ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясынан үлкен практикум»



бет1/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1-61/ 03-2014


ПОӘК

Пәннің оқу-әдістемелік материалы



«Омыртқалылар зоологиясынан ҮП»

№2 басылым 11.09.2014



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Омыртқалылар зоологиясынан үлкен практикум»

«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

МАЗМҰНЫ:


1 Глоссарий

3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

4 Курс жұмысы (жоба)

5 Суденттің өздік жұмысы



  1. ГЛОССАРИЙ

Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;

ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;

герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;

орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;

териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.



  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

1 Тақырып: Омыртқалы зоологиянын материалдары мен құралдары. Жинау және сақтау әдістері.
Сабақтын мақсаты: Омыртқалы зоологиянын материалдары мен құралдары. Жинау және сақтау әдістерімен танысу.
Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:
Әдістемелік нұсқаулар.

  1. Омыртқалыларды тасымалдауға арналған құрал-жабдықтарға жалпы сипаттама беру.

  2. Зертханалық жағдайда омыртқалы жануарларды ұстауға арналған құралдарға жалпы сипаттама беру


Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар

  1. Омыртқалыларды тасымалдауға арналған құрал-жабдықтар.

  2. Зертханалық жағдайда омыртқалы жануарларды ұстауға арналған құралдар


2 Тақырып: Омыртқалы жануарларды анықтау.

Сабақтын мақсаты: Омыртқалы жануарларды анықтау тәсілдерімен танысу.

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Омыртқалыларды тасымалдауға арналған құрал-жабдықтар.

  2. Зертханалық жағдайда омыртқалы жануарларды ұстауға арналған құралдар.

Әдістемелік нұсқаулар.

  1. Объектілерді анықтау. Кілттер, айырғыштар және айырғыш таблицалармен жұмыс істеу үйрену.

  2. Омыртқалы жануарлар негізгі топтарының систематикасына шолу жасау.



Түсініктеме.

Омыртќалылар хордалылар типінің жоғары сатыдағы тип тармағы. Омырќалыларда шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртќа жотасы болады.

І. Омыртќалылардың жіктелуі: жаќ аппараттарының болмауына және болуына байланысты 2 топќа бөлінеді: 1-жаќсыздар — оған дөңгелекауыздылар класы ғана жатады; 2-жаќауыздылар — бұған шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, ќұстар, сүтќоректілер жатады.

ІІ. Омыртќалылар ұрығының даму ерекшеліктеріне сєйкес 2 топќа бөлінеді:

1. Ќағанаќсыздар (Аnаmnіа) (ұрыќќабыќсыздар) — бұған дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер жатады.

2. Ќағанаќтылар (Amniota) (ұрыќќабыќтылар) — оған бауырымен жорғалаушылар, ќұстар және сүтќоректілер жатады.

ІІІ. Омырќалылар дене температурасының тұраќсыз және тұраќты болуына сєйкес салќынќандылар және жылыќандылар деп 2 топќа бөлінеді.



1. Салќынќандылар (пойкилотермиялылар) — олардың дене температурасы сыртќы ортаның температурасына тєуелді болады. Бұл топќа- дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балыќтар, ќосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады.

2. Жылыќандылар (гомойотермиялылар) — оған дене температурасы үнемі тұраќты – ќұстар мен сүтќоректілер жатады.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Объектілерді анықтау. Кілттер, айырғыштар және айырғыш таблицалар.

  2. Омыртқалы жануарлар негізгі топтарының систематикасы.



3 Тақырып: Омыртқалы жануарлардың негізгі топтарын сипаттау.

Сабақтын мақсаты: Омыртқалы жануарлардың негізгі топтарын сипаттауымен танысу..

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Объектілерді анықтау. Кілттер, айырғыштар және айырғыш таблицалар.

  2. Омыртқалы жануарлар негізгі топтарының систематикасы.

Әдістемелік нұсқаулар.

  1. Желілілер типі (Chordata). Бас сүйегісіз клас түріне жалпы сипаттама беру (Acrania).

  2. Омыртқалы клас түрі (Vertebrata). Жақсыз клас түрі (Agnatha). Шеңберауыздылар класына жалпы сипаттама беру (Сyclostomata).

  3. Методикалық нұсқауларды қолдана отырып берілген кестелерді толтырыныз.

  4. Кестені толтырыңыз: Қандауыршаның мүшелер жүйесінің құрылысы және қызметі.

    Мүшелер мен мүшелер жүйесі

    Құрылыс ерекшелігі

    Қызметі

    Тері жамылғысы







    Хорда







    Бұлшықеті







    Асқорыту жүйесі







    Тыныс алу жүйесі







    Қан айналу жүйесі







    Жүйке жүйесі







  5. Метагенезге жалпы сипаттама беріңіз.

Түсініктеме.

Бассүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы. Ќандауыршатектестер отряды, европа ќандауыршасы. Ќандауыршада хордалылар типіне тән белгілердің (хорда, жүйке түтігі, 100 жұптай желбезек саңылаулары, тұйыќ ќанайналым жүйесі) өмір бойы саќталатындығы. Ќандауыршаның тері жабыны (кутикула, эпидермис, кутис (кориум). Бұлшыќ еттері (миомер, миосепта). Асќорыту жүйесі (ауыз алды ќуысы, аузы (желкен), көлемді жұтќыншағы, ќысќа ішегі, бауыр өскіні, аналь тесігі.



Ќандауыршаның ќанайналымы – тұйыќ. Жүрегі болмайды, жүректің ќызметін ќұрсаќ ќолќа ќантамыры атќарады.

Жүйке жүйесі: жүйке түтігі (невроцель ќуысы, гессе көзшелері).

Ыдырау өнімдерін шығару жүйесі: 90 жұптай нефридия түтікшелері (нефростомалар, соленоцит клеткалары).

Жыныс жүйесі: дара жынысты, сырттай ұрыќтануы. Дернєсілдерінің түрленіп дамуы. Хордалылардың ұрыќтарының дамуын зерттеуде А.О.Ковалевский еңбегінің маңызы.

Ќандауыршаның дамуы: бөлшектенуі, бластула, гаструла, нейрула, органогенез.

Ќандауыршаның шығу тегі және жіктелуі: кєдімгі ќандауыршалар, эпигонихтер, амфиокстер тұќымдастары.

Дөңгелекауыздылар класына жалпы сипаттама.

Әрбір мүшелер жүйесі белгілі бір реттілікпен атап өтіледі. Жаќсыз омыртќалы жануарларға тєн белгілер: Жаќсыздар – омыртќалылардың ең ќарапайым тобы. Оларда хорда өмір бойы саќталады; жаќ аппараты болмайды; аузы сору ќызметін атќарады, жұп жүзбеќанаттары болмайды; танау тегі сыңар (біреу); ішкі ќұлағында 2 (миногаларда), не 1 (миксиндерде) жарты иірім өзекшелер болады; желбезек шашаќтары энтодермадан пайда болған; жыныс бездері сыңар (біреу).



Сыртќы түрі - ұзынша жылан тєрізді. Ауыз алды ќуысы дөңгелек, онда ұсаќ мүйізді “тісшелер” орналасќан.

Ќаңќасы – хорда өмір бойы саќталады. Бас ќаңќасы шеміршекті таќташалардан тұрады. 9 жұп шеміршекті желбезек доғасы болады.

Асќорыту жүйесі. Ауыз алды ќуысы, аузы (желкен), жұтќыншаќ, өңеш, ішек, аналь тесігі бар. Жұтќаншағы екі түтікке бөлінген (асќорыту және тынысалу). Ішегінде спиральды ќатпарлар бар, өт ќабы болмайды, ұйќы безінің нышаны ішекте шашырап орналасќан.

Тынысалу жүйесі - ќапшыќ тєрізді желбезек аппаратынан тұратындыќтан, оларды кейде ќапшыќ желбезектілер деп те атайды Оның саны 7 жұп. Сыртќы желбезек тесіктері сыртќа жеке-жеке ашылады. Ал, ішкі желбезек тесіктері тыныстыќ түтікке ашылады. Тыныстыќ түтігі – тұйыќ өскін болып бітеді.

Ќанайналым жүйесі – тұйыќ, жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір ќарынша), жүрегі арќылы вена ќаны ағады. Бүйрегінде вена ќаќпа торы болмайды. Көкбауыры жоќ. Ќан клеткалары өңеште, ішекте, бауырда, бүйректе түзіледі.

Жүйке жүйесі. Миы 5 бөлімнен тұрады, мидан 10 жұп жүйкелер таралады.

Сезім мүшелері өте ќарапайым. Көзі нашар дамыған. Иіс сезу мүшесі – сыңар таңау тесігінен тұрады. Бүйір сызығы айќын байќалады.

Зєр шығару жүйесі – жұп дене бүйрегінен (мезонефрос), жұп несепағардан (вольф өзектерінен), зєржыныстыќ ќолтыќтан тұрады.

Жыныс жүйесі. Дөңгелекауыздылар дара жынысты, сырттай ұрыќтанады. Жыныс бездері (аналығында да, аталығында да) сыңар (біреу). Миногалардың көпшілік түрі өрістейді (теңізден өзенге көтеріліп, уылдырыќ шашады).

¤суі мен дамуы. Бөлшектену арќылы дамиды. Дернєсілі – ќұмтескіш (пескоройка) деп аталады. Ол белсенді жүзіп тіршілік етеді. Дернєсілінің тіршілігі ќандауыршаға ұќсас.

Жіктелуі. Дөңгелекауыздылар класының 2 отряды бар: миногалар (30-дан астам түрі бар), және миксиндер (18 түрі бар). Жаќсыздардың ќалќандылар класының түрлері геологиялыќ замандарда жойылып кеткен.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Желілілер типі (Chordata). Бас сүйегісіз клас түрі (Acrania).

  2. Омыртқалы клас түрі (Vertebrata). Жақсыз клас түрі (Agnatha). Шеңберауыздылар класы (Сyclostomata).

  3. Метагенез қандай жануарларға тән?


4 Тақырып: Балықтар клас түрі (Pisces). Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes).

Сабақтын мақсаты: Балықтар клас түрі (Pisces). Шеміршекті балықтар класымен (Chondrichthyes) танысу.

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Желілілер типі (Chordata). Бас сүйегісіз клас түрі (Acrania).

  2. Омыртқалы клас түрі (Vertebrata). Жақсыз клас түрі (Agnatha). Шеңберауыздылар класы (Сyclostomata).

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Шеміршекті балықтар класына жалпы сипаттама беріңіз.

  2. Шеміршекті балықтарды морфологиялық және морфометриялық жүйелеп баяндау жасау.

  3. Кестені толтырыңыз: Шеміршекті балықтардың тері жамылғысы.




Шеміршекті балықтар

Қабықшаның түрі

Тері жамылғысы және оның туындылары




  1. Шеміршекті балықтардың классификациясы.

  2. Анамнияларға жалпы сипаттама берініз. Анамниялыларға қандай жануарлар жатады

  3. Акулалар отрядының жалпы сипаттамасы және кең таралған өкілдері.

Түсініктеме.

Сыртќы түрі мен тері жабыны. Дене бөліктері: бас, тұлға, ќұйрыќ. Дене мөлшері – 20-см-ден 20 метрге дейін жетеді. Тері жабыны 2 ќабатты: сыртќы көпќабатты эпидермис, ішкі дєнекер ұлпалы кутис (кориум). Желбезек саңылаулары 5-7 жұп, оның єрќайсысы сыртќа жеке-жеке ашылады. Алға созылыңќы тұмсығы (рострум) болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау пішінді. Көздің артќы жағында жұтќыншаќпен байланысќан екі су шашќыш тесігі (брызгальца) бар. Ќұйрыќ жүзбеќанатының үстіңгі ќалағы үлкен (астыңғы ќалағы кіші) – гетероцеркальды. Ќұрсаќ жағында клоака (тік ішектің кеңейген бөлімі) орналасќан. Денесі плакоидты ќабыршаќпен (ұсаќ сыртында тікенекті бүртігі бар) ќапталған. Жұп көкірек және жұп ќұрсаќ жүзбеќанаттары денесіне көлбеу орналасќан.

Ќанќасы мен бұлшыќеттері. Ќаңќасы шеміршекті. Біліктік ќаңќа – басќаңќасы мен омыртќа жотасынан тұрады. Басќаңќасы – ми сауыты мен висцеральды бөлімдерден ќұралған. Висцеральды бөлімде – жаќ, тіласты және желбезек доғалары бар. Омыртќа жотасы 2 бөлімнен (тұлға және ќұйрыќ) тұрады. Жеке омыртќаның денесін және доғасын ажыратады. Омыртќаның денесінің алды да, арты да ойыс (амфрицельді). Жұп жүзбеќанаттарының (көкірек және ќұрсаќ) ќаңќасы белдеулермен байланысќан: а) иыќ белдеуі мен көкірек жүзбеќанаттары; є) жамбас белдеуі мен ќұрсаќ жүзбеќанаттары.

Бұлшыќеттері метамерлі (жеке сегменттерден тұрады) орналасќан.



Асќорыту жүйесі. Ќозғалмалы жаќ аппараты бар ауыз ќуысы, жұтќыншаќ, ќысќа өңеш, ќарын, аш ішек, тоќ ішек, клоакамен аяќталады. Тоќ ішегі едеуір жуан, єрі онда спиральды ќатпарлар орналасќан. Ол ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Бауыры үлкен 2 ќалаќты, өт ќабы, өт өзегі бар. ¤т өзегі аш ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Аш ішектің бұрылысында ұйќы безі орналасќан.

Тынысалу жүйесі. Желбезек аппараты 3 элементтен тұрады: а) шеміршектегі желбезек доғасы; є) терілі желбезек аралыќ перде; б) ұсаќ желбезек шашаќтары. Суда еріген оттекпен тыныс алады. Желбезек шашаќтары мен капилляр ќантамырларының арасында газ алмасу процесі жүреді.

Ќанайналым жүйесі – тұйыќ. Жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір ќарынша). Жүрегінен тек вена ќаны ағып өтеді. Артерия ќантамырлары – ќұрсаќ ќолќасы, желбезек артериялары, арќа ќолќа түбірі (жұп), арќа ќолќасы және т.б.

Веналыќ ќантамырлары – жұп алдыңғы және жұп артќы кардинальды (яремді) веналар, жұп кювье өзегі, ішекасты венасы, бауыр және бүйрек вена ќаќпалары, бауыр венасы.

Жүйке жүйесі. Орталыќ жүйке жүйесі – ми мен жұлын. Ми бөлімдері (алдыңғы, аралыќ, ортаңғы, сопаќша ми және мишыќ). Жұлын – омыртќа жотасының өзегінде орналасќан.

Шеткі жүйке жүйесі – мидан және жұлыннан тарайтын жүйкелерден тұрады. Мидан 10 жұп жүйкелер таралады:

І. Иіс сезу жүйкелері – алдыңғы мидың иіс сезу бөліктерінен басталып, танау тесігіне таралады.

ІІ. Көру жүйкелері – аралыќ мидың түбінен басталып, көздің торлы ќабығына таралады.

ІІІ. Көзді ќозғаушы жүйкелер – ортаңғы мидың түбінен басталып, көз алмасының бұлшыќеттеріне таралады.

ІV. Шығыр (блоктыќ) жүйкелер – ортаңғы мидың артќы бөлігінен басталып, көз алмасының ќиғаш бұлшыќеттеріне таралады.

V. Үштарамды жүйкелер – сопаќша мидан басталып, көзге, үстіңгі және астыңғы жаќтарға таралады.

VI. Әкетуші жүйкелер – сопаќша мидан басталып, көз алмасының сыртќы тік бұлшыќеттеріне таралады.

VІІ. Бет жүйкелері – сопаќша мидан басталып, ауыз ќуысына, жаќ және тіласты доғаларына таралады.

VІІІ. Есту жүйкелері – сопаќша мидан басталып, ішкі ќұлаќќа таралады.

ІХ. Тіл – жұтќыншаќ жүйкелері – сопаќша мидан басталып, тіл мен жұтќыншаќќа таралады.

Х. Кезеген жүйкелер – сопаќша мидан басталып, барлыќ ішкі мүшелерге таралады.

Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшесі – жұп танау тесігі. Көру мүшесі – жұп көз. Көз алмасының ќасаң ќабығы жазыќ, көз бұршағы шар пішінді. Есту мүшесі – ішкі ќұлаќтан тұрады. Онда үш жарты иірім өзекшелер бар. Бүйір сызығы жаќсы дамыған.

Зәр шығару жүйесі: жұп бүйрек (мезонефрос), жұп несепағар (вольф өзектері) және клоака. Ыдырау өнімдері негізінен ќаннан, ал амиаќ желбезектерінен бөлінеді.

Жыныс жүйесі: дара жынысты, іштей ұрыќтанады. Аналыќтарында жұп аналыќ без, жұп жұмыртќа жолы клоакаға ашылады. Жұмыртќалары ірі єрі сарыуызға бай. Аналыќтарының жұмыртќа жолы мен несепағарлары бір-бірімен байланыспайды. Аталыќтарында жұп тұќым безі, жұп тұќым жолы клоакамен аяќталады. Аталыќтарының несепағарлары (вольф өзекшелері) арќылы зєр заттары және жыныс өнімдері өтеді.

Шеміршекті балыќтар 2 класс тармағына бөлінеді: 1. Таќтажелбезектілер; 2. Тұтасбастылар.



Таќтажелбезектілер класс тармағына 700- ге жуыќ түрлер жатады. Көпшілік түрлері теңізде тіршілік етеді. Тұмсығы (рострум) айќын байќалады. Желбезек саңылауларының саны 5-7 жұп. Бір жұп сушашќыш тесігі бар. Желбезектері терілі желбезек аралыќ перделерде орналасќан.

Акулалар отряд үсті. Акулалардың 350-ге жуыќ түрі бар. Олар Каспий, Арал теңіздерінен басќа барлыќ мұхиттар мен теңіздерде таралған. Дене пішіні ұзынша созылыңќы, белсенді тіршілік етеді. Көпшілігі жыртќыш, кей түрлері (кит акуласы, алып акула) планктондармен ќоректенеді.

І. Акулалардың негізгі отрядтары:

1. Көпжелбезекті акулалар: оған ертеден келе жатќан ќарапайым акулалар жатады. ¤кілі – жалпаќ тұмсыќты акула. Дене пішіні жылан тєрізді, 6 жұп желбезек саңылауы бар, тірідей шабаќтайды. Атлант, ‡нді, Тыныќ мұхиттардың ќоңыржай және субтропикалыќ суларында таралған, саны аз. Балыќтармен, басаяќты ұлулармен ќоректенеді.

2. Әртүрлі тісті акулалар: 7-10 түрі бар, ұзындығы –1,5 метрге жетеді. Желбезек саңылаулары – 5 жұп. ¦рыќтанған уылдырыќ шашып көбейеді. Тыныќ, Үнді мұхиттарының жылы єрі субтропикалыќ теңіздерінде таралған.

3. Мұртты акулалар: көпшілігінің тұмсығында мұртшалараы болады. 2 тұќымдасы бар. Кит акуласының ұзындығы 15-20 м., салмағы 12-14 т.

4. Ламнотектес акулалар: арќа жүзбеќанаты екеу, аналь жүзбеќанаты біреу. 6 тұќымдасының 20-дей түрі бар. Алып акула осы отрядќа жатады.

5. Кархаринтектес акулалар: 150-дей түрі бар. Жолбарыс акуласы - ұзындығы 5 метрдей. Балға тұмсыќты акулалардың бастары жалпаќ, оның екі шетінде екі үлкен өскіні бар. Көздері сол өскіндердің ұшында орналасќан. Бұл отрядќа мысыќ және сусар акулалары да жатады.

6. Катрантектес (тікенекті) акулалар: 3 тұќымдасының 30-дан астам түрі бар. Көпшілігінің дене мөлшері шағын. Кей түрлері топтанып тіршілік етеді.

7. Аратұмсыќты акулалар: 4 түрі бар. Үнді, Тыныќ мұхиттарының жылы теңіздерінде жағалауға жаќын аймаќтарында таралған. Тұмсыќтары ұзын єрі жалпаќ семсерге ұќсас. Оның екі шетінде жұп мұртшалары бар, єрі ірі тістері орналасќан. Су түбінде тіршілік етеді.

8. Теңіздің періште акулалары: дене пішіндері скатќа ұќсас, су түбінде тіршілік етуге бейімделген 11түрі бар. Денесі жалпаќ, єрі жұмыр, ұзындығы 2,5 м., салмағы 100 кг. ¦саќ балыќтармен ќоректенеді.

ІІ. Скаттар отряд үсті. Оған денесі жалпаќ және көкірек жүзбеќанаттары өте жаќсы дамыған шеміршекті балыќтар жатады. 5 жұп желбезек саңылаулары денесінің ќұрсаќ жағында орналасќан. Су шашќыш тесіктері акулалардан жаќсы дамыған. Скаттар су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Олар ұлулармен, шаянтектестермен ќоректенеді. Скаттар 5 отрядќа бөлінеді. Түр саны 340-тан асады.

Скаттардың отрядтары:

1. Аратұмсыќты скаттар: 7 түрі бар, ірі түрлерінің денесінің ұзындығы 5-6 м., сыртќы түрі аратұмсыќты акулаларға ұќсас. Тұмсығы ара пішінді ұзын оның жиектерінде ірі тістері болады, біраќ онда мұршалары болмайды. Жаќсы жүзеді, топтанып жүрген ұсаќ балыќтармен ќоректенеді.

2. Рохлетектес скаттар: оған 50-ге жуыќ түрлер жатады. Сыртќы түрі акулаға ұќсас, біраќ желбезек саңылаулары денесінің ќұрсаќ жағында орналасќан.

3. Ромбыденелі скаттар: 100-ден аса түрі бар. Денесінің ұзындығы 30-см-ден 2 метрге жетеді. Көпшілігінің денесінде ірі плакоидты ќабыршаќтары бар. Ќара теңізде – теңіз түлкісі деген түрі, ал Аќ теңіз бен Баренцов теңізінде жұлдызды скат деген түрі кездеседі.

4.3. Шаншарќұйрыќты скаттар: 100 – дей түрі бар, денелерінің ұзындығы 50 см-ден 7 метрге, жалпаќтығы 30 см-ден 5-7 метрге жетеді. Көпшілігінің ќұйрыќ сабаќшасының орта тұсында бір (кейде 2) ұзын мүйізді ұшы үшкір шаншары (инесі) болады. Осы шаншары арќылы жауынан ќоранады, єрі ќорегін ұстайды. Ќара және Азов теңіздерінде теңіз мысығы деген түрі кезедеседі.

5. Электрлі скаттар: барлыќ мұхиттардың субтропикалыќ және тропикалыќ теңіздерінде 40-ќа жуыќ түрі таралған. Ќабыршаќтары, тікенектері болмайды. Басының екі бүйірінде түрі өзгерген бұлшыќет ұлпасынан пайда болған ерекше электрлі мүшелері болады. Олардан бөлінетін электр ќуаты 60-300 вольтќа жетеді. Олар өте баяу ќозғалады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет