыстарға бейімдеушілігін көрсетеді.

Шағалалар, альбатростар мен дауылпаздардың қанаттары жеңіл, жіңішке әрі ұзын болып, ауа ағынын пайдаланып, олардың ұзақ қалықтап ұшуына көмектеседі. ал бұлшық етті қысқа қанатты кептерлер, алдыңғы қатарлы ұшқыштар болып саналады, өйткені олар тіршілік ететін жерлерде көтеруші ауа ағыны болмайды. Түрлі құстардың қалықтап ұшу қабілеті бір-бірінен ерекшеленеді және ол қанатының мөлшерімен тығыз байланысты болады.


26 лекция.



Құстардың ұя салуы

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың ұясы.

  2. Америкалық кассиктер-оропендолдардың ұя салу тәсілі.


Лекция мақсаты: Құстардың ұя салу әдістерін түсіндіру.

Лекция мазмұны: Құстардың ұясы. Ұяны жасау құс өсімдікті жинап, төсімен мыжудан басталады, немесе ол ағаш бұтағының арасынан, немесе бұтаның бұтақтарының оралған жерін іздеп табудан басталады. Бұл ұя салуға тура келетін орындар шөппен, бұтақпен, түкпен және т.б. төселінеді. Бұл заттарды тырмалап жинау арқылы құрылысқа пішін береді және одан ұя тостағаншасы пайда болады.

Құс ұясы

Әрине, әр түр ұяны өзінше жасайды. Америкалық кассиктер-оропендолдар, ұзындығы 1 м-дей шұлық ұя тоқиды. Үлкен ағашта 20-30 шақты осындай ұя ілініп тұрады. Ал малазиялық жасыл мүйізтұмсық құстар өздерінің тоқылған ұяларын ормандағы көлдердің үстіне бір ғана өрілген жіппен іліп қояды. Салбырап тұратын ұяларды жасауда ең күрделі жұмыс - оларды әр түрлі талшықтармен немесе басқа тәсілмен бұтақтарға бекіту болып табылады. Африкалық және Азиялық тоқымашы құстар тармағы төмен қарай салбырап тұратын (10-15 см) күрделі ұя тоқи алады, осы арқылы ұя ішіне кіруге болады, ал онда жұмыртқалар сыртқа домалап түсіп қалмауы үшін, ұяның төменгі жағында перде сияқты қалқан болады. Мұндай ұялар құстарды маймыл сияқты жыртқыштардан құтқарады. Ұзынқанаттардың басқа құстардан ерекшелігі ұя жасағанда өз сілекейін пайдаланады, кепкен кезде ол қатаяды. Кайен ұзынқанаты мен туыстас басқа түрлер сілекейімен қауырсындарды желімдеп, олардан жарты метрлік түтікше жасап, оны жартас ернеуіне іледі.



Император пингвині ешқандай ұя жасамайды, өйткені аналығы бір жұмыртқа салады, оны аталығы аяқтарының арасына орналастырып, сыртқы ауадан салбырап тұрған құрсақ қатпарымен жабады және жұмыртқадан балапан шыққанша алып жүреді. Ескерте кететін бір жай - жақсы, мықты және жан-жақты жабдықталған ұя салатын құстардың балапандары салыстырмалы түрде жетілмеген, жалаңаш және соқыр. Олар ересектерінен тұрақты түрде ұядан ұшқанша қамқорлық және қорек талап етеді. Мұндай типті құстарды шала балапандылар деп атайды. Ал жұмыртқаларын құмдағы, топырақтағы, қиыршық тастардағы шұңқырға салатын құстардың балапандары мамықпен жабылған, жүгіре алады, өз бетінше қоректенеді, су құстарының балапандары жүзеді. Мұндай құстарды ширақ балапандылар деп атайды. Ширақ балапанды құстардың балапандары әр отрядта бір-бірінен ерекшеленеді.
27 лекция.

Миграция. Миграция әдістемесін үйрену

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет