Орталық Азиядағы геосаяси қарама-қайшы ойын



Дата28.04.2016
өлшемі19.49 Kb.
Орталық Азиядағы геосаяси қарама-қайшы ойын
Өзбекстанның тұрақсыз саясаты көпті қобалжытып отыр. Бұл ретте Ресей үлкен сынақтан өтпек. Өйткені жақындағы екі елдің арасында келісілген шарт бойынша геостратегиялық та, геосаяси да емес, экономикалық мәселелерді қарастыру басты мақсат тұтылған. Ал мұндай істің нәтижесіне қол жеткізу үшін Өзбекстанда үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Ал оның орындалуы күдікті мәселе болып тұр. Себебі 2007 жылы Өзбекстан басшылығында жаңа тағайындаудың болатындығы күтілуде.

АҚШ аймақтағы ықпалдың бетін Қазақстанға бұрды. Солайша екі державаның геосаясаты қарама-қарсы бағытта алмасты. Қалай дегенмен де посткеңестік кеңістіктегі Грузия мен Украина саясатының бүйрегі америкалықтарға бұрып кетуі Ресей үшін минус болса, ал Өзбекстанды өз жағына кері қайтарып алуын «бұл саяси ойындағы үлкен жеңісіміз» деп баға беруде. Ал жақында АҚШ «Үлкен Орталық Азия» жоспарын жариялады. Онда бұл аймаққа Ауғанстанды қосып, Таяу Шығыстағы стратегиясын қолдануды көздеп отырғандығы айтылған. Сол себепті қазір аймақта Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасына қырын қараушылар да пайда болған секілді. Бұл ретте көптеген геосаясаттанушылар Орталық Азияның ойын тақтасында үлкен өзгерістер болады деген болжамдарды айтуда. Сонда бұл қандай өзгеріс болмақ? Бұл орайда Орталық Азиядағы және Қазақстандағы ТМД елдері институты бөлімінің басшысы Андрей Грозин өз пікірін төмендегідей өрбітті:



– Ислам Каримов – өктемдікті көтере бермейтін мықты ойыншы. Өзбекстан саясатының бірден Ресейге қарай ойысып кетуі, оның АҚШ-тың ықпалына төтеп бере алатындығын танытса керек. Қазір Әндіжандағы көтерілісті америкалық және британдық барлау қызметкерлері алдын ала әзірлеген деген болжамдар айтылып жүр. Сондықтан олардың көтеріліске қатысы болғандықтан, жауап ретінде Каримов геосаяси бағытын бірден өзгертті. Пентагон қолданып отырған тәсілдерін айырбастауды суқаны сүйе бермейді. Дегенмен енді олар «осы аймақта әскерлерін сақтап қалған дұрыс па, әлде демократиялық құндылықтарды талап ету қажет пе?» деген екі жол айырыққа келіп тіреліп тұр. АҚШ-тың аймақтағы саясатының нәтижесіздігі оның Ресей ғана емес, Қытайдың да алдында абыройын айрандай төкті. Ресей Өзбекстанмен келісімге отырмаған жағдайда, мұны Қытай жасар еді. Қалай дегенмен де АҚШ енді Ташкент пен Астана арасындағы қарама-қайшы ойынды жүргізуді қолға алды. Америкалықтар үшін Астанадан қажеті – энергетика ресурстарын тасымалдаудағы жобаларды жалғастыру, аймақтағы қытайлық ықпалды төмендету. Бірақ Қазақстанның АҚШ ойыны тәртібіне түбегейлі кірігеді деп айту қиын. Бізде көп векторлы саясат тиімді жұмыс жасап келеді, АҚШ-пен қарым-қатынасымыз да осы негізде жалғаса береді. Ал бір жақты таңдауды Қазақстан ешқашан жасаған емес. Олай етсе, көрші елдермен қарым-қатынасымыздың бұзылатындығы белгілі. Бұл – Қазақстан үшін қажет емес. Тек осы ықпал етуші державаларды ортақ нысанаға алып, олардың күштерін теңестіруде қажетті дивиденттерді алуға тырысамыз.
Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет