«Орнитология» пәні бойынша



бет9/18
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың көбею органдары.

  2. Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы


Лекция мақсаты: Құстардың көбею органдарымен таныстыру.

Лекция мазмұны: Құстар дара жынысты жануарлар және олардың арасынан гермафродитизм байқалмаған. барлық құстар тек жұмыртқа салушылар және оларда тірі жұмыртқа туатын әрі тірі туатын түрлері жоқ. Аталықтарында кішкене келген жұп тұқым безі болады, олар күйойнақ кезінде 1000 есеге дейін үлкейеді. тұқым жолының алғашқы бөлімі мезанефростың қалдығы (тұқым безінің қосалқысы) болп табылады, ал тұқым жолының өзі – Вольф өзегі тек бір ғана қызмет атқарады, яғни аталық жыныс өнімдерін өткізеді. Клоакаға кірер алдында тұқым жолы аздап кеңейіп, тұқым көпіршігін түзейді, ол жерде пісіп-жетілген сперматозоидтар жиналады. Көптеген құстарда пенис (аталық жыныс мүшесі) болмайды, ал шағылысу бір-бірінің клоакаларын түйістіру арқылы жүреді. Бірақ құстар, тинаму, қазтәрізділер және басқаларында клоаканың үстіңгі бүртігі бар нағыз шағылысу қосалқысы болады және оларда шағылысу аналығының клоакасына аталығының пенисінің кіруі арқылы жүзеге асады. Тұқым көпіршіктері клоакаға зәр шығару саңылауынан сәл алшақ орналасқан жыныс саңылауы арқылы ашылады.


Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы. Жұмыртқа ақуыздан (белок), сарыуыздан және қатты қабықтан тұрады. Қатты қабық көмірқышқыл тұздары мен фосфорлы қышқыл известтен және жіпшелер түрінде жұмыртқа тірегін түзейтін органикалық заттан қалыптасады. Жұмыртқа бетінде өте майда тесіктер болады, олар қатты қабықты тесіп өтетін өзекшелерге барады. Жаңа шыққан жұмыртқаны жауып жататын мұндай беттік жарғақты қатты қабық үсті қабықша деп атайды, ол ауа өткізеді, бірақ микробтар енуіне кедергі келтіреді. Қатты қабық астында қос қабатты қабық орналасады, бұлардың арасында жұмыртқаның доғал ұшында ауа камерасы (қуысы) болады. Сарыуызды қоршап жатқан белок өзінің құрамы бойынша біртекті емес, әсіресе сарыуыз айналасында тығыз және осы тығыз белоктан жұмыртқаның полюстеріне қарай аяқбаутәрізді түзінді -халаза созылып жатады, ол сарыуызды жұмыртқаның орта деңгейінде ұстап тұрады. Сарыуызда өзінің құрылысы жағынан біртекті емес және одан сары және ақ сарыуызды қабаттарын ажыратуға болады. Қоқиқаз немесе бірқазандар сияқты су құстарының жұмыртқаларының қатты қабығы кеуекті известь қабатпен қапталған (ылғалдылыққа және су тиюге бейімдеушілік).
14 лекция.

Жыныстық диморфизм және күйлеу мінез-құлқы.

(1 сағат)


Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1.В.Д Ильичев, Н.Н.Карташев. И.А.Шилов. Общая орнитология.М. 1982.

2. Благосклонов К.Н.Охрана и привлечение птиц М..1972.

4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982.

5. М.Қ.Жұмалиев. Б.Е. Есжанов “Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі” (құстар) Алматы “Қазақ университеті” 2006.

6. Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы. А. 1995.

7. Параскив Н.П. Пресмыкающие Казахстана А.1956

8. Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

9. Ш.Әлиев. А.Бекешов. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.
Қосымша:

10. Банников А.Г. Охрана природы. М., 1971.

11. Плавильщиков Н.Н Очерки по истории зоологии.М.1941

12. Н.Н Березовиков “Беркут” животные Казахстан

13. А. Ф.Ковшарь. А.Б.Б. Бекенов. В. Мире редких животных. А.1985

Жоспар:


  1. Құстардың жынысытық диморфизмі.

  2. Құстардың аталықтарының күйлеу алды құсойнақтары.


Лекция мақсаты: Құстардың жынысытық диморфизмі және күйлеу мінез-құлқы жайлы түсінік беру.

Лекция мазмұны: Көптеген түрлердің аталықтары аналықтарына қарағанда реңді, айдары жетілген, “сақалды” болады немесе дене мөлшері үлкендеу (үйректектестер, қырғауылдар, турачтар, құрлар, павлиндер, тауыстар, меңіреу құрлар, торғайтектестер арасында жұмақ құстары, сарғалдақтар-мысықторғайлар, тоқымашылар, отқұйрықтар). Жыныстық диморфизм бұлардан басқа қауырсын, тұмсық, көздің торлы қабаты, терінің жалаңаш жерінің реңі бойынша да байқалады.

Көктем келісімен-ақ құстардың мінез-құлқы күшті өзгереді. Барлық құстар – жыл құстары, көшпенді және отырықшы құстар - өздерінің ұялайтын учаскелеріне жақындай бастайды. Оңтүстік аудандарда солтүстікке қарағанда қозғалыс біршама ерте басталады. Әрбір түрі үшін қолайлы жағдай тууы керек. Жұптасу әр түрде түрліше жүзеге асады. Кейбір құстар өмірінің соңына дейін жұптасады. Оларға: аққулар, ірі күндізгі жыртқыштар, жапалақтар, құтандар, дегелектер және т.б. жатады. Әнші құстар әдетте аз уақытқа, маусым ішінде ғана жұптасады. Ешқашан жұптаспайтын құстарда ұрпақтарына қамқорлық жасау аналықтарының мойнында. Бұл меңіреу құрларға, құрларға, қырғауылдарға тән. Кей жағдайларда бұл керісінше көріністер байқалады, мысалы, солтүстікте мекендейтін қалытқы құс пен үшоймақтардың аналығы ірі әрі реңді болып келеді, ал ұрпақтарына реңі нашарлау сұр түсті аталықтары қамқорлық жасайды.

Көктемде, күйойнақ кезінде, көптеген құстардың реңі өзгереді, ол ашық түсті және әсем. Көптеген түрлерде күйлеу алды құсойнақ басталады – аталықтары әртүрлі кейіпке түсіп, қатты дыбыс шығарады. Көптеген торғайтектес құстардың аталықтары таңертеңнен кешке дейін (бұлбұлдар, сайрауықтар) ән шырқайды. Бұл ән тек аналығына ғана арналмайды, ол осы түрдің басқа аталығына осы территорияның бос еместігі, бұта арасында иесінің отырғаны, өз учаскесі үшін күресуге әруақытта дайын екендігін ескертеді.

Құстарға бір-бірімен акустикалық және оптикалық сигналдармен қарым-қатынаста болу тән. Бір жағынан, ересектері алдымен жұмыртқадан шыққан балапанның іс-әрекеттерін әртүрлі дыбыс шығарып басқарса, соңынан құртты немесе бөктергіні көргенде әртүрлі қыт-қыттап балапандарына белгі беріп, оларды ертеді. Қырғиды немесе жапалақты көрген майда торғайтектестер қауіпті жыртқыштар пайда болғаны туралы шулап, дыбыс береді. Оны көптеген құстардың түрлері түсінеді, жыртқыш құсқа жан-жақтан шабуыл жасайды.


15 лекция.

Құстардың көбеюі және дамуы

(1 сағат)



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет