ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

Мемлекеттер типі

Аумағы

Ел саны

Жалпы ауданы

млн км2

%

1

Алып мемлекеттер

2,5 млн км2-ден астам

9

75,8

55,8

2

Ірі мемлекеттер

350 мың – 2,5 млн км2

48

45,2

33,3

3

Орташа мемлекеттер

150-350 мың км2

28

7,1

5,2

4

Шағын мемлекеттер

30-150 мың км2

43

3,5

2,6

5

Ұсақ мемлекеттер

30 мың км2-ден аз

66

1,8

1,3

6

Тәуелді аумақтар

2,3

1,7





Барлығы




194

135,8

100,0

Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, ал Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.

Мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы бойынша «экстремум-мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген.
Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер

Макромемлекеттер

Микромемлекеттер

атауы

аумағы, млн км2

атауы

аумағы, км2

Ресей Федерациясы

17,1

Ватикан

44 га

Канада

9,9

Монако

1,6

Қытай

9,5

Науру

21,3

АҚШ

9,3

Тувалу

30,0

Бразилия

8,5

Сан-Марино

61,0

Аустралия Одағы

7,7

Лихтенштейн

157

Үндістан

3,2

Сент-Китс және Невис

260

Аргентина

2,8

Мальдив Республикасы

298

Қазақстан

2,7

Гренада

300

Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:



  1. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.

  2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр.

  3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші болады.

  4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады.

Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн, Үндістан – 1 095 млн, АҚШ – 290 млн, Индонезия – 235 млн, Бразилия – 182 млн, Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132 млн, Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.

3. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Сол себепті елдерді теңізге шығу мүмкіндігіне қарай да бағалайды. Бұл тұрғыдан алғанда дүние жүзі бойынша 43 ел теңізбен шектеспейді.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады. Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан ел аралық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі.



Лекция 4

Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы

(1 сағат)



Мақсаты – Мемлекетті басқару формалары және мемлекеттік құрлысы жөнінде мағлұмат беру. Экономикалық географиядағы мемлекеттік басқару және мемлекет құрылысын оқытудағы маңызын түсіндіру

Жоспары

  1. Дүние жүзінің басқару формалары.

  2. Мемлекеттік құрылысы елдердің негізі.

Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы


Дүние жүзінде дербес тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың төрт түрі белгілі:

  1. Оның ішіндегі ең басымы – республикалық форма. Қазір әлемде 150-ге жуық егеменді республика бар (дүние жүзі мемлекеттерінің жалпы санының ¾ бөлігі). Басқарудың жалпы бұл, республикалық формасында – прогрессивтік және демократиялық артықшылықтар көбірек деп саналады. Африканың қазіргі 50 егемен мемлекеті (барлығы 53) де өздерін республика деп жариялады.

  2. Мемлекетті басқарудың келесі формасы – монархиялар, олардың әлемдегі жалы саны – 31. Америка құрлығында бірде біреуі жоқ, Мұхиттық аралдарда – 2, Африкада – 3, Азияда – 14, Еуропада – 12. Осы жерде Андорра мемлекеті туралы талас тауып отыр: іс жүзінде ол – республика, сөз жүзінде – конституциялық монархия, яғни ХІІІ ғасырдан бері ресми түрде князьдық (1993 жылдан парламенттік князьдық) болып саналады. Қазірде осылардың ішінде жалғыз ғана империя бар, ол – жапон елі. Қалған монархиялардың көпшілігі – корольдықтар, бірнеше князьдықтар, сұлтандықтар (сұлтанаттар), әмірліктер (эмираттар) бар. Сонымен қатар Ұлы Герцогтық (Люксембург) та және папалық қала – мемлекет (Ватикан) те бар.

Дүние жүзіндегі мемлекеттерді басқарудың


монорхиялық формасы сақталған елдер:
І. Еуропа ІІ. Азия

  1. Белгия - Корольдық 1. Бутан – Корольдық

  2. Ұлыблитания және 2. Иордания – Корольдық

Солтүстік Ирландия 3. Камбожа – Корольдық

Біріккен Корльдығы – Корольдық 4. Непал – Корольдық

3. Дания – Корольдық 5. Сауд Арабиясы – Корольдық

4. Испания – Корольдық 6. Таиланд – Корольдық

5. Нидерланды – Корольдық 7. Бруней – Сұлтандық

6. Норвегия – Корольдық 8. Малайзия – Сұлтандық

7. Шведия – Корольдық 9. Оман – Сұлтандық

8. Андорра – Корольдық 10. Бахрейн – Әмірлік

9. Лихтенштейн – Корольдық 11. Катар – Әмірлік

10. Монако – Корольдық 12. Кувейт – Әмірлік

11. Люксембург – Корольдық 13. Біріккен Араб

12. Ватикан – Корольдық эмираттары – Әмірлік

14. Жапония – Империя


  1. Мемлекетті басқарудың үшінші формасы – Достастық яғни бұрынғы “Британ Бірлестігі” (Ұлыбритания басшылығымен) құрамындағы мемлекеттер (1931 жылы құрылған). “Егеменді елдердің ерікті ассоциациясы” құрылымындағы ұйым, оған мүше елдер сыртқы және ішкі саясаттарында теңқұқықтық пен дербестікке ие. Олардың ішінде әлемдегі аса ірі және жоғары дамыған елдер – Канада мен австралия да бар.

  2. Мемлекетті басқарудың төртінші формасы – бір ғана елмен сипатталады, ол ел – Ливия Араб Республикасы, немесе ресми түрде Социалистік Халықтық Ливия Араб Жамахириясы. Бұл форма басқа бірде - бір елде жоқ, және де Ливия басшылары өз елдерін – Жамахирия деп тануын басқалардан қатал түрде талап етір отыр (Жамахирия – араб тілінен аударғанда, мазмұны “халық өкіметі” немесе “бұқаралық мемлекет” деген мағынаны білдірді. )

Лекция 5

Тақырыбы: Әлем халықтарына географиялық тұрғыдан шолу.

(1 сағат)



Мақсаты – Халықтардың таралып орналасуының болашағына баға беру, әркелкі халықтың орналасуына байланысты, оның себептері мен одан туындайтын мәселелерді түсіндіре отырып және таба білулері қажет Жоспары

  1. Нәсілдік, діни, тілдік ерекшеліктеріне қарап топтастыра білуі

  2. Халықтардың ұдайы өсуіне (динамикалық) әсер етуші факторларды анықтау

Әлем халықтарының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әркелкі, мәдениеті де ұқсамас ерекшеліктер құрайды. Этнография ғылымы – халықтардың қоғамдық құрылысын, өзара қарым – қатынастарын зерттейді. Тұрмыс дегеніміз әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған сан салалы тіршілігі, салт - санасы, әдет - ғұрпы, күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі. Дүниені мекендеген саны жағынан үлкенді – кішілі халықтардың әрқайсысының ғасырлар бойы қалыптасқан тек өзіне лайықты тұрмыс ерекшелігі бар.

Этнографияны зерттейтін проблемалардың біреуі мәдениетке деген түсінік бар. Мәдениеттің өзін екіге бөлінеді: 1. Заттай. 2. Рухани. Адамның физикалық еңбегінің нәтижесінде заттай мәдениет түзіледі. Ал ақыл, ой жемісі рухани мәдениетті түзеді. Әр халықтың тұрмысының, мәдениетінің өэгешеліктері, ерекшелігі сол ұлттың ерекшелігі Этнография: археология, тіл, әдебиет, музыка, сурет, архитектура, антропология, география және т.б. саладағы пәндермен тығыз байланысты. Этнография алғашында XVIIIғ. аяғы XIXғ. басында Батыс Еуропа елдерінде ерекше мән беріліп Англия мен Америкада «Антропология» деп атаған. Бұл елдерде «Антропологиялық қоғам» құрылып кейінгі жылдарда «Әлеуметтік антропология», «Мәдени антропология» деп атаған.

Әлеуметтік антропологияның ірі өкілдерінің бірі Д. Фрезер отарланған Африка, Азия және басқа құрлықтағы елдерді жақын зерттеуге тырысқан. Реакцияшыл этнографтардың пікірі бойынша дүние жүзінің барлық халықтары тең емес деген ойға саяды. XIXғ. орта кезеңінде бұл нәсілшілдік теорияның бірі францияның жазушысы, антрополог Гобино болатын. Өз еңбегінде Азия, Африка елдеріндегі отарланған халықтарын нәсілі жағынан жетілмеген, кемтар халықтар деп атады. Жер шарының бөліктеріне таралып мекендеушілерді Ойкумендер (гр. Ойкео – мекендеуші, тұрушы) деп атайды.
Лекция 6

Тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық пролемаларының туындау себеп-салдары

(1 сағат)



Жоспары

  1. Ғаламдық проблемалардың ерекшеліктері. Бейбітшілікті сақтау проблемасы.

  2. Ғаламдық экологиялық проблемалар.

  3. Шикізатпен қамтамасыз ету және энергетикалық проблемалар.

  4. Азық-түлік проблемасы.

  5. Демографиялық проблемалар. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары.

Ресей географы В.П. Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды.Сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, олардың маңыздылары қатарында:



  1. Бейбітшілік сақтау мен қарусыздану проблемасы;

  2. Экологиялық проблема;

  3. Демографиялық проблемалар;

  4. Азық-түлік проблемасы

  5. Энергетика және шикізат проблемалары

  6. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемасы

Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мәселен, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен, демографиялық проблема өз кезегінде азық-түлік проблемаларымен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелей бейбітшілікке тәуелді екендігі сендерге айдан анық түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа проблемалардың қажеті үшін емін-еркін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді.

Экологиялық проблемаларды ғаламдық әсер ету дәрежесі мен сипатына қарай екінші кезекке қоюға болады. Өйткені адамзат тіршілігінің болу-болмауының өзі экологиялық проблемаларды шешу мен оның алдын алуға тікелей қатысты болып отыр.



Бейбітшілік сақтау проблемасы. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың мерт болуына жеткілікті. Жаппай қарулану немесе милитаризация (латынша mіlіtarіs - әскери) экономиканың, жалпы қоғамның дамуына кері ықпал етеді.

Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл қарулану үшін минутына 1,9 млн. доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-30%-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінгі таңда 25 млн-ға жуық адам жинақталған. Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына тең. Демек бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар. Дүние жүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И.Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта болады; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен жай-күйінің нашарлауы жатады.

  1. Табиғи ортаның ластануы.

  2. Озон қабатының жұқаруы проблемасы.

  3. Ормандар аумағының қысқаруы.

  4. Шөлейттену.

  5. Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары

  6. Тұрақты даму концепциясы.

Демографиялық проблема

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан-салалы мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың өзара күрделі байланыстары тұрғысынан талдап, қарастыру қажет.



Азық-түлік проблемасы. Адамзат қоғамының бүкіл тарихында азық-түліктің жетіспеушілігі әрқашан байқалып отырған, оған әртүрлі себептер әсер еткен.

Ғалымдар дүние жүзі елдерін азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бірнеше топқа бөледі:



  1. азық-түлік өнімдерін экспортқа шығаратын елдер (АҚШ, Канада, Аустралия, ЕО құрамындағы кейбір елдер, Финляндия, Венгрия);

  2. азық-түлік жетіспейтін, бірақ оны сырттан сатып алу мүмкіндігі бар елдер (Жапония);

  3. азық-түлік өндірісі жергілікті сұранысты әрең қамтамасыз ететін елдер (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Америка елдері);

  4. азық-түлік жетіспейтін, бірақ өзін-өзі қамтамасыз ету үшін су және жер ресурстарын қарқынды игеріп жатқан елдер (Египет, Индонезия, Пәкстан, Филиппин);

  5. жан басына шаққанда азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайы төмен елдер (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан дамушы елдері);

  6. халық санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуы себепті азық-түлік дағдарысы басталған елдер (Гаити, Непал, Сальвадор).

Энергетика және шикізат проблемалары. Қазіргі кезде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет болуда. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болады. Қазіргі кезде әлемде 160 түрлі минералды шикізат өндіріледі, жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд тонна пайдалы қазба алынады. Құрлықтың жартысынан астамы толығымен игерілген.

Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары. Жер шарындағы тіршілік үшін дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттегімен байытады, адамдарды құнарлы да пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералдық ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез ұлғайып жатқан жағдайда мұхит суларынан кен өндіру, әсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит суларының биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутегі изотобы—дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр стансаларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда. Мұхит суында 10 млн тонна алтын бар.
Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады.

1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше.

Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген.

БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды.

Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.

Лекция 7

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция (ҒТР), дүниежүзілік шарушылыққа әсері

(1 сағат)



Мақсаты: ҒТР-ның адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуындағы орны мен рөлін ашып көрсету және адамзат тарихындағы ҒТР-ның даму кезеңдерін сондай-ақ қазіргі ұлттық және халықаралық экономикалық үрдістердегі ҒТР-ның маңызын тұжырымдау. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп туралы түсінік. Соның ішінде отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерді басты тақырып ретінде қарастыру. Ауыл шаруашылығының құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивтік және интенсивтік даму жолдарын, өсімдік шаруашылығының астық және техникалық дақылдары қарастыру.

Жоспары:

  1. ҒТР және ҒТР-ға тән ерекшеліктер мен оның құрамдас бөліктері

  2. Дүниежүзілік шаруашылық және оның қалыптасу кезеңдері

  3. Отын-энергетика, металлургия.Машина жасау, химия. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері.

  4. Ауыл шаруашылығының құрамы және орналасу ерекшеліктері

Дүниежүзілік шаруашылық пен ҒТР-ды көптеген қоғамдық, жаратылыстану және дәл ғылымдар зерттейді. Бірақ оларға тән географиялық тұрғылар экономикалық және әлеуметтік географияның бір тармағы ретіндегі дүниежүзілік шаруашылық географиясының қарастыратын объектісі болып табылады.

Ғылыми-техникалық революцияны сипаттайық.

ҒТР ғылымының , тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуына негізделіп, адам баласының өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгергендігін көрсетеді.

ҒТР-дың сипаты белгілері және құрамдас бөліктері: басты төртеуі. Қазіргі ҒТР-ң төрт басты белгісі мен сипатталады.

ҒТР жағдайында техника мен технологияның дамуы екі түрлі жолмен өтеді.



Эволюциялық жол- бұрыннан белгілі техника мен технологияны одан әрі жетілдіру- машиналар мен құрал-жабдықтардың қуатын (өнімділігін) арттыру., көлік құралдарының жүк көтерімділігін өсіту жолы.

Революциялық жол- түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу жолы. Оның неғұрлым айқын көрінісі электронды техника өндірісінен байқалады.

Өндіріс дамудың басты алты бағыты. Бірінші бағыт- электрондандыру.

Екінші бағыт- кешенді автоматтандыру. Үшінші бағыт- энергетика шаруашылығын қайта құру. Төртінші бағыт- жаңа материалдар өндіру.

Бесінші бағыт- биотехнологияның жедел дамуы. Алтыншы бағыт- ғарыштандыру.

Басқару: ҒТР-дың қазіргі кезеңі басқаруға жаңа талап қоюмен сипатталады. Дүниежүзілік ақпарат кеңістігі қалыптасқан . Оның жасалуында Интернет бастамасы 1969 жылы АҚШ-та жүзеге асты. Интернет білім беру мақсатында да кең қолданылуда.

Өз кезеңіңде информатика геоақпараттық жүйенің (ГИС) жасалынуына мүмкіндік береді.



Лекция 8

Тақырыбы: Дүниежүзілік көлік шарушылығы

(1 сағат)


Мақсаты – қазіргі заманғы дүние жүзі елдерін топтастырудың негізгі принциптерімен таныстыру.

Жоспары

  1. Дүние жүзі көлік түрлеріне сипаттама

  2. Көліктердің маңызы географиялық тұрғыдан сипаттама

Көлік – материалдық өндірістің үшінші жетекші саласы.

Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құрамдары қосылып, дүние жүзілік көлік жүйесін құрайды.Оның мөлшері орасан зор.

Көліктің барлық түрінің дамуына олардың еңбек өнімділігін 7 - 10 есе арттырып отырған контейнерлендіру орасан зор әсерін тигізді.

Контейнерлендіру (ағылшынның cоntain- сиғызу деген сөзінен шыққан) дана жүктерді арнаулы металл ыдыстар – контейнерлер мен тасу.

Дүниежүзіндегі көлік жүйесіндегі географиялық айырмашылықтар: екі топқа жататын елдер, аймақтар. Дүние жүзіндегі жүк және жолаушы тасымалы географиялық тұрғыдан алғанда өте әркелкі таралған.

Экономикасы дамығын елдердің көлігі, әдетте техникалық деңгейінің жоғары болуы мен және әртүрлі сала тармақтарының өз әрекеттесіп отыратындығынмен ерекшелінеді.

Көліктің барлық түрлері маңызымен даму деңгейі жөнінен ғана емес, сондай-ақ олардың географиялық қолдану салалары бойынша да топтастырылады. Бұл жағдайда (жер беті), су және су көлігі бөлінеді.

Құрлық көлігі: үш басты түрі. Автомобиль көлігін шын мәнінде жиырмасыншы ғасырдың көлігі деп атауға болады. Қазіргі кезде өркениеттің ажырамас эле-менттерінің біріне айналды. Автомобиль жолдарының ұзындығы ұдайы өсуде, ол қазір жиырма төрт миллион километрге жетті.

Темір жол көлігі тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрылықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр.Оған дүниежүзілік жүк және жолаушы тасымалдау үлесінің 1/10 келеді.

Су көлігі: теңіз көлігінің ерекше қызмет көлігі- дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамдас бөлігі.Теңіз көлігі дамуының нәтижесінде дүниежүзілік мұхит елдер мен континенттерді бөлуден гөрі өзара байланыстырып тұрады. Ол бүкіл халықаралық сауда-ның шамамен 4/5 бөлігін қамтиды.

Барлық теңіздер мен мұхиттардағы теңіз айлақ-тарының (порттары) жалпы саны 2,5 мыңнан асады. Бірақ дүниежүзілік айлақтар (порттар) деп аталатын, яғни жыл санын елу миллион тоннадан астам жүк тиейтін алып айлақтар қырықтан сәл асады.

Әуе көлігі - көліктің ең жас және қарқынды түрі. Тұрақты әуе жолдарының желісі ендігі жерде он миллион шақырымға созылып, бүкіл жер шарын орап алған.

Әуе жолы жүк тасымалынан бірінші орынды Солтүстік Америка, екінші - Еуропа алып, қалған елдер-дің ішінде АҚШ ерекше көзге түсті, онан кейін Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Франция алады.

Көліктің аумақтық табиғат жағдайларына тәуелдігі зор және сан алуан,

Сонымен бірге, көліктің айналадағы ортаға кері ықпалы да өсіп келеді. Атмосфераны ластаушы- автомобиль көлігі. Су көлігі – гидросфераны ластайды.


Лекция 9

Тақырыбы: Қызмет көрсету салалары олардың тармақтарына шолу
Мақсаты – Қызмет көрсету географиясы негізінен еңбектің аумақтық бөлінісі ықпалымен халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің кеңістіктік жүйесінің ( қызмет көрсету көлемін, сапасын және құнын есепке ала отырып ) дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын оқып – үйрету мәселелерін қарастырады.

Жоспары

  1. Қызмет көрсетудің маңызы

  2. Қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктер

Қызмет көрсету географиясы, тұрғындар географиясының дербес тарауы ретінде қарастырылып, қазіргі таңда экономикалық география пәндерінің жеке салалары - өнеркәсіп, ауылшаруашылық және көлік географиясы тәрізді осы географиялық ғылыми бағыттың негізгі курсына айналды.

Қызмет көрсету географиясы негізінен еңбектің аумақтық бөлінісі ықпалымен халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің кеңістіктік жүйесінің ( қызмет көрсету көлемін, сапасын және құнын есепке ала отырып ) дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын оқып – үйрету мәселелерін қарастырады.



Қызмет көрсетудің салалары, оның әлеуметтік экономикалық рөлі мен қоғам өміріндегі маңызы .

Дүниежүзілік шаруашылықты үш секторға бөліп қарастыруға болады. Атап айтсақ:



Бірінші секторға ауыр өнеркәсіпті және аграрлық шаруашылықты.

Екінші секторға химия және құрлыс материалдарын дайындау өнеркәсібін.

Үшінші секторға қызмет көрсету салаларын жатқызамыз.

Қызмет көрсету түрлерінің көптүрлілігі қазіргі таңда тек дамыған елдерге тән үрдіс болып қалыптасуда

XIXғ аяғы XX ғ басында қоғам өмірінде және әлем елдері экономикасында көптеген оқиғалар орын алды. Бұл кезеңде экономикалық өсу индустриалдық даму жолында болған. Жаңа қоғамның дамуы өмірге әртүрлі мамандық иелеріні заман талабына сәйкес икемдеді. Сол кезеңде елдің ЖІӨ-ң 60% нан төмен қызмет көрсету саласынан түскен болса, ол төмен дәрежелік деңгей еді. Қазір АҚШ да қызмет көрсету саласына 80% жұмыс орны тиесілі, соның ішінде 85% жоғары деңгейдегі мамандармен қамтылған. ЖІӨ-ң 78% қамтамасыз етіп отыр. 40% негізгі өндірістік қорға тиесілі. Батыс Европа елдерінде 66% қызмет көрсету саласына тиесілі, ал ЕО елдернінде ЖІӨ 65-75% аталған сала құрайды. XXIғ басында барлық қызмет түрлері ХВҚ есебі бойынша орта есеппен 1500млрд долларды(әлемдік өндірістің 70% астам үлесі) құраған. Дүниежүзілік сауда айналымындағы қызмет түрлері әлемдік шаруашылықтағы даму қарқынды секторға айналып отыр.

Лекция 10

Тақырыбы: Әлем елдерінің экономикалық ерекшеліктері
Мақсаты – Бұл көрсеткіштер бойынша елдерді Мәскеу мемлекеттік университетінің географ-ғалымдары ұсынған типология бойынша топтастырады.

Жоспары


  1. Қызмет көрсетудің маңызы

  2. Қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктер


Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру. Ел экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткіштері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік – АҚШ доллары пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер бойынша елдерді Мәскеу мемлекеттік университетінің географ-ғалымдары ұсынған типология бойынша топтастырады. Бұл топтастыру бойынша тәуелсіз елдер 3 ірі топқа бөлінеді:

    • Жоғары дамыған елдер

    • Орташа дамыған елдер

    • Экономикасы нашар дамыған елдер

Лекция 11
Тақырыбы: Дамыған елдерді экономикалық потенциалы, шарушылық құрылымдарына сипаттама

(1 сағат)


Мақсаты – Дамыған елдерге тән басты белгілерін анықтап, олардың негізгі топшаларының географиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоспары

  1. Дамыған елдер және олардың негізгі белгілері.

  2. Жоғары дамыған елдер.

  3. Шағын капиталистік елдер.

  4. Қоныс аударған капитализм елдері.

Жоғары дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән болатын, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (“Париж клубы”) мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының “ашықтығы”, ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән болады. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне (естеріңе түсіріңдер) аяқ басқан, яғни ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2-5%-дан аспайды, өнеркәсіп үлесі жылдан жылға қысқарып келеді, қызмет көрсету саласының үлесі 60-70%-ды құрайды. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына “көрінбейтін экспорт” (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн. адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн. адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Сонымен, бұл топтағы елдерге тән ортақ белгілер:



      1. Тәуелсіз болып, ұзақ уақыт дамуы;

      2. Қоғамда демократиялық принциптердің тұрақты қалыптасуы

      3. заңдардың жетілген болуы

      4. экономиканың нарықтық жолмен дамуы

      5. қызмет көрсету саласының басым болуы

      6. әлеуметтік базаның жоғары деңгейде, сапалы дамуы

      7. экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін саяси жүйенің болуы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет