Панфилов ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Жаркент, 2014 жыл



бет2/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5

2. Ағымдық жағдайға талдау
2.1. Ауданның жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер етуі

Ауданның табиғи ландшафты бай және әр алуан. Суармалы жердің көп бөлігіне дәнді және майлы, техникалық дақылдар, көкөніс егіліп, өсіріледі. Бақтар мен жүзімдіктер өсіруге, мал шаруашылығымен айналысуға табиғаты қолайлы. Ауданда «Керімағаш», «Жаркент-Арасан» емдеу балшықтары, Тышқан және Сұлубақан орындарындарында көмір қазбалары, Айдарлы ауылдық округі аумағында «Ақтау» орнында әйнек шығару үшін пайдаланылатын кварц құмы, Қоңырөлең ауылдық округінде «Қату» тауында құрылысқа қажетті көк тас бар. Аудан аумағын Қазақстанның Ұлы Жібек Жолының кесінді трассасы басып өтеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру арқылы, тек жеке түрлерінен басқа (қант, күріш, қарақұмық) барлық ауданды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Аудан аумағында пайдалы қазбалардың мол қорлары бар (құм, шағыл, кварцты құм, көк тас және т.б.). Жергілікті кәсіпорындар осыларды пайдалану арқылы құрылыс материалдарын: сплитерлік блоктар, құрылыс қуыс блоктарын, тротуарлық плиткалар, пластик пен ағаштан есік және терезелер шығарады. Барлық шығарылған өнімдер заманауи талаптарға сай.

Ауданда гидроэнергетиканы дамыту қорлары да бар, Өсек өзенінің бойына гидроэлектростанция салуға мүмкіндік бар.

Минералды сулар мен емдік батпақтардың болуы ауданның санаторлы-курорттық қызметтің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Ауданның көлік әлеуетін дамыту және көліктік бағыттарды, көлік-логистикалық қызметті және шекара маңы сауда орталығының инфрақұрылымын дамыту арқылы шекарамаңы аймағының маңызын арттыру халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды жағы. Ауданда «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының орналасуы еркін экономикалық аймақты құруға және дамытуға мүмкіндік береді. Өйткені, шекара маңына жақын орналасқан Хоргос (Қытай) портты қаласы еркін сауда және өнеркәсіп қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі болып саналады. Бүгінгі күнге ауданда «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында шекарааралық сауда экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени бірлестікті дамытуға бағытталған заманауи көлік логистикалық, туристік ифрақұрылымды және мәдени тұрмыстық нысандарды құру аясында, осы жерге жақын орналасқан өңір тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Бұл жерде «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының негізгі міндеті орталықтың қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сәйкес «Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық аймағы құрылды. АЭА-ты құрудың мақсаты шекарааралық көлік экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, қазақстан аумағында тиімді өндірістер құру болып табылады. «Жетіген-Қорғас» темір-жолының құрылысы аяқталды, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін құру аясында Алматы – Қорғас республикалық маңызы бар автожолы қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар, ауданның үлкен қарқынмен дамуына кедергі келтіретін мәселелер жоқ емес.

1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішінің төмен болуы, білім беру мекемелерінің ғимараттарының тозуы, қазіргі заманғы кұралдар және құрылғылармен қамтудың төмендігі білім беру саласына кедергі болып тұр.

Ауыл шаруашылығында шаруа қожалықтарының кіші және егістік жерінің аз болуы, селекциялы-асылдандыру жұмыстарын кең ауқымда жүргізуге және ғылыми негізделген ауыспалы егістікті жүргізуге, заманауи технологияларды енгізуге, өндіріс процесін механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік бермей отыр.

Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімдердің өзіндік құнының жоғарылауына және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне әкеліп соғуда.

Ауданның энергияға тәуелділігі. Ауданда электр энергиясына ақы төлеу бойынша тариф республика және облыс көлемінде жоғары.

Туристік инфрақұрылымның толық жұмыс істемеуі, үнемі жұмыс істеп тұратын бағыттардың болмауы, сервистік қызметтің төмен дәрежеде болуы және кәсіби мамандардың жоқтығы туризмнің дамуына кедергі болуда. Әйтпесе, туризм аудан экономикасының дамуында негізгі бағыттардың бірі болары анық.

Аудан халқының 65%-ы ауыл тұрғындары болып табылады, халық тұрмысының жоғары болмауы, еңбек әлеуетінің тиімді қолданбауы, ауылдан қалаға көшудің көбеюі ауылдық елді мекендердің дамуына кері әсерін тигізуде.

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау

2.2.1. Экономикалық даму

Өнеркәсіп

Ауданда 3 орта және 19 шағын өндіріс кәсіпорындары бар, өндіретін өнімнің көлемі орта мекемесінің үлесіне 24,6%, қалғаны шағын кәсіпорындар мен үй секторының үлесіне тиесілі, орта кәсіпорындар «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, Жаркент АЭЖ, Су құбыры.

Өнеркәсіп өнімінің 78 % құрылымы қайта өңдеу өніміне, өндіріс және электр энергиясы газ және суды таратуға 19,2 %, тау кен өндірісі мен кен шығару орындарын игеруге 2,8 % жатады.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

Қайта өңдеу өнеркәсібінде азық-түлік өндіру 67,3%, жеңіл өнеркәсіп (полипропилен қап шығару) - 23%, ағаш өнімін жасау, жиһаздан басқа– 1,1%, басқа да металл емес минералды өнім және қағаз өнімін өндіру – 7,4 %, машина жасау–0,4 % және жихаз дайындау – 0,8% құрайды.

2011 жыл мен 2013 жылдар аралығында өндірістік өнім көлемі 1,1 есеге өсіп немесе 7282,5 млн.теңге құрады (2011 жылы -6566,0 млн.теңге). Ауданның облыстық тауар өндірісіндегі үлесі 1,3% құрады.

Үш жылда 16 жаңа кәсіпорын қолданысқа енді, 4 жұмыс атқарып тұрған кәсіпорындар кеңейтіліп, осылайша 446 жұмыс орындары ашылды. 2012-2013 жылдары «Жаркент пропилен зауыты», «Универсал» ЖШС-і іске қосылып аймақтық индустриализация картасына енді.

Жалпы облыстық тауар өндіруде ауданның үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға өсті.

Бұл кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2011 жылғы 5076,3 млн.теңгеден 2013 жылы 5679,5 млн.теңгеге дейін өсті. Бұл «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің өндіру көлемінің көбеюіне және «Жаркент пропилен зауыты», «Универсал» ЖШС-гі іске қосылуына байланысты.

Азық-түлік өнімін «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС крахмал, сірне, глютень, «Карим» ШҚ- нан сүт және сүт өнімдері, құс еті, ЖК «Жолтуков Е.» ұн және нан өндірумен айналысады.

Қазақстандық мазмұнның дамуы

Ауданда Қазақстандық мазмұнның кең ауқымда тауарды сату, ұлттық компаниялардың мемлекеттік органдардың жұмысы алға басуда.

Облыстық тауар өндірушілерге тізбе үшін материалдар ұсынылды, онда шығарылатын өнімдердің түрлері жайлы ақпарат және аудандағы орта, шағын кәсіпорындардың күш-қуаттары көрсетілген.

Түйінді мәселелер:


  • Технологиялық құралдармен жабдықтаудың төмендігі, көптеген мекемелерде өндіріс қорларының ескіруі;

  • Барлық өндірістік күш-қуаттың толық жұмыс басты болмауы;

  • Отандық мекемелердегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейде болуы.

Ауыл шаруашылығы

Ауданда 658,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бар, оның ішінде айналымдағы жерлер 369,2 мың га, егістік 40,9 мың га, суармалы жер 40,7 мың га, шабындық 6,9 мың га, жайылым 321,4 мың га.

Ауданда 5000-ға жуық ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, оның ішінде 4,9 мың шаруа қожалықтары, 23,0 мың үй шаруашылықтары.

2011-2013 жылдары ауыл шаруашылықта өндірілген жалпы өнім көлемінің өсуі сақталды.

2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің жалпы көлемі 23,2 млр.теңге, 2011 жылдың деңгейінен 5,0 млрд.теңгеге артып, нақты көлем индексі 102,1 % құрады. Өсімдік шаруашылығында жалпы өнімнің құрамы 51,4%, мал шаруашылығында -48,6 % .

Ауданның өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2011-2013 жылдары несиелік ресурстарды қоса алғанда 4280,4 млн.теңге қаржы бағытталды.

Өсімдік шаруашылығы саласы дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, күрделі жем, картоп, бақша, жеміс-жидек өндірісіне мамандандырылған.

Ауданда жалпы егістік көлемі 43,0 мың га құрайды және 2011 жылғы деңгейде қалып отыр, ал жалпы облыстық көрсеткіштің үлесі 4,7 пайыз.

Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын егу құрылымында масақты дақылдарды егу көлемін (1494га) азайту арқылы дәнді жүгері егу көлемі 2496га-ға, картоп 19 га-ға, бақша 46 га-ға кеңейтілді.

Дәнді дақылдар 26,3 мың га жерде өсіріледі және барлық егістік жердің 61,2% құрайды, жүгері өнімі (95%) және дәнді дақылдар (5%). 2011 жылдан дәнді дақылдарды өндіру көлемі 10,6% артып, 144,1 мың тонна құрады.

Майлы дақылдардан күнбағыс 1,1 мың га жер көлемінде немесе ауданның жалпы егістік көлемінің 2,6% -да өсіріледі, жыл сайын 1,9 мың тонна майлы дән өнімділік алынады.

Картоп, көкөніс дақылдардың көлемі 2,9 мың гектар құрады, 53,7 мың тонна өнім өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда 8,0 мың тоннаға өсті.

2011-2013 жылдары 160 га жеміс көшеті отырғызылды, ауыл шаруашылық құрылымдарында 1233 га көп жылдық өсімдіктер құрайды, олардан 10,5 мың тонна өнім жиналып, 2011 жылмен салыстырғанда 19,3% -ға артты.

Осы мерзімде ауданда тамшылап суаруды қолдану 4,8 есе немесе 2011 жылдың 30 гектарынан 2013 жылы 143 гектарға дейін көбейді.

Ауданда 8 элиталық, элиталық дәнді, майлы дақылдар, жеміс-жидек және картоп тұқым өсіруші шаруашылық жұмыс істейді.

2013 жылы жанар-жағар майды және басқа тауар-материалдық құндылықтарды арзандатуға көктемгі дала және егін орағына 117,9 млн.теңге субсидиялар берілді.

Барлық қаражат көздерінен 2011-2013 жылдары 233 дана ауыл шаруашылығы техникалары 709,0 млрд.теңгеге алынды.

Ауданда жалпы алаңы 5,4 га құрайтын 37 жылыжай жұмыс істейді, олар жыл сайын орташа 200 тонна көкөніс өндіреді, бұл аудан халқының ұлттық мөлшер қажеттілігін 13,7% -ға өтейді.

Жем-шөп және нәтижесі аз құнарлы жерлердің егістік көлемін ұдайы өндіріс жақсарту мақсатында, жем шөп дақылдарына 29% немесе 12,6 мың га жер бөлінді.

Мал шаруашылығында етті бағытты, биязы жүнді қой, жылқы және құс шаруашылығын дамытуға мамандандырылған.

Ауыл шаруашылық құрылымдарда қой мен ешкінің саны (56 %), жылқы (49%) жинақталған, тұрғындардың шаруашылығында ірі қара мал (59%), шошқа (100%) және құс (84%) бар.

Ірі қара мал саны 2011 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға көбейді және 65,0 мың басты құрады, жылқы саны 4,5 пайызға және 15,4 мың бас. Сонымен бірге, шошқаның саны 55,9 пайызға азайды және 130 бас құрады, қой мен ешкі саны сәйкесінше 1,6 пайызға және 279,1 мың басқа, құс 3,4 пайызға және 170,0 мың бас құрады.

Ауданда 18 асыл тұқымды шаруашылықтар бар, олардың 8- ірі қара, 6- қой, 2- жылқы, үйрек және ара өсіруде. Асыл тұқымды ірі - қара малдың саны барлық ірі қара малдың санының 10,5 пайызы, қой 23,8 пайызы, жылқы 9,5 пайызды құрады.

Шаруашылықтардың барлық санатында тірі салмақтағы ет өндіру -2,4 % -ға көбейіп, 16,7 мың тонна құрады, сәйкесінше сүт 0,4 % немесе 40,4 мың тонна және жүн 0,2 пайыз немесе 802 тонна, жұмыртқа 12,0 пайыз немесе 10,3 млн.дана құрады.

Етті бағытты мал шаруашылығы жобасын іске асыру кезеңінде шаруа қожалықтары ірі қараның 847 аналық басын сатып алды.

3880 бас етті бағыттағы тұқымдық бұқаның орны толды, 1800 бас сиыр тұқымдық бұқамен қолдан ұрыктандырылды.

Ет өңдеумен «Мал Өнімдері» жеке кәсіпкер айналысады, онда 300 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы бар.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеумен 34 кәсіпорын айналысып жатыр, 2013 жылы дайын өнім өндіру көлемі 3,8 млрд.теңге құрап, 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,2 есе өсті.

Жүгері өңдеумен «Жаркент Крахмал-сірне» зауыты айналысады, оның қуаттылығы 10 мың тонна, 2013 жылы 20,0 мың тонна шикізат өндірді, жұмыс бастылығы 100% құрады, крахмал өндіру көлемі 396,3 млн.теңге құрады.

Сүт өңдеумен «Карим» ШҚ айналысады, цехтың қуаттылығы жылына 650 тонна, өндірілген сүт өнімінің көлемі 227,3 млн.теңгені құрады.

2003 жыл сағатына 8000 бас үйрек соятын цех ы іске қосылды, өткен жылы құны 63,6 млн.теңге құрайтын 144 тонна үйрек еті өндірілді.

Бұл саладағы негізгі мәселенің бірі ауыл шаруашылығы техниканың ескіргені себебінен, еңбек өнімділігін төмендетіп, өндіріс шығындары көбейді, мал басы үй шаруашылықта топталынған себептен мал өнімділігі төмен, мал суаратын судың жетіспегенінен табиғи жайылым жерлер толық пайдаланылып жатқан жоқ.



Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес айтарлықтай жоғарғы қарқынмен дамуда, субъектілер саны 2013 жылы 7694 бірлік құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға артты (7449 бірлік).

Шағын кәсіпкерліктің негізін шаруа қожалықтары құрайды, олардың үлесі 64,5% және жеке кәсіпкерлер (32,3 %), ең кіші үлес– 3,2 % шағын бизнес мекемелеріне тиесілі (заңды тұлғалар).

Шағын кәсіпкерлік саласының құрамын шаруа қожалықтарды есепке алмағанда өндіріс үлесі- 19,9 %, құрылыс – 6,1%, сауда мен қызмет- 74,0 %.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндіретін өнімдерінің көлемі 2011 жылдың деңгейінен 3 есе өсіп, 2013 жылы 17499,1 млн.теңге құрады. Өндірілген өнімнің басым бөлігі Жаркент қаласында -84,8%, Көктал, Пенжім, Үлкеншыған ауылдық округтерде -7,1%, ең азы Айдарлы ауылдық округінде -0,3 %.

Шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны 2,3%-ға көбейіп, 21,3 мың адамды құрады. Шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны Жаркент қаласы, Пенжім, Үлкеншыған және Көктал ауылдық округтеріне қарасты.

2011 жылмен салыстырғанда бюджетке төлем 2,1 есе өсіп, 2013 жылы 383,5 млн.теңгені құрады.

Ауданда әкімшілік кедергілердің қысқаруына шаралар іске асырылып, жалпы біртұтас бәсекеге қабілетті ортаның жақсарып, кәсіпкерлік іс-әрекеттердің дамуы жөнінде қажетті инфрақұрылымдар орнатылды.

Қоғамдық біріккен кәсіпкерлердің әрекеттері белсенділікке ие болып Эксперттік кеңесі арқылы қатыса алады.

Шағын кәсіпкерлердің дамуы жөнінде түйінді мәселелері төмендегідей:


  • Заңды тұлғалар формасындағы кәсіпорындар санының аздығы;

  • Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейінің округтер арасында тең жағдайда болмауы;

Сауда және қызмет көрсету саласы

Ауданда 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда бөлшек тауар айналымының көлемі 114,3 пайызға өсіп, 7607,1млн.теңге құрады (2011 жылы -6656,6 млн. теңге).

2014 жылдың 1-ші қаңтарына 979 нысан жұмыс істейді, оның ішінде 557 сауда объектілері, 110 қызмет көрсету орындары, 163 сервистік қызметі, 147 қоғамдық тамақтану, 2 базар. 2013 жылы 26 нысан іске қосылды, оның ішінде 14 - сауда, 3 - қоғамдық тамақтану орын, 1 –тұрмыс, 8- сервистік қызмет нысандары.
Инвестициялық қызмет

2011 жылдан 2013 жылға дейін инвестицияның негізгі капиталдың көлемі 1,8 есеге көбейіп, 26251,8 млн.теңге құрады. (2011 жылы 15078,9 млн.теңге). Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 1346,4млн.теңге құрады, 2011 жылы 278,1млн.теңге болған. Кәсіпорын және тұрғындар есебінен тартылған инвестиция 12566,2 млн.теңге құрап, 141,7% өсті. ( 2011 жылы 8867,4 млн.теңге).

2012 жылы Индустрияландыру картасының аясында құны 1024,1 млн.теңге құрайтын 2 жоба кірді: «Байсерке Агро» ЖШС-і -720,0 млн.теңге, «Универсал» ЖШС-де Жаркент полипропилен қап шығару зауыты -304,1 млн.теңге.

2011 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1 жоба 1400,0млн.теңгеге қаржыландырылды («ТЭК-Қазақстан» ЖШС бірінші бағыт бойынша темір жолдарда жылу қоймаларын салу бойынша).

2012 жылы 3 жоба 803,5 млн.теңгеге қаржыландырылды. Олар: «Жаркент Крахмал-сірне» зауыты-435,0млн.теңге, «Универсал» ЖШС-де Жаркент полипропилен қап шығару зауыты – 235,2млн.теңге, «Байсерке Агро» ЖШС-і бірінші бағыт бойынша -133,3млн.теңге қолдауға ие болды.

Жергілікті ерекшеліктерге және мүмкіндікке байланысты ауданда кластерді қалыптастыру жүргізілді - «Қамқорлық» тұтынушылардың қажеттілігіне сәйкес кәсіпорын қант қызылшасының жоғары элиталық сортты тұқымын өндіреді. Өнімді қайта өңдеп, қолданысқа жібереді. Өнімді тұтынушылар Алматы, Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облысының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері. Жұмыс Қазақстан мен Украинаның ғылыми зерттеу Институттарымен бірлесіп жүргізіледі.



Инновациялық қызмет.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің жоғарылау механизмі болып аймақтық деңгейдегі инновациялық жобалардың қолғабыс етуі қажет. Қазақстан –Қытай шекарасында салынған «Қорғас» ШЫХО және жұмыс істейтін АЭА ( арнайы экономикалық аймақ) қазіргі таңда инновациялық өндіріске қол жеткізеді.

«Жетіген-Қорғас» темір жолдарының салынуы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолдары құрылыс индустриясын, өндеу өнеркәсіпті және тұтас өнеркәсіпті дамыта отырып, республикалық жобаларды ауданда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өзекті мәселелер:


  • технологиялық құралдармен жабдықтау төмен, кәсіпорындарда өндіріс қорларының ескіруі;

  • қолданыстағы өндіріс қуаттарының толыққанды жұмыс істемеуі;

  • ауданда «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС жұмыс істейді, оның кәсіпорынды жаңа құралдармен жабдықтауға және бәсекелестікке қабілетті өнім өндіруге мүмкіндігі бар, бірақ қазақстандық нарықта көп жылдан бері қытай, ресей және басқа шет елдік өндірушілердің жұмыс істеуі, бұл кәсіпорынның өнімін сатуға кедергісін тигізуде;

  • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі төмен;

  • айналымдағы қаржылардың жетіспеуі және төмен пайыздық мөлшердегі ұзақ несиелердің қол жетімді болмауы.

2.2.2. Әлеуметтік сала

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Бүгінгі таңда ауданда 18 бала бақша және мектепке дейінгі балаларға тәрбие және білім беретін 33 шағын орталық бар. Мектепке дейінгі білім мекемелері орындарын ауылдық мекендер мен қоса Жаркент қаласы қажет етеді. Жылдан жылға (3 -6 жасқа дейін) мектепке дейінгі балалардың білім мекемелерімен қамту деңгейі көрсеткіші өсуде, 2011 жылы 42,4% болған, 2013 жылдың аяғына дейін 50,4% құрады. Облыстың орташа көрсеткіші - 60,3%.



Орта білім беру

Ауданда 50 жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеме жұмыс істеуде, оның ішінде 46 орта және 4 ауылдық бастауыш мектеп. Оларда 21338 оқушы оқиды. Мектептердің жалпы санынан 35-і (70,0%) типтік, 15-і (30,0%) ыңғайластырылған, 1-і апатты жағдайда, 11 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Ыңғайластырылған мектептер ауылда орналасқан. Жаркент қаласында жоғарғы жақта жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етеді, жоба-сметалық құжаты дайын, бірақ қаржы бөлу мәселесі шешілген жоқ.

Ауданда қосымша білім беретін Өнер мектебі жұмыс істейді, ондағы бала саны 270 оқушы.

Ыстық тамақ 50 мектептің 33-де ұйымдастырылған, 2011 жылы 31 мектепте ұйымдастырылған. Аз қамтылған отбасылардан 4721 бала анықталды, оның ішінде 2360 бала жалпы міндетті оқу қорынан тегін тамақпен қамтамасыз етілген, 373 бала демеуші есебінен, 843 бала мектеп асханаларын жалға алушылар есебінен-(барлығы 3578), қамту 76 %, 2014 жылға қамту пайызын 99,6%, 2015 жылы 100% жеткізу жоспарланып отыр.

Үш елді мекенде: Қызылжиде, Ақарал, Сарпылдақ ауылдарынан Керімағаш-Арасан орта мектебіне балаларды тасымалдау ұйымдастырылған (54 оқушы).

2011-2013 жылдар мезгілінде ауданда 2 жаңа типті мектеп ғимараты салынды. (120 орынды Аманбай о/м, 600 орынды Нұркент ауылындағы о/м), Диханқайрат орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы салынып басталды, 6 мектеп толық күрделі жөндеуден, 2 мектептің шатыры мен жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтті.



Электронды оқыту

Бүгінгі күнде барлық мектеп Интернет жүйесіне қосылған, 25 мектеп кеңжолақты ғаламторға, 18 мектеп қашықтықтан оқыту каналына қосылған. 9 мектепке 45 интерактивті тақталар орнатылған, 21 мектеп лингафонды кабинетпен, 14 мектеп физика және биология, 12 химия кабинетімен жабдықталған.

Электронды оқыту 2012 жылы Луначарский атындағы орта мектепте, ал 2013 жылы Алтынсарин, Розыбакиев, Жамбыл және Қорғас орта мектептерінде енгізілді.

Компьютермен жабдықтау жағдайы жақсарды. 1641 компьютер болса, әр 1 компьютерге 13,0 баладан келеді, 2011 жылдың сәйкес мерзіміне 13,6 баладан келген. Компьютерлік техниканың 30%-ы жаңартуды қажет етеді.



Кәсіптік және техникалық білім

Ауданда төрт колледж бар, олар: гуманитарлық-техникалық және көп салалы колледж (бұрынғы кәсіптік-техникалық лицей), медициналық және қаржы-экономикалық колледж –жекеменшік. 2013 жылдың басына жалпы оқушылар құрамы 2033 оқушы болды. Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған үлгілі жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 2011 жылы -9,6%, 2013 жылы -10,1% құрады. Жұмысқа орналасқан түлектердің саны 2011 жылы -423, 2012 жылы -407 адам, 2013 жылы – 449 адам, яғни 69 пайыз.



Балалардың заңды құқығы мен қызығушылығын қорғау жүйесі.

Ауданымызда жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған 161 бала бар, оның ішінде 83 тұл жетім. Барлық бала туыстарының қамқорлығына алынған, 1 баланы асырап алған. Жетім балалар үйінде жергілікті жердегі жетім балалар тәрбиеленбейді. Бағып алған отбасындағы және интернаттық тәрбиедегі балалардың тұрмыстық жағдайы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.



Педогогикалық кадрлар

Орта білім беру жүйесінде барлығы 2625 мұғалім, олардың ішінде жоғары санаттағылары - 374, бірінші санаттағылары - 1074, екінші санаттағылары - 677, санаты жоқтар - 500, Жоғары білімдісі – 2390, аяқталмаған жоғары білімді - 82, арнаулы орта білімді - 153. Жалпы есептегі жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - 55,2% құрады. Педагогикалық кадрларға ауданда тапшылық байқалмайды.



Жазғы демалыс ұйымдастыру

Ауданда жыл сайын жазғы демалыспен және сауықтырумен 13320 бала қамтамасыз етілген немесе жалпы санынан 67%. Оның ішінде қаланың шетіндегі лагерде - 785, мектеп жанындағы тамақтандыру лагерінде - 3012, тамақсыз - 3925, кәсіби лагерь - 460, шатыр лагерь - 1046, спорттық лагерь - 3926, профилактика лагерінде - 98 , пікір алмасу лагерінде - 68 бала демалуда.



Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер:

  • бүлдіршіндердің 50% мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеді.

  • тозығы жеткен білім нысандарының деңгейінің жоғары болуы-50,5% ұлғаюы.

  • қала мектептерінің басым бөлігінің тығыздылығы.

  • асырап алушы ата-аналар мектебінің, отбасына көмектесу қызметінің жоқтығы.

  • бала мен ата-аналарға, отбасыларына психологиялық көмек берудің жоқтығы.

  • Екі елді мекенде мектеп жоқ (Жаркент арасан, Жиделі ауылдары).

  • 10 ауылда (24,4%) мектепке дейінгі балаларға арналған мекеме ашылмады, оның ішінде 8 ауылда бала бақша ашу қажет.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау мекемелерінің жүйесінде өзгерістер болды, атап айтқанда: 2013 жылдың қаңтар айында Орталық аудандық емхана мен аудандық аурухана бірігіп орталық аудандық арухана болып құрылды, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап шаруашылық жүргізу құқығына өтті, денсаулық сақтау саласы нысандарының саны - 51. Медициналық мекемелердің жалпы санынан 65 пайызы ыңғайластырылған ғимаратта, ал 2 нысан жалға алынған ғимаратта орналасқан.

Жаркент қаласында аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы, перзентхана бөлімі жұмыс жасайды.

Ауданда 10 мың адамға дәрігерлермен қамту көрсеткіші 2011 жылдағы 15,23-тен 2013 жылы 16,0-ге жетті, ал орта буынды медицина қызметкерлері сәйкесінше 66,3-тен 68,0-ге көтерілді.

2013 жылы ауданға 12 дәрігер, 71 орта буынды медицина қызметкерлері келді. Алайда, зейнеткерліктегі және зейнеткерлікке шығу алдындағы дәрігерлер -12 немесе 7,1 пайыз, яғни дәрігерлерге тапшылық көрсеткіші 24 құрайды, 2011 жылы 30 болған.

2011-2013 жылдары 7 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2 дәрігерлік амбулатория салынып, Головацкий ауылында дәрігерлік амбулатория ғимараты сатып алынды. 2013 жылы Көктал ауылында жүйке тамыр аурулары бөлімшесінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді, туберкулез ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өтті, балалар ауруханасына 300 бала қабылдауға арналған қосымша ғимарат құрылысын салу басталды, 2014 жылы қыркүйек айында аяқталады.

2014 жылы Үлкеншыған ауылында дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимарат салу басталды, Лесновка ауылында дәрігерлік амбулатроияны күрделі жөндеу жұмысы басталды. 2015 жылы Көктал ауылдық емханасын күрделі жөндеу, Пенжім ауылында дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимарат салу, Ават ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды.

Ана өлімі 100 мың тірі туылғанға шаққанда 2012 жылы 1 жағдай тіркелді, 2013 жылы ана өлімі болған жоқ. Нәресте өлімі 1000 тірі туылғанға шаққанда, 2013 ж -14,3 болды, 2011ж- 15,8.

2013 жылы қан айналымы аурумен науқастанудан қайтыс болу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда - 159,9, 2011 жылы - 244,5, ал онкологиялық аурумен науқастанудан қайтыс болу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2013 жылы 107,8 құрады, 2011 жылы 61,1 болған, туберкулезбен науқастанудан қайтыс болу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда -0, 2011 жылы – 2,6.

Ауданда 2010 жылдан бері Бірыңғай ұлттық жүйе енгізілген, дәрігер мен медициналық ұйымды таңдауды енгізу жұмыс жалғасуда. 2014 жылдың қаңтар айынан емхана-аурухана деңгейінде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу басталды.



Денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер:

  • дәрігерлердің жетіспеушілігі;

Демографиялық әлеует

2011 жылдың 1 қаңтарына аудан халқының саны халық санағын қоса есептегенде 117,5 мың адамды құрады, 2014 жылдың 1 қаңтарына ауданда 122,1 мың адамды құрады, өсім 3,2 пайыз немесе 4,6 мың адам, оның ішінде ауыл тұрғындарының саны – 79,5 мың адам, қала тұрғындары – 42,6 мың адам.

Осы кезеңдерде барлық елді мекендер бойынша көші-қон айырмасы теріс болып отыр, халық санының өсуі туу көрсеткішінің жоғары болуымен және жалпы өлімнің азаюы есебінен, яғни табиғи өсім артып отыр. 2012 жылы абсолюттік көрсеткіш біршама төмендеп, көші-қон айырмасы (-) 24, құрады, 2010 жылы (-) 655, 2011 жылы (-) 935 адам, 2013 жылы (-)323.

Еңбек нарығы

2013 жылы экономикалық белсенді халық саны 76200 адам құрады және 2011 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 7149 адам есебінен 9,4 %-ға артты.

Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың барынша жүргізілуінен, яғни қоғамдық жұмысқа, кәсіптік оқуға, жастар тәжірибесіне жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру халықты жұмыспен қамтуды көтеруге әсерін тигізді, 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға өсті. Жалдамалы жұмысшылардың саны 2013 жылы 37300 адамға дейін артты, 2011 жылы 29316 адам.

Бірталай шараларды іске асырудың арқасында жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 4,4 пайызға азайды, 2011 жылы 5,3 пайыз болған. Бұндай көрсеткішке «Қорғас» шекара маңы ынтамақтастық халықаралық орталығы» АҚ-ның келешекте дамуы арқылы қол жеткізілді. Сонымен бірге, Алматы облысының аймақтық индустриаландыру картасы аясында «Жетіген-Қорғас» темір жолының құрылысы, бүгінгі таңда «Алтынкөл» станциясында 500 адам жұмыс істейді, оның ішінде 30 % жергілікті тұрғындар, барлығы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның келісімі бойынша жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен кәсіптік оқудан өткен. Одан басқа темір жол салынып жатқанда құрылыс компанияларға жергілікті тұрғындардар 300 адамнан астам құрылыс жұмыстарына жіберілді. Сонымен қатар «Байсерке Агро» ЖШС-і жылыжайы іске қосылғанда 170 жаңа жұмыс орны ашылды, «Универсал» ЖШС-де Жаркент полипропилен қап шығаратын зауытта 307 жаңа жұмыс орны ашылды (құрылыс және іске қосу кезінде). 2013 жылы «Алматы-Қорғас» автожолының құрылысын салу басталды, бұл жұмысқа да аудан тұрғындары тартылуда. Бұның өзі жұмыссыздардың санын азайтуға оңды әсерін тигізеді.

Соңғы жылдары ауданда жұмыс істейтіндердің ішіндегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында динамика үлесінің төмендегені байқалады: 2011 ж -55,4%, 2012ж.-50,7%, 2013ж-48,8%. 2011 жылмен салыстырғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар 835 адамға қысқарды. Алайда, бұл көрсеткіш облыстың орташа көрсеткішімен салыстырғанда ақырындап азаюда, 2013 жылы облыс бойынша 40,8%. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың өнімді емес жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2013 жылы 48,0%.

Бірақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны әзірше негізгі көрсеткіштерінің бірі болып тұр. Бұл санатта жұмыс істейтіндер құрылымы бірыңғай емес. Олардың ішінде 63%-ға жуығы экономиканың формалды секторымен айналысады (адвокаттар, нотариустар, тіс дәрігері, жеке кәсіпкерлер), қалған 37% -ы өзіндік қосалқы шаруашылықпен, өзі тұтыну үшін, отбасылық кәсіпорындар мен шаруашылықтарда жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жақсы іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында үш жылда әлеуметтік жұмыс орындарына 231 адам, кәсіптік оқуға 271 және жастар тәжірибесіне 104 адам жолданды. Осы бағдарлама арқылы Пенжім ауылында 25 жеке тұрғын үй және Жаркент қаласынан көп пәтерлі 3 тұрғын үй салынып, ауылдық елді мекендерден аз қамтылған отбасылар көшіріліп, отбасының жұмысқа жарамды мүшелері тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ауданда жалдамалы жұмысшылардың санын өсіруге, яғни өнімді жұмыспен қамтуға ықпал етуге және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды азайту үшін бос жұмыс орындарын іздестіру, қайта даярлау, кәсіби даярлыққа жіберу, әлеуметтік жұмысқа жолдау шаралары қолданылуда, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға ықпал етуде.

Соңғы үш жылда (2011-2013 жылдары) жұмыспен қамту мекемесіне 6,5 мың адам жұмыс іздеп барып, оның 6,0 мыңы жұмыспен қамтылды, оның ішінде 2013 жылы 1927 адам келіп, 1794 адам немесе 91,5 пайыз жұмыспен қамтылды (облыстың көрсеткіші 87,3%), 2,6 мыңнан астам адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 310 адам кәсіби даярлықтан өтті.

Еңбек нарығында шешімін таппаған мәселе де жоқ емес, ондағы негізгі өзекті мәселе – жұмыс күшінің сапасының төмендігі, жұмыспен қамтудың тиімсіздігі. Ауданда 5837 мүгедек бар, ол жалпы тұрғындардың 4,8 пайызын құрайды. 1 интернат үйі, 1 мүгедек балаларға арналған оңалту кабинеті және жалғыз басты қарттарға және мүгедек балаларға үйлерінде қызмет көрсететін 3 бөлімше бар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру мақсатында 287 әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарының 14-не құжаттандыру жүргізілді, оның ішінде 14 нысан оңтайландыруға жатады. Жалпы 85 нысанға пандус орнату жоспарланып отыр, 2014 жылы -17, 2015 жылы -68.

Халықтың өмір сүру деңгейі.

Аз қамтылған отбасы саны 2011 жылы- 31 адам, 2012 жылы -17 адам, 2013 жылы -8 адам. Бұл көрсеткіштің азаюына аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмыспен қамту, кәсіптік оқуға жіберу, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу, өз ісін ашу үшін несие беру нәтижесінде қол жетті.

Әртүрлі көмектер: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі, ауылдық елде-мекендерде жұмыс істейтін білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласы қызметкерлеріне отын сатып алуға жәрдемақы 2011 жылы 8178 адамға 107,2млн.теңге берілді, 2012 жылы 7584 адамға 110,2млн.теңге, 2013 жылы 7940 адамға 118,7 млн.теңге берілді.

Ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларының ішінен жұмысқа жарамды азаматтарды еңбек етуге қабілеттілерінің экономикалық белсенділігін арттыру, әлеуметтік көмек көрсетудің нәтижелерін көтеру, балалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін дамыту, әлеуметтік көмектің деңгейін арттыру, жұмысқа тарту, кәсіби оқуға жіберу, жеке қосалқы шаруашылығына мал алуға, жеке ісін ашуға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету сияқты іс шаралар жасалынғанда күн көріс деңгейінен төмен тұратын халық саны азаяды.



Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелер:

  • жұмыс күші сапасының төмендігі және жұмыспен қамтудың нәтижесіздігі;

  • өзін- өзі жұмыспен қамтыған халық саны әлі де көп;

Мәдениет және тілді дамыту

Ауданда 55 мәдени ошақтары, оның ішінде 25 кітапхана, 27 мәдениет үйлері мен клубтар, 2 мұражай, 1 көркемсурет галереясы халыққа қызмет көрсетеді. 58 тарихи - мәдени ескерткіштер бар.

2011-2013 жылдар аралығында ауданда мемлекеттік жүйеге қарасты жұмыс істеп тұрған кітапханалар, мәдениет үйлері сол деңгейде қалды, 1 музей және 1 Көктал ауылдық мәдениет үйі қосылды. 2012 жылдың наурыз айында Д.Рақышев атындағы театр ашылып, оған 15 штаттық бірлік берілді.

Кітапханалар 33 компьютермен, 2 кітапхана Қазақстандық автоматтандырылған ақпаратты-кітапхана жүйесіне қосылды /КАБИС/, 2 кітапхана – Интернет жүйесіне қосылған. Головацкий ауылында моделді кітапхана іске қосылған. Облыстық бюджет арқылы УАЗ-22069-04 авто көлігі, аудандық мәдениет үйіне бюджет қаржысы есебінен «Хундай» маркалы жүк автобусы алынды.

Аудан бойынша 2013 жылы кітапханалардың кітап қоры 270 589 дана, оның ішінде қазақ тілінде 120 133, оқырмандар саны -267267, кітап берілімі –522304, жаңа келіп түскен кітаптар саны – 5021 дана, оның ішінде қазақ тілінде 4464.

Ә.Кастеев көркемсурет галереясында: 95 саяхат, 18 көрме, 36 лекция, келушілер саны 6181, ақылы қызметтен 214 мың теңге түсті. Экспонаттар саны 118. Музейге келушілердің 1000 адамға шаққанда орташа саны 2013 жылы-141,2 бірлік, 2011 жылы - 206,3 бірлік болған.

Кітапханаларда 128 кітап көрмесі, 113 өмірбаяндық шолу, 2 дөңгелек үстел, 10 оқырмандар конференциясы, 95 әдеби-сазды кеш, 2 ауызша журнал, 2 жаңа кітаптың ашылуы және т.б. өткізілді. Кітапханаға келушілердің орташа саны 2013 жылы-2207,9 бірлік, 2011 жылы-2241,1 бірлік.

Аудан бойынша 58 жергілікті маңызы бар жылжымайтын тарихи мәдени ескерткіштер тізімделген. Бұл ескерткіштердің 47-сі сәулет және қалақұрылысы, 8 ансамбль, 2 табиғат ескерткіші және 1 Орбұлақ белгі тасы (Белжайлауда) және 2 табиғат ескерткіші.



Тілдер:

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге перспективалық болжам бойынша қажетті іс шаралар жасалынған. Қазақстан Республикасының «Тілдер» заңың іске асыру бойынша үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға тұрақты әдістемелік және практикалық көмек қөрсетіледі. Барлық мемлекеттік органдарда құжат айналымы қазақша тілде жүреді, 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бойынша құжат айналымының жалпы көлемі 99,9% -бен қалды.

Құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу мақсатында мемлекеттік мекемелерде, 16 ұйым және 14 қала, ауыл округтерінде тексеріс өткізілді. Мекеме және сауда нүктелерінің ішкі көрнекті қасбеттігін безендіру және сыртқы жарнамалардың мазмұнын тексеру бойынша тұрақты рейдтер жүргізіледі.

Аудан деңгейінде өтетін ресми іс шаралар, мәжіліс және отырыстар мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Іс шараларға сәйкес жыл басынан аудандық қоғамдық онамастикалық кеңесінің 2 отырысы өткізілді.

2011 жылғы 26 тамыздағы № 183 Алматы облысының қаулысының негізінде Панфилов ауданының әкімдігі «2011-2013 жылдары тілдерді қолдану және дамыту бойынша аймақтық іс шаралар» бекітті.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында тұрғындар мен жастар арасында келешекке арналған жоспарға сәйкес түрлі іс шаралар және үгіт –насихат өткізіледі.

Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер:


  • Аудандық және ауылдық кітапханаларда орталықтандырылған кітап қорларын жинақтауға қаржы жеткіліксіз. Аудан бойынша 2 кітапханадан басқа кітапханалар компьютермен жабдықталмаған. Интернет торабына қосылмағандықтан ауылдық кітапханалар аудандық, облыстық және ұлттық кітапханалармен ақпараттар алмасу байланысын жасай алмауда.

  • «Халықтық» ансамбльдері мен барлық мәдениет нысандарында техникалық жұмыскерлерге штаттық бірлік қарастырылмаған.

  • Кадрларды дайындау және қайта дайындау деңгейі жетіспейді.

  • Мәдениет үйлерінің көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді, жылумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ.

Тіл саласындағы өзекті мәселелер

  • қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, айта кету керек, мемлекеттік тілді барлық сала бойынша қоғамдық өмірде қолдануды іске асыру әлі де жеткіліксіз.

  • мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті функциялы дәрежеде ықпалы жеткіліксіз.

  • тілдерді оқытудың инфрақұрылымдық дамуы жеткіліксіз.

Негізгі ішкі- және сыртқы деректерді бағалау:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет