ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Түрік халықтарының тарихы» «5В020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет8/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жоспары:

1.Алтай түріктерінің шығу тарихы.

2.Алтайдағы қазақтар мен түріктер.

Түркі тектес халықтардан Аралық бұтаққа жататын 14 ел бар.Тұран халқының байырғы қоныстарында емін-еркін көшіп-қонған көшпелі, мал шаруашылығымен шұғылданған бұл халықтарды түркі тектес халық деп жазыпкелген-ді. Бұлардың ішінде ең әйгілісі қырғыздар. Қырғыздар туралы да тарихшылар Моңғолия үстіртінде Орхан өзені бойында әжептәуір дәуірлеп тұрған «Қырғыз ұлысын» тілге тиек етеді. Енисей қырғыздары, Тянь-Шань қырғыздарының тарихқа түсуі VI ғасыр мерзімін тұспалайды. Сол қырғыздармен қанаттас жүріп, аралас-құралас өсіп өнген түркі халықтарының Аралық бұтағына жататын хакастар, сахалар, алтайлықтар, тувалар, тофалар, шұлымдар, шорлар, саларлар, сары ұйғырлар, долғандар, чуваштар түріктенген моңғол тектілер ме, әлде моңғолыланған түркі тектілер ме? Бұл туралы күні бүгінге дейін аталмыш халықтардың тарихын зерттеушілер әртүрлі жазып, сызып келгендіктен жаңағы сұраққа жауап таба алмаймыз. Тіпті мұндаға дейін жоңғардың үрім-бұтағы болып өздерін ойрат әулетінен тарататын алтайлықтарды түркі тайпасы деп жазып жүрміз. Олай болса олардың тарихы жоңғардың Галдан Боршигтысынан Давашы Амарсанаға дейінгі Орта Азияға орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм заманның сұрапыл оқиғасын мадақтаумен машықтануда. Тіпті Галдан Бошигт пен Амарсаналар қайта туылып (Будда дінінің өсиеті бойынша) алтайлықтарды азат етеді деп көк тәңірге жалбарланып келгені аңыз-хикаяларында жыр болып жалғасады.

Алтайлықтарды моңғол халқы тұрғай тарихшылардың өзі жақсы біле бермейді. Ал,сол жоңғарлардан жапа шеккен қазақтар мен қырғыздар қаншалықты білген. Бұл арада тарихи құжаттарға жүгінейік.

Таулы Алтай аймағының негізгі халқы алтайлықтар саны 56 мың (1970). Түркі тілдері тобына жататын алтай тілінде сөйлейді. Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. 1 топқа челкан, кумандин, шор кіреді. Бұлар ежелгі самодий, кет, угр, түркі тайпаларының ұзақ уақыт өзара қосылысуынан өрбіген. 2 топқа алтай қажи, төлеңгіт, төлеуіт. Бұлар ертедегі (V-VIII ғ.) алтайлықтардың түркі тайпаларымен және XIII-XV ғасырда келіп сіңген түркі, кейбірі моңғол тайпаларымен араласудан шыққан. Бұрын артта қалып шаман дінін ұстаған, экономикасы мен мәдениеті дамымай, жазуы мен жазба әдебиеті болмаған, патриархалдық, феодалдық құрылыста өмір кешкен дейді. («Қазақ Совет энциклопедиясы» I том. Алматы. 1972 ж. 295бет.)

«Алтайлықтарды жоңғарлықтар әулеті дегенді ешбір зерттеушілер айтпайтыны саясатқа байланысты болуы да мүмкін. Ал тек ғалым С.Бизаков былай тұжырым жасапты. «Қазан төңкерісіне дейін алтайлықтардың бірыңғай аты болмаған. Олар өздерін алтай кижи, теленгит, теле, телеуіт, кумадан деген тәрізді сан алуан тайпа атымен ғана атап келген. Оның үстіне алтай тіл жағынан да, тіпті нәсіл жағынан да біртекті болмады. Оңтүстік алтайлықтардың сырт пішіні моңғолдарға ұқсап тұрса, ал солтүстік алтайлықтар оңтүстік Сібір (Тұран) нәсіліне жатады. Алтайлықтардың негізі VI-VIII ғасырларда түркі, кет, угр тайпаларынан құрылған» дейді. («Түркістан халықаралықө энциклопедия» . Алматы 2000. 64 бет).

Бес ғасыр моңғол тайпаларымен араласып Жоңғар хандығы талқандалғаннан соң алтайлықтар 1756 жылы Ресей патшалығының қолтығының астына өткенде аз ғана қашқан-пысқындары ғана қалған болатын. өйткені, Маньчжур патшалығы «Осыдан былай (1757) ойрат деген ел жер бетін басып жүрмейтіндей қырып-жойдық» деп акт жасап, құжат қабылдаған. Тіпті ойраттың соңғы ханы Амарсананы Тобелск қаласында шешек ауруымен өлгеннен соң 17 жылдан кейін көрден суырып алып Амарсана екенін дәлелдеген комиссия актысын Манж Цин патшалығы растап жарлық шығарған-ды. Бұл жоңғар халқын қайтіп бас көтертпестей етіп үрім-бұтағын құртуға бағытталған аса қатал шешім болатын. Бірақ, қандай бір қырғын соғыс болмасын халықты ұрпақсыз қырып жіберу мүмкін емес. Орыстардың дзунгары, қазақтың жоңғары, моңғолдардың ойраты (жақын туыс деген мағынада) осылайша қырғын-сүргіннен құтылғандарының да жырғағаны шамалы. Есінен таңған естісі қырылған елді Ресей патшасы жалғыз-жарыс жылдың ішінде христиан дініне кіргізіп, қалған халықты тұтастай шоқындырып жібереді. Арыдан діндар емес, тек ақсүйек нояндары мен хан ламалары ғана будда дінінің ламизмін тұтынатын ел-ілезде христиан болып шыға келген-ді. Ал қарапайым халық шаманизмінің от пен суға табынатын тәңірлік қағидасын да ұмыта бастады.

Тау-таудың қуысын паналаған аңшылық, малшылық кәсібін қуған ойраттар Алтай, Саянда жапсарлас отырған тыва, тофа, шұлымдар мен тайгада бұғы, маралмен ғана күн көретін цатын сары ұйғырлармен қатынаста болады. әсіресе, бір кездерде өздерімен бір одақта болған батыс Моңғолдағы ойрат нәсілі баяд, дөрбет, торғауыт, урианхайлармен байланысуға талпынса да азуы алты қарыс Ресей патшалығы Таулы Алтайдың жыныс ормандары мен тау қыраттарынан ұзатпай Алтай тауына қамап тастағандай еді.

Қазан төңкерісінің сәл алдында жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен бетбұрыс жасалды. Кеңес Одағы езілген қаншама халықты Ақ патшаның зұлымдығынан азат еткені сияқты, 1921 жылы Сыртқы моңғолды азат етіп Моңғол Халық Республикасы құрылды. Сонан кейін бір жылдан соң батыс моңғолға іргелес орналасқан ойраттарға бақытты тұрмыс жаратып 1922 жылы Ойрат автономиялық облысын құрды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды.

Алтайлықтардың тарихы айқын. Олардың шығу тегі ойраттарға байланысты екеніне дау айтатын ешкім болмаса керек. Алайда тарихшылар әдейі жаза ма, әлде көптеген халық тарихына қара дақ түсірген жоңғарлар әулеті бас тарта ма, оны да моңғол да емес, ойрат та емес деп көрсетуден «алтай» деген ат шығарып алғаны жұмбақ сырдың түйіні іспетті.

Әлем тарихына белгілі Тұранның кең алқабын арыдан мекендеген, шығу тегі жағынан туыстас алтай тілінің отбасында жататын тіл білімінің қалыптасқан жүйесі бар. Түркі тілі немесе Тұран тілдері емес, неге алтай тілі деп аталады? Бұл мәселенің бір жағы. Этнолингвистика мамандары, тіл білімінің білгірлері алтай тілінің тарихын әлі саралап айтып бере алған жоқ.
Алтай тауы туралы айтар болсақ, әлемге әйгілі тау. Өр Алтай, Таулы Алтай, Моңғол алтайы. 3000 километрге созылған, басын мұзарт басқан, етегін жасыл орман көмкерген құтты мекен. Соның асқар шыңы Өр Алтайдың үш жағында Қазақстан, Шығыс Түркістан қазақтары, Моңғолия қазақтары мекендейді. Алтаймен жапсарлар Саян, Ханғай, Хантэнгэр (Хантәңірі) тауларда байлығымен, құлын мүшесі бұзылмаған табиғатымен әлемге әйгілі. Алтайды «Алтын тау», «Алтынды тау» деп әр түрмен атап келеді. Егер ол алтынға байланысты аталса Алтынды тау, Алтынды сай, Алтынға бай тау деп неге айтылмайды?

Ертедегі Қытай жазбалары Алтай тауын мекендеген халықты «Төрт маусымды ел», «Қыс жазы», «Көктем, күзді ел» деп өз шежірелерінде жазып-сызған. Неге дегенде Азия шығысында жалғыз-жарым ғана маусым болған. Оларда қар жауса да тез еріп кетеді. Көлдер мен өзендері мұз болып қатып қалмағандықтан таулы, нулы-сулы жердің табиғатына таңданып алты ай қыс, алты ай жаз болғандықтан «Алты ай» деген ертедегеі түркі сөзін пайдаланып Алтай тауы деген сөз туындаған деген болжам шындыққа жуық. Егер тау аты алтынға байланысты айтылса көшпелілердің ата қонысындағы алтын, күмісінің дені далалық өңірден қазып алынып келіпті. әлі де солай. Сондай-ақ Алтай деген алтыннан да артық байлығы мол ұлы тау. өйткені 3000 километрге созылған Алтай тауларының қойнауы толған байлық. Тұнып тұрған мұндай байлықты мекенін «Асқар Алтай», «Аспан Алтай» деп тәу етіп келген халықтың бірі қазақ халқы. Қазақтар үшін Алтай деген тау аты, байлықтың түрі-темірдің пірі алтыннан да асып түсетін қасиетті ұғым. Олай болса бұл халықты орыстардың атап дағдыланған «Алтай» атымен емес, «Таулы Алтай» деп атаса болғандай.

Бұл халықтың нағыз тарихына жүгінсек, моңғол тектес ойрат халқының төрт руынан тараған шағын халық. Қазіргі барлық саны 90 мыңнан аспайтын бұл халық түріктенген моңғолдар ма, әлде моңғолданған түріктер ме дегенді осы тараудағы түркі халқының басқадай Аралық бұтағына байланысты халықтардың тарихымен салыстыра сөз етіп көрейік.
-30 лек бақылау сұрақтары.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.

2. Қырғыз Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.

3. Өзбекстан Республикасының құрылғаны туралы жариялауы.

4. Түркия жаңа және қазіргі заманда




ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


Тақырып 1. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар).


Тақырып 2. Түpкі қағанаты.


Тақырып 3. Батыс түpiк қағанаты.

Тақырып 4.

Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.



Тақырып 5.

Түргеш қағанаты.



Тақырып 6.

Ұйғыр қағанаты.




Тақырып 7

Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.



Тақырып 8.

Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.



Тақырып 9.

Қырым, Қазан және Астрахань хандықтары



Тақырып10. XV-XVIIIғғ. Қазақ хандығы.



5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.

Өздік жұмысының кең таралған және маңзыд түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастырудағы үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені магистранттың өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірніш кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқа да библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау.
5.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары


5.2.1.

VII-XIII ғғ. Түркілердің рухани мәдениеті

5.2.2.

Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

5.2.3.

Түркілердің исламдануындағы мәдени-рухани алғышарттары тақырыбын оқу

5.2.4.

«Түркі эпостары (идея, образ, историзм)» тақырыбын оқу

5.2.5.

Қимақ қағанаты.

5.2.6.

«Ертетүркі жазба ескерткіштері тарихи дерек ретінде»

5.2.7.

В.В.Бартольдтың ежелгі түркілерді зерттеуде қосқан үлесі.

5.2.8.

Джадидизм ағарту қозғалысы ретінде

5.2.9.

«Мұстафа Кемал: саяси портрет» тақырыбын оқу

5.2.10.

Түркі халықтарының рухани өміріндегі діннің рөлі

5.2.11.

Әмір Темір жорықтары

5.2.12.

Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы

5.2.13.

Орта Азиямен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

5.2.14.

Алтын Ордамен Моғолстанның ыдырауы.

5.2.15.

Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері



«Түрік халықтарының тарихы»

курсы бойынша емтихан сұрақтары

1 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

2.V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп-қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

3. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

4. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің

Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

5. Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

6. Жеғүй мен Тон-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын

кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

7. 723 ж. түркештер кандай тайпамен бірігіп арабтарға қарсы соққы берді?

8. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

9. Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атады?

10. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

11. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

12. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

13. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға
бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

14. X ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп,


оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдай қай жабғу тұсында болған?

15. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді?

16. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс

аударды?


17. Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

18. Әл-Идриси еңбегі бойынша қимақтардың Ертіс өзені бойында қанша қаласы болған?

19. Қарахан мемлекеті қашан екіге бөлінді?

20. 1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

21. Шығыс және Батыс Қыпшақ бірлестіктері аралығын не бөліп тұрды?

22. Қыпшақтардың Хорезм шахымен ұзаққа созылған соғысын тоқтатқан басты себеп не болды?

23. Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігін кімдер құрады?

24. Қарақытайлар тарихында қай тайпаның орны ерекше болды

25. Қарахан хандығында 960 ж. қандай басты оқиға болды?

26. Қарақытай мемлекетінің орталығы:

27. Найман хандығы қашан құлады?

28. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?

29. Найман одағында қанша тайпа болған?
30. Керейттер туралы мәліметті қай деректен білеміз?

2 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары

1. Ғұндар мемлекетінің құрылуы, көршілерімен қатынастары.

2. Ғұндар дунху және юечжилермен соғыстары.

3. Көшпелі Ғұн империясының дамуы және құлдырауы.

4. Орта Азия және Қазақстандағы ғұндар.

5. Еуропаға ғұндардың басып кіруі.

6. Еуропаның орта ғасырлық тарихындағы ғұндардың рөлі мен орны.

7. Батыс Түрік қағанаты.

8. Шығыс Түрік қағанаты.

9. II Шығыс Түрік қағанаты.

10. Түркі халықтарының дүниетанымы, әскери ісі, діні, әлеуметтік құрылымы.

11. Қарахандардың мәдениеті.

12. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі.

13. Хазар мемлекетінің құрылуы.

14. Хазарлардың мемлекеттік құрылымы.

15. Хазарлардың шаруашылығы, мәдениеті.

16. Қимақтардың шығу тeгi мен opнaлaсy аймағы.

17. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.

18. Қимақтардың шаруашылығы, әлеуметтік - саяси жағдайы.

19. Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

20. XI-ХІІ ғғ. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының құрылуы.

21. Қыпшақ мемлекеттілігі.

22. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы.

23. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы.

24. Қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде.

25. Өзбек хандығаның құрылуы.

26. Өзбек хандығаның ішкі және сыртқы саясаты. 31. Наймандардың салық жинаушысы қалай аталды?

27. Қыпшақтардың Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрғандары қалай аталды?

28. Керей мемлекеті қашан құлады?

29. Қыпшақтардың оң қанатының орталығы қалай аталды?



30. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет