ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дүниежүзінің экономикалық- әлеуметтік географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5

Мемлекеттер типі

Аумағы

Ел саны

Жалпы ауданы

млн км2

%

1

Алып мемлекеттер

2,5 млн км2-ден астам

9

75,8

55,8

2

Ірі мемлекеттер

350 мың – 2,5 млн км2

48

45,2

33,3

3

Орташа мемлекеттер

150-350 мың км2

28

7,1

5,2

4

Шағын мемлекеттер

30-150 мың км2

43

3,5

2,6

5

Ұсақ мемлекеттер

30 мың км2-ден аз

66

1,8

1,3

6

Тәуелді аумақтар

2,3

1,7





Барлығы




194

135,8

100,0

Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, ал Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.

Мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы бойынша «экстремум-мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген.
Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер

Макромемлекеттер

Микромемлекеттер

атауы

аумағы, млн км2

атауы

аумағы, км2

Ресей Федерациясы

17,1

Ватикан

44 га

Канада

9,9

Монако

1,6

Қытай

9,5

Науру

21,3

АҚШ

9,3

Тувалу

30,0

Бразилия

8,5

Сан-Марино

61,0

Аустралия Одағы

7,7

Лихтенштейн

157

Үндістан

3,2

Сент-Китс және Невис

260

Аргентина

2,8

Мальдив Республикасы

298

Қазақстан

2,7

Гренада

300

Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:



  1. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.

  2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр.

  3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші болады.

  4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады.

Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн, Үндістан – 1 095 млн, АҚШ – 290 млн, Индонезия – 235 млн, Бразилия – 182 млн, Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132 млн, Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.

3. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Сол себепті елдерді теңізге шығу мүмкіндігіне қарай да бағалайды. Бұл тұрғыдан алғанда дүние жүзі бойынша 43 ел теңізбен шектеспейді.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады. Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан ел аралық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі.



Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру. Ел экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткіштері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік – АҚШ доллары пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер бойынша елдерді Мәскеу мемлекеттік университетінің географ-ғалымдары ұсынған типология бойынша топтастырады. Бұл топтастыру бойынша тәуелсіз елдер 3 ірі топқа бөлінеді:

    • Жоғары дамыған елдер

    • Орташа дамыған елдер

    • Экономикасы нашар дамыған елдер


Лекция 3
Тақырыбы: Постиндустриялық елдердің қазіргі дүниедегі орны (2 сағат)
Мақсаты – постиндустриялық елдерге тән басты белгілерін анықтап, олардың негізгі топшаларының географиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоспары

  1. Постиндустриялық елдер және олардың негізгі белгілері.

  2. Жоғары дамыған елдер.

  3. Шағын капиталистік елдер.

  4. Қоныс аударған капитализм елдері.

Жоғары дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән болатын, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (“Париж клубы”) мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының “ашықтығы”, ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән болады. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне (естеріңе түсіріңдер) аяқ басқан, яғни ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2-5%-дан аспайды, өнеркәсіп үлесі жылдан жылға қысқарып келеді, қызмет көрсету саласының үлесі 60-70%-ды құрайды. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына “көрінбейтін экспорт” (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн. адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн. адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Сонымен, бұл топтағы елдерге тән ортақ белгілер:



      1. Тәуелсіз болып, ұзақ уақыт дамуы;

      2. Қоғамда демократиялық принциптердің тұрақты қалыптасуы

      3. заңдардың жетілген болуы

      4. экономиканың нарықтық жолмен дамуы

      5. қызмет көрсету саласының басым болуы

      6. әлеуметтік базаның жоғары деңгейде, сапалы дамуы

      7. экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін саяси жүйенің болуы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет