ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы акушерия және гинекология кафедрасы


Білімді бағалау межесі мен критерийлері



бет7/11
Дата02.05.2016
өлшемі1.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Білімді бағалау межесі мен критерийлері


95-100

балл


95-100 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде өте белсенді қатысып, бұрын оқыған пәндерден алған терең білімімен материалды өте жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар мен статьялар) кеңінен қолданады, өз көзқарасын жеңіл жеткізе біледі. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толық сипаттай отырып, дифференциалды диагностикасын толық жүргізді, этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды, соған сәйкес нәтижелі, ұтымды ем жоспарын тағайындады, ауру болжамын анықтады. Өте жоғары деңгейде клиникалық ойлау қабілеті бар. Өз көзқарасын дәлелдей алады, егер науқасты классикалық жолмен емдеу мүмкіндігі болмағанда, альтернативті емдеу жолын ұсына алады. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерінің барлығын біледі, этика және деонтологияны сақтады, жақсы коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың барлығына дұрыс жауап берді.

90-94 балл

90-94 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде белсенді қатысып, бұрын оқыған пәндерден алған терең білімімен материалды жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар мен статьялар) қолданды, өз көзқарасын жеткізе білді. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толық сипаттай отырып, дифференциалды диагностикасын жүргізді, аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды, соған сәйкес ұтымды ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Айқын клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерінің барлығын біледі, этика және деонтологияны сақтады, жақсы коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 9-на дұрыс жауап берді.

85-89 балл

85-89 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде белсенділігі орташа болды, бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолданды, өз көзқарасын айта алды. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толық сипаттай отырып, дифференциалды диагностикасын жүргізді, этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды, соған сәйкес ұтымды ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Логикалық клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды өз бетімен орындады, оқытушының көмегін сирек қажет етті. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті басты лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерін біледі, этика және деонтологияны сақтады, коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды оқытушының ескертулерін ескере отырып, уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды,.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 8-не дұрыс жауап берді.

80-84 балл


80-84 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде белсенділігі минималды болды, бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, бірақ берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және кейде қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолданады, өз көзқарасын айта алды. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін, дифференциалды диагностикасын толық сипаттай отырып, жүргізді, диагноз қойды, этиология және патогенез мәліметтерін қолдана отырып ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Жақсы клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегіне сүйене отырып, өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті басты лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерін біледі, этика және деонтологияны сақтады, коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды оқытушының ескертулерін ескере отырып, уақытылы, сауатты, қатесіз толтырады.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 7-не дұрыс жауап берді.

75-79 балл

75-79 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, бірақ берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және кейде қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін, дифференциалды диагностикасын сипаттай отырып жүргізді, диагноз қойды, этиология және патогенез мәліметтерін қолдана отырып, оқытушымен бірге ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Жақсы клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегіне жүгіне отырып, өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады, бірақ болмашы қателіктер жіберді. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады, коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды оқытушының ескертулерін ескере отырып, уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 6-не дұрыс жауап берді.

70-74 балл

70-74 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға кезеңді түрде қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, берілген материалды орташа деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және жартылай қосымша зерттеу әдістерін, жартылай дифференциалды диагностикасын сипаттай отырып жүргізді, диагнозды жартылай қойды, нақты емес этиология және патогенез мәліметтерін қолданды, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, ауру болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті әлсіз. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін өздігінен тек болжама диагноз қойды, ал корытынды клиникалық диагнозды оқытушының көмегімен қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 5-не дұрыс жауап берді.

65-69 балл

65-69 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға сирек қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің төмен екендігін, берілген материалды төмен деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді толық емес көлемде қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді тек негізгі зерттеу әдістерін сипаттай отырып, дұрыс емес дифференциалды диагностикасын және диагнозын жартылай айтты, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, бұл кезде этиология және патогенездің нақты емес мәліметтерін қолданды, ауру болжамын анықтады. Жеткілікті клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін болжама диагноз қойды, ал корытынды клиникалық диагнозды оқытушының көмегімен қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 4-не дұрыс жауап берді.

60-64 балл

60-64 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға сирек қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің төмен екендігін, берілген материалды төмен деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді толық емес көлемде қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді тек негізгі зерттеу әдістерін сипаттай отырып, дұрыс емес дифференциалды диагностикасын және диагнозын жартылай айтты, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, бұл кезде этиология және патогенездің нақты емес мәліметтерін қолданды, ауру болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін тек болжама диагноз қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін жеткіліксіз тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы толық білмейді, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды сауатсыз, қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 4-не дұрыс жауап берді.

55-59 балл

55-59 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға өте сирек қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің төмен екендігін, берілген материалды төмен деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді толық емес көлемде қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі зерттеу әдістерін толық түрде сипаттамады, ал қосымша зертеу әдістерін мүлде айтпады, дифференциалды диагностикасын және диагнозын қателіктермен жартылай айтты, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, бұл кезде этиология және патогенездің нақты емес мәліметтерін қолданды, ауру болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін болжама диагноз қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін жеткіліксіз тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы, қазіргі заманғы дәрілік заттар туралы толық білмейді, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды сауатсыз, қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 3-не дұрыс жауап берді.

50-54 балл

50-54 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға өте сирек қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің төмен екендігін, берілген материалды төмен деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді толық емес көлемде қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі зерттеу әдістерін жартылай сипаттай отырып, қосымша зертеу әдістерін мүлде айтпады, дифференциалды диагностикасын және диагнозын қателіктермен жартылай айтты, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, бұл кезде этиология және патогенездің нақты емес мәліметтерін қолданды, ауру болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін тек болжама диагноз қойды, қазіргі заманғы дәрілік заттарды қолдана отырып ем жүргізбеді. Қазіргі заманғы лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы толық хабары жоқ, этика және деонтологияны сақтайды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды сауатсыз, қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 2-не дұрыс жауап берді.

0-49 балл

0 балл қойылады: Студент берілген тапсырмалардың ешқайсысын орындамады.


Айыппұл санкциялары

  1. Келмеген сабақтарды өтеу себепті жағдайда факультет деканының жазбаша түрдегі рұқсатымен жасалады.

  2. Себепсіз жағдайда келмеген сабақтар журналдарда 0 балл болып есептеледі.

  3. Жіберілген сағаттар жайлы мәлімет апта сайын деканатқа рапорт түрінде беріледі.

  4. Келмеген сабақтар 72 сағат және одан көп болған жағдайда – оқудан шығарылады.

Қорытынды бағаға қатысты апелляцияға беру тәртібі

Апелляция – интерндердің білімін объективті бағаламауға әкелетін факторларды анықтап және жою үшін жүргізілетін процедура.

Апелляция егер де ол жинақталған рейтингке әсер етіп, соның нәтижесінде интерннің білімінің қорытынды бағасын жоғарылата алған жағдайда ғана тағайындалады.

Білім алушы рұқсат рейтингі және / немесе қорытынды бақылау бағасын апелляцияға беруі мүмкін.

Емтихан сессиясы (аралық аттестация) кезінде ЖОО жетекшісі бұйрығымен аппеляцияға түскен пән профиліне квалификациясы сәйкес оқытушылардан құрылған апелляциялық комиссия тағайындалады.

Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген (тесттік тапсырмалар мазмұны немесе техникалық себептер бойынша) білім алушы апелляциялық комиссия төрағасына емтиханнан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей апеляцияға береді.

Тесттік тапсырмалар мазмұны бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:


  • Сәйкессіздік бар тесттік тапсырмалар.

  • Дұрыс жауабы жоқ.

  • Тапсырмада бірнеше дұрыс жауап бар.

Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

  • Электр энергиясы сөніп қалуы.

  • Желі жұмысы үзіліспен істеу.

Апелляция нәтижесі хаттама түрінде жазылады және оның шешімі негізінде негізгі емтихан қағазына қосымша тіркелетін білім алушыға апелляцияны ескерген жеке емтихан қағазы толтырылады.



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Силлабус

Мамандық: Акушерия және гинекология

Модуль атауы: «Гинекология»

«Гинекология» модулі бойынша силлабус «Акушерия және гинекология» мамандығы үшін жұмыс оқу бағдарламасы негізінде акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлерімен жасалынған, 2013ж.

Акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде қаралған және мақұлданған.
Хаттама №__ «_____» ______________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Тлеужан Р.Т.



1. Оқытушылар туралы мәлімет: (тізімі, ғылыми атағы және дәрежесі, ғылыми бағыты)



АЖТ

Дәрежесі

Атағы

Ғылыми бағыты

1

Тажибаева Мадина Сабировна

-

ассистент

Акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер.

Дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар өткізеді. Жүктілерге және гинекологиялық нақастарға кеңес береді. БЖФ тәжірибелік дәрігерлерге сабақ береді.



2. Байланысу ақпараты

Кафедраның орналасуы: Шымкент қаласы, Г.Иляев к, н/ү, ОПО №1, тел 40-82-22 (ішкі.-1100), электронды адрес: www.ukgma.kz


3. «Гинекология» модуліне енген пәндердің тақырыптық жоспары, өткізу түрі, ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, интерннің өзіндік жұмысы)
3.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары, өткізу түрі, ұзақтығы



Тақырыптар

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1.

Гинекологиялық көмекті ұйымдастыру.

Шолу

2

2.

Репродуктивті денсаулықты қорғау және жанұяны жоспарлау.

Шолу

2

3.

Специальные методы исследования.

Шолу

2

4.

Әйелдердің жыныстық ағзаларының қабыну аурулары.

Шолу

2

5.

Бедеулі неке. Бедеу жұпты тексеру алгоритмі және себептері.

Шолу

2

6.

Бедеулікті емдеуде қолданылатын қазіргі репродуктивтік технологиялар.

Проблемалық

2

7.

Медикаментозды аборт. Көрсетілімдер. Шарты. Кеңес беру.

Клиникалық жағдаятқа негізделген дәріс

2

8.

Гинекологиядағы іштеспе.

Шолу

2

9.

Контрацепцияның заманауи әдістері.

Шолу

2

10.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар. Отбасын жоспарлау қызметінде инфекциялардың алдын-алу.

Проблемалық

2

11.

Жас ерекшелігі әртүрлі топтрадағы, аборт жасатқан, босанған әйелдерде, қауіптілігі жоғары топтағы әйелдердегі контрацепция.

Шағын топтарда жұмыс істеумен дәріс-тренингтер

2

12.

Етеккір циклының нейрогуморалдық реттелісі.

Шолу

2

13.

Аменорея. Жіктелуі, клиникасы, диагностикалау, емі.

Шолу

2

14.

Дисфункционалды жатырдан қан кетулер.

Шолу

2

15.

Поликистозды анабез синдромы.

Шолу

2

16.

Адреногениталды синдром.

Шолу

2

17.

Анабездер ісіктері.

Шолу

2

18.

Эндометриоз. Этиопатогенез. Жіктелуі. Емі.

Шолу

2




Барлығы




36

сағат

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет