ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-1» пәні


ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ s – ЭЛЕМЕНТТЕРІ



бет5/6
Дата28.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ s – ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ІА және ІІА топша элементтері

  1. Периодтық жүйенің І тобының s – элементтерінің қайсысы жай зат күйінде газ болады? Осы топтағы элементтерден оның айырмашылығы және оларға ұқсастығы қалай көрінеді?

  2. Сутегінің изотоптарын айтып, ядро құрылысындағы айырмашылықты көрсетіңдер.

  3. Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне қысқаша сипаттама беру керек. Зертханада және өндірісте оны қалай алады? Теңдеулерін жазу керек. Сыртқы және ішкі сутектік байланыс түзілетін қосылыстарға мысалдар келтіру керек. Ол байланыстардың заттардың қасиеттеріне әсері.

  4. Сутегі атомының құрылысына байланысты: а) бола алатын валенттілік күйін және тотығу дәрежелерін көрсету керек; б) Н2 молекуласының құрылысын ВБ(валенттілік байланыс) және МО(молекулалық орбиталдар) теориялары тұрғысынан көрсету керек; в) Н3 молекуласының түзілмейтіндігін түсіндіру керек.

  5. Мына заттардың сулы ерітінділерін H2SO4, K2SO4, CuSO4, NaOH қолданып электролиз арқылы сутегін алуға бола ма?

  6. Металдар гидридтерін қалай алады: а) кальций гидридін алу; б) оның сумен әрекеттесуі.

  7. Н2О2 молекуласын оттегі мен сутегін өзара әрекеттестіріп алуға бола ма? Бұл молекуланың құрылысы қандай және неге полярлы? Н2О2 молекуласының айрылу реакциясын жазып, тотығу-тотықсыздану реакцияларының қай типіне жататынын көрсету керек.

  8. 150г Н2О2 ерітіндісіне біраз марганец диоксидін қосқанда бөлінген оттегі көлемі қ.ж. 0,001м3 болған, алғашқы ерітіндідегі пероксидтің массалық үлесі қанша екенін есептеу керек. Жауабы: 2,02%.

  9. Сілтілік металдардың реттік номерлері өсуіне байланысты атомдардың радиустары және иондану потенциалдары қалай өзгереді? Периодтық жүйеде және металдардың кернеу қатарында сілтілік металдардаң орналасуындағы әр түрлілікті қалай түсіндіруге болады?

  10. Сілтілік металдар қосылыстарының ерігіштігі қандай және литий, натрий, калийдің аз еритін қосылыстарын атау керек. Ауада жанғанда сілтілік металдар қандай оттекті қосылыстар түзеді ? Натрий, калий, рубидий және цезийдің қалыпты оксидтерін қалай алуға болады?

  11. 10г мырышпен әрекеттесу үшін неше миллилитр НСІ ерітіндісі қажет? ОС және 50,65 кПа жағдайындағы түзілген газ көлемін есептеу керек. Егер алынған ерітіндіні 0,5л-ге дейін сұйылтса, ол ерітінді нормальдылығы нешеге тең болады? Жауабы: 76,5мл; 6,85л; 0,612н.

  12. Na2O2 көмір қышқыл газымен қалай әрекеттеседі және бұл реакция қай жерде қолданылады? Na2O2 мен H2O әрекеттескен соң, ерітіндінің жалпы көлемі 750 мл болды, осы ерітіндінің 10 мл-і 15 мл 0,2 н HCl ерітіндісін бейтараптауға жұмсалдады, сонда неше грамм Na2O2 сумен реакцияға түскендігін есептеу керек. Жауабы: 8,77г

  13. Қыздырылған литий арқылы а) суды; б) азотты өткізгенде қандай қосылыстар түзіледі және олар сумен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек. Эфир ерітіндісінде литий гидриді AlCl3 тұзымен әрекеттесіп Li[AlH4] түзеді., оның сумен және HCl-мен реакция теңдеулерін жазу керек.

  14. NaCl eрітіндісін 6 сағат 1000А тоқ көзінде электролизге түсіргенде 70л 10,6%-ті NaOH (=1,12) ерітіндісі түзілген болса, тоқтың пайдалы әсер коэффициентін есептеу керек. Жауабы: 92,8%

  15. Жоғары температурада натрий сульфатын көмір және ізбеспен қақтап сода алу процесінің теңдеуін жазу керек. Көмір мен ізбес функциясын көрсету керек.

  16. NH4Cl мен Na2CO3 не K2CO3 тұздарының сулы ерітінділері арасында қандай тепе-теңдік түзіледі? Бұл ерітіндіні қаздырғанда тепе-теңдік қай бағытқа ығысады? Реакцияның қосынды теңдеуін жазу керек.

  17. KCl мен NaCl қоспасы 0,1225г, одан 0,2850г AgCl тұнбасы алынған болса, қаспалардағы KCl және NaCl тұздарының массалық үлесін (%) анықтау керек. Жауабы: 23,6 %КСІ және 76,4% NaCl

  18. 250C температурада 8г натрий гидриді сумен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есептеу керек. H0(NaOH)=-56,4 кДж/моль H0(NaOH)=-425,6 кДж/моль.Жауабы: 27,8 кДж.

  19. Берилий атомның бірінші ионизация потенциалы (9,32 В) литий атомы ионизация потенциалынан (5,96 В) жоғары, ал екінші ионизация потенциалы (18,21 В) төмен (75,64 В). Неге?

  20. Be(OH)2 – Ba(OH)2 қатарында металдар гидроксидінің негіздік қасиеттері қалай өзгереді , неге?

  21. BeCl2 молекуласының электрондық құрлысын және геометриялық структурасын көрсету керек. Бериллий атомының гибридизациясы қандай?

  22. Кальций оттегімен, фтормен, азотпен, көміртегі диоксидімен, су буымен әрекеттесе ме? Жауапты Гиббс энергиясының өзгерісін есептеу арқылы беру керек.

  23. Содының а) Be2+ мен Mg2+ тұздарымен және б) Ca2+, Sr2+, Ba2+ тұздарымен әректтесуі неге әртүрлі екендігін түсіндіру керек.

  24. a) Be(OH)2 және Mg (OH)2; б) Be(OH)2 және Al(OH)3 қоспаларын бөлу үшін алюминий карбонатын қолдануға бола ма? Реакция теңдеулерін жазу керек.


ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ р - ЭЛЕМЕНТТЕРІ

III A ЖӘНЕ ІVA (германий топшасы)ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ


    1. р-элементтердің периодтық жүйедегі орны (периодтар, топтар, топшалар), қай периодтарда р-элементтері жоқ, олар не себебті р-элементтер деп аталады? р-элементтерінің период және топ бойынша қаситтері қалай өзгереді?

    2. р-элементтері атомдарының электрондық құрылысына сүйеніп, олардың жалпы сипаттамаларын келтіру керек. Жай заттардың, оксидтердің және гидроксидтердің қасиеттерін топ бойынша, период бойынша салыстыру қажет.

    3. III A - VII A топшалар р-элементтерінің табиғаттағы қосылыстарын айтып, жай заттарды алу әдістерін көрсету керек.

    4. III A, IV А топша элементтеріне қандай валенттілік мәндер сәйкес, бор мен кремнийдің химиялық қасиеттеріндегі ұқсастық қалай көрінеді?

    5. Бор атомы түзетін қосылыстар: а) валенттілік электрондар арқылы; б) барлық валенттілік орбиталдар арқылы. Қай қосылыстар координационды қаныққан болады? Қосылыстардағы бор атомының координациялық санын, гибридтелу түрін көрсету керек. Натрийдің метаборатының, тетраборатының, боридінің формулаларын жазу керек.

    6. BF3 молекуласына H2O және NH3 молекулаларының F- - иондарының қосылуының механизмін көрсету керек. Қалыпты жағдайда неге BН3 жай қосылысы болмайды, ол тек димер B2H6 түрінде ғана болады.

    7. Борандар сумен қалай әрекеттеседі? Бұл қосылыстардың қандай қасиеттері оларды ракета отыны ретінде қолдануға мүмкіндік береді?

    8. H3BO3 қышқылын сілтімен бейтарапдағанда, не сілтінің артық мөлшерімен өңдегенде қандай қосылыстар түзіледі? Реакция теңдеулерін жазу керек. Ортобор қышқылын қыздырған кездегі өзгерістерінің реакцияларын теңдеулерін жазу керек.

    9. Бор оксиді мен содыны қақтағанда натрий тетрабораты түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек. Алынған тұздың гидролиз теңдеуін жазу керек.

    10. Бор қышқылы спирт пен концентрлі күкірт қышқылы қоспасымен эфирлер түзеді, ол жасыл жалынмен жанады. Борнометил және борноэтил эфирлерінің түзілу реакцияларын жазып, графикалық формулаларын көрсетіңдер. (B(OCH3)3) және B(OC2H5)3)

    11. Бураны кейбір металдардың (Cr, Co, Mn) тұздарымен қақтағанда қос метабораттар («бураның перлдері») түзіледі, олар шыны тәріздес, әр металға тән өз түстері болады, сондықтан аналитикалық химияда қолданылады, мысалы NaBO2Cr(BO2)3 – жасыл, 2 NaBO2Cо(BO2)2 – көк. Мына реакция теңдеулерін аяқтау керек: а) Na2B4O7 + MnSO4→ …б) Na2B4O7 + Cr2(SO4)3 →... в) Na2B4O7 + Cо(NO3)2 →…

    12. Алюминийді глиноземнің криолит балқымасындағы ерітіндісін электроизге ұшыратып алады. Егер глинозем құрамында 94,5% Al2O3 болса, 1 т глиноземнен қанша алюминий алынады? Егер ток күші 30000А болса, тоқтың қолданылу коэффициенті 95,5 % болса, электролизді бұл жағдайларда қанша уақыт жүргізеді? Жауабы: 0,5 т; 52 сағ.

    13. Каолинитті сазды күкірт қышқылымен өңдегенде алюминий сульфаты Al2(SO4)3 18 H2O алады. 1 т дайын өнім алу үшін 20% Al2O3 бар саздың неше тоннасын өңдеу керек? Бұл жағдайда саздан тек 70% Al2O3 ғана жұмсалады. 1 т дайын өнімге жұмсалатын күкірт қышқылының теориялық шығыны қанша? Жауабы: 1,09т; 0,44 т.

    14. Алюминий судан сутегін тек сілті қатысында ғана ығыстырады, реакция теңдеуін жазу керек. Алюминий сульфатының а)(NH4)2S; б)Na2CO3 ; в) KOH (артық алынған) ерітінділерімен реакция теңдеулерін жазу керек.

    15. Гальваникалық элементтің Al/Al2(SO4)3//Cr2(SO4)3 /Cr жұмысы кезінде 31,2 г хром бос металға дейін тотықсызданған. Алюминий электродының массасы қаншаға азайғанын анықтау керек. Жауабы: 16,2г

    16. Алюминийдің коррозияға тұрақтылығын түсіндіру керек. Бұл металдың қышқылдар мен сілтілерге қатынасы қандай? Ол неге концентрлі азот қышқылы мен күкірт қышқылында пассивтеледі?

    17. Неге Al2S3 тек құрғақ әдіспен, мысалы, сусыз алюминий сульфатына сутегімен әсер етіп, қыздырып алады? Реакция теңдеуін жазу керек. Егер алынған сары кристалдар сумен контактке түссе, қандай процесс жүреді?

    18. Алюминий гидроксидін тұнбаға түсіру үшін аммиак ерітіндісін қолданады, неге сілті ерітіндісі қолданылмайды? Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а) AlCl3+NH3+H2O→…; б)AlCl3+Na2CO3+H2O→…; в)AlCl3+(NH4)2S+H2O→…

    19. Егер с (NH3H2O)=2 моль/л болса, 200 мл (ρ=1,3 г/л) 30 % AlCl3 бар ерітіндісінен Al(ОН)3 тұнбасын алу үшін, қанша көлем аммиак ерітіндісін алу керек? Алынған тұнбаны еріту үшін концентрациясы 0,5 моль/л NaOH ерітіндісінің қанша көлемін алады? Жауабы: 876 мл (NH4ОН) және 3,5л (NaOH).

    20. Галлий топшасы элементтеріне тән тотығу дәрежелері. Галлий мен индий қосылыстары үшін тұрақтырақ тотығу дәрежелері, ал таллий қосылыстары үшін қандай?

    21. Галлий (III) нитратының калий гексагидроксогаллатына айналу және оның қайтадан галлий (III) сульфатына айналу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Егер TlJ тұзының 20 0С температурада ерігіштігі 100 г суда 610-3 г болса, оның ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) қанша? Жауабы: 3,210-8.

    22. Егер  TІ3+/TІ+ = 1,25 В болса, таллий (III) сульфаты а) тұз қышқылын; б) KJ ерітіндісін тотықтыра ала ма? Реакция теңдеулерін жазу керек. Жауабы: жоқ, иә.


ІVA Германий топшасы элементтері

  1. Германийден қорғасынға қарай оксидтері мен гидроксидтерінің қышқыл-негіздік қасиеттері қалай өзгереді? Қалыпты жағдайдағы SnCl2 және SnCl4 қосылыстары қай классқа жататыны туралы гидролиз нәтижесі бойынша қорытынды жасау керек.

  2. Металдық қалайы қандай екі модификацияда болады? «Қалайы обасы» деген процесс не және ол қай температурада мүмкін? Ge, Sn, Pb элементтерінің ауаға, суға, қышқылдарға және сілтілерге қатынасы, теңдеулерін жазу керек.

  3. Sn азот қышқылының қай концентрациясында қалайы нитраты Sn(NО3)2 ерітіндісіне және метақалайы қышқылының ақ ұнтағына айналады? Ұнтақ біраз тұрған соң қышқылда да, сілтіде де еру қабілетінен неге айрылады?

  4. Не себебті қалайыны концентрлі тұз қышқылында, ал қорғасынды азот қышқылында ерітеді?

  5. PbO2 ұнтағын күкіртпен немесе фосформен өзара үйкегенде жалындайды, бұл құбылыс қандай өндірісте қолданылады?

  6. Бірдей жағдайда, қай тұздың Na2SnO2 не Na2SnO3 , Sn(NO3)2 не Pb(NO3)2 гидролиз дәрежесі жоғары? Ерітіндідегі қай ионның артық мөлшері бұл тұздардың гидролизін азайтады?

  7. Ерітіндіде 0,05 моль Pb2+ ионы, онымен бірге Sn2+ ионы болса, оларды бөлу үшін концентрациясы 2 моль/л KI ерітіндісінің қандай көлемін алу керек.Жауабы: 50 мл.

  8. Массалық үлесі 20 % азот қышқылының қандай көлемінде а) Sn; б) Pb; в) «припой», құрамында 70 % Sn және 30 % Pb ерітіледі? Әр үлгіні 100 г алған, азот қышқылы NO оксидіне дейін тотықсызданады. Жауабы: а)633 мл; б)364 мл; в)552 мл

  9. Қорғасын аккумуляторы зарядталғанда және кері процесі жүргенде электродтарда өтетін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

  10. 15 м3 сутегі (17 0С және 98,64 кПа) алу үшін неше килограмм кремний және 32 % NaOH ерітіндісінің қандай көлемі қажет? Жауабы: 8,6кг; 56,7л.


Зертханалық практикум

ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 1,2 САБАҚТАРТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Периодтық жүйедегі VІІІ В элементтері (темір, кобальт, никель)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Fe, Co, Ni – микроэлементтерге жатады. Тәулігіне адам ағзасына 5-25 мг темір қажет. Темірдің көп мөлшері сүтте, сырда, етте, алмада болады. Қан гемоглобинінің негізгі бөлігі темір. Кобальт В12 витаминінің құрамына кіреді, зат алмасуын жақсартады. Егер ағзада кобальт жетпесе, адам анемияға ұшырауы мүмкін.

Никельдің биологиялық ролі әлі онша зерттелген жоқ.

ТӘЖІРИБЕ №1. Ғе2+ және Ғе3+ иондарына тән реакциялар

Пробиркаға 3-4 см3 темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, оған бір тамшы 0,1 н аммоний (не калий) роданидінің ерітіндісін тамызыңдар. Осындай тәжірибені Мор тұзының ерітіндісімен де жасаңдар. Реакция теңдеуін жазып, бұл реакция тек темір (ІІІ) тұзына ғана тән екенін көріңдер.



ТӘЖІРИБЕ №2. Темір (ІІ) қосылысының тотықсыздандырғыш қасиеті

Екі пробиркаға 3-4 см3 Мор тұзының ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне бір тамшы концентрлі азот қышқылын тамызыңдар, газ бөлінуін тоқтатқанша ерітіндіні қыздырыңдар. Ерітінді суыған соң, екі пробиркаға да бір тамшыдан 0,1 н аммоний (не калий) роданидін тамызыңдар. Қай пробиркада ерітінді өзгереді. Неге? Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылы азот (ІІ) оксидіне дейін тотықсызданады.



ТӘЖІРИБЕ №3. Темір (ІІІ) қосылысының тотықтырғыш қасиеттері

Пробиркаға 3-4 см3 темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы калий иодидінің ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсі неге өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №4. Темір тұздарының гидролизі

а)Пробиркаға 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйып, оған Мор тұзының ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндісін шайқап, оның түсінің өзгергеніне қарай, реакция ортасын айтыңдар. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісінің гидролизінің теңдеуін жазыңдар. б)Екі пробиркаға 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар да бір-екі темір (ІІІ) хлоридінің кристалын салыңдар. Ерітіндінің түсі арқылы реакция ортасын анықтаңдар? Бір пробирканы қыздырыңдар. Енді не байқадыңдар. Бұл тұздың гидролиз дәрежесін қалай азайтуға болады? Темір (ІІ) хлориді ме әлде темір (ІІІ) хлориді көбірек гидролизге ұшырай ма?



ТӘЖІРИБЕ №5. Кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтері. Гидроксидтерді алу және олардың тотығуы

а)Екі пробиркаға 2-3 см3 кобальт (ІІ) тұздарын құйыңдар. Бір-екі тамшы сілті ерітіндісін тамызыңдар. Алғашында көк түсті негіздік тұз тұнбасы түзіледі, біраздан кейін ол қызғылттанады, яғни кобальт (ІІ) гидроксиді түзіледі. Бір пробиркадағы тұнбаны қалдырып екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидін қосыңдар, қай пробиркада кобальт (ІІ) гидроксиді тотығады?

б)Үш пробиркаға 3-4 см3 никель (ІІ) тұзының ерітіндісін құйыңдар да сілті ерітіндісін құйып, никель (ІІ) гидроксидінің тұнбасын алыңдар.

Бірінші пробиркадағы тұнбаны жақсылап араластырыңдар, екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидінің ерітіндісін құйыңдар. Тұнба түсі өзгерді ме? Ауаның оттегісімен не сутегі пероксидімен никель (ІІ) гидроксиді тотыға ма? Үшінші пробиркаға бір тамшы бром суын құйыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін тәжірибелер нәтижесі арқылы және тотығу-тотықсыздану потенциалын пайдаланып, салыстырыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №6. КОБАЛЬТТІҢ КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

а) 3-4 см3 кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісіне тамшылатып концентрлі аммиак ерітіндісін кобальт (ІІ) гидроксидінің тұнбасы түскенше, сосын тұнбаның комплекс қосылыс түзілуінің нәтижесінде ерігенге дейін құйыңдар. Кобальттың координациялық саны 6-ға тең. Алынған ерітіндіні екіге бөліңдер. Бір пробиркадағы ерітіндіні түсі өзгергенге дейін жақсылап шайқаңдар. Кобальт (ІІ) комплексі кобальт (ІІІ) комплексіне айналады. Екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге ерітінді түсі өзгерді? Енді осы екі пробиркаға да аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге тұнба түсті? Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а)кобальттің (ІІ) аминокомплексінің түзілуінің; б)оның ауадағы оттегі мен сутегі гидроксидімен тотығып, кобальт (ІІІ) аминокомплексінің түзілуін; в)алынған комплекс қосылыстарының диссоциациясын; г)комплекс иондарының диссоциациясын; д)кобальт (ІІІ) аминокомплексінің аммоний сульфидімен әрекеттесуін.

б)пробиркаға 3-4 см3 су құйып, 2-3 тамшы никель тұзының ерітіндісін және бір тамшы диметилглиоксим ерітіндісін құйыңдар. Никель диметилглиоксимат комплексінің тұнбасы түзіледі.
Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары 1.Бұл элементтердің тотығу дәрежелері әр түрлі. Мына элементтердің темір (ІІІ), кобальт (ІІ), никель (ІІ) иондарының электрондық конфигурациясын көрсетіңдер.

2.Темірдің адам ағазсындағы ролін айтыңдар.

3.Темір (ІІ) қосылысының тотығу-тотықсыздану қасиеттерін сипаттаңдар: а)темір (ІІ) қосылыстарының ерітіндісі ауада неге өзгереді? Темір (ІІ) гидроксидінің оттегімен тотығуының реакциясының теңдеуін жазыңдар. б)мына заттардың ерітінділерін 1)FeSO4 және KMnO4 2)FeSO4 және K2Cr2O7 бір-біріне қосқанда жүретін реакциялар теңдеуін жазыңдар. Тотығу потенциалының мәндерін қолданыңдар.

3.Екі реакция теңдеуі арқылы темір ерітіндісінде тотығу дәрежелері +2 және +3 сәйкес келетін темір бар екенін дәлелдеңдер.

4.Темір тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл құяды. Неге?

5.Сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде темір қай тотығу дәрежесіне дейін тотығады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

6.Кобальтты қандай әдіс арқылы алады? Кобальт (ІІ) сульфатының ерітіндісі электролизге түскенде графит электродтарында қандай процестер жүреді?

7.Кобальт (ІІ) гидроксидінің оттегімен кобальт (ІІІ) гидроксидіне дейін тотығатынын ΔG0298 есептеп, дәлелдеңдер.

8.Мына қатарда Ni(OH)2 – Co(OH)2 – Fe(OH)2 тотығу процесі қалай өзгереді? Қай гидроксид жеңіл тотығады?

9.Кобальт (ІІІ) гидроксидінің концентрлі хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар. Қандай газ бөлінеді?

10.Мына комплекс тұзының [Ni(NH3)6]Cl2 ерітіндісіне а) натрий гидроксидінің ерітіндісін; б)күкіртті сутек суының ерітіндісін қосқанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Түзілген никель қосылысының ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып, қай ерітінді комплекс ионды толығырақ бұзатынын көрсетіңіздер.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 3,4 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Периодтық жүйедегі ҮІІ В элементтері

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖІРИБЕ №1 МАРГАНЕЦ (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 5-6 см3 марганец(ІІ) сульфатын құйып, оған сонша натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнба түсін байқаңдар. Бұл тұнбаны үшке бөліңдер. Бір пробирканы солай қойыңдар, екінші пробиркаға тұз қышқылы ерітіндісін, үшінші пробиркаға натрий гидроксидін құйыңдар. Ауада тұнба түсі қалай өзгергенін бірінші пробиркадан байқаңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №2 МАРГАНЕЦ (ІІ) ҚОСЫЛЫСЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Пробиркаға 2-3 см3 марганец(ІІ) сульфатын құйыңдар да оған 2-3 тамшы 2 н натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңдар. Алынған марганец гидроксидінің тұнбасына 5-6 тамшы бром суын құйыңдар. Тұнбаның түсінің өзгеруі марганец (ІҮ) қосылысының пайда болуынан. Реакция теңдеуін жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №3 МАРГАНЕЦ (ҮІІ) ҚОСЫЛЫСЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Үш пробиркаға 3-4 см3 калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға 2-3 тамшы 2 н күкірт қышқылын, екіншісіне 2-3 тамшы су, үшінші пробиркаға 3-4 тамшы 2 н сілті құйыңдар. Барлық пробиркаға натрий сульфитінің бір-екі кристалын салыңдар. Әр пробиркада калий перманганатының түсінің әртүрлі өзгергенін байқаңдар. Неге? Реакция теңдеулерін жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ № 4 МАРГАНЕЦ (ІІ) ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Су құйылған пробиркаға бірнеше марганец(ІІ) хлоридінің не сульфатының кристалын салыңдар. Лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Индикатор түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ №5,6 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ VІВ ТОПШАЛАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (ХРОМ, МОЛИБДЕН)

Марганец және молибден – микроэлементтер. Mn адамның өсуіне, қан түзілуіне әсер етеді, алмасу процесіне қатысады. Mn көп мөлшерде күріште, қара нанда, шайда, жемістерде болады. Молибден ферменттің жұмыс істеуіне әсер етеді.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ТӘЖІРИБЕ №1 ХРОМ (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 5-6 см3 хром (ІІІ) тұзын құйыңдар. Тұнба пайда болғанға дейін тамшылатып сілті ерітіндісін құйыңдар. Тұнба түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Пробиркадағы затты екіге бөліңдер, бір бөлігіне күкірт қышқылының ерітіндісін, бір бөлігіне тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған ерітінділердің түсін салыстырыңдар. Сілтінің артық мөлшерін құйғанда [Cr(OH)6]3- анионы түзіледі. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Хром (ІІІ) гидроксиді туралы қорытынды жасаңдар.



ТӘЖІРИБЕ №2 ХРОМ (ІІІ) ТҰЗЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 2-3 см3 хром (ІІІ) тұзының ерітіндісін құйыңдар да оған тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған хромит ерітіндісін үш пробиркаға бөліңдер. Бір пробиркаға хлор суын, екінші пробиркаға бром суын, үшінші пробиркаға сутек пероксидін құйыңдар. Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Ерітінділер түсінің өзгергенін байқаңдар. Хромиттің хроматқа өтуінің (сілтілік ортада) реакция теңдеулерін жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №3 ХРОМАТТАР МЕН ДИХРОМАТТАР

а)Пробиркаға 3-4 тамшы калий хроматы мен 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар. б)Пробиркаға 3-4 тамшы дихромат ерітіндісін құйып оған бір-екі тамшы сілті ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар.



ТӘЖІРИБЕ №4 АЗ ЕРИТІН ХРОМАТТАР АЛУ

Үш пробиркаға 3-4 см3 калий хроматы ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы ерітінділерді тамызыңдар: біріншісіне- барий хлоридін, екіншісіне- қорғасын нитратын, үшіншісіне- күміс нитратын. Тұнбалар түсін байқаңдар. Реакциялар теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет