Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Жану және жарылыс теориясы» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған


ГОСТ Р 52917-2008. Топливо твердое минеральное. Методы определения влаги в аналитической пробе. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 5 с



бет3/6
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

5 ГОСТ Р 52917-2008. Топливо твердое минеральное. Методы определения влаги в аналитической пробе. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 5 с.


2 Тәжірбиелік сабақ «Қатты отынның күлділігін анықтау»



1 Жұмыстың бағыты

Жұмыстың мақсаты – тас көмірдің аналитикалық тексермесінің (проба) күлділігін анықтап, оны жұмыс массасымен салыстырып есептеу. Алынған қорытындыны сапалы көмір мөлшерімен (норма) салыстыру. Күлділіктің бу генераторлық қондырғысының техникалық – экономикалық көрсеткішіне және жұмысына тигізер әсерін сипаттау.


2 Теориялық анықтама

Отын түрлерінң барлығы органикалық және минералдық бөлшектерден құрылады. Отын жанған кезде органикалық бөлшектер жанып кетеді де, ал қалған қоспалар жоғары температураның әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырайды (ұшып кетеді, бөлінеді, тотығады (окисляются)), содан кейін күл пайда болады. Күл дегеніміз – жанбайтын заттардың қоспасы (силикаттар, карбонаттар, әртүрлі металлдардың тотықтары, т.б). Күл жоғары температурада және қажетті ауа мөлшерімен, бүкіл жанғыш бөлшектері (компоненттері) жанып біткенен кейін отынның минералды құрамынан (массасынаң) түзеді.

Жоғары температурада түзілетін минералды кұрамдар қоспасы түзілме (шлак) деп аталады. Түзілме мен күлді қосып отынның (көмірдің) күлділіғі (зольность) деп атайды.

Отынның күділігі жанғыш бөлшектерді (горючие компоненты) азайтатындықтан отынның жанған кездегі жылулығы кемітіледі (азаяды), бу генераторы қондырғысының үнемі (экономичность) кемітіледі және отынның жануы күрделінеді (қиындатылады).


3 Зертханалық қондырғының сипаты

Қондырғының құрамы: ауа кіретін және отынның жанған кезіндегі түзілген заттардың шығуы үшін арналған екі тесігі бар муфельдік электр пеші (1); фарфор қайықшалар мен құмырашылар

(2); отынды күйдіру үшін қолданылатын муфел ішіндегі ыстықты өлшейтін термопара мен милливольтметр (3); күкірт қышқылы мен құмырашаларды (тигель) салқындататын эксикатор (4).

Сурет 2 – зертханалық қондырғы


4 Жұмысты орындау тәртібі

Тас көмір, антрацид және жанғыш сланецтерді күлділгі 11022-95 мемлекеттік стандартқа (ГОСТ) сәйкес, тездетіп күлдендіру әдісімен ( по методу ускоренного озоления) анықталады. Әдістің мағынасы – 35 минут ішінде 800±25°С ыстықта ауа еркін кіріп тұрған муфельде өлшемді отынды қыздыру болып табылады. Күлдың қалдығы мен бастапқы алынған отынның өлшем салмағының бөлінгіші отынның аналитикалық тексермесінің күлділігі деп есептелінеді (зольность в аналитической пробе).

Қатты бөлшектер ұшып кетпеу үшін, күлдендіруді жалын шығармай, баяу жүргізу керек. Өлшем жанбай, бек бықсу (тлеть) керек, ал от шыққан жағдайда құмырашаның бетін бірнеше секундқа жауып өшіруге тиіс. Кері жағдайда кокс түзілуі мүмкін, ол ауыр жанады.

1 Алдын ала өлшенген құмырашаларға 1±0,1 г отын салады. Өлшеу дәлділігі (точность взвешивания) мұнда да, будан кейін де 0,0002 г.

2 Өлшемді отын салынған құмырашыларды қалыңдығы 3 мм құрыш (болат) немесе керамикалық күйтабақшаларға (табақшаларға) қояды. Құмырашалар салынған күйтабақшаны 800±25°С ыстықтыққа көтерілгенден соң муфел қондырғысының шетіне есігін ашып қойып 3 минут ұстайды.

3 Жоғарыда көрсетілген уақыттан кейін құмырашалар салынған күйтабақшаны 2 см/мин жылдамдықпен муфел қондырғысының ішіне жылжытады.

4 Күйдіру аяқталғаннан кейін құмырашаларды ашық ауада 5 минут суытады, содан соң эксикаторда бөлменің температурасына дейін суытып алады да, өлшейді. Тексеру үшін күйдіру жүргізілмейді.

5 Алынатын анализ қорытынды дұрыс болу үшін 2-3 отынымен өлшемді бір уақытта параллел қыздырылады. Алынған көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық 0,2-0,5% тен аспау керек.

Өлшеудің көрсеткіштері төменгі кестеге енгізіледі.

Кесте



Құмыра-

шалардың




Құмырашалардың салмағы, гр

бос, m1

өлшемді отынымен, m2

қатты қыздыр-ғаннан кейін күлімен, m3

салмақтың кемуі,

m3-m2

1













2














5 Өлшем көрсеткіштерін өңдеу

Отынның аналитикалық тексермесінің күлділігі мына өрнекпен анықталады



мұнда: ∆m - күл қалдығының салмағы, г; m-өлшемді отынның салмағы, г.

Жұмыс салмағындағы отынның күлділігі



Мұнда Wжұм, Wa – жұмыс салмағының және аналитикалық тексерменің дымқылдылығы (ылғалдылығы), Wжұм және Wa белгілері зертханалық жұмыстың көрсеткіштеріне сай алынады.
6 Зертханалық жұмысқа дайындық үшін тапсырма

Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


7 Бақылау сұрақтары

1 Күлдің балқу (қорыту) температурасына байланысты энергетикалық отынның бөлінуі (классификациясы).

2 Күлдің қасиеттерін түгендеу?

3 Жұмыс орындау тәртібі қандай?

4 Күл мен түзбе (қоқыс/шлак) дегеніміз не?

5 Отынның жанғыш салмағына қарай қарапайым (элементар)

құрамы?

6 Отын жанған кезде қандай процестер жүреді?


8 Қолданылған әдебиеттер

1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.

2 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.

3. Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет