Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



бет11/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.84 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

11. Қазіргі замандық түрік әдебиеті


12. Әзиз Несин шығармаларындағы реализмдік әуен

13. Әзиз Несиннің /1915/ өмір жолы.

14. Ә.Несиннің шығармашылығы.

15 .Ә.Несиннің шығармаларының негізгі көтерген мәселесі.


15 - апта

57



Тақырыбы: Иран әдебиеті

Жоспары:

1. Әбілқасым Лахути (1887-1957) парсы әдебиетінің ірі тұлғасы

2. Ә.Лахути поэзиясындағы көңіл-күй лирикасы

Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны. Ол Ираңдағы кедей Керманшахтың кебіс тігушінің отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап жоқшылықты, зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп есейген ол қарапайым халық тұрмысын реалиетікпен жырлай білетін жыршыға айналды. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысты. Ол 1922 жылға дейін туған елі Иранда тұрды. Лахути шығармашылығы - ежелгі парсы поэзиясының шығармашылығындағы жырларды тақырыптық жағынан бірнеше топтарға бөлеміз. Олардың ең бастысы -туған елі, Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар. Мысалы, "Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/, "Қалталының шаңырағы" /1909/, "Керемет қой адам бұл" /1910/, "Шығыс" /1914/, "Отанға қайтып оралу" /1914/, "Біреу Рим, Эллада құдайларын" /1916/, "Иран халқына" /1950/, "Иранның әнші қызына"/1950/т.б.

Туған елі, тағдырлас Шығас халықтарының жат жұрттықтарға тәуеллді болған мүшкіл халіне күйінген ақын жырлары перзенттік махаббаттан ең кіршіксіз тазалық, мөлдірлік қалпымен жыр болып төгілді. "Қирады ғой жұртым - Иран" атты жырын парсы поэзиясындағы газел жанрының ежелгі пішінінде жазады да, сол газел-жырдың мазмұнында Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлайды:

Қирады ғой жұртым - Иран,

бақшадайын жайнап қашан тұрады?

Мұсылман ба, кәпір ме әлде,

халқының бұл қайғысына кінәлі?

— Білмеймін.

Бәрі-дағы өз Отанын

сүйем деуді қайталайды әрқалай,

Сүйем ме, жоқ сүю жайлы

ғаламға тек жар салу ма бұл әлі?

-Білмеймін

Отанымды кім құтқармақ?

Ақсүйектер жиыны ма қалаулы?

Әлде жауды аяу білмес,

тіліп түсер қанжарым ба қайраулы?

— Білмеймін.

Ә.Лахути жырларының алтын арқауы — адам. Адамның еңбек ету арқылы жер-жаһанды жайнатқаны, талай-талай ғажайыптарды жасағаны, ақын тілімен өрнектеледі. "Керемет қой адам бұл" жырында ақын туған ел тақырыбындағы ойларының гуманизмдік биіктігін онан сайын айқындайды.

Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі. Әлемдік әдебиеттің арқауы болып келген махаббат тақырыбы Ә.Лахути жырларында Шығыс поэзиясының дәстүрлі нақыштарымен түрлене көз тартады. Мысалы, "Шырағдан мен көбелек" /1914/, "Пәренжімен көздің нұрын" / 1917/, "Иран қызына" /1918/, "Жан жүректі" /1918/, "Сүйгеніне берік сенген" /1918/, "Тордан қарап тұрған бұлбұл" /1919/, "Жайдарылау қарасаңшы" 1919/, "Таң қаламын" /1920/, "Сүйіктімді ертерек" /1921/, "жарқ етіп бір қарағаның" /1921/ деген жырлардағы лирикалық кейіпкер — Ақынның ғашықтық, ынтызарлық сезімдері шынайы, нәзік көңіл-күй үрдісінде шарқ ұрады. Ақынның ғашықтық-сүйіспеншілік сезімдеріне арқау болғандар — иран, түрік, араб қыздары. Бұлар — ақын жырларының мазмұнында сыртқы кескін-келбеттерімен де, ішкі жан-дүниелік мінез-құлық қалыптарымен де бейнеленеді. Шығыс сұлулары — әлем әдебиетіндегі сұлулық тақырыбындағы дара тұрған кейіпкерлер. Ә.Лахути жырларындағы Шығыс қыздары — еркек жынысының мәңгілік ардақталатын асылдары. Мысалы, "Иран қызына" жырындағы аруды ақын "Иранның алтын айы", "Жақұты Шығыстың", "Сымдай түзу сымбатың", "Хош иісті қолаң шашың", "Оқтай өткір отжанарың және т.б. дәстүрлі баламалы бейнелеу сөздермен мадақтай отырып Шығыс аруының халық болашағына тірек боларлық азаматты парасат биіктігіңді уағыздайды:

Ұл мен қызың алсын сенен ұлағатты тәрбие,

Лайық Ана болу үшін өзің де бол Арға ие!

Ұл мен қызың ұлы еңбектің сырына әбден қанықсың,

Ел алдында еңбек ету — парызы ғой, соны ұқсын!

Біле-білсін — тоңмойындық —. жанын қолдау екенің,

Біле-білсін — адал еңбек — арын қолдау екенін.

Біреулерге үстемдік қып, біреуге көз алартып,

Еңбек етпей нан жегенше, өлгенінің өзі артық!

Сүйсін балаң бостандықты, ғылым, шындықты, еңбекті,

Елге деген жан алауы жарқыратсын жер-көкті!

Сонда ғана ұлы анасың, қонды дей бер қолға құт,

Айың туып, әкелгенің Отаныңа мол бақыт!

Ә.Лахути поэзиясыңда көңіл-күй лирикасы да бар. Бұндай өлеңдерінде ақынның заман, тұрмыс, адамдармен қарым-қатынас мәселелерінің ортасында жүріп, алуан сырлы көңіл-күй әуендерінің теңсізінде жүзетіндігі байқалады. Мысалы, "тағдыр маған қаталдығын" /1921/, "Құдіретті екі қол бар біздерде" /1921/деген өлеңдерінде өмірді сүйген өршіл гуманизм рухындағы күрескер жігерлі ақын көңіліңнің табиғатына қанығамыз. Мысалы, "Тағдыр маған қаталдығын" деген жырындағы философиялық мағынада алынған бейнелі сөздердің астарында тағдырдың асу-белестерінде өмірді сүйген ер бейнесін еңкейтпей өтерлік Ақын қайсарлығына сенеміз.

Дауыл — менің желпеуішім, соққан кезде аңызақ,

Түні бойы жүріп келем... әлі алдымда жол ұзақ.

Түні бойы жүріп келем, бағдар табам жасыннан,

Ал, қоп-қою қараңғылық шөлді қымтап жасырған...

Отаршылық езгінің қараңғылығы тұмшалған елінің жағдайы түндей болса, сол елінің бақытты күндерге жетуге ербір елдің абыз ақындары аңсап өткен емес пе? Халқы үшін Жерұйық — болашақ іздеген ақындар дәстүрімен сол жолда Ә.Лахути да қиындықтан тайсалмаған. Сондықтан да ол "Құдіретті екі қол бар біздерде" деген өлеңінде адамдардың бақытты болашағы үшін күресте жүрген сапарында өзінің Азаматтық тұлғасын айқындай жырлайды:

Суық қанжар тірелсе де алқымға,

Бола алмаспыз салқын жүрек — сыз кеуде!

Көмек күту жараспайды мәрт ұлға,

Құдіретті екі қол бар біздерде!

Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең Тәжікстанда өтті. Кеңестер Одағындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың, коммунистік идеологияның қалың ортасында жүріп Ә.Лахути халықтық мазмұндағы шығармашылығы тоқтаткан жоқ. Халықтар достығы, жер бетіндегі баянды бейбітшілік, адам еңбегінің ұлылығы және т.б. тақырыптар ауқымында лирикалық өлеңдер, эпикалық дастаңдар да жазды.

Әбілқасым Лахути шығармашылғы — иран-тәжік әдебиеттерінде ортақ тұлға ретінде қарастырылатын мұра. Қазақ поэзиясындағы ауызша дәстүрлі ақындардың алыбы ұлы Жамбыл да Шығыс әдебиетіндегі осы тұлға туралы арнау жыр шығарған еді. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау жырын жазғанда туысқан иран-тәжік халықтары перзентінің жүрек-лебізіне ұлы Жамбыл қуана, тебірене жыр арнайды:

Сорғалат, көтер даусың, әидет әсем,

Ұрпағы Фердаусидің ақын Ғасем.

шындардың астын қуған бұлақтай боп,

Сылдырлар бізбен бірге миллион шешен...

Газелі парсы елінің, қазақ жыры,

Қосылып толтырады бірін-бірі.

Мадақтап ел ағасын, жұрт данасынш.

Шырқаған азат елдің шығады үні.

Ә. Лахути - Иран және тәжік халықтары әдебиеттерінде ортақ тұлға. Әрине, ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысынан талдауға тиісті.
Бақылау сұрақтары

1. Ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық

көркемдік мәселелер

2. Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең



(Тәжікстанда өтті)

3. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау жыры

4. Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны.

5. Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Ә. Лахути өмір жолы.

2. XX ғасырдың басындағы ірі ақын.

3."Иранның алтын айы" мән – мазмұны.

4. Ә.Лахути поэзиясында көңіл – күй лирикасы.

5. Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар.

6."Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/ өлеңінің мәні

Студенттің аудиторияд орындайтын тапсырмасы

1. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысуы

2. "Қирады ғой жұрты - Иран"

3. Сұрақ - жауап


Тест тапсырмалары
1.Ә.Лахути қай әдебиеттің өкілі

А)Иран әдебиеті

В)шетел

С)қазақ


Д)өзбек

2.Ә.Лахутидін өмір сүрген жылдары.

А)1887-1957ж.ж.

В)1860-1890ж


С)1830-1910ж
Д)1820-1920ж

3.Ә.Лахути Ирандагы революциялык козғалысқа қай жылдары қатысты.

А)1905-1911ж.ж.
В)1850-1910ж
С)1860-1920ж
Д)1820-1890ж

4.Ә.Лахути Иранда қай жылға дейін тұрды.

А)1922ж.
В)1930ж
С)1960ж
Д)1950ж

5. «Қирады ғой жұртым Иран, бақшадайын жайнап қашан тұрады» деген жолдар қай ақындыкі.

А)Ә.Лахути
В)Ф.Шиллер
С)В.Скот
Д)Д.Свифт

6. «Қирады ғой, жұртым Иран» деген өлең жолдарықай жылы жазылды?

А) 1909
В) 1880
С) 1860
Д) 1830

7. «Отанға қайтып оралу» кімнің өлеңі?

А) Ә.Лахути
В) Ф.Шиллер
С) Скотт
Д) Дюма

8. «Отанға қайтып оралу» өлеңі қай жылы жазылды?

А) 1914
В) 1915
С) 1917
Д) 1919

9. «Керемет қой адам бұл», «Шығыс» қай ақынның еңбегі?

А) Ә.Лахути
В) Ф.Шиллер
С) Скотт
Д) Дюма

10. Ә.Лахутидың махаббат тақырыбына арналған өлеңі

А) Жан жүректі
В) Керемет қой адам бұл
С) Отанға қайта оралу
Д)Шығыс

11. «Дауыл менің желпеушім, соққан кезде аңыз-ақ» деген жолдар Лахутидың қай өлеңінде?

А) Тағдыр маған қаталдығын
В) Иран қызына
С) Жан жүректі
Д) Шығыс

12. Лахутидың Тәжікстанда өткен жылдары

А) 1922-1956
В) 1922-1955
С)1956-1960
Д) 1922-1957

13. «Суық қанжар тірелсе де алқымға» деген секілді жолдар Лахутидың қай өлеңінде?

А) Құдіретті екі қол бар біздерде
В) Иран қызына
С) Тағдыр маған қаталдығын
Д) Шығыс

14. «Тағдыр маған қаталдығын» деген өлең жолықай жылы жазылды?

А) 1921
В) 1922
С)1924
Д)1926

15. Ә.Лахутидың «Иран қызына» атты өлеңі қай жылы жазылды?

А) 1918
В)1919
С)1921
Д)1923
15 - апта

58



Тақырыбы: Р. Тагор философ ағартушы, ақын

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:

  1. Р Тагор қай халықтың өкілі

А) Үнді

В) Қазақ


С) Орыс

Д) Ағылшын

Е) Неміс


  1. Р. Тагор қай жылы дүниеге келген

А) 1861ж

В) 1961ж


С) 1761ж

Д) 1660ж


Е) 1869ж

3 1883ж Р. Тагордың қай шығармасы жарық көрді, аталған шығармалардан көрсетіңіз

А) Баутхануранир хат

В) Мың бір түн

С) Үш ноян

Д) Шайтанның шипасы

Е) Г Гитр

4 Р. Тагордың тырнақ алды өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?

А) 1881ж

В) 1990ж


С) 1984ж

Д) 1888ж


Е) 1780ж

  1. Тагордың қайсы жыры Үндістан Республикасының әнұранына айналды?

А) Халық ықыласы

В) Ромео Джулетта

С) Үш ноян

Д) Жер жұмағы

Е) Мақтау мен даттау

6 1899 ж Р Тагордың қайсы шығармасы әлемге танылды?

А) Мәңгі жасау

В) Кешкі жырлары

С) Махабхарата

Д) Үш ноян

Е) Жер жұмағы

7 Үнді халқынан «Мәңгі жасау» өлеңін жарыққа шығарған ақын?

А) Р Тагор

В) У Шекспир

С) Д Лондон

Д) А.С Пушкин

Е) А Құнанбаев


  1. Р Тагор «Мәңгі жасау» атты өлеңін қай жылы жазды?

А) 1899ж

В) 1990ж


С) 1980ж

Д) 2000ж


Е) 1860ж

  1. Р Тагор қай жылы қаза тапты?

А) 1941ж

В) 1881ж


С) 1900ж

Д) 1935ж


Е) 1860ж

10 Үндістанның қайсы жазушысы нәсілдікке қарсы күрескен?

А) Р Тагор

В) У Шекспир

С) Д Лондон

Д) А.С Пушкин

Е) А Құнанбаев

11 Р Тагордың «Баутхануранир хат» еңбегі қай жылы шықты?

А) 1883ж

В) 1994ж


С) 1864ж

Д) 1855ж


Е) 1870ж

  1. Р Тагор қай жылдары өмір сүрген ?

А)1861- 1941ж

В) 1869-1990ж

С) 1870-1890ж

Д) 1770-1860ж

Е) 1890-1990ж


  1. Р Тагорды өзінің халқы қалай атайды?

А) Ақындар құдайы

В) Ол туралы білмейді

С) Суретші

Д) Шаруа ретінде қарайды

Е) Мұғалім деп атаған

14 «Ақындар құдайы» деп Үндістанның қайсы жазушысын атаған?

А) Р Тагор

В) У Шекспир

С) Д Лондон

Д) А.С Пушкин

Е) М Гезмицирон

15. Тагордың тырнақ алды шығармасы қандай атпен жарияланды?

А) Суретші

В) Кешкі жырлары

С) Махабхарата

Д) Жан досым

Е) Жер жұмағы

15 - апта

59



Тақырыбы: Үнді әдебиетінің ұлы ақыны Рабиндранат Тагор

Жоспары:

1. Рабиндранат Тагор (1816-1941) өмірі

2. Р.Тагордың өлеңдері

3. Тагор - Халықаралық Нобель сыйлығының лауреаты
Үндінің ұлы жазушысы ақыны ағартушысы нәсілділікке қарсы күрескен қаһарман патрют перзенті қоғам қайраткері гуманист Рабиндронат Тагор Бенгальяның астанасы. Калькулатта

1861 жылы 7-мамыры күні дүниеге келген. Зияны жанурда тәрбиелеген зерделі Рабиндронат ес білген шақтан ақ өзін қоршаған болмысқа ойлы назар сезімтал жүрекпен зманда әділ ажырата біледі. Оның ілкі сауат ашқан мектебі мезгілі оншалықты ұзақ емес. Небәрі 12-13 жасында тәмандалады. Бұл туралы ол кейінірек былай деп жазды: Менің жастық шағым үшін ең бір игілікті нәрсе, жанұямызда орын тепкен артистік сонымен бірге әдеби атмосфера болды.

Шынында да Тагор үйі өзінше бір Университет сияқты етеді.

Олардың жанұясында Бенгольянның сондай көрнектілер музиканттар қоғам қайраткерлері дәйім қонақта болып маслиқат құрған Ұлы жазушының өзі еске алғандай осынан тәлімгері ортаның әсерінен ерте көз ашқан ол 16 жасынан бастапақ өлеңдерінен мақалаларымен баспасөз бетінде жиі көріне бастады. Тырнақ алды өлеңдер жинағы кешкі жырлар 1881 жылы ал көлемді еңбегі «Баутхакуранир хат» 1883 жылы жарық көрді. Сол 80 жылдың соңына қарай әлеуметке «Диаздер мен бемальдер» суреттер және жырлар атты жинақтарын ұсынады.

ХІХ аяғына таман Тагор танымал ақын ретінде қалыптасты. Оның ақындығы лирикалық өлеңдеріндегі терең ойшылдық ерешеліктерімен байқалады. Ақын бұл жылдары табиғат лирикасында өндірте жазып, табиғат пен адамның сезім әлемін ұштастыра біртұтас бірлікте жырларымен ерекшеленеді. Жас ақынның бұл саладағы өлеңдеріндегі адамдық сезімнің көп қырлы алуан өзгерісті қалпы, күйзелістерімен қуаныштар, өлеңдегі саздылық әуезділік тіршілік тынысына деген адамдық ғашықтық, перзенттік іңкәрлік лирикалық өлеңге халық тілінің байлығын сарқа пайдаланды – бәріде оның өзіндік шағармашылық ізденісінен туындап жатты. Тагор шығармашылығының бұлақ көзі – оның фольклорлық ежелгі дәуірмен орта ғасыр әдебиеттерімен халықтық даналық тағылымдарынан өнегесі. Тагордың бұл кезде «Кешкі жырлар» (1881ж) тырнақ алды «Диездер және бемалдар», «Суреттер және жырлар» деген жыр жинақтары жарияланды. Жастық шақтың аңғалда албырт, өжет те өткір, өмірге құштар көңіл – күй әуендері осы аталған жинақтарда жарияланды. Алғашқы өлеңдері жинақтарынан ақын гуманистік- философиялық байсалдылыққа толы ойларымен халықтық наным сенімдерге сүйене отырып жаңарған мұрат- мақсаттар туралы толғанады.

Әлемдік тарихта Р.Тагор ақын ретінде танылған Үндістанда оны «Кавиндра» (Ақындар құдайы), «Махакаби» (Ұлы ақын ) деп атайды. Бұл – Тагор поэзиясының халықтық қуатының көрінісі.

Тагордың «Халық ықыласы» атты жыры Үндістан республикасының әнұраны болды. Бұл жырда Үндістан халықтарының ортақ мақсат жолындағы бірлікке ынтымаққа шақыра отырып, әлем халықтарының бейбітшілікке, нұрлы болашаққа үндейді..

Тагор жырлары – философиялық ойшылдық тереңдіктеріне дараланған қазына «Кемеңгер көңіл» , «Жалақымен қайыр» «Жер жұмағы», «Мақтау мен даттау», «Мәңгі жасау» (1899ж) «Көп нәрсенің керегі жоқ», «Жан досым», «Күннің көзі бүгін» деп т.б. жырларында лирикалық кейіпкер – ақынның ойшылдық дүнитанымдығын кең әлемін танылады.

Бақылау сұрақтары


  1. Р.Тагордың өмірі, шығармашылығы.

  2. Тагор Үнді әдебиетінің ірі өкілі.

  3. Тагордың көлемді еңбектері.

  4. “Баутхакуранирхат ” шығармасының жазылу тарихы.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Ақынның ойшылдық дүниетанымдылығын таныттын шығармаларына шолу.

2. Тагор поэзиясының халық поэзиясынан көрінуі

3. Тагордың ақын ретінде танытатын шығармалары.

4. Тагор философ, ағартушы ақын.

5.Тагор Халықаралық Нобель сыйлығының лауреты



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Голссарий

  2. Реферат.


15 - апта

60



Тақырыбы: Жапон әдебиетінің өкілдері

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:
1. Кобаяси Такидзи (1903-1933) өмірі мен шығармашылығы

2. Тамихи Хара “Атом пейзажы” циклынан үзінді

3. Жазушының жаңа жапон әдебиетіне енгізген жанр түрлері

4. “Рухани жан дүни туралы әңгімелер ” (“Синкее сэ:сэцу”). әңгімесінің мән - мазмүны

5. “Қарлы кеш”. повестінің әлем әдебиетіне әсері

6. Жапондар - (нилондизиз) күншығыс елінің адамдары

7. “Қатыспайтын жерсу иесі” әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

8. “Шығыс Куттянға сапар”әңгімесінің көркемдік стильдік бағыты

9. “Қызметшілер мерекесі”,

10. “Өз жолын тапқан әйел” шығармасының стильдік ерекшеліктері

11.«Өзім туралы» повесінің айналасындағыларға әсері.

12.Тамахи Хара «Жанып жатыр телеграф бағаны» үзіндінің мән мағанасы.

13.Мәңгі жастық» өлеңінің халыққа әсері

14.Жазушы Киносита Наоэнің “Отты бағана” атты романы

15.“Кодзики” эпикалық шығармасындағы көркемдік ерекшелік

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті
«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі_______

доцент Л.У.Әбенова

«____»_______2008ж.
Қорытынды бақылауға арналған тестілік емтихан сұрақтары
Факультет: «Гуманитарлық білім»

Кафедра: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Мамандық: 050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Пән атауы: «Шетел әдебиетінің тарихы»

Кредит саны: 4

Курс: 3, семестр 5

Топ – Қт –17

Тест сұрақтарының саны:

Құрастырған: Байболова А.Ж.

Жетісай -2009ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

Пән: Шетел әдебиетінің тарихы

Кафедра: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Мамандық: қт – 17

Кредит саны: 4

Тест: 460

Құрастырған оқытуышы: Байболова Айжан Жанасбекқызы

Жетісай – 2009ж.

1. Шантану мен балықшы қыз Сатьяван қай шығармада кездесетiн кейiпкерлер

А) "Иллиада" шығармасы

Ә) "үш ноян" шығармасы

Б) "Тезей" шығармасы

В) "Дон Кихот" шығармасы

Г) "Махабхарата" шығармасы

2. "Махабхарата" шығармасын қазақшаға аударған кiм

А) Ә. Нiлiбаев+

Ә) Ш. Уәлиханов

Б) М. Әуезов

В) А. Байтұрсынов

Г) А. Құнанбаев

3."Әйгiлi гректер" кiмнiң шығармасы

А) Плутарх+

Ә) В. Гюго

Б) В.Шекспир

В) Эсхил

Г) А. Дюма

4."Бiз аралда күн кешкен бес күн" үзiндi алынған шығарма

А) Робинзон Крузо+

Ә) үш ноян

Б) Дон Кихот

В)Отелло

Г)Дон Жуан

5. Пьер Бомарше жазған шығарма

А) "Гаргантюа және Пантагрюэль"

Ә) "Галатея"

Б) "Дон Жуан"

В) "Фигароның үйленуi"

Г) "Манфред"

6."Үш ноян" шығармасында кездесетiн кейiпкер

А) Арамис +

Ә) Карл Моор

Б) Жұмабай

В) Мефистофель

Г) Сганарель

7."Утопия" шығармасының авторы

А) Томас Мор+

Ә) Вольтер Скотт

Б) Гете


В) Эсхил

Г) Шиллер

8. "Оқиғалары қатерлi, қайғылы халден туындап, бас қаһарманның қазасымен,

мұң-зармен аяқталатын шығарма" қалай аталады.

А) трагедия

Ә) әдеби ағым

Б) комедия

В) баллада

Г) ода
9."Гулливердiң саяхаты" шығармасының авторы

А) Джонаттан Свифт+

Ә) Грецияның қайратерлерiн римдiктердiң өмiрбаяны мен салыстыра суреттеген

Б) Троя сұрапылы, оның ерлерi туралы

В) Серiлер өмiрiндегi романдарға жазылған өткiр сынақ түрiнде жазылған

Г) Оңтүстiк Америкада елсiз аралда қалған кейiпкер жөнiнде суреттелген

10."Үш ноян" шығармасының авторы кiм

А) А. Дюма

Ә) Плутарх

Б) М. Сервантес

В) В. Шекспир

Г) Г. Гейне

11. Ақсақ Гефест ежелгi миф бойынша ненiң құдайы

А) ұсталық құдайы+

В)аңшылық пен орман құдайы

С)даналық құдайы

Д) жарық құдайы, ғылым мен өнердiң жарылқаушысы

Е)құдайлар хабаршысы

12. Реализм ағымының қазақша баламасы

А) шындық+

В) табиғат

С) қиял, ғажайып

Д) үлгiлi, өнегелi

Е) сезiмталдық


13. "Трагедияның атасы" атанған ақын драматург

А) Эсхил +

В) Байрон

С) Аристофан

Д) Прометей

Е) Софыкл

14. "Отелло" шығармасының авторы

А. Шекспир+

В.Плутарх

С.Гомер


Д.Назон

Е. Эсхил


15.... Шантану бiрде жүрген-дi ұлы өзендi жағалап,

Бiр иiс жарды мұрынды, жұпар боп аңқып бар алап.

Өзен жаққа көз салып Шантану сол сәт тұрғанда,

Бiр жас сұлу қайықпен келген екен бұл маңға

А) Махабхарата +

В)Рамачаритаманаса

С) Рамаяна

Д)Иллиада

Е)Одиссея

16. "Айвенго" шығармасының авторы

А) Вольтер Скотт +

В) Томас Мор

С)Гете

Д)Эсхил


Е)Шиллер

17. Өздерiн эллиндер деп атаған ел

А) Гректер+

В)Испания

С) Рим

Д)Ағылшындар



Е)Француздар

18. Табиғат ұғымын бiлдiретiн ағым

А) натурализм+

В) сентиментализм

С) классицизм

Д) романтизм

Е) реализм

19. Эллада ерлерi кiтабында қандай шығармалар бар

А) "Тезей", "Персей", "Аргонавтар", "Геракл"+""Дон Жуан"

В) "үш ноян", "Персей", "Робинзон Крузо"

С) "Геракл", "үш ноян", "Аргонавтар"

Д) Орфей мен Эвридика", "Тезей",

Е) "Дедал мен Икар", "үш ноян", "Геракл"

20. "Робинзон Крузо" шығармасында 1659 ж.30 қыркүйек Крузо үшiн қандай оқиғаға байланысты күн

А) белгiсiз аралға келiп қалуы+

В) белгiсiз аралда кеме көруi

С) белгiсiз аралға келiп, қайта қайтуы

Д) белгiсiз аралда Жұмабаймен кездесуi

Е) белгiсiз аралда қаза болуы

21. Белгияның атақты ақыны әрi драматургы Морис Метерлингтiң еңбегiн

көрсетiңiз

А) "Соқырлар"+

В) "Иллиада"

С) "Король Лир"

Д) "Венера мен Адонис"

Е) "қарақшылар"

22. Өлiлер патшалығының құдайы

А) Айд+


В) Зевс

С) Пасейдон

Д) Гермес

Е) Зефир


23. Гректер соқыр жырау деп кiмдi айтқан

А) Гомер +


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет