ОҚу курстарының каталогы



бет5/12
Дата03.04.2016
өлшемі2.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Пәннің аталуы

Мектепке дейінгі балалардың қарапайым матем. түсініктерін қалыптастыру

Қысқартылған атауы

МDВКМТК2211

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Жетпісбаева Г.О.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -45, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: «Педагогика», «Психология», «Информатика» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнге сипаттама және курстың міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың математикалық қарапайым түсініктерін қалыптастыру курсының теориялық негіздері. Мектепке дейінгі балалардың санау, есептеу ерекшеліктері. Бағдарламалық міндеттер. Санауға үйрету міндеттері, мазмұны және әдістемесі. Мектепке дейінгі балалардың заттың көлемі туралы түсінігін талыптастыру. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық фигура мен заттың формасы, кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру әдістемесі. Балалардың уақыт туралы түсінігінің қалыптсатыру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру жұмысын жоспарлау және есепке алу. Балаларды мектепалды даярлау ерекшеліктері. Балабақша мен бастауыш мектептегі математика сабағын оқытудың сабақтастығы.Балабақша менеджерінің математиканы оқытуға басшылығы.

Мазмұны

Дәрістер:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі. Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы. Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердің балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі. 1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қара математикалық түсініктерін қалыптастыру мәсслелері жөніндегі педагогикалық-психологиялық ізденістер 1980-1990 жылдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұнының қалыптасуы. Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. "Балбөбек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Практикалық: Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар).

Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар. 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері. 2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру

сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету,.санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. . 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі. Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын санның шығуы.

Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау (санап aлy). Есептеу, есептеудің заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.



Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұйымдастыру формалары; мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдай білуге дағдыландыру; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теориялық негізін білуі; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалануды; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер түрін, оны тиімді қолдана алу біліктілігі; математикалық терминологияны дұрыс қолдана алу біліктілігі.



Пәннің аталуы

Педагогикалық шеберлік

Қысқартылған атауы




Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Куатова Ж.Ж.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалімдердің бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру.

Мазмұны

Дәрістер: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде. Педагог сөзі ақпарат тарату және педагогикалық әсер ету құралы ретінде. Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас. Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

Практикалық сабақтар: Педагог шеберлігі, оның компоненттері. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде. Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы. Педагог техникасы. Өзіндік реттеу техникасының негіздері. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас. «Мұғалім-ата-ана»жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салушы элементтердің бірі. Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі. Педагогтің өзара қызметтестігінің тәсілдері. Байқағыштық бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті. Өзін-өзі тәрбиелеу - бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогтік шеберлігін қалыптастырудың бірден-бір жолы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Педагогикалық шеберлікті меңгеру болашақ мамандардың көз-қарастарын дамытуда, болашақ мұғалiм дайындауда оның деңгейiн есепке алу және педагогикалық мәдени қатынасты тәрбиелеу. Тiл жәрдемiн көрсету, педагогикалық қатынас негiзiн қалыптастыру.


4 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр:

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалдарбекова А.Б.

Доцент / оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредитттер / сынақ бірлестіктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.



Пәннің аталуы

Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

ЕTD 1106

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Тастанов Е.А.

Доцент / оқытушы:

б.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі




Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практикалық-15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Жаратылыстану негіздері. Экологиялық білім негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Экологияның мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны және атқаратын ролі. Аутэкология: экологиялық факторлар. Оптимум және минимум аймақтары. Демэкология: популяция сипаттамалары, флуктуациялар және популяция санының реттелуі. Синэкология: қауымдастық ішіндегі әсерлесулердің түрлері, қауымдастықтың трофикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің флуктуациялары: энергия алмасуы және заттар айналымы, экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы, экологиялық сукцессиялар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Құрлықтық және сулық экожүйелердің типтері. Биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосфераның тірі заты және оның функциялары. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану. Табиғатты қорғау және қазіргі заманның экологиялық проблемалары. Экологиялық даму проблемалары.

Мазмұны

Дәрістер: Организм жəне оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Стенобиоттық жəне эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мəні. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Популяция тығыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Экологиялық қуыс: потенциалдық жəне іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны жəне химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші жəне екінші бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының 1% жəне 10% ережелері. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Экожүйелердің біртұтастығы жəне тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера жəне ноосфера туралы ілімі. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, əлемдік деңгейлер. Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера жəне атмосфера ресурстары. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты жəне қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркəсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері жəне сабақтары. Ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы жəне олардың экологиялық-генетикалық зардаптары. Əлеуметтік-экологиялық дағдарыс жəне тұрақты даму. Туылым мөлшеріне əсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау əдістері. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен əдістері. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі. Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері.

Практикалық сабақтар:Экология-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру. Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.

В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері жəне қызмет атқару принциптері. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары. Қоршаған ортаның сапасы жəне тұрғындардың денсаулығы. “Үшінші əлем” проблемалары. Мешеуліктен құтылу -тұрақты дамудың өзекті мəселесі. Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Экология пәнін оқу барысында студент ғаламдық, жергілікті, экологиялық жағдайларды, ҚР негізгі түсініктемелерді және жалпы экология заңдарын, табиғат қорғаудың ғылыми негіздерін білуі керек.

Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет