«Орнитология» пәні бойынша



бет8/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Нерв жүйесі және сезім мүшелері

  2. Құстардың көру және дәм сезу мүшелері

  3. Иіс сезу және есту мүшелері.

Лекция мақсаты: Құстардың нерв жүйесімен сезім мүшелері жөнінде түсінік беру.

Лекция мазмұны:

Нерв жүйесі және сезім мүшелері. Құстың миы дөңгелек пішінді, ми сыңарлары тегіс әрі үлкен және иіс сезу бөлігі өте майда. Алдыңғы мидың жарты шарының үлкен болуы құс миының біршама прогрессивті дамығанын көрсетеді, бірақ бұл жерде ми сыңарының көлемді оолуы алдыңғы ми түбінде жолақ дененің бір-бірімен қосылып кетуімен түсіндіріледі, ал ми шапаншасы (мантиясы), ол сүтқоректілердің неопаллиуміне сәйкес келеді, өте нашар жетілген. Аралық ми да кішкентай, онда эпифиз бен гипофиз орналасқан. Орта ми жақсы жетілген, ол жолақ денемен қосылып жүйке қызметінің біршама күрделі формаларын қамтамасыз етеді. Үлкен келген мишық орта және сопақша миды жауып жатады. Бұл мүше (мишық) қозғалыс пен тепе-теңдіктің бұлшық етті үйлестіру орталығы болып табылады және құстарда өте жақсы жетілген. Сопақша ми жұлынмен жалғасады, Құстарда 12 жұп бас нервісі бар, бірақ 11-жұп әлі де 10-шы жұптан толық бөлінбеген. Бас нервтері, 5-ші 1 жұптан (үштік жүйке) 12-ші жұпқа дейін сопақша мидан шығады. Қорыта 1 айтқанда құстың үлкен миы рептилияларға қарағанда күрделі құрылысты және құстарда жүйке қызметі мен мінез-құлық формаларының жоғары деңгейде дамуына жағдай жасайды.

Көру - құстардың жақыннан және алыстан бағдарлауын қамтамасыз ететін маңызды рецептор. Құс көзінің бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың көзі жай шартәрізді емес, ол шартәрізді екі бөліктен тұратын сияқты, олар бір-бірімен - кіші (алдыңғы) және үлкен (артқы) бөліктер - байланысқан. Бұл құстың көру аймағын ұлғайтуға жағдай жасайды. Көздері телескоп пішінді құстар жақсы көретіндер.

Құстардың ең өткір көру учаскелерінде 1,5 млн-ға дейін жарық сезгіш клеткалар болады (адамда сары дақ аймағында мұндай клеткалар бар-жоғы 200 мыңдай). Кейбір құстардың көзі көлемі бойынша мидан үлкен. Түйеқүстың көз алмасының көлденең қимасы 5 см-ге дейін жетеді. Құстарға әрі монокулярлы, әрі бинокулярлы көру тән. Олардың көзі (жапалақтардан басқаларында) алдыңғы жағынан бір кеңістік бойында емес, басының екі жағында орналасқан. Құстарға барлық түстерді ажырата алатын түрлі-түсті көру тән.



Иіс сезу. Құстардың иіс сезу мүшелері нашар жетілген және олардың көпшілігі иіс қабілетін жоғалтуы мүмкін.

Жылқышы кұсқа алдыңғы бинокулярлы көру аса кажет емес, себебі ол өзінің сезгіш тұмсығын жұмсақ топыраққа сұғып корегін іздейді. Оның көзі шүйдесіне карай орналаскан, ол алға, артқа, оңға жене солға басын бұрмай-ақ көре алады, ал монокулярлы көру өрісі бір-бірімен тек алдынан ғана емес, сол сияқты артқы жағынан да кабаттаса алады. Оларда иіс-сезу бөлімі жақсы дамыған. Иіс-сезу қапшығында шеміршекті не сүйекті қүрылымды да үш иіс сезу кеуілжірі болады. Бірақ Бұл кеуілжірлердің ішінде тек үстіңгісі ғана сезгіш эпителиймен жабылған.



Дәм сезу. Құстарға дәм сезу де тән. Дәм сезу бүртіктерін таңдайдан, тамақтан табуға болады, бірақ тілде олар жоқ.

Есту. Құстардың есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы құлақ - құстарда пайда болған маңызды мүше, ол арнайы қауырсындардан, терінің биік қатпарларынан және сыртқы есту жолынан тұрады. Әсіресе, тері қатпарлары жапалақтардың бетіндегі дискісінің артқы жағында жақсы жетілген және ол адамның құлақ қалқанын еске түсіреді. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан және үзеңгі сүйегінен тұрады. Соңғысы дистальды ұшымен жарғақ лабиринттің сопақша қуысына түйісіп, дыбыс тербелістерін өткізеді. Ең соңында ішкі құлақ 3 жартысақиналы өзектерден, сопақша және дөңгелек қапшықтардан тұрады. Бұларда отолиттер (есту тастары) орналасады. Құстардың ішкі құлағында күрделі құрылысты оралма дене (дөңгелек қапшықтың өсінділері-улитка) жақсы жетілген.
12 лекция.

Құстардың зәр шығару органдары

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Зәр шығару жүйесі.

  2. Тұз алмасу.


Лекция мақсаты: Құстардың зәр шығару және тұз алмасу жүйелерімен таныстыру.

Лекция мазмұны:

Шығару жүйесі және су-тұз алмасу. Құстарда метанефросты бүйрек қызмет атқарады, олар күрделі сегізкөздің қуысында орналасқан. Бүйрек үш бөліктен тұрады. Бүйректен несепағар шығады, ол клоакаға зәр-шығару саңылауы арқылы ашылады. Қуық болмайды, бұл құстардың ботқа тәрізді қоймалжың зәр қышқылын шығаруға байланысты болуы да мүмкін. Құстар бүйрегінің негізгі бөліктері, рептилия бүйрегі сияқты, көптеген микробөліктерге бөлінеді, олардың ортасында жалпақ алып кетуші вена (v. intralobularis) және оны ілестіруші жіңішке артерия (а. intralobularis ) жатады. Артерия бұтақшаларын (vasafferens) бүйректің шетіне қарай орналасқан көптеген бүйрек шумақтарына (glomeruli) жібереді. Бөлік бетінде алып келуші венаның (renalis advehers) жіңішке бұтақшаларында (v.interlobularis) ілестіруші зәр жинайтын түтіктер жатады. Түтікшелерден зәр шығару өзекшелері орталық венаға бағытталады, иіледі және көптеген тұзақтардан соң Мальпигий денесінің бүйрек орамдарымен аяқталады. Капиллярлық жүйе алып келуші және алып кетуші веналарының арасында орналасады, зәр шығару өзектерін орап, Мальпигий орамдарынан шығатын артериялық тамырларды (vasa efferentid) қабылдайды. Құс бүйрегінің Мальпигий мөлшері үлкен болмайтыны анықталған, ол судың нашар сүзіп оны үнемдеуге көмектеседі. Негізінен зәр қышқылы бүйрек каналшалары қабырғаларының бездері арқылы бөлінеді. Омыртқалылар ішінде ең алғашқы рет нефронда Генле тұзағы (әсіресе сүтқоректілерде дамыған) пайда болады, оның айналасында капиллярлар қарсы ағыс жүйесі қалыптасады. Генде тұзағы-шығару жүйесінің өте белсенді қүрылымды элементі – бұл жерде түздар мен судың сіңірілуі және реабсорбциясы жүзеге асады. Натрий иондары тұзақтың өрмелегіш бөлімінде реабсорбцияланады. Мұның бәрі концентрлі зәрдің қалыптасуына және сұйықтықтың үнемденуіне алып келеді. Клоакада да судың сіңірілуі жүзеге асады.

Көптеген құстарда көз шарасының үстінде маңдай сүйектің қуысында орналасқан мұрын бездері болады. Жемтігімен қоса теңіз суын жұтып қоятын теңіз құстары осы тұзды бездердің көмегімен организмнен натрий тұзының астық мөлшері танау тесіктері арқылы тұзды тамшы түрінде шығарылады.


13 лекция.

Құстардың көбею органдары құрылысы

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет