Педагогика Тарих факультеті


Кинездің бірнеше түрлері болады



бет2/6
Дата02.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6

Кинездің бірнеше түрлері болады:

1. Ортокинез дегеніміз – мүнда қиимыл-қозғалыс температураға байланысты жүзеге асады.


  1. Клинокинез дегеніміз – мұнда қимыл-қозғалыс мақсатты түрде жүзеге аспайды.

Кинездер жануарларды қимыл-қозғалысқа келтіргенімен, олардың белгілі бір бағыты жоқ . Сондықтан да бір бағыттылық болу керек. Сен сорлы психиканың төменгі деңгейінде бағытттаушы элемент такцис деп аталады.

Такцис дегеніміз – жануарлар қимылының белсенділігінің жағымды не жағымсыз тіршілік жағдайларына бағытталатын генетикалық механизм.

Такцистердің негізгі екі түрі бар :


    1. Жағымды

    2. Жағымсыз

Ал қарапайымдыларға тән такцистер:

    1. Термотакцис – температура әсерімен бағыттылықтың өзгеруі.

    2. Клинотакцис – қауіп әсеріне байланысты бағыттылықтың өзгеруі.

    3. Топотакцис – сезім мүшелерінің симметрия болуын талап етеді.

    4. Тигмотакцис – объекттің физикалық күйіне байланысты бағыттылықтың өзгеруі ( жұмсақ, қатты т.б.).

    5. Хемотакцис – химиялық тітіркендіргіштерге байланысты бағыттылықтың өзгеруі.

    6. Гальванотакцис – электр тогына байланысты бағыттылықтың өзгеруі.

    7. Фототакцис – жарыққа байланысты бағыттылықтың өзгеруі.

    8. Геотакцис – жердің тартылыс күшіне байланысты бағыттылықтың өзгеруі.

Қарапайымдылардың иілгіштік қасиеті болғанымен қимыл-қозғалысы нашар дамыған. Осыған қарамастан қарапайымдылардың үйренуге қабілеттілігі біршама дәлелденген.

2. Сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі.

Сенсорлы психиканың жоғарғы деңгейіне клеткалы жануарлардың біршама түрлері жеткен. Олар төменгі сатыдағы құрттар, губкалар, жауын құрттары, сүлік, малюскалар, т.б. жатады. Бұлардың кейбіреулерінде ( сақинатәрізділерінде ) сақина тәрізді құрттарда ганглий түзіледі. Ганглий – жүйке түйіні. Гидротәрізділерде - сетка тәрізді. Медузаларда – сақина тәрізді. Теңіз жұлдызшаларында – радиалды тәрізді.

Қимыл-қозғалысына келер болсақ, биологиялық тітіркендіргіштерге нақты реакция қайтарады. Қимыл белсенділігі едәуір дамыған (жорғалау, топырақта қимылдау, суда жүзу т.б.). Сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен қашуға қабілеттіліктері бар. Жағымды тітіркендіргіштерді іздеу мақсатында белсенді әрекет етеді. Бұл деңгейдегі жануарлардың сезім мүшелері дифференциалданған рецепторлар ( хемо, термо, фото, механо) Көбіне шаш немесе талшықтарға ұқсас тума сезім және иіс сезу функцияларын атқарады. Кейде төменгі сатыдағы сезім мүшелері жоғарыға айналып кетеді.

Сақиналы құрттар, сонымен қатар химиялық және термо тітіркендіргіштерді, ауырлықты, электр тітіркендіргіштерін, су ағымын, ортаның ылғалдылығын сезуге бейім болып келеді. Сенсорлы психиканың жоғарғы деңгейінде де такцистер болады. Олар:



  1. Тропотакцис – симметриялы орналасқан рецепторлардағы қозуды туралау нәтижесінде пайда болады.




  1. Телотакцис – бір объектіні таңдап, соған бағытталуы.



  1. Менотакцис – кеңістікте константты бағытты сақтау.

Сенсорлы психиканың жоғарғы деңгейінде жануарлардың құлқы туа біткен “бағдарламадан” тұрады.


4 – тақырып.

Психика дамуының перцептивтік деңгейі.
Қарастырылатын мәселелер:

1. Перцептивтік психика дамуының төменгі деңгейі.

2. Перцептивтік психика дамуының жоғарғы деңгейі.

3. Ең жоғарғы деңгей және интеллект.

_______________________________________________________________


  1. Перцептивтік психика дамуының төменгі деңгейі.

Перцептивтік психика психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейіне жатады, ол 3 сатыдан тұрады:

  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ең жоғарғы

Бұл деңгейдегілерді Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет құрылысының өзгеруімен сипатталады, немесе ой операцияларын жасау, дағды, қабылдау элементтері айқындалады. Дегенмен түрлі эволюция сатысындағы әр алуан жануарлардағы перцептивтік психика да алуан түрлі көрініс береді.

Төменгі деңгейде жоғарғы омыртқасыздар - малюскалар, шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, қырықаяқ жәндіктер жатады. Жәндіктер түр жағынан, сонымен қатар саны жағынан ең көп тараған жануарлар болып табылады. Олар түрлі климат зоналарында өмір сүреді. Олар көпаяқтылар жер бетіндегі алғашқы жаннуарлар қатарына жатады. Өйткені, бірнеше миллиард жылдар бұрын суда тіршілік қалыптасқаннан кейін құрлықта өмір сүруге бейімделген алғашқы жәндіктер болатын. Жәндіктер түрлі қимыл-қозғалысқа бейім келеді (жүгіру, секіру, жер астында жүру, т.б.).

Сонымен қатар қанат арқылы ұшу да жақсы дамыған. Осы қанат қағуға байланысты бұлшық ет талшықтары күрделі құрылымға ие болып келеді. Бұлшық еттері арнайыланған, жолақ саны 1000, одан да көп, күші де едәуір жоғары (кейбір жәндіктер өзімен ауыр затты тасуға қабілетті). Орталық жүйке жүйесінің қимыл аппараттарының күрделі дамығандығына байланысты орталық жүйке жүйесі де күрделі дамыған болып келеді.

Жәндіктерде жүйке түйіні ганглий нақты цитолизацияға байланысты ганглийлер көмей үсті бөлігінде ми қалыптасады. Мидың 3 бөлігі бар:

1. Протоцеребрум - мидың жоғарғы бөлігі басқалардан басымырақ дамыған. Ассоциативтік және координацияланған орталықтары бар. Олар күрделі құлықты: ара, құмырсқа., т.б. жұмысшы жәндіктерге жатады. Бұл бөлік көру аймағымен байланысып көзді инервациялайды.


  1. Дейтоцеребрум – ортаңғы бөлік жәндіктердің мұртшаларын иенрвациялайды.

  2. Тритоцеребрум – ауыз қуысын инервациялайды, сонымен қатар симпатикалық жуйке жүйесін басқарады.

Жүйке жүйесі көпаяқтыларда әртүрлі қалыптасып дамыған, сондықтан ми және дене пропорциясы әртүрлі болып келеді. Мысалы, май қоңызында 1:3290, құмырсқада 1:280, арада 1:174, малюскалардікі ганглийлері бірігіп асқорыту мүшесін қалыптастырады да көру жүйкелері оптикалық ганглийге қосылған. Бұларда көру жүйкесі жоғарғы деңгейде дамыған ( пасеттік көру).

Сенсорлық қабілеттері спектрі адамнан да жақсы дамыған.

Г.А.Мазохин-Порщняков пікірінше, жәндіктердегі түрлі түспен көру универсал құбылыс. Көрумен қатар иіс сезуі де біршама көрініс береді. өрмекшілер вибрациялар арқылы сезеді. Такцистерде едәуір дамыған ( фото, тропо, мено, темо, пото, т.б.).

Заттық қабаттарына келер болсақ, жәндіктер форма қабылдауға дрессировка арқылы үйретуге байланысты деп дәлелденген. Қарым-қатынасы сигналдық әрекет арқылы жүзеге асады.

Қарым-қатынастың жоғарғы дамыған элементі “неке ритуалы”, яғни еркектің ұрғашыға қырындауы болып табылады.

Аралар қарым-қатынаста “би тілімен” түсіндіреді. Қарым-қатынастың жоғары дамыған элементі “неке ритуалы”, яғни еркектің ұрғашыға “қырындауы”. Көбелек (бархатница) ұрғашының артынан ұшып барып, алдына қонып, қанаттарын дірілдете бастайды. Содан соң ұрғашының мұрнын қысып, оның хош иіс шығатын зонасына қанатын тигізеді. Егер ұрғашы “келіссе” бұрандау басталады. Бұл мысалдан сигналдық қимылдардың неке ритуалына көп әсері бар екендігін көреміз. “Отбасылық ғұмыр” кешетін жәндіктер иерархиялық байланыста болады. Жұмысшы құмырсқалар пассив, енжар әрекеттерге қозуларын хабарлайды, өз территорияларын перцептивті психиканың төменгі деңгейіндегі жәндіктер түрі, дауысы, иісі арқылы білдіреді. Көп жылдар бойы жәндіктерді “соқыр инстинкт” билейді деген пікір қалыптасқан, бірақ француз энтомологы Ж.А.Фабри еңбектері арқылы біз жәндіктердің “ақыл-ой” емес, таза, тума инстинкт арқылы жүзеге асатынын көреміз. Олардың инстинкті үйренумен түсіндіріледі (қорек табу, билеу, т.б.) . Сонымен біз төмен деңгейдегі жануарлардың бағытталуының қалыптасуын, қабылдау тән екендігін, қарым-қатынас формаларының күрделі түрлері бар екендігін байқадық. Сондықтан бұл деңгейдегі психикалық даму едәуір жаңа категорияға ие деп айтсақ артық болмас еді. Жәндіктер қарапайымдылар макроөмірі мен омыртқалылар макроөмірі арасындағы сызық деп аталады. Кейбір ерекшеліктеріне сүйене отырып, оларды жоғары деңгейдегі жануарлар қатарына қосуға болады.



2. Перцептивтік психика дамуының жоғарғы деңгейі.

Перцептивтік психиканың жоғарғы деңгейдегі бейнелеуі де, құлқы да жоғарғы көрініс береді жануарлар жатады ( омыртқалылар). Олардың негізгі ерекшеліктері ішкі осьтік скелет-омыртқа болып табылады, ал оның жоғарысында түтік тәріздес орталық жүйке жүйесі орналасқан. Омыртқалылардың өзі 2 класқа бөқлінеді:домалақауыздылдар, жорғалаушылар (балық, қосмекенділер, құс, сүтқоректілер).

Домалақауыздыларда мидың бес бөлігі де болады, бұлшықет жүйесі бүкіл дене бойына орналасқан сегменттерден тұрады. Күрделімүшелілерге қарағанда нашарлау дамыған. Омыртқалылардың соңы жұпсыз және жұпты түзеліскен түрде аяқталады. Жоғары деңгейдегі жануарларда жүрудің түр-түрі, секіру, өрмелеу, жүзу, ұшу қозғалыстары жақсы дамыған. Алдыңғы аяқ-қолдары манипуляцияға бейім келеді, яғни түрлі функциялар атқарады. Оның ішінде жақ мүшесі өте жақсы дамыған, аяқ-қол жүгіру, ауыз қуысы түрлі қозғалыстар жұмысын атқаруға көмектеседі. Манипуляция түріне өз тәніне қарау да жатады, мұнда манипуляциялық объект өз денесі болып табылады.

Сенсорлық қабілеттері жоғары деңгейде дамыған (есту, тепе-теңдік сақтау, сипап сезу, сезімталдылық, дәм, иіс, такцис).

Көптеген сүтқоректілерде иіс сезу үлкен рөл атқарады (ақ аю мұздың арғы бетіндегі қоректі, крот қалың қабат жерден сезеді). Көру құстар мен приматтарда жақсы дамыған. Ол қорек табу, қорғаныс, қайта жаңғырту, кеңістікте бағдарлану секілді функциялар атқарады. Сүтқоректілерде өз территорияларында бағытталу, фото және хемотакцис арқылы жүзеге асады. Ең жақсы көру қабілеттеріне ие жыртқыш құстар болып табылады. Бұл деңгейдегі жануарлардың барлығы дерлік перцептивтік психика деңгейі болады. Бірақ, төмен және жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында біршама ерекшеліктер болады. ( Мысалы, балықтар белгілерді таниды, кейбір жағдайларда танымай қалады). Жоғары деңгейдегі жануарлар көру арқылы жалпылауға бейім болып келеді, қарым-қатынасы да жақсы дамыған. Өйткені, оларда коммуникация элементтері де жақсы дамыған – оптикофактор, тактиль кіреді.

Қарым-қатынас жиі диалог ретінде көрініс беріп отырады, сонымен қатар инстинктті құлық эволюция сатысының дамуына қарамастан, өз мәнін жоймайды. Ал үйрену қарым-қатынас пен оңтайлы компоненттерді игеруде маңызды рөл атқарады ( құстар ата-анасының ән салғанын көрмесе, ән салмайды). Сондықтан жоғары деңгейдегі жануарлар өмір барысында үйрену арқылы құлқын қалыптастырады.



3. Ең жоғарғы деңгей және интеллект.

Жануарлардың интеллектті әрекеттерінің негізін жеке заттар арасындағы күрделі байланыстарды бейнелеуі мен олардың жасалу тәсілдері арқылы түсіндіруге болады. Оны мынадай тәжірибеден аңғарамыз. Тәжірибе құралы екі түтіктен тұрады. Қарғаның көзінше бір түтікке жіпке байланған ет салынады. Қарға еттің бірінші түтіктен екінші түтікке өткенін әйнектен байқап , етті бірден екінші түтік ұшынан тосып алды. Мұндай әрекеттер итте, жыртқыш құстар мен мысықта кездеседі. Тәжірибе жоғары сатыдағы жануарлардың заттар арасындағы қатынасты барлап, олардың қимыл-қозғалысына қарай әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Жоғары сатыдағы жануарлар психикасын қоректік заттармен бірге түрлі нәрселердің түр-түсі мен қимыл-қозғалыстарына да қызықтырып, олар бақылау жасайды. Әсіресе, сүтқоректілердің осындай әрекетін И.П.Павлов жануарлардың риясыз және табанды талпынысы десе, ал Н.Ю.Войтонис жәндіктердің «әуестену импульсі» деп атаған. Мұндай әрекеттер маймылдардың белгілі бір нәрсе бейнесінқабылдау деңгейі мен көзінің көргіштігін арттырады.,олардың мінез құлқы мен дағдысының басқа жануарлармен салыстырғанда күрделене түсуіне әсер етеді. Мұндай ерекшеліктер маймылдың өз тіршілік ортасына бейімделіп, сан алуан жеміс- жидектермен, өзгеде нәрселермен қоректенуіндегі бағдарлау рефлексі мен ізденімпаздық әрекетін жетілдіре түсетін биологиялық факторға байланысты.

Маймыл құлқындағы үнемі жан-жағын «зерттеу» әрекеті оның инстинктің дамытады. Алдынғы аяқтарының қысқарып, таным құралына айналуы қолдың көмегімен маңындағы заттарды ұстап-тұтатын қимыл-әрекеттерін жетілдіреді. Мұндай әрекеттер маймылдың орталық жүйке жүйесінде басқа жануарларда жоқ көптеген уақытша байланыстардың жасалуына ықпал етеді. Белсенді бақылау, ажырату рефлекстері нәтижесінде маймылдарда біршама пайымдау тәсілдері пайда болады. Әрине, белгілі жағдайда оларда инстинктті құлық та байқалады. Американдық зерттеушілер Г.Харлау, М.Харлау, С.суами жаңа туған маймыл баласын жасанды «анаға» теліген. Тәжірибе былайша жүргізілген: макака маймылының жаңа туған баласын өз анасының бойындай етіп темірден «маймыл» -тұлып жасап тордың ішіне бірге қойған. Ал екінші маймыл баласын содай тәсілмен жұмсақ матамен қапталған «анаға» теліген. Жұмсақ «ананы»еншілеген маймыл баласы көп уақыттан оның жанында өткізген. Қауіп-қатер төне қалса, соған барып тығылған. Ал металдан жасалған «маймыл» - тұлыпты еншілегені оны қатты өгейсіп, жетімсіреген. Жұмсақ матадан жасалған тұлып жаңа туған маймылға сенім ұялатып, ол өзін қауіпсіз сезінген. Ал темір тұлып ондай әсер тудырмаған. Ересек маймылдың инстинктті құлқы төменгі сатыдағы жануарлардан әлдеқайда ерекше. Мысалы, шимпанзенің туа берілетін инстинктті әрекеті - өзіне ұя жасау. Бақылау барысында маймыл «құрылыс» заттарын таңдауда практикалық талдау жасай алатынын көрсеткен. Бұл тәжірибеде маймылдың ұя салуы кеміруші жәндіктердің ұя салуымен салыстырылған. Олардың екеуінеде бұтақтар, қағаз берілген. Екеуіде ұяларын бір жүйемен жасайды. Ұясының түбіне қатты бұтақтарды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларынысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұрақтатып , қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп салады.

Жануарлар психикасы мен құлығының сатылары мен кезеңдері (А.Н.Леонтьев және К.Э.Фабри концепциялары бойынша).




Психикалық бейнеленудің сатылары мен кезеңдері, олардың бейнеленуі.

Психика дамуының сенсорлы деңгейі.

Психика дамуының перцептивтік деңгейі.

Төменгі деңгейі.

Жоғарғы деңгейі.

Төменгі деңгей.

Ортаңғы деңгей.

Жоғарғы деңгей.

Сезімталдылықтың негізгі элементі қозудың дамуы.

Түйсіну ерекшелігі жақ сүйектерінің негізгі мүшелерінің пайда болуы. Элементарлы шартты рефлекстерге қабілеттіліктің қалыптасуы.

Заттық байланыстардың сыртқы ортадан бейнеленуі. Манипуляциядағы негізгі мүше – жақ сүйектері болып табылады.

Ойлаудың элементарлы формалары (тапсырмаларды орындау). Нақты “әлем суретінің” қалыптасуы.

Түрлердің тәжірибелік әрекетте белсенділік танытуы. Бір тапсырманы әртүрлі әдістермен шеше білу қабілеті. Тәжірибелік әрекеттегі құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды қарастьыру.

5 – тақырып.

Жануарлардағы онтогенез процесінің кезеңдері.
Қарастырылатын мәселелер:

1. Пренатальды кезеңдегі тума және жүре пайда болған қасиеттерінің сипаттамасы.

2. Психика дамуының поснатальдық кезеңі.

3. Сенсорлық қабілеттілік пен қарым-қатынас элементтерінің дамуы.


__________________________________________________________

1. Пренатальды кезеңдегі тума және жүре пайда болған қасиеттерінің сипаттамасы.

Эмбрион құлығы онтогенез процесіндегі бүкіл дамудың негізі болып табылады. Омыртқасыздар секілді омыртқалылар да ағза дамуы пренатальды (туылғанға дейін) кезеңде қимыл-қозғалыс т.б. элементтерінің дамуы байқалады. Мұнда олар қимыл-қозғалыс актісінің болмашы ғана әрекеттерін жүзеге асыра алады. Ал, сыртқы ортамен қарым-қатынас тек поснатальдық кезеңнен бастап дамиды. И.И. Шмольгаузен онтогенетикалық байланыстың бірнеше типін көрсеткен, соның ішінде эргонтикалық байланыстардың үлкен маңызы бар. Бұл бөлшектер мен мүшелердің арасындағы функционалдық байланыстар. 30-шы жылдары Б.С.Матвеев көрсеткеніндей эмбриогенез дамушы мүшелермен ара қатынасымен сипатталады. Бұл тұжырымдар бойынша жануарлар құлқының эмбриогенездегі қалыптасуы морфофункционалдық байланыстардың күрделі екендігін көрсетеді. Бұл П.Н.Анохиннің жүйелілік концепциясында да көрінеді.

А.Д.Слонин зерттеулері бойынша, жатырішілік қозғалыстар бұлшықет әрекетіне, жаңа туылатын жануарлардың құлығына әсер етеді. Туылуға аз уақыт қалғанда басқа физиологиялық функциялар секілді тыныс алу мен жүректің соғылуы реттеледі.

Эмбриондық кезеңдегі құлық дамуында классикалық эксперименттік зерттеулерді қолданған Американ ғалымы Ц.Я.Куо өзінің тауық эмбрионына жүргізген зерттеулерімен әйгілі болды. Ол ең бірінші болып эмбриогенез процесінің барысында –ақ жаттығулар арқылы мүшелері қалыптасып, біртіндеп дамып, қимылдық функциялары «эмбрионалдық тәжірибе» немесе «эмбрионалдық үйрену» жолымен қалыптасып отырады. Оның ойынша, жаңа туылған балапанның ең алғашқы қимылдары – бұл бас пен кеуде қимылы болып табылады.

Бір тәуліктен соң оның басы жан-жаққа қимылдай бастайды, осы бас қимылы дене қимылына ықпал етеді.

2. Психика дамуының поснатальдық кезеңі.

Пренатальды кезең (эмбрионды немесе жатырішілік) туылумен аяқталады. Туылғаннан кейін постнатальды кезең басталады, бұл кезеңонтогенез процесінің соңымен, яғни өліммен аяқталады. Сүтқоректілерге мынадай фазалар кіреді: Жаңа туылғандық, аралас қоректендіру, ювениалды, жыныстық жетілу, морфофизиологиялық кемелдік пен қарттық.

Бұл жерде дүниеге келу жаңа бағдар алады, құлықтық даму процесі негізгі орынға ие болады. Постнатальды дамудың деңгейінде мүлдем жаңа факторлар мен заңдылықтар туындайды, олар ағзаның табиғи сыртқы ортамен өзара қатынасқа негізделеді. Осындай жаңа жағдайларда туа біткен құлық элементтері дами түседі, және де постнатальды, индивидуалды тәжірибемен бірге үйлесуі жүзеге асады. Сондықтан да, құлықтың осындай екі түрінің қалыптасу жағдайының түпкіліктіайырмашылықтарына қарамастан, бұл онтогенездің сатылары арасында өте тығыз байланыс бар. Тек осындай жағдайда ғана эмбриональды құлық преадаптивті маңызға ие бола бастайды.

Құлықтың постнатальды дамуы әрбір жануарларда әртүрлі дамиды, және де негізгі арнайы заңдылықтармен ерекшеленеді, өйткені олардың балапандары әр түрлі кемелдену сатысында туылады. Және де, жерді мекендеуші, ең жоғары психикалық дамуға ие барлық жануарлар, мысалы, маймылдар, жыртқыш аңдар, құстар, тотықұстар және т.б. жетілмеген түрде туылады. Өз уақытында мұндай жағдайға Л.А.Орбели назар аударған болатын. Оның ойынша, жетіліп туылған жануарлар балалары қоршаған ортаның әсерлеріне толық қалыптасқан күйде жауап береді, олар жетілмегендерге қарағанда ортаның зиянды әсерлерінен сақталған. Бірақ, осымен қатар, құлықтың одан әрі прогрессивті дамуы шектеулі ғана: мұнда тек қана арнайы қосымша шартты рефлекторлы әрекеттің құрылымына орын болады.

Жетілмей туылғандарда мүлдем басқаша, мұндай жануарларда тұқым қуалайтын белгіленген, құлықтың туа біткен формаларының өзі түпкі жатырішілік кезеңнен бастау алады. Орбелидің пікірінше, мұндай балапандар, туылған кезінің басында анасының көмегінсіз өмір сүре алмаса да, тиімді жағдайға ие болып келеді. Олардың жүйке жүйесі толығымен дамып бітпеген, олар әлі де өздерінің құлығының туа біткенформаларын қоршаған орта ықпалына қоя береді. Нәтижесінде, құлықтың мұндай формалары туа біткен және жүре пайда болған компоненттердің үйлесуі негізінде нақты қоршаған ортаның жағдайлары деңгейінде қалыптаса бастайды. Орбелидің айтуынша, бұл жануарлар нашар қалыптасқан жүйке жүйесімен туылатындығы соншалықты, олар одан кейінгі постнатальдық даму негізінде де тұқым қуалаушылық формалар мен құлықтың жаңадан туындап отыратын шартты формаларын қайта-қайта өңдеумен жүзеге асып отырады.

Жетілмей туылған жануарлар балаларының дамуында олардың аталық қамқорлығы маңызды болып келеді, яғни өз ұрпағының дамуына жағдай жасау мен қамтамасыз ету үшін жануарлардың әрекеттері болып табылады.

Сүтқоректілер өмірі мынадай фазалардан тұрады:


  1. Ерте поснатальды кезең. Жануарлардың бұл түрлерінің өмірінде осы кезең ерекше маңызға ие болып табылады. Өйткені, тек осы кезеңде ағзаның қоршаған ортамен өзара қатынасыныңмаңызды элементтері қалыптасады, үлкен жануарларға тән құлық негіздері қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдегі даму жетілмей туылған жануарлар балалары мен балапандарға тән болып келеді.

Туылғаннан кейінгі алғашқы минуттарында тыныс алу орталығы қосылады, ол өз кезегінде ағзаны ауамен қамтамасыз етуін реттейді және көмірқышқылгазын жойып отырады, ең алғашқы тынысымен өкпесі іске қосылады. Жаңа туылған баласын белсенді түрде жалай отырып, анасы баласына ең алғашқы тыныс алуынакөмектесіп, қантамырларының тонусының қалыптасуынаықпал етеді. Туылған кезінде жануарда түйсіне алу, дәм сезу, дене температуралық және вестибулярлық анализаторлар функциялары іске қосылады.

  1. Аралас қоректендіру кезеңі. Бұл екінші кезеңді өзгермелі сапа ретінде қарастыру керек. Мұндай қызығушылық асқорыту жүйесінде ферменттер пайда болғанда туындайды. Жаңа туылған жануарда осы арқылы шайнай қимылы пайда болады.

  2. Әлеуметтену кезеңі. Өсіп келе жатқан жануар басқа жанұя мүшелерімен де Байланысқа түсе бастайды. Бұл кезең әсіресе, жанұялық байланыстарды ұзақ мерзім ішінде ұстайтын жануарлар үшін өте маңызды. Кейбір үй күшіктерінде мұндай кезең бір айлығында қалыптасады. Бұл кезеңде негізгі физиологиялық функциялар қалыптасады, бірақ жануарлардың қарқынды өсуі жалғасады және сүтпен қоректендіру сақталады.

  3. Ювениалды кезең. Төрт айдан кейін күшіктің онтогенезінің жаңа бір кезеңі басталады – ювениалды басқаша мұны «жеткіншектік» кезең деп те атайды. Бұл кезең жыныстық жетілуге дейін созылады. Бұл кезеңде көптеген жануарлар ана сүтімен қоректендіруді тоқтатады. Ювениалды кезеңнің басында көптеген жануарларда құлықтың тез өзгеруі мен жоғары жүйке қызметінің сипаттамалары көрініс таба басатайды.

  4. Жыныстық жетілу кезеңі. Қалыпты жыныстық әрекеттің қалыптасуы үшін дұрыс жыныстық қабылдау маңызды роль атқарады. Ол жыныс серігімен болашағын қамтамасыз етеді.

3. Сенсорлық қабілеттілік пен қарым-қатынас элементтерінің дамуы.

20-30 жылдары Цынь – Янг – Куо зерттеулері бойынша жануарлар құлқының қалыптасуы эмбриондажинақталған қозғалыс тәжірибесімен сыртқы ортаға бейімделуіне байланысты. Омыртқасыздылардың эмбриогенездік құлқы әлі жақсы зерттелмеген. Мысалы, жорғалаушылардың ұрығы өз дамуының алғашқы кезеңдерінде жұмыртқасының ішінде осы бойынша айналып жүреді ( 1 сағатта – 1 айналым ). Ал кейбір омыртқасыздарда эмбриогенез аяғында кейбір инстинктті реакциялар қалыптасқан болады. Мысалы, ( шаян тәрізді жәндіктер ) мигидаларда жұмыртқадан шығу сәтінде жағымсыз әсерлерден қашу реакциясы қалыптасқан болады. Осылайша, кенеттен қозғалыстар рефлекторлыға ауысады, ал басқа шаянтәрізділерде, теңіз ешкілерінде 11-ші күнінен бастап 14-ші күніне дейін кенеттен және ырғақты қозғалыстар байқалады.

6 – тақырып.

Жануарлардағы психикалық дамудың формалары.
Қарастырылатын мәселелер:

1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.

2. Жануарлардың тума (инстиннкттік) әрекет-құлығы.

__________________________________________________________



  1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен

сипатталады.

Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой – пікір тарихында Р. Декарт есімімен баланысты ғылыми елеуге тұрарлық “антропопсихизм” бағдары. Оның мәні: психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама – қарсы, екінші теория “панпсихизм”, яғни бүкіл табиғаттың жан – рухи қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған “биопсихизм” теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі – психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе. Қойылған прблеманың щещіміне орай өрістеген және бір көзқарас: психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне (нервная система) ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым “нейропсихизм”деп аталған.

Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бір де бірін толығымен құптай алмады. Оның дәлелдері тіпті басқаша: психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты – қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокты) молекулалардың түзілуі.

Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөліктері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.

Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.

Каоцерваттардың индиферент (қатысы жоқ) әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену құбылысы органикалық емес материяның оргникалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Бұдан шығаын қорытынды: әрқандай тірі организм сыртқы тітіргеніштерге таңдамалы (белсенді) қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу (саморегуляция) деп аталатын жаңа сапалық қаситін танытады. Тітіркену – бұл биологиялық бейнелеудің (отражение) ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезеңдеріндегі тірі организмдерге тән құбылыс, яғни, бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті. Осылай, органикалық дүниеге өту барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайды. Солай болса да, осы бейне өзінің енжар, кездейсоқ сипатынан арылып, тіршіліктің қажетті шартына айналды.

Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының қалыптасуы және олардың ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының тереңдеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар – бәрі осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге әсерлерді “байқамайды”. Олар қоршаған ортада белсенді (актив) бағыт – бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.

Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі – жәндік – жануарлар дүниесі – айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегі жалпы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы - сезу (чувствительность) екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А.Н.Леонтьев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организмге тән құбылыс - жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп қоймастан, биологиялық мәнсіз не “бейтарап” әсерлерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаған ортада белсенді түрде бағыт – бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі барша өзгерістерді байқастырады. Мұндай алғаш биологиялық маңызсыз, ал кейіннен өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті сезу деп аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объективті биологиялық белгі қызметін атқарады.

Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигналдар) тиісті мүшеге түсуімен бейтарап тітіргендіргіштерді де қабылдай алатын сезу қасиеті өмір (тіршілік) формасына түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әр түрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, әрекет – қылықтың (поведение) жекедара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.

Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет – қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жетті: бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі – қараңғы, суы теңдей жылы камерада бірқалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп, жылы жағын қараңғыласа, жануарлардың әрекеті өзгере бастайды, яғни, енді біржасушалылар температураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет – қылық баяу өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.

Жоғарыда баяндалған тітіркену, сезу процестері тек біржасушалылар өмірін қамтамасыз ете аталады, ал олардың көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болатын тіршілікке бұлар жеткіліксіз.

Көпжасушалылар дәрежесіне өту – тіршілік жағдайын күрделендіріп жіберді: қоршаған ортадағы бағыт – бағдар таңдаудың белсенділік рөлі артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Бұл көпжасушалылардың дене құрылымының күрделенуіне, тітіркенуді сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына, бұлшықет қысқарту жасушаларының түзілуі мен торлы – тармақты (диффуздық) сипатқа ие жүйке жүйесінің дамуына әкелді.

Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актиния және теңіз жұлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне тән құбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуында ұнамды із қалдырғанымен, диффуздық жүйке жүесінің кемшілігі де бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкіл денеге бойлап теңдей таралады. Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өңдеп және бейнелеп танытын жетекші органның болмағанынан бұл деңгейдегі тіршілік иесінің әрекет – қылығы шектеулі болатыны табиғи фактор. Мұндай кемшілік бұдан әрі эволюциялық даму барысында, әсіресе құрлықтағы тіршілік формасына өтумен, диффуздыққа қарағанда біршама күрделірек ганглиозды жүйке жүйесінің қалыптасуымен шегерілді.

Құрылықтағы тіршілікке өту өмір жағдайларының едәуір күрделенуін туындатты.


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет