Педагогика Тарих факультеті



бет1/6
Дата02.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сырдария» университеті”



Педагогика - Тарих факультеті

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы




С и л л а б у с

Кредит №1,2


“Зоопсихология ” пәні бойынша

050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының

студенттері үшін.

Жетісай 2006ж.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті


Педагогика – Тарих” факультеті

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы


С и л а б б у с

Кредит №1,2

“Зоопсихология” пәні бойынша

050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының

студенттері үшін.

Оқу түрі: Күндізгі.

Курс: 2, семестр: 3.

2 кредит.

Лекция: 15

Практикалық ( семинар ) – 15

ОБСӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Барлық сағат саны: 90

Жетісай 2006ж.

Құрастырған: оқытушы Мырзалиева Ж.Т.


Оқу-әдістемелік кешені.

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде

құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі.

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған.

№ Хаттама «___» ____________ 2006ж.

Кафедра меңгерушісі ___________________________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

№ Хаттама «___» ____________ 2006ж.

Әдістемелік кеңесінің төрағасы___________________

Факультет кееңесінде мақұлданған.

№ Хаттама «___» ____________ 2006ж.

Факультет кеңесінің төрағасы____________________

Мамандарын дайындайтын кафедра меңгерушісімен

келісілген_______________




Мазмұны.



  1. Абстракт----------------------------------------------------------------------------




  1. Курстың мақсаты-----------------------------------------------------------------




  1. Курстың міндеті-------------------------------------------------------------------




  1. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме---------------------------------------------




  1. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет----------------------------




  1. Студентке арналған ережелер--------------------------------------------------




  1. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну

кестесі-------------------------------------------------------------------------------


  1. Лекция сабақтарының мазмұны-----------------------------------------------




  1. Практикалық сабақтарының жоспары, мазмұны---------------------------




  1. СӨЖ – жоспары, мазмұны-------------------------------------------------------




  1. ОБСӨЖ – сабақтарының жоспары, мазмұны--------------------------------




  1. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері------------------------------

а) Тестілік сауалнамалар.

б) Жазбаша бақылау жұмысы.


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі-------

14. Пән бойынша оқу процесінің картасы----------------------------------------



1. Абстракт.

Оқу әдістемелік кешені «Зоопсихология» пәні бойынша «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген.

ПС: практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ: оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы.

СӨЖ: студенттердің өзіндік жұмысы. Оқыту бағдарламасы, семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған. Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өзі бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтінгтік бақылауды тапсыруға сынақ, емтиханды алуға арналған.

2. Мақсаты.

Зоопсихологияның жануарлар психикасын зерттейтін кешенді ғылым екндігі жөнініде студенттердің жалпы түсінігін қалыптастыру.


3. Міндеті.

Адам психикасының пайда болу,қалыптасу тарихын, ерекшеліктерін студнтттер біліп меңгеруінің алғы шарттарын қамтамасыз ету;Жануарлар мен адамдар психикасының даму сатылары мен ерекшеліктерін талдау біліктілігін қалыптастыру;Жануарлар әлеміндегі өзгешеліктер, жануарлар әрекетіндегі ерекшеліктерді суденттердің меңгеруін қамтамасыз ету.



4. Оқу жоспарынан көшірме.



Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау







Лекция

Практиклық

( семинар )



СӨЖ

ОБСӨЖ






2

90

15

15

30

30

3

емтихан


5. Оқу сабақтарының құрылымы.

Лекция- студентке тақырыпты игеруге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.
Практикалық сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.
СӨЖ - студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
ОБСӨЖ - оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

6. Студентке арналған ережелер.

  1. Сабакқа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


Кредит №1,2.




Лекция тақырыбы

Лекция сағат саны

Практикалық(семинар)

сабақ



ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Зоопсихология пәні

1

1

1

1

2

Зоопсихологиядағы зерттеу кезеңдері.

1

1

1

1

3

Психика дамуының сенсорлық деңгейі.

1

1

1

1

4

Психика дамуының перцептивтік деңгейі.

1

1

1

1

5

Жануарлардағы онтогенез процесінің кезеңдері.

1

1

1

1

6

Жануарлардағы психикалық дамудың формалары.

1

1

1

1

7

Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделу формалары.

1

1

1

1

8

Жануарлардағы инстинктті құлық.

1

1

1

1

9

Жануарлардағы инстинкттік құрылым.



1

1

1

1

10

Онтогенез процесіндегі үйренудің рөлі.


1

1

1

1

11

Онтогенездегі құлық проблемасы.



1

1

1

1

12

Жануарлар әрекетін зерттеудегі негізгі бағыттар.


1

1

1

1

13

Жануарлардағы шартты және шартсыз рефлекстер.


1

1

1

1

14

Этология.


1

1

1

1

15

Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары.


1

1

1

1







15


15

15

15


1 - тақырып.

Зоопсихология пәні

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Зоопсихология пәнінің тарихы, міндеттері.

  2. Зоопсихологиядағы зерттеу әдістері.

_____________________________________________________________

1. Зоопсихология пәнінің тарихи міндеттері.

Жануарлардың псикихасын зерттейтін саласы зоопсихологиясы деп аталады. Бірақ та зоопсихология пәні мен міндеттерін қарастырмай тұрып, нені психика деп түсінетінімізді біліп алайық. Левиннің теориясы бойынша психика- объективті шындықтың ең жоғарғы формадағы бейнеленуі. Психика тек жоғарғы деңгейдегі тірі организмдерге тән. Бұл сыртқы ортаны бейнелеу қабілетінен көрінеді. Психика арқылы жануар өз белсенділігін дұрыс бағыттап отырады. Жануарлар психикасы олардың қылықтарынан ажыраусыз болады. Жануар қылығы деп-бүкіл сыртқы белсенділік көріністерін айтамыз. Зоопсихология объектісі –жануардың психикалық әрекеті.

Зоопсихология пәні психикалық бейнелеуі, түрлідеңгейдегі жануарлар эволюциясының дамуы туралығылым және онтофиологенездегі дамуды зерттейді.

Жануарлар мен адамның психикалық процесстердің пайда болу, дамуын қарастырады. Зоопсихология психиканың пайда болу деңгейінен бастап адамдар психикасына дейін төменгі және жоғарғы шектерін қарастырады.

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша психикаға дейінгі организмдер жәй тітіркену қызметі мен сипатталады және өмірге маңызды орта әсеріне таңдамалы тұрғыда ішкі зат алмасу қажеттеріне сай жауап беруге қабілетті. Зат алмасу процесстерінің күрделілігінен қатар жүретін тітіркенудің жоғарғы формасы-сезім.

Сезіну бұл түйсіну қабілеті. Бұрын біртұтас болатын организмнің сыртқы орта мен әсерлесу процесі былай жіктеледі. Бір жағынан өмірді сақтау және қамтамасыз етуге тікелей байланыстағы процестер, екінші жағынан өмірді қамтамасыз етуге тек ғана жанама тұрғыдан әсер ететін процестер мен организмнің орта мен байланысынан, өмір тіршілігіне қажетті қасиеттерді жіктей ашу.

Логикалық ойлау заттардың, процестердің негізгі мәнін анықтауға болмайды. Жануарлардың танымын тікелей қабылдау мен қарастыру танымымен шектеледі. Дистанттық қабылдау жануарлардағы тек сыртқы сигналдық информация үстіртін сигналдық мәлімет беру үшін қолданылады. Жануарлардың өз іс-қимылын, қулығын бейнелеу арқылы сыртқы ортаны толық таниды. Жануарлардың таным процестерінде шектеулі деңгейде еліктеу формалары кездеседі.

Алғашқы зоопсихологияға еңбегі сіңген Вагнердің пікірінше, зоо психология салыстыру психологияның бір тарауы ғана, 2-ші таралуы-ол адам психологиясы. Зоопсихология мен салыстырмалы психологияның дүниеге келуі XVII ғасырдың аяғы мен XIX ғ.б. басталады.

“Бюффон және Ж.Б.Ламарк” атты биологиялық еңбектері пайда болды. Ч.Дарвиннің еңбегі жарыққа шықты.

Бастапқы кезде салыстырмалы адам мен жануарлардың сапалық айырмашылығын назардан тыс қалдырды. Кейін эталог ғалымдар филогонез қарас өзгеріс сипаттамасының заңдарын және қылықтарының жаңа формасын анықтауға талпынды. Зоопсихологияның, нейрофизикалық, нейропсихология-жоғарғы жүйке жүйесінің физиологиясы, зоология, медицинада, генетика, т.с.с. Зоо ψ-нің маңызы жалпы ψ-нің мәселелерді шешу, адам іс-әрекетінің биологиялық негізінің пайда болу заңдылықтарын және салаларының дамуын зерттейді.



  1. Зоопсихологиядағы зерттеу әдістері.

Жануарлардың тәртібін анализдеуді Зоо ψ санаушысы жануарларды белгілі мәселені шешу барысындағы қозғалыстарын детальдық зерттеу жолымен іске асырылады. Бұл міндет былайша атқарылады. Жануарлардың қозғалыстарын бақылай отырып, оның ψ –қ сапалары түр ой қорытуға тырысу б.т

  1. Лобиринт әдісі

  2. Айнымалы жол

  3. Дифференциалды үйрету

  4. Үлгі бойынша таңдау

  5. Проблемалы жасуша

Жануарлар психикасын зерттеуде негізгі көңіл-олардың әрекетіне аударылды. Ғасырлар бойы әрекетке деген көзқарастар әртүрлі болып келді. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым мен өнер белгілі шектеуден шығып, қарқынды түрде дами басчтады. Жануарлар әрекетін (зерттеу) жүйелі түрде зерттеу XVII ғасырдың ортасынан басталады. Бұл кезеңнің өзінде-ақ ғылымдар әрекетінің екі формасын анықтады. Біріншісі-инстикт болса, екіншісі-ақыл-ой болып табылады.

Ж.Бюффонның пікірінше, жануарлар мен адамдар психикасының арасындағы айырмашылық, жануарлар өздерінің өткені туралы да, болашағы туралы да білмейді, олардың өзара салыстыра алмайды, ал адамдарда бұл қасиет жақсы дамыған.

XIX ғасырдан бастап жануарлар әрекеті туралы ғылым философиясын бөлініп, дербес ғылым сапасы болып табылады. Ең негізгі жұмысты француздың зерттеушісі Ж.Б. Ламарк (1744-1829) атқарды. 1809 жылы ол өзінің, “Зоология философиясы” атты еңбегінде жануарлар психологиясы арнайы ғылыми пән ретінде қарастырылған. Ламарктің пікірінше, ағзада болатын барлық өзгерістер сыртқы өзгерістер әсерінен болады дейді. Өзгерудің бастапқы факторы ағзаның сыртқы ортаға бейімделе білу қабілетті болып табылады, одан кейін жаттығу арқылы осы қабілеттілікті дамытып, келесі ұрпаққа беру болып табылады.

Ламарк былай деп жазды: “Ағза сыртқы әсерлердің тікелей әсерінен емес, жануарлар психикасына әсерінен кейін өзгереді” дейді. Оның ойынша, ең қарапайым психикалық сектқоздырғыш, ал күрделісі-саналылық болып табылады. Оның ойынша, инстикт-бұл ақыл-ой актілерінің әрекетке стилит ретінде әсер ететін қасиет болып табылады.

XIX ғасырдың ортасынан бастап, жануарлар әрекетін жүйелі эксперименталды түрде зерттеу бастау алады. Мұндай эксперименталды зерттеулер авторларының бірі-Париж зоопаркінің директоры Ф.Кювье (1773-1837) болды, әйгілі палеонтолог Г.Кювьеенің інісі ол өзінің зерттеулерінде жануарлар әрекетін өздеріне ыңғайлы, әдеттегідей жағдайда зерттей білді. Ф.Кювье жануарларда “ақыл-ой” болатыны туралы біршама фактілерді жинақтады. Әсіресе, оны “ақыл-ой” мен инспикт арасындағы және жануарлардағы ақылы мен адамдағы ақыл арасындағы айырмашылықтар толғандырды. Оның ойынша, жыртқыштарда ақыл-ой формалары кездеседі, әсіресе, ақыл-ойдың формалары айқын көрінетін-бұл фангутантарда Кювьесенің ең ірі жетістігінің өзі, осы фангутантар мен басқа маймылдардың әрекеттерін дұрыс әрі нақты сипаттап беруі болды.

Одан кейін, жануарлар психикасын мен әрекеттерін салыстырмалы және эксперименталды түрде зерттеу Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектерінде көрініс таба білді. Оның жануарлар мен адамдардағы сезіну мен тйсіну көріністері туралы (1872), “Инстинкт” және “Бір баланың өмірбаяндық очеркісі” (1877) еңбектерінде ол ең алғаш болып психиканы зерттеудің объективті әдісін қолданды. Дарвиннің ірі жетістіктерінің бірі, ол ең алғашқы болып уақытқа дейін субъективті сипатқа ес болып келген эмоцияға объективті талдау әдісін жүргізген болатынын. Дарвин жануарлар әрекетін қарапайым-табиғи ортада зерттей келе, әрекеттің негізгі үш категориясын бөліп берді-инспинкт, үйренуге қабілеттілік, элементарлы талдауға қабілеттілік. Қазіргі кезде мұндай жіктеуге көптеген ғалымдар жүгініп отыр.

XVII ғасырдың ортасынан бастап жануарлар әрекеттеріне зерттей келе, оларда ақыл-ой формаларының кездесетіні туралы теорияларын ұсынып отырды, мәселен Ч.Дарвинді қолдаған Дж.Роменс (1878-1894) өзінің “Жануарлар ақылы” атты еңбегінде, К.Плойд-Морган (1852-1936) “Әдет пенинстинкт” еңбегінде, Э.Горндейн өзінің “Канон Плойд-Морган” атты еңбегінде, және басқа Д.Сподинг, Д.Хейрот, Ч.Уитмен, К.Поренц, У.Крэг секілді зерттеушілер өз үлестерін қосты.
2 - тақырып.

Зоопсихологиядағы зерттеу кезеңдері.

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Жануарлардың психикалық іс-әрекетінің ерте кездегі түсінігі. Танымның басталу кезеңі.

  2. Эволюцияға дейінгі көзқарастар, эволюциялық көзқарастар.

  3. Инспинкт пен үйренудің қазіргі кездегі түсінігі.

_____________________________________________________________

1. Жануарлардың психикалық іс-әрекетінің ерте кездегі түсінігі. Танымның басталу кезеңі.

Ежелден-ақ ғұламалар жануарлар (құқынның) құлқынның қозғаушы күшімен негізігін тапқысы келіп, оның рухани бастамасы бар ма деген сұрақ қойып, егер бар болса, оның табиғаты қандай деген мәселелерге қызықты. Осылайша, эпинур және олардың ізбасарлары, әсіресе Лукреций бұл сұраққа жауап іздеп, оны материалдық жөн тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Оның ойынша, жануарлар іс-әрекеттері белгілі бір жаратылыс жинағынан тұрды. Өйткені, өзіне пайдалы қасиеті бар жануар ғана тіршілік үшін күресе алады. Ал ұлы грек ойшылы Аристотель адам жанын ақылды жан деп, яғни құдай рухының бейнесі деп білді. Аристотель пікірінше, жөн материяны тірілтеді. Бірақ тән ғана әсер мен құмарлыққа сезімтал келеді. Сондықтан танымға қабілеттілік пен еркін ерік, ақыл-ой берілген адамнан айырмашылығы жануарларда тек елім алдындағы сезімтал жаны болады. Бірақ, қызыл қаны бар және тірі бала туатын жануарларда да адамға тән 5 сезім болады. Жануарлар қылығы өзін-өзі сақтауға, ұрпақ жалғастыруға бағыттап, ол құмарлық пен тілек, қанағаттанушылық сезімімен, не ауырсынуымен мотивацияланады.

Осымен қатар, Аристотель ойынша, жануарлар құлқы әр түрлі деңгейдегі жануарлардағы ақыл-ой мен өлшенеді. Ол жануарлардағы бір-бірінен үйрену қабілеттілігін жануарлардың дыбыстық қарым-қатынасын, әсіресе, көбею кезіндегі қарым-қатынастарын, әсіресе, көбею кезіндегі қарым-қатынастарын көрсетіп берген. Аристотельдің тұжырымдарын ары-қарай жалғастырушылар столиктер ілімі болды. Столиктерде алғаш инстинкт ұғымы пайда болып, бұл философтардың, тұжырымдауынша инстинкт туа біткен, мақсатқа бағытталған құмарлық, ол жануарларды пайдалы және жағымды іс-әрекеттерге итермелейді де, ал зиянды және қауіптіден сақтайды. Хризиптің пікірінше, егер үйрек балапандарын тауық басып шығарса да, олар суға құмарланып, тартып тұрады. онда олардың азық-түлігі қамтамасыз етілген. Осының бәрі Хризип ойынша, санасыздық пен яғни ақыл-ойдың қатынасынсыз-ақ өз іс әрекеттерін түсінбестен, атқарып жатуы. Осыған ұқсас Сенека кішкентайда жануарларда өздеріне тән туа біткен қасиеті болады деді. (жыртқыштардың сыртқы түрін тану)

Сонымен стоиктер концепинасы бойынша инстинкт табиғаттың бергені, оған мүдірместен, қарсы келместен, ойланбастан бағыну керек еді.



2.Эволюцияға дейінгі көзқарастар, эволюциялық көзқарастар.

Көптеген мыңжылдықта қаралынбаған ғылыми ой орта ғасырларда қайта жаңғырта бастады. XVII ғасырда жануарларда зерттеу, нақты фактілерді қолданып, эксперимент пен бақылау нәтижелерін қарастыра бастады. Осы ғасырдың ортасы мен аяғына қарай көптеген ғалымдар, философтар және натуралистер жануарлар психикасының әрекеті мәселесімен шұғылданады. Солардың ішінде француз философы, метериалист, дәрігер Ж.О. Ламетрийді атап көрсеткен жөн. Оның пікірінше, жануарлар инстинкті мәжбүрлікпен жасалатын, ойлану мен тәжірибеге байланыссыз жасалатын қимыл-қозғалыстар жиынтығы деді. Ж.О. Ламетрий зерттеудің маңыздылығы, ол жануарлар психикасының адамдікімен салыстырып отырды. Француздың ірі ағартушысы Э.Б.Кондальян өзінің “Жануарлар туралы трактатынды” инстинкт туралы мәселе көтерді.

Инстинкт-әрекет пен дағды бойынша жасаған іс-әрекеттер ұқсастығынан Э.Б.Кондальян мынандай тұжырымға келді: ақыл-ой әрекет дағдыға, ал дағды инстинктке айналады. Мұндай пікірге Ш.Ж.Леруа (қарсы) (жануарлар) қарсы болды. Кондальян берген анықтаманы терісінен қарастыру керек еді. Леруа жануарлар инстинктерінде қажеттіліктерді қанағатттандыру негіз болып жатыр деді. Қажеттіліктерді қанағатттандыру инстинктерді пайда қылады деді. Ал дағды болса, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, соңында белгілі бір құлық жиынтығынана майланады. Жоғарыда айтып көрсеткендей Жан Леплек Бюффон зоопсихология ғылым болып қалыптасуына өте үлкен үлес қосқан. Оның пікірінше, психикалық іс-әрекеттің әртүрлі формалары тән. Түйсіну мен дағды т.б Бірақ, олар өз іс-әрекеттерін түсінбейді. Жануарлар қарым-қатынас жасауға да қабілетті. Бірақ олардың тілі сезілген уайымды ғана көрсетеді. Осыған орай Ж.Л.Бюффон жануарлардың ішкә күйі мен сыртқы орта әсерінің байланысы туралы тезис ұсынды.

XIX ғасырдың басында инстинкт туралы мәселе көпшілік назарын аудара бастады. Бұл кездегі көкейкесті мәселеге жануарларға тұқым қуалап “дайын” күйінде беріледі, “туа біткен”, ал индивидуалды (жүре пайда болады) не қалыптасады? деген сұрақ болады. Осы сұраққа жауап іздеу барысында эволюциялық теориялар қалыптаса бастады.

Алғашқы тірі табиғаттағы эволюция туралы ілімді XIX ғасырдың басында Жан Батист Ламарк қалыптастырды. Ол психикалық факторлардың бағыттаушы әрекеттері туралы эволюциялық концепциясының негізін қалаған, оның ойынша сыртқы орта жануарлар организміне тікелей, яғни жануарлар құлқының өзгеруімен әсер етеді. Ламарк пайымдауынша ең күрделі психикалық іс-әрекеттер қарапайымнан басталады. Сондықтан оларды салыстырмалы эволюциялық түрде зерттеу қажет. Ол психиканың жүйке жүйенсімен байланысына ерекше мән береді. Ламарк зерттеулері бойынша, инстинкт-бұл іс-әрекет ешқандай еріксіз, ойсыз орындалуға итермелемейді. Қажеттіліктер дағдыны қалыптастырады, үйрену процесін қамтамасыз етеді, дағды бейімділікке айланады. Осыдан келіп, дағдыны іс-әрекеттерпайда болады. Оыны “инстинкт ” деп атаймыз.

XIX ғасырдың ортасында Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, алғашқы эволюционер К.Рулье осы мәселені қарастырды. Жануарлар инстинктін анатомия, физиология жануарлар экологиясымен бірге қарастыру еректігін айтып, осы инстинктті- жануарлар іс-әрекетінің негізгі бөлігі деп қарастыру керектігің атап өтті. Ол теологиялық пікірге қарсы шығып, өмір арттарына байланысты жануарлар ерекшелігін, психикалық қасиеттерінің пайда болуын қарастырады. К.Рульенің пікірінше, “инстинкт ”- бұл тарихи кезеңде қалыптасып, өмір шарты бойынша ортаның әсерлеріне деген тұқымқуалаушылық реакция –деген.

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің жеңісінен кейін, тірі табиғат пен органикалық дүниенің біріккен даму заңдылықтары туралы ой қалыптастырады. Дарвин адам мен жануарлардың психикалық іс-әрекет эволюциясына көп көңіл бөлген, ол адамдар мен жануарлар психикасының дамуында табиғатпен қатынастың рөлін ерекше ескереді.


  1. Инспинкт пен үйренудің қазіргі кездегі түсінігі.

Американ ғалымын У.Крейг инстинктті әрекеттері жеке фразаларын тұрақты деп көрестті.

Олар: 1) ізденуші,

2) аяқтаушы фразалар.

Ізденуші фраза барысында жануарлар бүкіл инстингтті әрекеті аяқтаушы фразаға алып келетін негізгі тітіркендіргіштерді іздейді (сондықтанда іздеуіші фраза деп аталатын). Ізденуші фаза бірнеше фразалардан тұрады: мысалы, жануарлар қорек іздеп шығады, бірақ ол қоректің қайда екенін әлі білмейді. Ол «құрбандығын» іздеп тауып, өзін сол тітіркендіргішке бағыттайды. Ол жемтігін аңдып, оны ұстап, бір жерге (ыңғайлап-әрекеттегі) апарып, сосын жейді. Бұл жерде соғысы ғана аяқтаушы, яғни осындай жеке-жеке әрекеттерден «инстингті әрекет» құралады. Инстинктті әрекеттің жалпы бағыты таксистермен анықталады.

Проценттің пікірінше, таксистер туа берілген әрекеттермен байланысты өрбиді. Инстинктті әрекеттер секілді таксистер де туа бітірген сыртқы орта әсерлеріне генетикалық бейім әрекеттер болып табылады. Инстинктті әрекеттер «жіберу технизміне» жауап беруші болса, ал таксистер белгілі бір инстинктті өзгерістерін тітіркендіргішке жауап беруші болып табылады. (Вектор секілді). Осының арқасында таксистер жануарлардың қозғалыс белсенділігін кеңестікте бағдарлануын (оң таксистер) немесе керісінше биологиялық құндылығы төмен қауіпті жағдайларға (теріс таксистер) бағдарлауы болып табылады.

Сыртқы тітіркендіргіштердің әсер етуіне байланысты таксистер фото, хемо, термо, гео, рео, анемо, гидро таксистер болып бөлінеді. (жарыққа реакция, химиялық тітіркендіргіштер, температура, ауырлық күші, сұйықтықтың ағыны, ауа қысымы, орталық ылғалдылығы және т.б.)

Жануарлар әрекетінің барлығы аяқтаушы фактормен аяқталады. Мұнда инстинктивті құлық пен үйренудің бірлігін көреміз. Мысалы, қарлығаш ұя салу үшін, 1-ші ұя (салады) салатын орын табу керек, 2-ші іздеуші фаза, сол орынға материал іздеу және жинақтау керек, 3-ші материалдарды тасу керек, соңғы аяқтаушы фаза, бөліктерді біріктіріп, ұя соғумен тоқталады. Аяқтауыш фазаға неғұрлым алыс болған сайын, соғұрлым үйрену, индивидуалды тәжірбие жинақтау мүмкіндігі мол болады. Инстинктті әрекеттің 2 фразасы толық берілмейді. Кейде ізденуші фаза теріс өтуіде мүмкін – сыртқы орта тітіркендіргішінен бас тарту не қашу болып табылады. Кейде аяқтаушы фаза ізденуші фазаны болдырмай-ақ бастала береді, ал кейде ізденуші фаза өз ағымынан ауытқып, оны бөтен аяқталуы мүмкін.

Жоғары деңгейдегі жануарлардың құлқын қалыптастырады еліктеу маңызды рөл атқарады. Еліктеу жолымен үйрену (имитациялық үйрену) басқа жануар әрекетін тікелей қабылдау арқылы қалыптасады. Имитациялық үйрену басқа үйренулер секілді облигадты және факультативті – имитативті болады 2-ге бөлінеді.

1). Облигадты үйренуде өз түрінің стереотипін үйрену б.т.

2). Факультативті үйренуде басқа түрден үйренуді айтамыз. Факультативтік үйренудің жоғарғы көрінісі еліктеу арқылы жүзеге асады. Мұндай үйренуде басқа жануардың іс-әрекетін қарап, соны қайталайды.

Мұндайға қабілетті адам тәрізід және төмен дегейдегі мамырлар, иттер мысық, тышқандар да кіреді. Имитанциалық үйренуде «көрермендерде де» инструменталды дағды қалыптасуы мүмкін.

Жәндіктер жүйке жүйесінің ерекшеліктері.




Жәндіктердің ми бөліктері.

1

Протоцеребурм

Мидың жоғарғы бөлігіні басқа ми бөліктерінен басымырақ дамыған. Ассоциативтік және координациялық орталықтары бар. Әсіресе, ара, құмырсқа т.б. жұмысшы және де жақсы дамыған.

2

Дейтоцеребрум

Мидың ортанғы бөлігі. Бұл бөліктің қызметі жәндіктердің мұртшалары инервациялайды.

3

Тритоцеребрум

Мидың төменгі бөлігі . Бұл бөліктің қызметі ауыз қуысын инервациялайды. Содықтан қатар симпатикалық жүйке жүйесін басқарады.

3 – тақырып.

Психика дамуының сенсорлық деңгейі.


Қарастырылатын мәселелер:

1. Сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейі.

2. Сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі.

_______________________________________________________________



  1. Сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейі.

Сенсорлық психиканың екі деңгейі болады: төменгі және жоғарғы. Психика дамуының төменгі деңгейіне көптеген жануарлар түрлері кіреді. Оның ішінде: өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тіршілік иелері де кіреді. Қарапайымдылардың қимыл-қозғалысы сан алуан болады. Мысалы, амебалар плазманың бір жерден екінші жерге “құйылуы” арқылы қозғалады. Ал енді грегориндер “реактивті” тәсілмен, яғни денесінің қоймалжын затын төменнен жоғары қарай итермелеу арқасында қозғалысқа келтіреді. Соған қарамастан көптеген қарапайымдылар ырғақты қимылға келтіретін арнайы плазмалық құрылым арқылы қозғалады. Олар дірілдететін, айналатын, не болмаса толқын тәрізді қимылдар жасататын плазмалық өсінділері болып табылады. Кірпікшелер миофибрил деген заттан пайда болған талшықтар мионема талшығы, сол сияқтылар арқылы қозғалады. Ал мионемасы жоқ қарапайымдылар ( амеба, спора ) қимыл-қозғалысы цитоплазма арқылы жүзеге асады. Оның денесі осы кезде жиырылу арқылы кеңістікте қозғалады.

Кинез дегеніміз – қарапайым инстинктті әрекеттер.

Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет