Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет19/23
Дата25.04.2016
өлшемі4.68 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Кісі аттары
Абад, Абат. Халық орналащан, щоныстанған. игерілген гүлденген жер, өлке. Абат үйден ытқып лықты далаға (Б. Тәжібаев).

Абруй, Әбүйір (аб + руй). 1. Беттің суы. 2. Ауыс. Ар, намыс, сый, құрмет. Ықыш пен Әбүйір бұл кезде ақтың осындай шашау шыққандарын өлтіріп дәніккен (Ғ. Мұстафин).

(а — п) Әхмадджан, Ахметжан (Әхмәд + жан). Қостанай облысындағы Торғай селосында туратын Ахметжан жырау 70-ке келді («С. Қ.»).

(a — п) Әхмадгирай, Ахметкерей (Әхмад + гирай). Ахметкереев — Ақтөбе облысының Ленин ауданындағы «Доброволец» колхозының басқарма председателі («С. Қ.»).

(a — п) Әхмедйар, Ақмедияр (Әхмәд + йар). 1. Ахметтің досы. 2. Ауыс. Пайғамбардың досы.

(a — п) Иреджан, Ырысжан, Рысжан (Ирс + джан). Ырысты, бақытты жан (адам, кісі). Ырысжан Әсетпен айтысқан белгілі ақын. Арлан қасқыр екен деп жасқанам ба, қайдағы қу сұмдық сөз сізден шығар (Ырысжан).

(a — п) Ирсгол, Ырысгүл (ирс + гол). Ырыс, бақыт гүлі.



Арман, Арман. 1. Тілек, ықылас. 2. Өкініш.

Жақша ішінде кісі аттарының құрамы қайсы тілге тән болса, сол тілдегі жазылуы бойынша көрсетілді.— Ред. опық, қайғы, уайым. Менде де сендей қосарланған сезім бар,— деді Арман (Ә. Тәжібаев).



Азад, Азат. Еркін, ерікті. Тауға шығам, тақтын басам тәңірінің, Қатарында бірге тұрып, Айналаға көз салам,— деді Азат (Ә. Тәжібаев).

Ашқар, Әшкер. Анық, ашық, айқын, жарық, ақиқат. Біздің Әшкер де сол жылы туған, екеуің құрдассыңдар, жылдарың «сиыр» (С. Мұқанов).

(a — п) Әсилзад, Асылзат (әсил + зад). Асыл текті, ақ сүйек.

(а — п) Әсилгирай, Асылкерей (әсил + + гирай). Қоңырқұлжа бірдеме айтпақшы болып келе жатыр еді. Үйге аға сұлтанның жасағының бастығы, ұзын бойлы, қара мұртты Асылкерей кіріп келді (I. Есенберлин).

— п) Ағаниаз, Ағанияз (аға + ниаз). Ағанияз әмірлінің «қыр жігіті» деп кеуде көрсетуінде де озіне пайдалы бір үлкен мән жатыр (Ә. Сәрсенбаев).

(қ — п) Ақбөбек, Ақбөбек (ақ + бөбсх). Орынбай ақынның атасы Бертағы да белгілі ақын болран. Бертағының әйелі Ақбөбектен Байқожа, Байқожаның әйелі Айымжаннан Орынбай, Тоқтабай, Шақабай туады (Б. Адамбаев).

(қ—п) Ақшаһи, Ақшайы (Ақ + иіаһи). Ақшайы, Қарынбайды өзің аттандыр, балам!—деді Сатыбалды (М. Қуанышбаев).

(қ—п) Аққағәз, Аққағаз (Ақ + қағәз). Қазақ қыздарының ішінен алғаш рет таң шолпанындай жарқ еткен, тұңғыш дәрігерлер Аққағаз Досжанова, Мағрифа Қойбағарова, Мубина Ннязовалар (Ә. Жәкетова).

(а — п) Әлбируни, Әл-Бируни (Әл + Ви­руни).

(қ — и) Алтунгол, Алтынгүл (алтун + гол). Үлкен дөңгелек алтын түсті сары гүлді өсімдік.



Аллайар, Аллаяр, Алдажар (Алла + йар). Алланың, құдайдың досы. Аллаяр софының бір фәрдеден жүз фәрдә бижай дегені басына келеді (Абай). Бірі бүлк-бүлк жорта берсе, бірі сопы Аллаярды жатқа айтып, күжілдеп келеді (Ғ. Мұстафин).

(a — п) Амангөл, Амангүл (аман + гөл).

(a — п) Оммәтджан, Үмбетжан (оммәт + джан).

(a — п) Оммутйар, Үмбетияр (оммут + йар). Ферманы жеті жылдан бері басқарып келе жатқан тәжірибелі әрі шебер ұйымдастырушы Көшкінбай Кезболовтың сезін маман Тұрымтай Үмбетияров та қостады (Ж. Оспанов).



Амәд, Әмбет. Сәт, сәттілік, жолы болушылық.

(п — қ) Амәдбек, Әметбек (амәд + бек). Ав­токлуб кабинасында отырған Әметбек Нысанбеков осылар туралы ойлады (С. Гельфанд).



Омид, Үміт. Дәме. Үміттен айтпақшымын өз жайымды. Сіздерге білдірмекпін ыңғайымды (Ұлбай цыз). Байғанин Нүрпейістің анасы Үміт өте ажарлы әрі әнглі, домбырашы, оның үстіне жасынан өлең глығара білетін ақын болған. Анасының осы енері Нүрпейіске дариды («Қ. Ә. Т.»).

(п — қ) Омидбай, Үмітбай (омид + бай). Москваға менімен серіктесіп сабақтас жолдастарының бірі —Үмітбай Балқашев аттанды (С. Мұқанов)'.

(п — қ) Омедбек, Үмітбек (омед + бек).

Омеджан, Үмітжан (Омед + жан).

(п — қ) Омидхан, Үмітхан (омид + хан).



Amp, Анар. Сырты қабықты, ішінде бүршік-бүршік ңышқылтым тәтті, қызыл дәнді еті бар жеміс. Бардақтың «Ақымақ патша» деген атақты поэмасы түгелдей дерлік әйелдер теңдігі тақырыбына арналған. Оида Гүлзар, Анар және Зәру деген үш әйелдің бастауымен ханның 41 әйелінің ақымақ патшаға қарсы жүргізген ерлік күресі көрсетіледі (0. Бекбаулов).

(п —қ) Анарбек. Анарбек (анар + бек).



Анарджан, Анаржан (анар + джан). Қамықпа, Анаржан. Телекен. келеді. Дауылдата той бастаймыз. Ән шырқалыгі, күй тартылады,— деді Арман (Ә. Тәжібаев).

Ауаз, Әуез. Дауыс, дыбыс, өлең (ырғағы). Мұхтардың атасы Әуез де, әкесі Омархан да арабша оқыған сауатты да ауқатты адамдар екен («К. Ә. T.»).

Ауазджап, Әуезжан (ауаз + джан). «Жан» еркелету мағынасында қолданылған. Серпілдім, «Сер­дар» күйін безілдеттім, байқасам, дүниеден безінбеппін. Сол күні әзіл қысып, бәйбішеге «Әуезжан, келді жігіт кезім» деппін (X. Ерғалиев).

(қ — п) Усарджан, Өсержан (усар + джан). Таң алдында мына отырған Өсержан шыр етіп дүниеге келді (Ш. Шалқаров).

(қ — п) Ұлджан, Ұлжан (ұл + джан). Бұл кезде ас үйлерден Ұлжан, Айғыздар да шығып, барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап, қарап қалды (М. Әуезов).



Аһөн, Ақан. Темір (шойын, болат ерітпесі шығатын көмір тегі араласқан күміс түсті ауыр металл). Кісі емес Ақан терде билік айтқан, Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан. Молда емес, мешіт салып, зекет алып, Нәжісін дүниенің бойға жаққан (I. Жансүгіров).

— п) Айпарча, Айбарша (ай + парча). Рахметтің машинасы Айбаршаның үйіне кеп тоқтай қалғанда. Дәметкен тандырға күлше жауып жатыр (С. Мұқанов).

— п) Айпарә, Айпара (ай + парә). Сұрасаң менің атым — қыз Айпара, Бойыма кішкентайдан болды жара. Өзіме ол жараның залалы жоқ, Нанбасаң тамырымды ұстап қара (Айпарақыз).

— п) Айджан, Айжан (ай + джан). «Айжан-Жайна» дастаны сюжет жағынан шығыс дастанына ұқсас. Дастанда Айжан қыздың сұлу кескін-келбеті, Жаншамен екеуінің бір-біріне ынтық болған махаббат, достық сезімдері де шебер суреттеледі («Қ. Ә. Т,»).

(қ — п) Айдуст, Айдос (ай + дуст). Айдос кезінде әрі ақын, әрі батыр болған адам екен. Айдос пен Қарашаштың айтысы ел арасында көп таралған көне айтыстардың бірі, оны Түркстан өлкесіндегі қазақтар арасынан жинаған орыс ғалымы. Лютшь тұңғыш рет 1883 жылы жариялаған («Айтыс»).

I (к — п) Ирпулад, Ерболат (ир + пулад). Ханым оның жалғыз ұлы Ерболаттың әйелі болатын (Ә. Сараев).

(к — п) Ирджан, Ержан (up + джан). Есенгелді мен Саржан асықпай аяңдай өздерін қобалжи күтіп тұрған Ағыбай мен Ержанның қасына келді (I. Есенберлин).

(к — п) Иркапулад, Еркеболат (ерка + пулад).

(қ — п) Еркаджан, Еркежан (ерка + джан). Есіктен еніп ана күбірледі:—Ақан-ау, Мейірімін бір білінбеді. Еркежан зерікті ғой үйде жалғыз, Ренішін сезбейсің бе түріндегі? (Қ. Бекхожин).

(қ — п) Айзад, Айзат (ай+зад). Айдан жаралған, ай текті. Обалына не керек, Айзат дегенде Ағабектің де қабағы ашық (Ә. Сәрсенбаев).

Ишан, Ишан. Кейбір дінбасылардың атағы.

(п — қ) Ишанбай, Ишанбай (ишан + бай).

(п — қ) Ишанбек, Ишанбек (ишан + бек).

(п — к) Иіианқул, Ишанқұл (иишн + құл).

(к — п) Айгол, Айгүл (ай+гол). Ай текті гүл, айдай гүл (сұлу). СССР Жоғарғы Советінің депутаты Айгүл түбекке қайтқан отарының сонында сылпылдап келе жатқалы бүгін үшінші тәулік... (Ғ. Мүсірепов).

(a — п) Иманджан, Иманжан (иман + джан). Иманжан Шығыс әдебиетін жақсы білген. 1948 жылы Науаидың бір қатар ғазалдарын қазақ тіліне аударған («Айтыс»).



п) Аймджан, Айымжан (айым + джан).

(қ — п) Аймгол, Әйімгүл (әйім + гүл). Жамалдың онда өмірлік жарынан да әкесін жақсы көретін кезі. Содан ба, жоқ әлде сүйікті жеңгесі Әйімгүлдің азғыруынан ба, әйтеуір Бәкенмен кетуге бір ауытқыған (Ғ. Мустафин).

(п — қ) Айнәбәк, Айнабек (айнә + бәк). Қ. Айнабеков (1885—1955) халық ортасынан шыққан көрнекті талант иесі, ақын («Қ. Ә. Т.»).

Айнәгол, Айнагүл (айнә+гол).

Бабор, Бабур, Бабыр. Арыстан. Әмір Темір нәсілінен Құмар (Омар) Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесіменен бір туысқан, екі бауыры болған (Абай). Индияға Бабурдың соғыспен кіріп, осы күнгі Дели қаласына дейін өзіне қаратып алған жылы — 1526 жылы еді (М. Әуезов).

(п — қ) Бадамбай, Бадамбай (бадам + бай).



Бадамдоюан, Бадамжан (бадам + джан).

Бадамчә, Бадамша (бадам + чә). Сонда Бадамша Алпамыс айтқан өлецді өзіне қайталап айтты (С. Муқанов).

Базар, Базар. 1. Сауда-саттық орын. 2. Ауыс. Қуаныш, қызыщ, думан. Жігіттің аты — Базар, өзі кедей, Бірақ та жүрген жері жәрмеңкедей (Қ. Бекхожин).

(п — қ) Базарбай, Базарбай (базар + бай). Шеберхана Сырлыбай мен Базарбайға асатаяқ жасап жатыр (Ә. Хасенов).

(п — қ) Базарбек, Базарбек (базар-убек).

Базарджан, Базаржан (базар + джан).

(п — қ) Базархан, Базархан (базар+хан).

(п — а) Базарғәлий, Базаралы, Базарәлі Базарғали (базар+ ғәлий). Жасында шепті бұздың жаудан қашпай, Ер-ақ болып өсіп ең адам аспай. Балағаз, Базаралы қатар шықтың, Бірігіп тұлпар аттай тізевді ашпай! (Әріп).

Базаргол, Базаргүл (базар + гол).

(қ — п) Балджан, Балжан (бал + джан). Балжанның айттырып қойған жері дүмді неме — алты ояздың үстінен губернаторға советник боп қызмет атқарған атақты Тұрлыбектің туысы (С. Мұқанов).



— п) Балджан, Балжан (бал + джан).

(қ — п) Балшәкәр, Балшекер (бал + шәкәр).



Бану, Бану. 1. Қожа әйелі, бәйбіше, ханым. 2. Құрметті әйелдің атына қосылып жазылатын қосымша. Абдолла оқуға — әйелі Банумен, кішкентай қызы— Ділкенмен барыпты (С. Мұқанов). Үлкені екі қыздын Бану еді, Өткір көз, ер көкірек, жалын лебі (Қ. Бекхожин). Банудың бейнесі Аманкелді бейнесін аша түсуге көмегін тигізіп тұр («Қ. Ә. Т.»).

(қ — п) Баурджан, Бауыржан (бауыр + джан). Барсам да қай континент, қай аралға, Заманнан аз хабары бар адамда Білмейтін Бауыржанды жан кергем жоқ, Мен бұған қуанам да, таңданам да (С. Мұқанов).

(қ — п) Байджан, Байжан (бай + джан). Сонымен, жүрт бүл үңгірді де «Байжан құдығы» деп кетті (Ғ. Мүсірепов).

(қ — п — қ) Байджанбай, Байжанбай, (бай + джан + бай).

(қ—п) Байхуджә, Байғожа (бай + худ + жә). А. Байғожаев — «қаратаухимстрой» тресінің құрылысшысы. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы («С. Қ.»).

(қ — п) Байдуст, Байдос (бай + дуст).



Байған, Бәйкен. Жинаушы.

(қ — п) Баймирза, Баймырза (бай + мирза). Нұрмағамбет атандым Баймырзаұлы. Жасымнан әрбір іске болдым қырлы (Балуан Шолақ).



Бәбдк*, Бөбек*. Бала, жас бала, сәби, ауыс. көздің қарашығы. Қолдағы жалғыз бала болғасын Бөбекті кішкентайынан ұл ғып өсірді... Сол мұңайса, кемпір-шал қосыла жабырқайтын болғасын, бұл күнде Бөбек үй ішінде үнемі күліп жүруге тырысты (Ә. Нүрпейісов).

Бәхт, Бақыт. Тағдыр, жазмыш.

— п) Бәхтбай, Бақтыбай (бәхт + бай). Бақтыбай — қазақтың белгілі ақыны. Бақтыбай ақын жайында мынадай деректер бар: Бақтыбай 1835 жылы Жетісу өлкесінде туған, ақындықты 1852 жылы 17 жасында бастаған («Айтыс»).

(п —түр) Бәхтбек, Бақтыбек (бәхт + бек).

(п — к) Бәхтбирган. Бақберген (бәхт + берген).

Бәхтджан. Бақытжан (бәхт + джан). Бақытты жан, бақытты адам.

Бәхтджәмал. Бақытжамал (бәхт + джәмал).

Бәхтхуджә, Баққожа, Бақытқожа (бәхт + худжд).

(п —а) Бәхтдәулет. Бақдәулет (бәхт + дәулет).

(п — а) Бәхтғалий. Баққали. Бақытқали (бәхт + ғәли).

(п — қ) Бәхткул, Бақтыкүл (бәхткүл). Қандай жиын кенес болса, қаншалык калың топ атқа мінерлер болса — барлығына да болыс Бақтыгүлдың жайын мәлімдеп, әңгімелеп, жариялай жүрді (М. Әуезов).



Бәхтгирай, Бақтыкерей (бәхт гирай). Құнанбай ролінде Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі М. Бақтыкереев ойнады («С. Қ.»).

Бәхтгол, Бақтығұл, Бақытгүл (бәхт + гол) Бақыт гүлі. Нартай өз өмірбаянында Мансұрды үсгаз тұтқанын, сондай-ақ туған анасы Бақтыгүлден де көп өнеге көріп үлгі алғанын баса айтады. Бақтыгүл, белгілі ақын, әнші болған әйел («Қ. Ә. Т.»).

(п — а) Бәхтмохәммед, Бақмағамбет, Бақмақамбет, Бақмұқамбет, Бақмұхаммет (бәхт + мохәммәд).



Бәхтйар, Бақтияр (бәхт + йар). Дулатта сондай туған ер бар ма еді. Сөз қылды-ау, төрт үй Ыс­ты, соны үялмай. Ал, Майкөт, Бақтиярдан хабар бергін, Елінде жақсы бар ма, болған сондай? (Құлмамбет).

(a — п) Бәдиғгол, Бәдіғұл (бәди + гол). Гүләйман бақытсыздығына анасы Бәдіғұлдың ғана қабырғасы қайысады (Д. Әбілов). Кітаби тілдің әсерімен жазылған қиссаларда жақсылап оқитындар да халық қадірлейтін. Шығыс әдебиетінен «Боз жігіт», «Сейфул Мәлік — Бәдіғүл Жамалды», «Жүсіп — Злиханы» оқушыларды ұйып-ақ тыңдайтығг да түсінетін (I. Кеңесбаев, Ғ. Мусабаев).

(a — п) Бәзлгол, Бәзілгүл (бәзл + гол).

Бостан, Бостан. Гүлденген бау, бақ, бақша.

(п — қ) Бостанбек, Бостанбек (бостан + бек).

(п — қ) Бәсибек, Бәсібек (бәси + бек).



(қ— п) Бәкпадшаһ, Бекпатша (бек + падшаһ). Бекпатша орта шаруасы бар, қарапайым адам болыпты (Қ. Сәрсекеев).

(к — п) Бәкпулад, Бекболат (бек + пулад). Жетісу қазағының қозғалысын бастаған Бекболат батырдың қолына Жамбылдың жақын туыстары да қосылды (Ә. Тәжібаев).



(қ—п) Бәхджан, Бекжан (бекуджан). Будан азған жанды ит жесін!—деп балуан Омар да Бек­жан деген байдан ұстап мінген күрең атқа қамшыны басып берді (І. Жансүгіров).

(қ — п) Бәкхуджә, Бекқожа, Бекхожа (бек+худжә). Бекқожа қыз үзатпақ тойы болар, Жиылып қыз бозбала ойын болар. Дайын бол, өзім барын хабар айтам, Айтатын қалыңдыққа ойың болар (Әзірбаев).

(к—п — қ) Бәкзадхан, Бекзатхан (бекузад+хан).

(к — п) Бдкзадә, Бекзада (бек + задә). Бектің улы, бектен туған ақсүйек.

(қ —п) Бәктила, Бекділдә, Бекділде (бек + тила). Жақында «Қазақ әдебиетінде» Бекділдә Алдам-жаровтың «Жалаңтөс баһадүр» деген мақаласы жарияланды (Ы. Ысңаңов).

—п) Бәкман, Бекман (бәк+ман).

(қ —п) Бәкниаз, Бекнияз (бәх + ниаз).

(п —қ) Бутәбай, Бұтабай (бутә + бай). Ей, Бұтабай, жас мырзам, Қайның сенің Қозыбақ, Ән шырқайсың үзілтіп, Тіпті алысқа созып-ақ (Әріп).

Бәһар. Баһар. Көктем. Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай, ішінде қарадғы үйдің атқан тандай. Сыртыңнан, Сырым сенің болдым асық, Ерте өткен Баһарам мен Күләндамдай (Молда Мұса).

Биһбуд, Бейбіт (биһ + буд). Жақсару, жақсы Хал, жақсы күй, береке, рахат.

(п —а) Биһджәмал, Бижамал (биһ + джә-мал). Асқан сулулық.

(п — қ) Биһханом, Биханым (биһ + ханум, ханым). Артықша жаратылған, құрметті, хан тектес әйел.

I — Биһишт, Бәйіш. Діни. Жұмақ, жаннат.

II — Биһишт, Бейіс, Байыс, Уайыс. Жылқыбай Бейісов — Балқаш мыс байыту фабрикасыныың аға мастері, Социалистік Еңбек Ері (Р. Мұхамедиев). Бейістің үні шығар қоңыр салқын (Абай).

(п — қ) Биһінитбәк, Бейісбек, Байісбек (биһишт + бек).

(п —а) Биһгайшә, Биғайша (Биһ + гайшә). Биғайша Жұматайға 14 жасында күйеуге шықты (Б. Майлин).

(п — a) Биһкәримә, Бикәрима (Биһ + кәрима).

Бибақ, Бибек (би + бек). Батыл, ер жүрек, қорықпайтын, тайсалмайтын, жүрексінбейтін.

Биби, Бибі. 1. Ханым, бәйбіше. 2. Діни әдетте құрметті әйелдің есімімен қосып айтылатын болран. Екі иығын кезек-кезек қисаңдатып Бибі келеді (Ғ. Мұстафин). Сайлаған төрт құбыласын Бибекеме, Әйелде төмен етек жан жете ме. Көруге ақ дидарың адсап келдім, Өзеннен от шайылмай ел кете ме (Доскей).

Бибиджан, Бибіжан (биби + джан). Хажы осы жәтелден қорқам, тірісінде аманатыңды ал, деді. «Аманат» дегені, өзінің төрт жасар баласы — Бибіжан (Ғ. Мұстафин). «Бибіжан» қыз Ақтөбеден жолға бірге женелген. Содан атын сақтап келем, Іздеймін тек өлеңмен (С. Мәуленов).

(п — қ) Бибиқаном, Бибіханым (биби + ханум). Темірланның заманында Самарқанда салин­га н зәулім ғимараттың аты.

(п — а) Бибихәдиджә, Бибіхадиша, Бибіқадише (биби+хәдиджә). Бибіхадиша әже ез басы жеңе алмайтынын, әрі қазіргі заман өзге заман екенін байыптап, ақырғы ойын да айтып қалғысы келді:—Мен бұл қызды Саһодатбану дер едім (А. Дехоти).

I (п — a) Бибиғайшә, Бибіғайша, Бибайша (биби + ғайшә). Қарағым айналайын Бибіғайшл, Ойымнан кетер емес айтқан сөзің. Көзіме кәрінесің хор қызындай. Раушан жарық қылған жұлдызындай (Ақан Сері).

(п— а) Бибиғәлий, Бибіғали (биби + іли). Бибіғали Онғарбай қызы — Қарағанды облысы, Ұлытау ауданынан Иманжанмен айтысқаи ақын («Ай-тыс»).

(п — а) Биби-Фатимә, Бибі-Фатима (биби + фатимә). Әдейі арнап сәлем жаздым хатқа, Қор болмас қосқан басын асыл затқа. Әйелдің пірі болған ғаламдағы — Жолдасы Әлішердің Бибі-Фатима (Қалмағамбет). Толғақ та безектетіп жиілетті... Талықсыған тұмсәны марту басар Деп бір кемпір қазанды қаңғырлатты! Бір кемпір басты «Тәңірім қинатпаға!» Пірлері сиынды Бибатпаға (С. Мұқанов).



Бәйрам, Мейрам, Meреке, Мейрам.

Бибигол, Бибігүл (биби + гол). Құлағымда, жүрегімде ойнайды бір әсем ән, Түрегелдім ұйқымды аштым төсегімде жата алмай. Тыңдай қалсам сайрап түрған бір бұлбұл. Өзіміздің бағымызда өскен бұлбул — Бибігүл! ( А. Тоқмағамбетов).

(қ —п) Бирдиар, Бердиар (берді + йар). Т. Бердияровтың «Оңтүстік туралы жыр» деген өлеңдерінен жансыз заттарды адамның денесіне киім-кешегіне балаған өзіндік метафораларын көруге болады (Ә. Болғанбаев).



Бируни, Бируни (бирун + и). 1. Сыртқы, шетелдік. 2. Сыртқы түрі, келбеті, тулғасы. Қазақстан топырағында біздің жыл санауымыздын IV—V ғасырларында «Оғуз наме», одан кейін IV—VI ғасырларда — «Талас ескерткіші», IX—X ғасырда Бируни, XI ғасырда Махмуд Қашқари, Баласағұн Юсуп, Отрар шаһарынан Бағдатқа барған Абу Насыр Фараби (Отрар) XII ғасырда Хожа Ахмед Яссауи (Хикмәт), XIII ғасырда Сүлеймен Бақырғани (Хнкмәт ата). XIV ғасырда Рабғузи (Қиссас —ұл Әнбия) т. б. болғаны ақиқат (І. Кеңесбаев, F. Мұсабаев).

(п —а) Биқәсәб, Биқасап (би + кәсәб). Дөқбектей боп семірген қызыл жүзді Биқасап бәйбіше болыстың әміркен етігінің қонышын сипап қояды (Б. Майлин).



Падшаһ, Патса, Батса. Мұны есітіп Кебек кетті өз жайына, Батса да балгер сезі шымбайына, Ойламам бір жолата кетті ұмытып, Деді де Жынның сөзіп тыңдайын ба (М. Әуезов).

(п — к) Падшаһайм, Патшайым (падшап + айм). Ханым, бәйбіше, ханның, патшаның әйелі. Әл Шыңғыс ханның әулады, Хандар өтті, кан соны, Хт ұлының кенжесі, Патшайымның ана сойын сұрасаң — Қарабай ханның нәсілі,— деп жырлады Жанұзақ (I. Жансүгіров).



Падшаһи, Патсайы (пад + шаһи). Патшалық, патшалық құру. Құдайбергенов Патсайы — төменнен шыққан, Совет өкіметі арқасында оқып, жиырмасыншы жылдары Орта Азия комсомол ұйымдарының белгілі қайраткерлеріңің бірі болған азамат.

Парчзгол, Баршагүл, Паршагүл (парчә + гол). Баршагүлге жаксы кезбен қарайтындар жетеді (Ғ. Сланов).

Пакзад, Пәкизат (пак + зад). Жаны таза асыл текті.

(п — қ) Пәрдәбек, Пердебек (пәрдә + бек).



Пәруаз, Паруаз (пәр + уаз). Қанатты ұшу. 2. Ауыс. Лепірме, менменшіл, тәкаппар.

Пәризад, Перизат (пәри + зад). Періден туған. Бұл менің алған күнім билетімді, Туған күн мүмкін, бақыт беретінді... Туыпты Перизат та дәл сол күні, Көндім мен жөн таппадым егесуді (Ә. Сәрсенбаев).

Пәнаһгол, Панагүл (пәнаһ + гол).

Пәнджшәнбә, Бейсенбі. Бесінші күн сенбі, қазіргі календарьдағы аптаның төртінші күнінің аты.

(и — қ) Пәндоюшднбәбай, Бейсенбай, (пәндж+шәнбә). Бес күнгі песірлікті көтере алмай, Әркімге сез жазасыз оттай шалқып. Сауранбай, Бейсенбаймен һәм Мәдетбай, Дәрежең осылардан қанша артық? (Нақып ңожа).

(п — қ) Пәнджшәнбдбек. Бейсенбек (пәнджшднбә + бек). Бекпеннің әкесі Бейсенбек, Шопах байдың отын жағып, қазаныи қайнататын, емірін жалшылықта өткізген кісі екен, сондықтаи, сықақ қылған жұрт оны «сары су ішкен Бейсембек» дейді екен (С. Мұқанов).

(п— а) Пәнджшәнбдгәлий, Бейсенғали, Бейсенәлі (пәнджшәнбә + галий).

Пулад, Болат, Пулат. Шойын өзінің інісі, ком­сомол мүшесі Болаттың көмегімен ауылда қосшы ұйымын құрып, Қоржықтың мал-мүлкін конпескелеп, кедей-кепшіктерге бөліп береді («Қ. Ә. Т.»).

(п — к) Пуладбай, Болатбай (пулад + бап).

(п — к) Пуладбек, Болатбек (пулад + бек).

Пуладджан, Болатжан (пулад+джаң).

(п — қ) Пуладхан, Болатхан (пуладт + хан).



Пуладхуджә, Болатқожа (пулад+худжә).

Пәһләуан, Палуан, Балуан. Батыр, алып. атлет, күшті. Атандым мен жасымнан Балуан Шолақк, Оң қолым отқа күйіп болдым олақ (Балуан Шолақ). Балуан Шолақ елу бір бұт көтеріпті! — деп, Қадыш басын шайқады да, суға қойып кетті (Ғ. Мұстафин).

Пирджан, Піржан (nup + джан). Көкшоллқ батырдың қатар ержетіп келе жатқан екі үлы бар еді. Үлкені Піржан жасы жпырманың үстінде, әкесіне тартқан жалпақ қара (3. Шүкіроз).

(п — а) Пирғалий, Пірәлі (nup + ғәли). Уәлінің аулында көп жыл бойына Айғанымның немере інісі Пірәлі имам болып тұрғанын өткен тараулардан білеміз (С. Мүқанов).

Пиргол, Пірімгүл (пир + гол).

(п — a) Пирмохәммәд, Пірмұхамбет (пир + Мохәммәд).

(н — а) Пирнәзәр, Пірназар (пир + нязәр).

Пирниаз, Пірнияз (пир + ниаз).

Пирузе, Перуза. Көкшіл түсті қымбат тас.

Тадж, Тәжи, Тәжі. Жатуға ыңғайланып отырған Тәжи былай деді:—Әркім-әркім қой алып, бағып жатқан көрінеді (I. Жансүгіров).

(п — к) Таджбай, Тәжібай (тадж + бай). Тәжібай, саған қалай менің мұным? Аулаққа сұрайтұғын бұл бір сырым: Әнді алған, әрімді алған сұрамастан, Күнәлі бәлкім буғаи кәрілігім (Жамбыл).

(п — қ) Тәджхан, Тәжіхан (тадж + хан).

Таджгирай, Тәжіккерей (тадж + гирай).

Таджгол, Тәжігүл (тадж + гол). Қораздың айдары-сияқты қызыл түсті гүл.

(п — а) Таджмохәмед, Тәжмағамбет, Тәжмұхаммед, Тәжмақамбет, Тәжмұқамбет (тадж + мохәммед).

(п — қ) Тазәбәк, Тазабек (тазә + бек).

(қ — п) Тайджан, Тайжан (тай+джан). Тайжан Қалмағамбетов (1878—1938) — Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған, асқан әнші, әрі компо­зитор, ақпа ақын («Айтыс»).

Тәбари, Табари. Династия, династиялық, мұралық (бір патша әулетінің тұқым қуып, бірінен соң бірі патша болуы).

Тәразу, Тарази.

Тәни, Тани. Туған, бір туған: туып өскен жср, тиған ел: үйреніскен, үйір болған кісі. Қош! Қош, батырым!—деді Тани Исатайға (I. Жансүгіров). Қасқара, Есен, Аман, Шекшебай, балуан Тәни касында... Қожақмет, Қалдыбай, Әскердін түсті алдына-ай (Ы. Шөреков).

Тутиа, Тотия. Көз майлайтын майдың бір түрі. Тотия тозаңыңды етем көзге, Гауһар ен колға түспес келдің кезге, Жата тұр біздікіне болып қонақ, Ойламай өтінішім ойды езге (Тұрмағамбет).

(қ — п) Тұрдиахунд, Тұрдыахон (тұрды + ахунд). Турдыахонның көз оты түнде шащан шахпақтай жалт-жұлт етеді (Ғ. Сланов).

(қ — п) Туғджан, Тоғжан, Тоқжан (тоқ +джан) Тоғжан саудыраған қара жібек биқасаптан әдемі жеділ шапан киген (М. Әуезов). Тоғжан Көкшетаудың Қызылжармен (Петропавл) шектес жеріндегі атығайдан шыққан ақын («Айтыс»).

Туман, Тумен*. Парсы тілінде түмен (тарихи) — он мың. Тіліміздегі Түменбай, Түменов сияқты адам аттарының түбірі де осы түменмен төркіндес бо­луы керек (Ш. Сарыбаев).

(қ — п) Тимурланг, Темірлан (Темірлан), Ақсақ Темір (бір шайқаста оң қолы мен оң аяғы катты жараланып, содан аяғы ақсақ болып кеткен). Темірлан (1336—1405) Кеш (қазіргі Шәһрпсәбіз) қаласына жақын жердегі Хожаилгер қыстағында туған (Ж. Арыстанов). Ақсақ Темір шапқыншылығы кезіндегі саяхатшылық қатынастардың ішінде, Кастиллио мен Лион патшасының елшісі ретінде 1403—1406 жылдары Самарқандта болған Рюи Гонзелос де Клавихонын күнделік негізінде жазып қалдырған «Ұлы Темірланның өмірі мен әрекеті» атты кітабы да ғылымн манызға пе (В. Бартольд).



Джадугәр, Жәдігер (джаду + гәр). Сыйқыршы, көз байлаушы, арбаушы, дуакер. Жалғыз ұлың Жәдігер, Зарлап отыр қасында (Алпамыс). Шәңкінің Қанжығалыны ерте алмаған себебі — бұл руда Жәдігердің Асаубайы дейтін, Орта жүзге аты жапылған шешен болған, өзі кедей болған (С. Мұқанов).

(к — п) Джақсигол, Жақсыгүл (жақсы + гол). Кешіріңіз, ағай жарықты өшірейін деп жатырмын,—деді Жақсыгүл (П. Есжанов).



Джамшид, Жамшит (джам + шид). Аңыздағы парсы патшасының йты. Ол кісі өте сұлу болыпты-мыс, сондықтан Жамшит — ұлы нұрлы патша, күн анасы деп аталған. Қолыңа Жәмшит шамын қарашы алып, Байқашы, Тұран жаққа көзің салып. Бишаның я өлісі, я тірісі, керінер жайы бар ма анықталып? (Тұрмағамбет).

Джан, Жан. Өмір, рух, еркелету мағынасында қолданылады.

(п — а) Джаниәхмәд, Жанахмет (джан + иәхмәд).

Джанан, Жанан. «Жан» сөзінің көпіие түрі.

Джанбану, Жанбану (Джан + бану).

Джанбиһишт, Жанпейіс (джан + би-һииіт). Жанпейісте қатын да, бала да, баспана да жоқ. Өмірі шыр бітпеген сорлы еді (М. Әуезов).

(п — қ) Джанбике, Жанбике (джан + бике).



Джанпулад, Жанболат (джан + пулад).

(п — қ) Джанджигит, Жанжігіт (джанд + + жигит). 1812 жылғы Отан соғысындағы батырлығы үшін қазақ Жанжігітов үгл Георгий кресімен, қазақ Байбатыров— 1812 жылы Ескеру күміс медалімен наградталған (Ш. Қаниев).

Дошнхуджд, Жанқожа (джан + худжә). Лекер, Бітімбай мен Аталықты, Жанқожадан кім көрген қапалықты Байбұзақ одан соңғы адам еді, Бәрі де кісі-ақ еді қасалықты (Абай).

(и — т — қ) Джандарбек, Жандарбек (джан + дар + бек). Қүрманбектің әкесі Жандарбек те домбырашы, өлеңші, қырымпоз... дегендей сері жігіт екен, шаруасы орташа болған (С. Мұқанов).



Джандаш, Жантас (джан + таш). Бір чемоданда әйелімнің киім-кешегі ғана бар. Көріңіздер де тастап кетіңдер,— деді Жантас (Ғ. Мүсірепов).

Джандуст, Жандос (джан + дуст). Гага­рин мен Жандосов көшелерінің бүрышына Коммунистік партияның адал ұлы, талантты ұйымдастырушысы әрі жалынды шешен Ораз Қиқымұлы Жандосовтың мусіи ескерікіші орнатылды («С. К.»). Мезгілсіз ажал жетті Дұбанышқа, Жанадан кол жеткенде қуанышқа, Жандо­сов, Бөрібаев қатар шығып, Тоқаштай большевиктен алған нұсқа (К. Әзірбаев).

(п — а) Джансолтан, Жансұлтан (джан + солтан). Жансұлтан Демеев — Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, ком­байнер («Қ. K.»).



Джансүгир, Жансүгір (джан + сүгир). Ілияс Жансүгіров (1894-1938) —қазақ совет әдебиетінің ұлы көшін бастаушылардың және әдебиеттің барлық жанрында қалам тартып, өшпес мұра қалдырған көрнекті жазушылардың бірі («Қ. Ә. Т.»). Жансугір аулының бір қызы ұзатылып той болып жатыр (С. Мұқанов).

— а) Джансейид, Жансейіт (джан + сейид).

(п — а) Джаншура*, Жаншора* (джан + шура). Әжем мен Жаншора ас уйде... папа!—деп Ер­кежан Жақсылықтын, алдына келді (Ғ. Сланов).



Джантила, Жүнділда (джан + тила).

(п — қ) Джангадил, Жанәділ (джан + га­дил ). Шығар ауызға жақын жерде күтіп тұрған Жанәділ еді (Ғ. Мүсірепов). Әбілхат ЖанәділовҚызыл-орда облысы, Қармақшы ауданынан шыққан жас ақын («Айтыс»).

(п — қ) Джанғәлий, Жаналы, Жанғали (джан + ғәлий). Өтеміс те, питомниктің аға ихтиологі Жаналы Әлімбетов те, гидротехник Өмірзақ Құлмашев те өрелі таңды көздерімен атқарды (3. Шүкіров, 3. Сақиев).

(п — а) Джанқабил, Жанғабыл, Жанқабыл (джан + қабил). Сәттіғұл Жанқабылов (1876—1966) — халық ақыны.

(п — қ) Джанкал, Жанкел (джан + кал). Жанкел Кіші жүздің Тама руынан шыққан ақын, қазіргі Түркстан мацында, Қаратау төңірегінде тугап. Оның Ұлбикемен айтысы бірінші рет 1964 жылы жарияланған («Айтыс»). Жүрмейсің Жанкел кедей аттай жарап, Келеді әкең қақпас алдыңды орап, Жылқың өтпей бара ма, жазған кедей, Кешуін Көкөзектің менен сүрап? (Үлбике).

(п — а) Джанмохаммәд, Жанмұхамбет (джан +мохәммәд).

(п — а) Доюанморад, Жанмұрат (джан +морад).

(п — а) Джанһабил, Жанәбіл (джан + һабил). Емек, Боқай, Жанәбіл және басқалар осы кен өндірісінде ескен адамдар («Қ. Ә. Т.»).



Джанйар, Жандар (джан + йар). Ой, айналайын-ай, жаным жаңа жай тапты-ау,— деді Жандар (Ә. Әбішев).

(п—қ) Джанибек, Жәнібек (джани + бек). Баяғыда Жәнібекке Қошқар бн айтты деп еді: «Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген үл екенсің» деп, сол айтқандай, кеңес-ке үйір болсаң, жаман ұл болмассың, жпен (С. Мұқанов).



(п — а) Джофтғәлий, Жұпқали (жофт + ғәлий).

Джәмшид, Жәмшит (джәм + шид).

(а — п) Джомғәджан, Жұмажан (джомғә + джан). Жұрт жиналып нәрестенің атын Жұмажанның орнын бассын деп Жұмажан қойды (Б. Абдуллин).

(a — п) Джомғәлол, Жұмагүл (джомғә + гол). Алматы медицина училищесінің оқушысы Жұмагүл Есімова жазушы Бауыржан Момышұлынан кітап жаздырып алып, қуанышы қойнына сыймай кетті (Р. Нүрпейісов).

(a — п) Джомғәниаз, Жұманияз (джомғә + ниаз). Аға халықтың өкілдері шахтаға жаңа кел­ген жастарды, ауыл кедейлері, батрактарды ғана шахтер өнеріне баулып қоймай, Ермек, Жұманияз сияқты кәнігі ескі жұмысшылардың да революциядан бұрынғы жалдамалы еңбектен бойларына сіңген әлеуметтік кеселдерден құтылуларына кеп жәрдемдеседі («Қ. Ә. Т.»).



Джуджә*, Шөже*, Балапан, төл. Күңіреніп ду­ра етпедім, сынама әлі, Келгем жоқ жасым төгіп жылағалы. Шөженің сонау бір топ қажысындай, Жан бер деп тәңірден сұрағалы (Ә. Сәрсенбаев). Қарағай шанақ, қаз мойын домбыра алған Шөжеден. Шернияз, Бұқар, Сүйінбай Жыр бабасы демеген (Н. Ахметбеков).

Джурә, Жора. Жолдас, ынтымақтас, ерлі-зайыптылар. Бүйра шаш, тар шалбар киген алабажақ Жора қаладан ауылға келеді (Ә. Тәжібаев). Бәйбіше шертті енді Жораға сыр:—Жарықтық әлгі Үрпек бас — Қожанасыр, Әтештен алтын жалды құлын туды деп өзін сендіруге болады асыл! (Ә. Сәрсенбаев).

(п — қ) Джурәбай, Жорабай (джурәбай).



Джумард, Жомарт (джуан + мәрд). Батыл, батыр, ержүрек, айбынды, игі, мейірбан, мырза, қолы ашық кісі. Сенші, сәулем, сүйгенім сен жалғанда, Аңсарын сен ойда жалғыз қалғанда,— деп әндетіп келеді Жомарт (Ә. Тәжібаев).

Джәһан, Жақан, Жаһан. Әлем, бүкіл жер жүзі. Мұқан балуанды алдына салып, үйге Жақан кірді (І. Жансүгіров). Қосылып Жаһан келіп бү жағынан, От жағып аттарының түяғынан, Бірігіп, баса қуды Рүстемді, Ел үрікті олардың да сияғынан (Тұрмағамбет). Сонда ерекше кезге түскенінің біреуі — кейін белгілі ақындарымыздың бірі болған — Жақан Сыздықов (С. Мұқанов).

Джәһангоша, Жәһанша, Жәнша (джәһан + гоша). Жәһанша сарай ішіндегі белмелерді ашып, тамашасын керді («Мың бір түн»). «Айжан-Жанша» дастаны сюжет жағынан глығыс дастандарына ұқсас. Дастанда Айжан қыздың сүлу кескін-келбеті, Жаншамен екеуінің бір-біріне ынтық болған махаббат, достық сезімдері де шебер еуреттеледі («Қ. Ә. Т.»).

Джәкангир, Жәңгір, Жаһангір (джә + һан + гир). Әлемді жеңіп алушы, оны өзіне бағындырушы. Тала мені өцшең ханның тайғағы! Иә, Жаңгір Хан, Жаңгір хан! Кеседі деп ацырман, Қешеді деп жалынбан! Ақ-қараны айырар әділдік болмаған соң Бәрі-бірдағы!—деді Қалдыбай (7. Жансүгіров).

Чарз, Шара. Амал, лаж, қурал, жәрдем, көмек ету әдісі. Өздерініц табиғи өнерімен ел-жұртының рухани көңіл-күйін көтерген атақты артистерінің, қазақ өне-рінің ірге тасын қаласып, шаңырағын көтеріскендердің бірі—Шара Жиенқұлова (Ә. Жәкетова).

(п — қ) Чирағбай, Шырақбай (чирағ +бай).

(п — қ) Чирағбек, Шырақбек (чирағ + бею).

(п — қ) Чиллдбай, Шілдебай (чиллә + бай).

Чинар, Шынар. Ешнияз Шынар қызбен айтысқан («Айтыс»).

(п — қ) Чинарбай, Шынарбай (чинар + бай).

(п — қ) Чинарбек, Шынарбек (чинар + бек). Чинаргол, Шынаргүл (чинар + гол). Шынардың гүлі.

Чухә, Шұға. Мауыт, түрлі түске бояп жүннен тоқылған, түкті жұмсақ мата. Ал оның артынан іле-шала «Айман-Шолпан» мен «Шұға» сияқты музыкалық пьесалар көрінді («Қ. Ә. Т.»).

(қ — п) Чулпанджан, Шолпанжан (шолпан + джан). Шолпанжан, кеп тартынба түбі қайыр, батырдың ашуына меп күймеймін (М. Әуезов).



Чаһаршәнбә, Сәрсенбі (чаһар + шән + бә).

Төртінші сенбі, қазіргі календарь бойынша аптаның үшінші күнінің аты. Осы тәртіппен өткізбек болған сот­ка, айыптаушылық міндеті маған жүктелді, қорғаушылық міндетін Рабфақтың Жәкел Сәрсембин дейтін оку-шысы қалап алды (С. Мұқанов).

(п — қ) Чәһаршднбәбай, Сәрсенбай ( чәһаршәнбд + бай).



(п Қ) Шәһаршәнбек, Сәрсенбек (чәһаршән + бек).

(п — а) Чәһаршднбәғдлий, Сәрсенғали (чәһәршәнбә + ғәлий).



Чдһаршәнбәкей*, Сәрсекей*. М. Сәрсекеевтің «От пен атом» кітабы — ғылымның дамуы жайлы әңгімелер (С. Қирабаев).

чзһаргол, Шәргүл (чәһар + гол), Төрт гул (әйелдердің гүл тәрізді әшекейі, зейнеті).

Чәһарйар, Шадияр. Төрт жар, төрт дос.

(п — к) Чинибәк, Шыныбек (чини + бәк). Қоя тұр, Райхан, Шыныбек, Басық қаласында он бес жыл мал бағып ащы мен түщының дәмін көріп едің ғой. Сенікі не?—деді Темірбеков (Ш. Хусайынов).

(а — п) Хаджагирай, Әжігерей, Қажыгерей.

(а — п) Хакимджан, Әкімжан (хаким + джан).

(а — п) Хакимхуджә, Әкімқожа (хаким + худжә).

(а — п) Халджан, Халжан, Қалжан, Әлжан (халд + джан).

(а — п) Хоббйар, Ұбзар (хобб + йар). Кісі еді Ұбжар қымбатты. Толқынын жырдың тосатын, Архи­вы Сырдың сияқты (А. Тоқмағамбетов).

(a — п) Хәбибджан, Әбибжан, Қабибжан (хәбиб + джан).

(a — п) Хәккджан, Ақжан (хәкк + джан).

(a — п) Хәкимджан, Хәкимжан, Кәкімжан (хәким + джан). Кәкімжан Наурызбаев Қазақ ССР-інің өнерге еңбек сіңірген кайраткері, тұңғыш ка­зак мүсіншісі (Р. Нұрпейісов). Серәлінің кіші әйелінен Мұхаметжан, Фазылжан, Хакімжан деген үш ер бала туыпты («Қ. Ә. Т.»).

(a — п) Хурзадә, Үрзада (хур+задә). Үрден туған, үр қызынан туған.

Харкән, Қаркен. Ән, үн, әуен, күй, саз, мақам («С. Қ.»).

Халдар, Қалдар (хал + дар). Қалы бар, қалды, секпілі бар, секпілді.

(п — к) Қалдарбек, Қалдарбек (халдарбек). Кейінгі буын жас жазушылардын, бірі — Қалдарбек Найманбаев шығармаларынан қазіргі әдебиетімізге тән жаңа ізденістер байқап жүрміз (Р. Бердібаев).

(қ—п) Ханбиби, Қанбибі (хан + биби). Ханбибі сыңқылдап күліп жіберді (Ғ. Сланов).

(қ—п) Ханзадә, Ханзада (хан + задэ). Хан тұқымы, хан баласы. Отырды күліп-ойнап әзілдесіп Барады Қанзаданы көзім тесіп, Ақтардық жүрек сырын терең жатқан Етін жеп, қайнап түрған шайін ішіп (К. Әзірбаев).



Ходайбәндә, Құдайменде (ходай + бәндә). Құдайдың құлы. Құбет ұлы Ожар... Соңғы үш — төрт жыл ішінде Ақмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырау құлжасының қасында болып, кейін өз еліне: қайтып келген (І. Есенберлин). Құдайменде байды ел арасы Қаратаз деп кемітіп айтады (Ә. Нұрпейісов).

(п —к) Ходайбирган, Құдайберген (ходай + бирган). Құдайберген Жұбанов (1899—1938) — Қазақтыц аса көрнекті тілші-ғалымы, профессор («Қ. К»). Аса ірі ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов мейлінше парасатты, ілтифатты адам еді (Ә. Ермеков).



Ходаймәнд, Құдайменді (ходай + мәнд). Құдайлы, құдайшыл.— Сейтен сәл үндемей қалды да, күрсіне қайта сейледі,— жиырма жылқы айдағаи Құдайменді баласы ондай қағазды алудыц бір амалын тапқан шығар (І. Есенберлин).

Худжә, Қожа.

(п — а) Хәджә-Әхмед, Қожахмет (хәджә + әхмәд). Көтеріп дәрежеңді бір айтайын, Нәсілің келе жатыр Қожахметтен... Бізді де кара қазақ осал демес. Сіздердей асыл текке қолы жеткен («Ақан сері»).



(п — к) Худжәбай, Қожабай (худжә + бай). Шашубай Қошқарбаев пен Болман Қожабаев 1944 жылы август айында Жезқазған қаласында айтысқан («Айтыс»).

(п — к) Худжәбек, Қожабек (худжә + бек). Қасындағылар бүл оңірге мәлім: Сәгтібайдың Абылы, Тәшеннің Тишмағамбеті, Қожабектің Серігі, Пушкиннің Абай аударған Татьянасын осы ортага таратқан әнші, ақын, шешен, шежіре — Ахметбек (Ғ. Мұстафин).

(п — а) Худжәхафиз, Хожа Хафиз (худжә+хафиз). Ғалым, құранды жатқа білуиіі хожа. Хожа Хафиз (1889 жылы қайтыс болған) —Парсы жұртының ұлы ақыны. Ол үнемі ғазал (сыршыл өлен) жазған. Абайдың жас кезінде көп оқыған кісілерінің бірі — осы Хожа Хафиз.

(п — а) Худжа-Ғалий, Қожағали (худжа + ғалий). Худжәкәй, Қожакей, Хожакей (худжә + кәй).

(п — а) Худжәморад, Қожамұрат (худжә + морад). Өмірзақ Қожамұратов — жас ақын (Қ. С.).

(п — а) Худжәнасир, Хожанасыр (худжә + насир). (Кейбір Шығыс елдерінің ертектерінде көп кездесетін қаһарманның аты). Тілі қызық аңқаулығы Қожанасырдей Ғабитхан туралы Тәкежан ел ортасынан талай күлкі әңгімелер таратқан (М. Әуезов). Бір кезде жиналғандардың ортасына Аяз Ата, Алдар көсе, Қожанасыр келді (Ә. Дүйсенбаев).



Худжәйар, Хожамжар*, Қожамжар* (худжә + йар). Қожамжардың насыбайға саталанған шоқша, сары сақалы бар (I. Жансүгіров).

Худайар, Құдияр, Худияр (худай + йар). Жәрдем етуші өзі, жәрдемші құдай. Аюдай жүнді балақ Құдиярдың, Қазақтық қан сорпасын ішкен ханның, Қосақтап бота көзді жас қыздарын айдатып күңдігіне алдырғанын (Ә. Тәжібаев). Қалмақ хан, Тезек төре, Құдияр хан, Ұсқынын Николайдың көзбен көрдім (Жамбыл).

(п — а) Хәйрпулад, Қайырболат (хәйр + пулад).

(a — п) Хәйрджан, Қайыржан (хәйр + джан). Қайыржан Арыстанолиев — Социалистік Еңбек Ері. Оралдағы Землячка атындағы заводтың жұмысшысы («С. Қ.»).

Дад, Дат. Әділеттілік, әділдік, әділетсіздікке қарсы дауыстап жәрдемге шақыру. Сырым Датұлы (1712—1802) — Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, батыр, шешен, әлеуметтік қайраткер (Б. Адамбаев).

Дадаш, Дадаш. Ағайын, туған, туысқан, туғаным, бауырым.

Дарчин*, Талшын*.

(п — к) Дарубай, Дәрібай (дару + бай).— Мен жиналыс бастығы болуға жумысшы кооперациясының председателі Дәрібаев жолдасты ұсынамын,— деді Недотепа(Ә. Сәулетбеков).

(п — қ) Дарубәк, Дәрібек (дару + бек). Бір газеттің тілшісі Дәрібектің суретін түсіріп, аты жөнін жазып алды (С. Омаров).

Даруджан, Дәржан (дару + джан). Дәржан — табпғатынан зерек, пайымды кісі, хат танымаса да кептеген кпссаларды жатқа айтатын (Қ. Бекхожин).

Даругол, Дәрігул (дару+гол). Дәрігүл — мені жастайымнан бауырына басып, өзімнің туған анамдай тәрбие берген, аса мейірімді жақсы кісі еді (Н. Оңдасынов).

Дастан, Дастан*, Тастан*. Тарихи әңгіме, ба-тьцілар оісыры, ертегі, ертек, поэма; күй, ән. Самұрық бала атын қойды «Дастан», Болған соң сөйлеп көп сөз көңілін ашқан. Үйретті он екі ғылым, жетпіс үш тіл. Бір дана болсыншы ақылы асқан (Тұрмағамбет).

(п — қ) Дастанбәк, Дастанбек, Тастанбек* (дастан + бек). Қызымын Тастанбектің атым Сара, Жетім боп, жарлы өскен мен бір бала (Сара). Бас кейіпкерлер Жібек пен Төлегеннің рольдерін жас актерлер М. Өтекешова мен Қ. Тастанбеков орындады («С. Қ.»).



Дастанджан, Дастанжан (дастан + джан). Кіршаштың нәсілінен болсаң анық, Екенмін Дастанжанды алға танып. Ризамын еңбегімен он бір жылғы, Бара ғой, бердім енді, еліңе алып (Тұрмағамбет).

Лашбиби, Тасбибі*, Тәшбибі* (дашбиби).

(п — к) Дашбикә*, Тасбике* (дашбике). Молданың айтпағына ашқарақтана еретін діндар топ бар. Ол топтағылар: көкірек көзі жұмулы Тасбике, ара­пы тойымсыз Жаманқара, есірік мінез кетік шал, пәле күйттеген бүкіл кемпір (Ғ. Қабышев).



Дана, Дана. Білгіш, ғалым, ақылды.

Даниш, Даныш, Дәнеш. Білім, ғылым, дана.

(п — қ) Данәбай*, Дәнбай* (данә + бай).

(п—қ — п) Данәгол, Дәнәкүл (данә + гол).

Дохтарбану, Дохтарбану (дохтар + бану). Шамши Қамар секілді Дохтарбану, Кісі қайда көңілді сіздей тану. Ғашықтың будағы нышанасы, Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу (Ақан сері). Секілді Шамси Қамар, Дохтарбану, Затыңды жанға арам мендей тану. Заты жоқ жақсылықтың нышанасы, Адамға ар айтқан сөзге жетпей қалу (Ә. Тәңірбергенов).

(а — п) Доррджан, Дүржан (дорр + джан). Дүржан тым әлжуаз, өзі де ынтықтау болуы керек, үлкендер әңгімесіне араласқан жоқ (3. Шүкіров).

(a — п) Доррданә, Дүрдана (дорр + данә). Ең үлкен інжу, асыл тас. Ауыс. бір нәрсенің ең жақсы қасиеті асылдығы, бағалылығы, қымбаттылығы.

Дәрман, Дәрмен. Дәрі, дауа, шара. Дәрмен Алин дейтін жігіт. Ол — қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданынан шыққан адам еді (С. Мұқаноө). Бірақ Абай рухы тірі, Абай арманын алып қалған Дәрмен сықылды шәкірттері бар («Қ. Ә. Т.»).

(п — а) Дәрманғәлий, Дәрменали, Дәрменәлі (дәрманғәлий). Онда мен Омбыдағы курста бірге оқыған серігім — Дәрменалиді кездестірем (С. Мұқанов).



Дариа, Дария. Үлкен өзен. Дария, Тамаралар әлем сүйген, Ертектер есіткен ел тегіс күйген; Құс болып көлге шомып, сайран еткен, Перінің қызы қайда кебін киген (І. Жансүгіров).

Дәриға, Дариға. Әкініш (Қап! Әттеген-ай). Арман. Жастық шақта бәріміз де солай ек, Өміріңді сарқылмастай көресіц,—деді Дариға (Ә. Тәжібаев).

Дилара, Ділара (дил + ара). Жүрек зейнеті, жүрек әшекейі, жүрекке жарасымды: ғашық болған әйел. Ауыс. Аса сұлу (әйел).

Диларам, Діларам. Өте сүйікті әйел (сөзбе-сөз: жүректі тыныштаушы). Наузидің «Жетіқарақшы» дастанының бас геройлары — Бахрам шах пен әйел Діларам. Жолаушылар шахқа Қытайда Діларам дейтін дүниеде тендесі жоқ бір ару бар екендігін айтады (Т. Султанов).

Диләфруз, Діләфруз (дил + афруз). Алмұрттың ірі дөңгелек сортының аты. Жүрек қуанышы, жүрек шаттығы.

Дилбәр, Ділбар (дил + бәр). Сүйікті, сүйкімді әйел (сөзбе-сөз: жүректі ұрлаушы). Хат жаздым қағаз алып, қалам, сня, Кептен-көп сәлем айттым. Гүлназия. Тағырыпын тамам қылып танысқандай Ділбардан ділмар керек шаһбазия... (Ақан сері).

(п —а) Дилмохәммәд, Ділмухаммед, Ділмұқамбет, Ділмақамбет (дил + Мохәммәд). Алма Ділмұқаметқызы Оразбаева (1898—1943) — қоғам қайраткері, қазақ әйелдерінен шыққан тұцғыш коммунист (X. Сейтқазиева).

(п — к) Дубәк, Дубек (ду + бек). Тілектес, таныс, жақын, ашына, сүйікті. Досовтың есімін, мен оған дейін де естігемін. Оны жүрт барып тұрған қаһар дейді, «тап жауларына мейірімсіз дейді» деп қауесет ететін (С. Мұқанов). Бірақ, Семей губерниялық атқару комитетінің сол кездегі председателі Әбілқайыр Досовтың тікелей араласуымен мәселе шындығына шешіледі де, Әріп Тәңірбергенов ақталады (Ө. Есназаров).

Дустдн, Достан (дуст + ән). «Дост» сөзінің кәпше түрі. Бәрінің де мінгені өңкей түлпар, Келеді қыз алмаққа болып іңкәр. Бар құдай ер Достанға мәдет берсін, қасында жолдасының бәрі дімкәр (Достан батыр).

(п —к) Дустбай, Досбай (дуст + бай).

(п —к) Дустбул, Досбол (дуст + бол). Бала би Досбол он екі жасында жоғарғы Өр найманға жүз жылқы дауына бас болып барған екен («Ш. C.»).

Дустджан, Досжан (дуст + джан).

Дустхуджә, Досқожа (дуст + худжә). Аттары аңызға айналып, ән болып халық арасына тарап кеткен Нұрипа Досқожаева, Мәмила Әлімбаева ре­корд жасап дүниені дүрілдеткен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ольга Гонаженко сынды Еңбек Ерлерін коммунистік мұраттардың мұқалмас жауынгері деп орынды мақтан етеміз («С. Қ.»).

(п — а) Дустғәлий, Досәлі, Досқали (дустғә + лий). Досәлі султан Петр III (Пугачев) жеңген күнде өзін Нұралының орнына хан сайлар деген үмітпен соғысқа араласады (І. Мәмбетов). Орал қаласында Ленин мерекесіне арналып өткізілген айтысты облыстың қарт ақыны Мектеп Досқалиев өлеңмен ашты (Т. Әліпқалиев).



Дусткәй, Доскей (дуст + кәй). Патша до­сы, ұлы дос, дос батыр. Доскей Әлімбаев (1850—1946) — халық ақыны бұрынғы Ақмола облысында кедей шаруа семьясында туған. Ақындық өнерін 15 жасында бастаған («Айтыс»).

(п — а) Дустмохәммед, Досмұхаммет, Досмұхамбет, Досмағамбет (дуст + Мохәммәд). Мұхаммедтің (пайғамбардың) досы. Қазақ халқының ардагер ұлы, қазақ батыры Исатай Таймановтың Жақия, Оспан. Досмағамбет, Дінбаян деген төрт ұлы болған (Ш. Дәулетияров).



Дустниаз, Доснияз (дуст + ниаз).

Дустиар, Достияр (дуст + иар). Достияр Қарасуды орын қылған, Медетбай дегеніне дәулет конран. Сен түскен үй иесі — сол Медетбай Жалғыз қыз Гүлкәшима асылы Нұрдан (М. Сералин).

Душәнбә, Дүйсенбі, Дүйсен* (ду + шәнбә). Екінші күн, екінші сенбі, қазіргі календарь бойынша аптаның бірінші күнінің аты. Әсіресе, Дарқан сөзіне түгел ұйып өлсек-тірілсек бір кетеміз дейтіннің ішінде Тоқбосын, Сейтқұл, Базарбек, Дүйсенбі, Шенхелбай, Ыдырыс сияқты бірнеше берік жігіттер Дарқан айналасына. уйіріліп еді (І. Жансүгіров).

(п —қ) Душәнбай, Дүйсенбай (душән + бай).

(п —қ) Душәнбәбек, Дүйсенбек, Дүйсебек (душәнбә + бек). Поэзияда, драматургияда қатар-қатар қалам тербеген Дүйсенбек Еркінбеков те сатирамен айналысты («Қ. Ә. Т.»). Біз Дуйсенбек Қанатбаевтың лирикалық геройларымен бірде Ашхабадта кездессек, енді бірде Ташкент көшелерінде кездесеміз (Б. Хасенов).

Душанбәгол, Дүйсенғұл (душәнбә + гол).

(a — п) Дәулетбәхт, Дәулетбақ (дәулет + бәхт).

(а —п) Дәулетгирай, Дәулеткерей (дәулет + гирай). Дәулеткерей (1820—1880) — атақты қазақ композиторы («Қ. Қ.»). Мәделі Майлықожа сегіз қырлы, Ән, күйге қақтырайын таңдайыңды. Дәулеткерей бал тамған бармағынан, Ақ пен қара болмайды ағайынды (Кенжеқожа).

(а — п) Дәулетиар, Дәуретияр (дәурет + иар).



Диһхан, Дихан, Диқан (duh + хан). Шаруа, егінші, жер жыртушы, жер айдаушы. Қазақ поэзиясының эпикалық саласында, әсіресе казақ жұмысшыларының қалыптасу жайында талай құнды шығармалар жазған ақындардың бірі —Дихан Әбілев («Қ. Ә. Т.»).

(п —қ) Диһанбәк, Диқанбек (диһхан + бәк).

(п — к) Дидарбек, Дидарбек (дидар + бек).



Диуджан, Дәужан (диу + джан). Дәуге бүгін Дәужан деп Ат қоямын, халайық. Жұрт алдында Дәужанның Енші алғаны лайық (Ә. Тәжібаев).

(п — қ) Разбай, Разбай (раз + бай).

(п — қ) Растбай, Расбай (раст + бай).



Рам, Рами. Жуас, бас июші, тіл алғыш: қолда үйретілген, әдеттенген. «Ешім даласы» жөнінде Исмағыл Рамиев былай деп жазды: «... Бұл газет қазақтың жерін өзіне қалдыру, қазақтарды отырықшыландыру мақсатын көздері» (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров).

(a — п) Райгол, Райгүл (рай + гол).

(a — п) Рәхмәтджан, Рақметжан. Рахметжан (рәхмәт + джан). Мен әдебиетші емеспін. Бірақ әдебиетші ардагерлерді еске түсіру кезінде өзімнің ағайым Малабаев Рахметжан жөнінде айтқым келеді (С. Малабаев).

(а — п) Рахимджан, Рақымжан, Рахымжан (рахим + джан). Рақымжан сертіңді айт, жарысқа шықтым деді шал (І. Жансүгіров). Рақымжан ер қылады, Изенбай нас, Масанбай Қоңсар пұшық, Оралбай жас. Ең пысығың Мұқай мен қарт Жұмабай, Жетпіс екі дүлейге Наймантай бас (Ә. Тәңірбергенов).

Ростәм, Рүстем. Фирдоусидің «Шаһнама» дастанындағы жырланған жағымды басты қаһарманының аты. Ираннан Рүстемдей батыр туып, Түранның талқандаған тау мен белін (Тұрмағамбет). Батыр Рүстемнің аты — қазақ халқының ортасына кеп заманнан жайылған ауызша аңыз әңгімелер, ертегілерден мәлім болған аса даңқты ат (М. Әуезов).

(п — қ) Ростәмбек, Рүстембек (Ростәм + бек). Қазақ ССР-нің халық артисі Рүстембек Омаров Құрманғазының, Қазанғаптың күйлерімен қатар Тәттімбеттің, Тоқанның күйлерін бабына келтіріп орындайды («Қ. Ә. Т.»)'.



Рәмәзан, Рамазан (арабтың «рамадан» сө-зінен алынған). Мусылманша календардың 9-ыншы айының аты, діни ораза айы. Садуақас, Рамазан Құсайке, Мұсайке дейтін, алды он бесте, арты онда терт улы бар (С. Мұқанов). Рамазан үйіне барған жоқ,— деп келді (Ғ. Мүсірепов).

Рәуа, Рауа. Рұқсат етілген, сыпайылыщ, әдептілік. Рауа махаббаты — шын махаббат («Қ. Ә. Т.»).

Рәуабану, Рауабану (рәуа + бану). Рауабану бейнесін Тұрмағамбет қазақ әйелдеріне үлгі етіп үсынады (Қ. Ә. Т.»).

Рәуан> Рауан. Жүруші, қозғалушы, сапар шегіп жолға шығушы.

Рәушән> Раушан. Жарық, анық, жарқыраушы, нур шашушы, көрнекті. Б. Майлин бейнелеген Раушан баста ез правосы үшін күресте таптық сана-сезімі шынығып, ауылдық Совет председателі дәрежесіне көтерілген («Қ. Ә. Т.»). Сүйкімді маған сөз, үнің! Құшаққа кірсең — құп, аға! Раушан балғын сезімің Өмірге тартқан сыбаға! (X. Ерғалиев).

Рәуәш. Рәуіш. Үлгілі. Ғ. Слановтың «Жанар тау» романы да идеялық-көркемдік дәрежесі жағынан күткен үмітті ақтамады... Азғындаған Рәуіш істері... сияқты қисынсыз, жөнсіз жайлар әқгіме етіледі (К. ә. т.»). . ,

Задә, Зада. Перзент, ул. Хамиттің туған апасы Зада... (Ақан сері).

Зәрәфшан, Зарапшан. Алтын нурын ша­шушы, алтындай жарқыраушы.

Зергол, Зергүл, Зеркүл (зер + гол). Алтын гул. Республикамызда ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген, алдына қара салмаған, Социалистік Едбек Ері: атағы беріліп, омырауларына Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз тағылғандардың бірі —«Жетісу» аяқ киім бірлестігінің глебері, жеті баланың анасы Зеркүл Құдербекова (Ә. Жәкетова).

Зиба, Зиба. Сұлу, шырайлы, сымбатты, зейнеттелінген, әдемі киінген.

Каталог: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет