Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің шешімі Федоров ауылы №11 2018 жылғы 15 қаңтар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу



Дата17.05.2020
өлшемі18.42 Kb.
Қостанай облысы Федоров ауданы

Федоров ауылдық округі әкімінің шешімі

Федоров ауылы № 11 2018 жылғы 15 қаңтар

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 7496 болып тіркелді және ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 06 ақпанда № 118527 жарияланды.



Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы




«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Федоров ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Федоров ауылында қайта аталсын:

Жданов көшесі Бірлік көшесіне;

Калинин көшесі Жастар көшесіне;

Пролетарский көшесі Еңбек көшесіне;

Энгельс көшесі Береке көшесіне;

Киров көшесі Достық көшесіне;

Ленин көшесі Абай көшесіне;

Октябрьский көшесі Желтоқсан;

Советский көшесі Б.Климов көшесіне.

2. Жаркөл ауылында қайта аталсын:

Буденный көшесі А.Тулба көшесіне.

3. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.



5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Федоров ауылдық округінің әкімі Б. Умертаев
Каталог: zagruz -> files
files -> Федоров ауданы әкімінің ресми порталының «Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау ережесі жалпы ережелер Осы Ереже Федоров ауданы әкімі ресми порталының «Бизнесті қорғау»
files -> Құрамы 1 Аслиев Александр Хаджиевич «Федоров ауданының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы
files -> Общие сведения о районе
files -> "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы
files -> 2015 жылғы «23» 10 №303 қаулысымен мақұлданды
files -> 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет