Педагогика Тарих факультеті


Этология бағыты қарастыратын негізгі мәселелер шеңберін Н.Тинберген нақты көрсетіп берді. Оның пікірінше, жануарлар әрекет-құлық актілерін талдау мынадай 4 сұраққа жауап беру негізінде жүзеге асады



бет4/6
Дата02.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6

Этология бағыты қарастыратын негізгі мәселелер шеңберін Н.Тинберген нақты көрсетіп берді. Оның пікірінше, жануарлар әрекет-құлық актілерін талдау мынадай 4 сұраққа жауап беру негізінде жүзеге асады:

    1. Белгілі бір әрекет-құлықты қандай факторлар түзейді?

    2. Әрекет-құлықтың онтогенездегі қалыптасу тәсілдері қандай?

    3. Филогенездегі әрекет-құлықтың пайда болу жолдары қандай?

    4. Әрекет-құлықтың бейімделгіш функциялары қандай?

Бұл әйгілі “Тинбергеннің 4 сұрағы” әрекет-құлық туралы ғылымның теориялық негіздерінің қалыптасуына әсер етті. Бұл сұрақтарға толық жауап беру үшін салыстырмалы түрде сандық мәліметтер талдауына сүйену қажет, сондай-ақ филогенетикалық және онтогенездік талдау ерекшеліктерін де ескеру қажет.


3. Этологиядағы негізгі жағдайлар.

Этологтар ұсынған концепциялардың дамуына негіз болып әрекет-құлықтардың кейбір актілерінің қалыптасу ерекшеліктері болып табылады. Олардың кейбіреулері әрекеттердің стереотиптік кезектілігін білдіреді. Бұл кезектілік “әрекет жиынтықтарының тіркелуі” деп аталып, инстинкттік құлықтың сапалық бірлігі ретінде ұсынылды. Сонымен, әрекет жиынтықтарының тіркелуі (ӘЖТ) – бұл өзгермелі ( әрбір жануарлар түрлеріне байланыстылығы), тұқымқуалаушылық ( “дайын” түрде пайда болатын) , шаблондық (орындау формасы мен тәртібіне байланыстылығы), қимылдық әрекеттер болып табылады.

К.Лоренц оларды “тұқымқуалайтын координациялар” немесе “эндогендік қозғалыстар” деп атады.

Этологтар құлықтың қалыптасуын қарастырғанда әрекет актілерінің құрылысы туралы пікірлерге сүйенеді, яғни бұл актілерінің құрылысын 20-жылдары американдық зерттеуші Уоллес Крэг ұсынған.

Жануарларда нақты бір кезеңде бір немесе басқа спецификалық мотивациялық жағдай дамиды (қоректік, жыныстық т.б.). Бұлардың нәтижесінде “іздену әрекеті” қалыптасады, одан кейін “негізгі қоздырғыш” реакциясы пайда болады.

Этологтардың пікірінше, жануарлар құлығы дегеніміз – сыртқы қоздырғыштарға қайтарылатын реакциялар болып табылады.


Онтогенездегі іздену әрекеті негізіне үйрену мен бейімделу секілді процестер де жатады.




15 – тақырып

Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Жануарлар психикасының өзіне тән ерекшеліктері.

2. Адам психикасының қалыптасуындағы еңбек пен сананың рөлі.

3. Адам психикасын қалыптастырпушы негізгі құрал – тіл. Сана туралы қысқаша түсінік.



____________________________________________________________

    1. Жануарлар психикасының өзіне тән ерекшеліктері.

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет – қылығының обьективті құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туындауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс - әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

    1. Жануарлар әрекет – қылығының бәрі адам іс - әрекетінен өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыралады, яғни, жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, обьективті бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинкттік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

    2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы обьектілерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни, жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал, олардың әр түрлі қызметте шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

    3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың “тіліндегі” ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір – біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір – бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу (сөйлеу) барысында обьектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіктің бәріне бірдей қолданылады (қоректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинкттік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы – бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субьективті бейнегеенуі – адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.(А.Н. Леонтьев)

Сана психикасының ерекше сапалық формасын тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айырықша белгісі бар. Олар 1) адамның саналы іс әрекеті биологиялық себеп – салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалыққа бару. 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактылық бейнелеуге өтіп , обьектілердің астарлы байланыстарынаүңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орайөз әрекет қылығына бағыт таңдайды. 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру-үйрену негізінде қалыптасып, оглар оқу арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіледі. Яғни, адам иелігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттіңтарихи қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның санаклы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы;



2. Адам психикасының қалыптасуындағы еңбек пен сананың рөлі.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау ұқыбына ие. Қару дайындаудың өзі – ақ ежелгі адамның іс - әрекетін түбебейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттікпен (қорек, жем қабылдау) ғана анықталмайды: бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулауға керектігінен туындайды, яғни, бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуые болжай алуға да байланысты. Қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, сол білік (болжастыру) сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни, саналы іс - әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағышталған іс - әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта құрастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттігін қанағаттандырудан әрі асқан емес. Ал, қару дайындаушы адамның әрекет қылығы күрделі сипатқа ие болды: тікелей қажеттік қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

3. Адам психикасын қалыптастырпушы негізгі құрал – тіл. Сана туралы қысқаша түсінік.

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және обьекттер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер (символ, код) жүйесін атаймыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адамзат ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір Алланың ісі деп таниды. Екіншілер – тілді тіршілік дүние жүзі эволюциясының нәтижесі деп қарастырады. Ал, енді ғылыми шындық тұрғысынан алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл алғашқыда адамдардың еңбек процесінде қарым – қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс - әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл – күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар, қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дебестігіне жетті.

Тіл – заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:



      • қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни, тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегіақиқатты жадына бекіту мен адамның ішкі жан-дүние бейнелерін түзуге жәрдемдесті.

      • Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт ретінде танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға (мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді.

      • Тіл – адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды жеткізудің бірден – бір құралы.осыдан тілдің пайда болуымен адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалық дамудың түбегейлі жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.

Тіл адамның саналы іс - әрекетінің барша саласына қатысып, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтанда, тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қараса да артық болмас.

Сонымен, сана - өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана болмайды.

Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады.

а) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтығы, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

ә) Санада субьект пен обьекттің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады.

б) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.

в) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі обьектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндеттері шарты – тіл, сөз. Тіл – бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше обьективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл – сол адамның нақты санасының көрінісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет