«Орнитология» пәні бойынша



бет6/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың тыныс алу жүйесі.

  2. Тыныс алуда ауа қапшықтарының атқаратын қызметі.


Лекция мақсаты: Құстардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Лекция мазмұны:

Тыныс алу жүйесі. Құстардың тыныс алу жүйесі өткізгіш жолдардан кеңірдек, бронхылар, сол сияқты көкірек клеткасының дорсальды бөлімінде орналасқан аздаған кеуекті құрылысты өкпеден және жұқа қабырғалы қапшықтардан тұрады. 9 ауа қапшығының болуы, олардың өсінділері кейде құстың бүкіл денесін тесіп өтеді, құстардың тыныс алу жүйесіндегі ауа көлемі сүтқоректілерге қарағанда біршама көп болуына себебін тигізеді. Кеңірдек, оның ұзындығы мойынның ұзындығына байланысты, әдетте сүйекті сақиналардан тұрады және ол бірден көмекейден (larynx) соң басталады, ал соңғысы құстарда ожау және сақина тәрізді шеміршектерден қалыптасады. Өкпеге жақындаған сайын кеңірдектің қимасы кішірейеді. Кеңірдектің еркін жатқан екі бронхыға бөлінуі әдетте көкірек тесігінің енген жерінде басталады. Кеңірдектің бронхыларға айырылу аймағында төменгі немесе нағыз көмекей (syrinx) орналасады, ол көптеген түрлерде күрделі құрылысты, дыбыс байланыстарының құрылысы түрлі отряд өкілдерінде түрліше болып келеді.

Өкпенің ішкі құрылымы ерекше. Бронхылар өкпеге енген соң, олардың шеміршекті сақиналары жойылады. Әрбір өкпеге бір басты бронхы еніп, онда кеңейеді (вестибулум). Вестибулумнан кейін өкпенің каудальды ұшына қарай мезобронхы жатады. Басты бронхы мен оның бөлімдерінен екінші дәрежелі бронхылар шығады, олардың арасынан вентральды және дорсальды екінші дәрежелі бронхыларды ажыратуға болады.

Құстардың тыныс алу жүйесінің өте маңызды ерекшеліктерінің бірі – ауа қапшықтарының болуы, олар жұқа қабырғалы кеңейген бронхылар болып саналады және өкпеден тыс жатады. Ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді, олардың қабырғаларында капиллярлар тым аз және олар таза немесе қолданылған ауаның резервуарлары болып табылады. Барлығы 9 өкпе қапшығы бар. Олар: дара бұғанааралық және жұп мойын, төсалды, төсарты және құрсақ ауа қапшықтары. Ауа қапшықтары ішкі мүшелердің үйкелуін азайтады және ұшу кезінде организмнің жылу реттелуін қамтамасыз етеді, өйткені құстарда тері бездері жоқтың қасы. Су құстарында ауа қапшықтары өсінділерінің жақсы жетілуі мен сүйектерінің ауаға толы болуы олардың жүзгіштігін жақсартады. Өкпеде газ алмасу жүреді, ал артқы қапшықтарда оттегіге байыған ауа қоры болады. Дем шығарғанда төс омыртқа жотасына қарай көтеріледі, көлемі кішірейген дене қуысында қысым артып, құрамында көмірқышқыл көп ауа өкпеден алдыңғы қапшықтарға өтеді және кеңірдек арқылы сыртқа шығарылады, Осы кезде артқы ауа қапшықтарындағы таза ауа өкпеге айдалады. Қорыта айтқанда өкпе арқылы тыныс алғанда және шығарғанда бір бағытта оттегіне қаныққан ауа өтеді. Оттегіні осылай сіңіру тәсілін және өкпе арқылы осылай ауаның қозғалуын «қос тыныс алу» деп атайды. Бұл кезде өкпеде қарама-қарсы ағыс деп аталатын жүйе қызмет жасайды деп санайды, өйткені өкпеде ауа мен қан қарама-қарсы бағытта қозғалады. Қарама-қарсы ағыс кезінде ауадан оттегі барынша алынатыны белгілі. Құстардың тыныс алу жиілігі ұшу кезінде басқа жағдаймен салыстырғанда 10, тіпті одан да көп есе артады.
9 лекция.

Құстардың қан айналу жүйесінің ерекшелігі

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың қан тасымалдау жүйесінің ерекшелігі

  2. Қан тасымалдау жүйесінде жүректің маңыздылығы.

Лекция мақсаты: Құстардың қан тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Жүректің маңыздылығын түсіндіру.

Лекция мазмұны:

Қантасымалдау жүйесі. Омыртқалылардың ішінде алғашқы рет (крокодилдерді еске алмағанда құстарда 4 камералы жүрек пайда болады. Жүректің оң жақ жартысы венозды, сол жағы-артериальды. Қарыншалардан крокодилдердегідей екеу емес тек бір ғана аорта доғасы шығады, бұл функциональдық жағынан өте маңызды. Аорта доғасы, оттегіне қаныққан кан бар, сол қарыншадан шығып оңға орай бұрылады. Одан жұп атсыз артерия шығады. Оң және сол атсыз артериялардан үш жұп артерия басталады. Олар-оттегіне байыған қанды тұлғаның алдыңғы бөлімі мен басқа апаратын - көкірек, бұғанаасты және жалпы ұйқы артериялар. Құстардын алдыңғы аяқтарынан басқа бүкіл организмі арқа аортасынан шығатын қан тамырларымен артериялдық қанмен байланысады, олар аортаның оң доғасына (бауыр, бүйрек және т.т.)

Тұлғаның алдыңғы бөлімінен венозды қан әрқайсысы яремді (бұғалық), бұғанаасты және көкірек веналарынан қалыптасатын оң және сол жоғарғы қуыс веналары арқылы оң құлақшаға құйылады. Оң құлақшаға, сол сияқты, ең ірі венозды тамыр (артқы қуыс вена) келеді. Оған дененің артқы бөліміндегі барлық басқа веналар (өкпе веналарынан басқалары) келіп қосылады. Құстарда тек осыларға ғана тән құйымшақ-шажырқай венасы болады, ол рептилиялардағы құрсақ венасын алмастырады және бауыр қақпа венасына келеді, оған қарын және ішектен қан таситын бірнеше тамыр қосылады. Бауырда барлық омыртқалылардағыдай, қақпа жүйесі түзіледі. Бауырдан бауыр веналары шығып, артқы қуыс венасына келіп құйылады. Құстарда бүйрек қақпа жүйесі біртіндеп редукцияға ұшырайды және тек бұл органның төменгі бөлімінде ғана сақталады. Өкпе веналары өкпеден шығып сол құлақшаға барып, одан сол қарыншаға оттегіне қаныққан қан апарады.

Құстарға салыстырмалы түрде үлкен жүрек тән. Тез ұшатын және белсенді тіршілік ететін түрлердің жүрегі дене массасының 2%-н құрайды. Жүректің мөлшері салыстырмалы түрде майда түрлерде үлкендеу. Құстар үшін жүректің қарқынды қызметі, әсірісе майда түрлеріне тән. Егер жүрек лүпілі тыныштық кезінде минутына 60 рет соқса, ал ұшуда ол 100-ға дейін көтеріледі. Басқа көрсеткіштер: қан мөлшері, эритроциттер саны, оттегі сиымдылығы сүтқоректілердегідей, бірақ рептилияларға қарағанда біршама жоғары.
10 лекция.

Терморегуляция. Химиялық және физикалық терморегуляция.

(1 сағат)


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет