Пән бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



Дата25.04.2016
өлшемі234.76 Kb.

Пән бағдарламасының

(Syllabus) титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы
Халықаралық кітапханалық ұйымдар пәні бойынша
6М091000 «Кітапхана ісі» мамандығының магистранттарына арналған
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Павлодар




Пән бағдарламасының

(Syllabus) бекіту парағы






Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

_________Ж.Т.Сарбалаев

«___»__________201 __ж.

Құрастырушы: филол.ғ.к., доцент Курманова З.К.
Журналистика кафедрасы
Халықаралық кітапханалық ұйымдар пәні бойынша
6М091000 «Кітапхана ісі» мамандығының магистранттарына арналған


Пән бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасының элективті пәндер каталогының негізінде жасалды


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Халықаралық кітапханалық ұйымдар

Пән

Таңдау компоненті

Кредит саны және оқыту мерзімі

180


Курс

2

Семестр

3

Барлық аудиториялық сағат саны – 45




Дәріс – 30

Практикалық семинарлық сағат - 15

СӨЖ – 180

ОСӨЖ – 45

Бақылау түрі

Емтихан -3



Пререквезиттер

Жалпы шетел библиографиясы




Жалпы кітапханатану




Библиография, кітапхана және баспагер ісі бойынша стандарттар жүйесі

Постреквезиттер





2. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Mагистранттарды жүйелермен таныстыру, жалпы шетел библиографиялық қызметтестіктің осы күнгі проблемаларын игеру, түрлі елдердің кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық стандартты әзірлеу, бірлесіп зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу, даму болашағын сипаттау.




Пәнді оқыту мақсаты
«Халықаралық кітапханалық ұйымдар» пәні кітапхана ісі мамандарын дайындаудағы теоретикалық білімдерін дамытады.

  • Ұлттық және халықаралық жүйелермен таныстыру, қазіргі халықаралық библиографиялық ынтымақтастықтың проблемаларын меңгеруге, библиографиялық қызметтің даму перспективаларын сипаттау;

  • Халықаралық кітапханалық-библиографиялық ынтымақтастықты зерттеу, қазіргі кездегі шетел елдердің ұлттық библиографиясының жағдайы, шетел библиографиясының теориясы;


Пәнді оқытудың міндеттері

Әлемдік кітапханалық-библиографиялық қорларда хабардар болу, әмбебап библиографиялық ақпарат көздерін қолдана алуы.



Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар меңгеру керек:


  • Халықаралық ынтымақтастықтың пайда болуы мен қалыптасуы;

  • Халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы;

  • Халықаралық кітапханалық-библиографиялық ынтымақтастықты зерттеу, қазіргі кездегі шетел елдердің ұлттық библиографиясының жағдайы, шетел библиографиясының теориясы

  • Жергілікті сандық мұраны сақтау және тарату, оған деген тұрақты қол жетімділік

  • Қазақстан Республикасының мәдениет және экономикалық байланыстарын әлемдік қауымдастықпен нығайту, дамыту;

  • Библиографиялық басылымдардың жүйелілігін талдау, қадағалау.





Тақырыптың атауы

Дәріс

Тәжіриб

МӨЖ

ОМӨЖ



Кіріспе. Курс тақырыбы және міндеті

2

1

15

3



Ұлттық библиография

5

2

20

7



Ұлттық библиографияның міндеттері, мақсаттары және проблемалары

5

2

20

7



Азия, Африка және Латын Америка елдерінің библиографиясы

4

2

20

7



Халықаралық библиография

4

2

20

7



Халықаралық кітапханалық ынтымақтастық

5

3

20

7



Халықаралық библиографиядағы құралдар жүйесі

5

3

20

7



Барлығы

30

15

180

45



  1. Кіріспе. Курс тақырыбы және міндеті

Дамушы мемелекеттермен дұрыс, объективті анализ және кітапханалық-библиографиялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары әлемдік саясатпен есептелуді талап етеді.

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. құрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы құрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.

Халықаралық кітапханалық ұйым - түрлі елдердің кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты дамытуды, халықаралық стандартты әзірлеуді, бірлесіп зерттеулер жүргізуді, тәжірибе алмасуды көздеген халықаралық ұйым мәртебесі бар бірнеше (бірталай) мемлекет өкілдерінің бірлестігі. Ең ірі коғамдық халықаралық кітапхана ұйымдары ИФЛА (Кітапханалар ассоциациясы мен мекемелерінің халықаралық федерациясы); МФД (Құжаттаудың халықаралық федерациясы) тағы басқа саналады.


  1. Ұлттық библиография

Ұлттық библиография - бір елдің территориясында шыққан құжаттарды және олар туралы ақпаратты тіркеу ісін қамтамасыз ететін және олар туралы ақпарат беретін жалпы библиография. Кейбір жағдайларда ұғым көлемінде ұлт тіліндегі құжаттарды бейнелеп көрсету; қайсы бір елдердің ыңғайына мазмұны қатысты ұлт авторларының құжаттары, шетелде жарияланған құжаттар енеді.

Ұлттық кітапхана — мемлекет қарауындағы арнайы кітапханалар. Ол мемлекеттік кітаптар қоры ретінде, әрі көпшілік халыққа өз қорын қол жетімді ету мақсатын іске асырады. Көп жағдайда бұл кітапханалар өте бағалы, сирек кездесетін кітаптарды сақтайды. Басқа кітапханаларға қарағанды ұлттық кітапханалар ауқымды, кең көлемді келеді.
Ұлттық кітапхананың түрлері:

  • Австрия Республикасы Ұлттық Кітапханаcы

  • Литва Ұлттық Кітапханасы

  • Мажарстан Ұлттық Кітапханасы

  • Аустралия Ұлттық Кітапханасы

  • Белорусь Ұлттық Кітапханасы

  • Грузия Ұлттық Кітапханасы

  • Корея Ұлттық Кітапханасы

  • Франция Ұлттық Кітапханасы

  • Украина Ұлттық Кітапханасы

  • Латвия Ұлттық Кітапханасы

  • Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды.

Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АССР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ ССР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.

ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы N38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.

Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..

1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу).




  1. Ұлттық библиографияның бағыттары, міндеттері және құрылымы

Негізгі бағыттары:
- Қазақстанның тарихы, әдебиеті, мәдениеті жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының, мәдениетінің, әдебиетінің, өнер  және тіл ғылымының үздіксіз ағымдағы ақпараттарын қалыптастыру;
-Есімдердің авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:
- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды  дайындап  шығару;
- ұсыныстық  библиографиялық  құралдарды құрастыру («Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндерінің күнтізбесі», «Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясы»);
- ағымдағы  ғылыми-ақпараттық  библиографиялық құралдар - реферативтік журналдар дайындап шығару;
- оқырмандар  сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі  жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;
-  «Қазақстантану»  атты бас (қызметтік) библиографиялық картотекасын ретроконверсиялау (қазақ, орыс тілдерінде);
- Есімдердің  ұлттық авторитеттік файлдар жазбаларын қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.

Құрылымы:
- ретроспективтік библиография тобы;
- ұсыныстық библиография тобы;
- авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.


  1. Азия, Африка және Латын Америка елдерінің библиографиясы

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:


  • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;

  • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;

  • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;

  • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;

  • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.




  1. Халықаралық библиография

Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.

Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.



Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.


  1. Халықаралық кітапханалық ынтымақтастық

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастыққа әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономика даму, әлеуметтік мәселелер, этнография даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ны атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономика мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық – әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.

Халықаралық жобалар:

  • Әлемдік сандық кітапхана

  • Қазақстан – Ресей «Шекарадағы кездесулер» бірлескен мегажобасының электрондық кітапханасы

  • ИФЛА /РАС Негізгі бағдарламасының Өңірлік Орталығы

  • Либнет

  • OCLC (OnlineComputer Library Center)

  • Купола содружества

  • Манускрипториум

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттердің кітапханааралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі

  • Золотая коллекция Евразии



  1. Халықаралық библиографиядағы құралдар жүйесі

Библиографиялық құралдар жүйесі - қайсы-бір елеулі әлеуметтік маңызды белгілермен бірлесе тігілген библиофафиялық құралдардың бүтіндік жинағы, мәселен: ұсыныс библиофафиялық құралдардын жүйесі немесе ағымдағы ғылыми көмекші библиофафиялық құралдар жүйесі.

Әлемдік сандық кітапхана

  ҚР Ұлттық кітапханасы және АҚШ Конгресінің кітапханасы 2009 жылы өзара ынтымақтастық және Ғаламторда әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті жайлы көптілдік форматтағы көлемі ауқымды материалдарға тегін қолжеткізу мүмкіндігі үшін Әлемдік сандық кітапхананы дамыту жөнінде Келісім жасасты. Әлемдік сандық кітапхананың негізгі мақсаты – халықаралық және мәдениетаралық түсіністікке ықпал ету, Ғаламтордың мәдени мазмұнын кеңейту және түрлендіру, мұғалімдер, ғалымдар және қызығушылық танытушы барлық азаматтарға ақпараттық ресурстарды жеткізу, мемлекетішілік және мемлекетаралық сандық технологиядағы үзілісті қысқарту үшін серіктес-мекемелер арасындағы мүмкіндіктер көлемін ұлғайту.

  Әлемдік сандық кітапхана сайтында www.wdl.org./ru/search/gallery/?institution=national-library-of-kazakhstan ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан бірегей рариттер орналастырылған. Олар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы 4 құжаттың  электрондық көшірмелері: Абай Құнанбаевтың шығармалары (СПб, 1909); екі қолжазба – Қожа Ахмет Ясауидің (XVIII ғ.) Рисаласы (Миратул-кулуб) және Насаб-намасы (Қожа Ахмет Ясауидің ата-тегі жайында 1687/88); Бұқара, Хиуа және Қоқан хандықтары және Орыстық Түркістанның бөлігінің картасы (1875 ж.). Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының осы жобаға қатысуы нәтижесінде әлем пайдаланушылары кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы қазақ халқының мәдени мұрасы болып табылатын құнды құжаттармен танысу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Орталық Азиядағы ИФЛА/РАС негізгі бағдарламасының Аймақтық Орталығы


  • Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында  сақтау туралы білімді кеңінен тарату

  • Олардың кітапхана  қорларын басқарудағы кітапты сақтау ісінің негізгі ролін сезіне білуіне ықпал ету

  • Қорлар сақталымын қамтамасыз ету саласы бойынша  РАС аймақтық орталықтарымен,  ИФЛА құрылымдарымен (бағдарламаларымен, секцияларымен, «дөңгелек үстелдерімен»), құжаттық мұраларды сақтау ісіне  қызығушылық танытатын ұйымдармен  (соның ішінде  үкіметтік емес ұйымдармен де), мекемелермен, мамандармен үйлесімді жұмысты дамыту.

  • Ұлттық және халықаралық стандарттарды жетілдіруді жолға қою, кітапхана және мұрағат материалдарының сақталымын және оларды қалпына келтіруді қолдау

  • Барлық дәрежедегі кітапхана қызметкерлерін оқыту,  сақтауды қамтамасыз етудің  тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік жаттығу (тренинг) бағдарламаларын дамыту

  • ҚР Ұлттық кітапханасы мен ОА кітапханаларына «International Preservation News»(IPN) журналынан мақалалар аударып, орыс тілінде  тарату


Практикалық сабақтардың мазмұны
1-тақырып

Халықаралық ұйымдар, пайда болуы, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігі. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар, Анри Дюнан, Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған оқиғалар. Халықаралық кітапханалық ұйым, Кітапханалар ассоциациясы мен мекемелерінің халықаралық федерациясы, МФД (Құжаттаудың халықаралық федерациясы).



Тапсырма түрі: мәлімет жинау
2-тақырып

Ұлттық библиография, Ұлттық кітапхана, Ұлттық кітапхананың түрлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығы.



Тапсырма түрі: ғылыми мақалалар дайындау

3-тақырып

Ұлттық библиографияның бағыттары, міндеттері және құрылымы, Қазақстанның тарихы, әдебиеті, мәдениеті жайында іргелі библиография, Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының, мәдениетінің, әдебиетінің, өнер  және тіл ғылымының үздіксіз ағымдағы ақпараттары, Есімдердің авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқоры, ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды  дайындау, - ұсыныстық  библиографиялық  құралдарды құрастыру («Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндерінің күнтізбесі», «Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясы»).



Тапсырма түрі: актілермен танысу, осы тақырыптарға байланысты Қазақстанда жарық көрген ғылыми мақалаларды дайындау.
4-тақырып

ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Негізгі мақсаты, негізгі функциялары. Халықаралық библиография, кітапнама, баспа туындыларына библиографиялық сипаттама берудің маңызы, библиографияның атқаратын қызметі – ретроспективті және перспективті; тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап.



Тапсырма түрі:реферат жазу
5-тақырып

Халықаралық кітапханалық ынтымақтастық, ынтымақтастық анықтамасы, халықаралық жобалар, халықаралық библиографиядағы құралдар жүйесі, Әлемдік сандық кітапхана, Орталық Азиядағы ИФЛА/РАС негізгі бағдарламасының Аймақтық Орталығы.



Тапсырма түрі:осы ұйымдардың актілермен танысу
Өздік жұмыс тапсырмалары

    1. Еуразия кітапханалар ассамблеясы.

Тапсырма түрі: Еуразия кітапханалар ассамблеясы тарихы туралы ақпарат дайындау, Еуразия Кітапханалары Қауымдастығы мүшелері туралы мәлімет жинау, эссе жазу.
Күрделі тақырып:

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының халықаралық жобалары

Тапсырма түрі: ИФЛА-ның жыл сайын өтетін конференциялары туралы мәлімдеме дайындау. Ұлттық кітапхана директорлары конференциясы (СDNL) жұмысы туралы реферат дайындау.


    1. OCLC  (OnlineComputer Library Center)

Тапсырма түрі: Онлайн компьютерлік кітапханалық орталығы жұмысы тұралы ақпарат жинау.


    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Еуразиялық Кітапханалық Ассамблея мүшесі және «Купола содружества: библиотеки» мега-жобасы

Тапсырма түрі: Ресей мемлекеттік кітапханасының бастамасымен «Купола содружества: библиотеки» Мемлекетаралық жобасының тұжырымдамасымен, мақсатымен танысу.
Күрделі тақырып:

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Чехия Республикасының Ұлттық кітапханасы  арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 2006 жылы қол қойылған Келісім аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Манускрипториум – қолжазбалар және басқа да сирек басылымдардың сандық еуропалық кітапханасы» бағдарламасы

Тапсырма түрі: мәлімет жинау, жиналған ақпараттарды өңдеу, қорытынды жасау, эссе жазу,  http://www.manuscriptorium.eu  порталымен танысу.


    1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы – мемлекеттердің кітапханаралық абонемент және құжаттарды жеткізу жүйесі туралы ақпарат жинау.

Тапсырма түрі: ҚР Ұлттық кітапханасының  Кітапханааралық абонемент бойынша  көрсетілетін дәстүрлі қызметі туралы хабарлама жасау.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Кiтапхана құқы. Библиотечное право: Заң және нормативтiк-құқықтық актiлер жинағы. Сборник законов и нормативно-правовых актов. 12 шығ. / ҚРҰК ; құраст. С.Т.Тұяқова; ред. А.М. Волков.- Алматы: ҚРҰК, 2009.- 152 бет

  2. Авраева, Ю. Б. Методист библиотеки: формула успеха : науч.-метод. пособие / Авраева, Ю. Б., Очирова, Э. С. - М. : Либерея-Бибинформ, 2009. - 92 с. - (Библиотекарь и время. 21 век ; вып. 100)

  3. Л. Д. Әбенова, С. Р. Рақымжанова, А. Е. Имова; жауапты ред. К. К. Әбуғалиева; Кітапхана ісіне арналған ғұмыр. ҚР Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы; Орталық ғылыми кітапхана, 2011. - 128 б.

  4. Мукосеева И. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін ұдайы жетілдіру жүйесін және оны іске асыру //Кітапхана әлемі.—2013.— №3.-49 6.

  5. Алешин, Л. И. Безопасность в библиотеке : учеб.-метод. пособие / Алешин, Л. И. - М. : Либерея-Бибинформ, 2009. - 247 с. - (Библиотекарь и время. 21 век ; вып. 18)

  6. Библиотека и закон : юрид. журнал-справочник / ред. О. Бородин. - М. : Либерея-Бибинформ Вып. 27 (2, 2009). - 2009. - 384 с

  7. Библиотекарь:выбор профессии: мастер класс профессора Ю. Н. Столярова. - М. : Либерея- Бибинформ, 2010. - 172 с. - (Библиотекарь и время. 21 век ; вып. №124)

  8. Библиотеки г. Павлодара в системе краеведческой информации [Видеозапись] : гор. межведомственный семинар, 27.11.03. - [б. м.], 2003. - 1 с

  9. Суслова И.М. Управленческий учет в библиотеке: (Библиотечная статистика: современное состояние, проблемы): Учеб.пособие / Суслова И.М., Манилова Т.Л – М.: Профиздат, 2010.-123 с.


Қосымша:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасының Сайты

  2. Зайцева Т.А. Современные методики делопроизводства в библиотеке: Учеб.метод. пособие / Зайцева Т.А. – М.:Либерея, 2009. –128 с.

  3. Дригайло В.Г. Основы управления библиотекой высшего учебного заведения: Науч.-практич. пособие. / Дригайло В.Г., Башун Е.В., Волынец В.Н. – М.: Либерея,2009. –327 с.

  4. Справочник библиотекаря /Под ред. А.Н. Ванеева, В.А. Минкиной. – СПб.:Профессия, 2009

  5. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2010

  6. Клюев В.К. Маркетинговая ориентация библиотечно-информационной деятельности (Маркетинг в системе управления библиотекой): Учеб.пособие/Клюев В.К., Ястребова В.М. –М.:Профиздат, 2010.-144 с.

  7. Матлина С.Г. Привлекательная библиотека, или Что Может может реклама: Практ. Пособие / Матлина С.Г.. – М.: Либерея, 2009.- 96 с.

  8. Управление библиотекой: Учеб.практ. пособие / Аверьянов А.С. и др. – СПб.: Профессия,2009. – 302 с. (Серия «Библиотека»)

  9. Уэйнганд Управление современной публичной библиотекой. Стратегия развития / Уэйнганд. – М.: Рудомино, 2010.- 222 с.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет