ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет3/12
Дата02.05.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, ойын, оқу, еңбек, дағды, іскерлік, білім, қозғалыс, мақсат, себеп, түрткі , әрекет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



    1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.

    2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?

    3. Дағды, іскерлік және әдетке анықтама беріңіз.

    4. «Мотив» және «мақсат» түсініктерін талдаңыз.

    5. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

    6. Оқу іс-әрекеті дегеніз не?

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 2010

2. Алдамұратов Ә.. Жалпы психология. А., 2011.

3. Немов Р.С. Психология. М., 2010

4. Столяренко Л.Д. Основы общей психологии. М., 1995

5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1987.



Тақырып. Психологиядағы тұлға психологиясы

Дәріс жоспары:

1. Тұлға туралы жалпы түсінік.

2. Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға теориялары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Адам – саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина (биологиялық тіршілік иесі ретінде) және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылмдар ададмды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам (кісі, азамат) тұрғысынан зерттейді.

Сонымен, адам деген ұғым – сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады.

Ал жеке адамдды (ұғым) біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам.

Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.

Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.

Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді.

Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді (А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт).

Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседді. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.

Интеллект – басқалар байқамайтын нәрсені көре білу қабілеттлігі; естіген, білгенді өңей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі.

Сезімдік-эмоциялық шапшаңдығы, сезімталддық, сезімдегі нәзіктік, сұлулықты, үйлесімділікті сезе білу.

Еріктік – ерік-күш жігерінің жоғарылылығы, таң қаларлық ерлік жасай білуі, ұстамдылық таныта білуі.

Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар.


  1. Биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар – американ психологы С. Холл, неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы – психоанализ теориясының «әкесі» З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын – тұқым қуалаушылық. Холл – филогенездің онтогенезде қайталануы, Кречмер – адам типтері оның дене құрылымына ғана байланысты. Фрейд – адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты – дейді (қоғамның рөлін төмендетеді).

  2. Қарама-қарсы ағым – социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы – адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп, әлеуметтік жағдай әсерінен ғана жеке адам болып қалыптасады.

Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен білім және дағының әсері. Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына байланысты ғана рөлді ұсынады. Солардың арқасында оның мінезі, қарым-қатынасы қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойындамау.

  1. Психогенетикалық концепция – бұл тұжырым бойынша бірінші орында биологиялық ерекшелік те емес, қоршаған орта да емес, тек психологиялық процестер алға шығады.

Психодинамик – Эриксон, адамның мінез-құлқы, эмоциялары, сезімдері арқылы қалыптасады десе, Пиаже мен Келли адамның танымдық әрекеттері басты рөл атқарады дейді. Жеке адамның дамуы негізінде қарастырған концепция – персонологиялық деп аталады оны ұстаушылар – Шпангер, Бюллер, Маслоу. Дұрысында, диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан жеке адам - тек биологиялық жетілу немесе қоршаған ортадағы жағдайлар емес, ол қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынаста болатын, осы жағдайлар жеке адамдық қасиеттермен дамып, жетілетін адам. Басқаша айтқанда, жеке адам – дамудың белгілі сатысы, оған бәрі бірдей көтеріле бермейді.

Жеке адамның негізі – оның құрылымымен анықталады, әртүрлі жақтарының бір-бірімен тығыз байланысы болатын тұтас құрылым. Жеке адамның құрылымы өте күрделі. Оның негізгілері – жеке адамның бағыттылығы, мүмкіншілігі, мінезі және басқару жүйесі. Бағыттылығы оның қажеттіліктерінен, қызығуларынан, идеалы, сенімі, іс-әректе пен мінез-құлықтың мотивтері және дүниетанымынан құрылады. Жеке адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас процесінде қалыптасады дерлік, ал белсенділік негізі – адамның қажеттіліктері болып табылады. Қажеттіліктер – материалдық, рухани және қоғамдық болады. Қажеттіліктер іс-әрекетке итермелейтін мотивтерден көрінеді (кәсіп таңдауда – қабілеттіліктеріне, қызығуларына, мамандықтың жоғары сапасына, еңбек ақсының жоғарылығына). Адамның қызығулары қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Адам бағытының көрінісі эмоциялардан және танымдық қажеттіліктерден туады. Қызғудың өзі танымдық, эмоцияналдық және еріктік компоненттерден тұрады. Танымдық – таным процестеріне, еріктік – қызығуларды іске асыруда көрінеді, эмоциялық – жағымды, жағымсыз сезімдерде көрінеді. Қызығудың түрлері де қажеттіліктер сияқты материалдық (киім-кешек), рухани (ғылымға, өнерге танылу) және қоғамдық кәсіптік (қоғамдық жұмысқа) болады.

Қызығу жанама және тікелей қызығу болып бөлінеді.

Тікелей - іс-әрекеттің (шахмат ойнау, кітап) өзіне қызығу, жанама – іс-әрекет нәтижесінде (оқуды бітіру, білім алу) қызығу.

Қызығулар, жан-жақты, тұрақты деңгейімен анықталады. Жеке адам құрылымында дүниетаным, сенім және иеал маңызды орын алады, ол ғылымилық, жүйелілік, логикалық дәйектілік пен дәлелдік, жалпылау және нақтылау деңгейі, іс-әрекет пен мінез-құлық байлнаыстарынан көрінеді (адамның білімінің, ақыл-ой деңгейінің тереңдігіне, адамгершілік қасиеттеріне байланысты).

Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық пен айқын бағыттылық және сезімдермен тығыз байланысты (адамгершілікке сену, құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан тыс түрткілер адамның (құмарту) ынтығу (асқа, жыныстық ынтығу) және бағдар. Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады.



Негізгі ұғымдар: «адам» «жеке адам», «даралық», бағыттылық, мінез, қарым-қатынас, вербальды, вербальды емес, коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.«Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», «даралық» түсініктеріне анықтама беріңіз.

2.Жеке адамның психологиялық құрылымын ашыңыз.

3.Адамның өмірінде орын алатын еңбек пен қарым-қатынастың мазмұнын ашыңыз.

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 2010

2. Алдамұратов Ә.. Жалпы психология. А., 2011.

3. Немов Р.С. Психология. М., 2010

4. Столяренко Л.Д. Основы общей психологии. М., 1995

5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1987.

6. Психология личности :учебное пособие /Н.С.Шадрин / - 2012



Тақырып. Қарым-қатынас пен топтар психологиясы

Дәріс жоспары:



  1. Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.

  2. Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері.

  3. Топ және тұлға. Шағын топтардың жіктелуі.

  4. Топтық әсер ету механизмдері.

  5. Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қарым-қатынас психологиясының негізі келіссөздер мен сұхбаттарды тиімді жүргізудің сәттерін айқындау мүмкіндігі және оны практикада қолдану, сұхбат жүргізгенде психологиялық тұрғыдан сауатты болу, тиімді қарым-қатынас туралы білімдер жүйесін қалыптастыру болыа табылады.

Сұхбат жүргізу мәселесі қазірде қарым-қатынас психологиясын оқытудағы көкейкесті мәселе болып отыр. Соңғы жылдары қарым-қатынас психологиясы көптеген ғылымдардың пәні болып отыр. Онымен философтар да, социологтар да, экономистер де, заңгерлер де, педагогтар да айналысады.

Күнделікті өмірде адамдар арасында қарым-қатынастың әртүрі (махаббат, достық, іскерлік қарым-қатынастар) пайда болады және осы қарым-қатынастың негізінде қарым-қатынас психологиясы жатыр. Қарым-қатынас психологиясының процесі адамға өзіндік жеке даралыққа жету үшін, қоғамды мойындату және өз орнын нақтылау үшін қажет. Осы күндері көптеген кітаптар мен мақалалар қарым-қатынас психологиясына арналуда.

Қарым-қатынас психологиясы қарым-қатынаста адамға жаңа импульс, қуаныш, рахаттану береді және адамды кәсіптік қызметте жаңа биіктерге, деңгейлерге көтереді.

Қарым-қатынас – адамдар арасындағы қалыптасуындағы және дамуындағы күрделі, көп деңгейлі процесс. Нәтижесінде адамдар бір-бірінен ақпараттар алмасады, қабылдайды. Адамдармен қарым-қатынас – бұл ғылым және өнер. Мұнда білім де, табиғи мүмкіндіктер де өте маңызды.

Әртүрлі адамдар мен жануарлардың өмір сүруін қарастыра отырып, біз оның екі жағын байқаймыз: табиғатпен байланыс және тірі денелермен байланыс. Бірінші түрін қызметтің түрі деп қарастырдық. Ал, байланыстың екінші түрін организдердің организмдермен ақпарат алмасатын байланысы, өзара әрекеті деп сипаттайды. Бұл түрді «қарым-қатынас» деп атайды.

Қарым-қатынас барлық тірі организмдерге тән, бірақ адам деңгейіндегі ол ең жоғары кемелденген түрге ие болады. Қарым-қатынаста келесі аспектілер бөлінеді: мазмұн, мақсат және амал-тәсіл.



Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқа адамдармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды табиғи, референттік болып бірнеше түрге бөлінеді.

Кез келген топтың сайлап алатын не белгілеп қойған жетекшісі болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшыларының жетекшілігімен әр алуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы негізінен жетекшіге байланысты.

Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастары да түрліше болып келеді. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара жәрдем беруі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әректетеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы.

Құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа бағытталады. Шағын топ мүшелірінің саны екі-үш адамнан құралып, әрісі 30-40 адамнан аспауы тиіс.

Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оны ңбір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлінеді.

Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сай әр түрлі сипаттағы іскерлікқатынастар ойнайды. Ондай қатынастардардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтардды (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жайт мондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.

Формасыз (бей ресми) топ – бұл ұнату, ортақ көзқарас сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу.

Әртүрлі деңгейегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап ғана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі –ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топты ңпсихологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайларды ңорын тебуінен туындайды.

Әр адам топта қандай болмасын топта белгілі бір рөл атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды.

Топтағы аддамдарды танып-білу, басқару мәселесі «психологиялық үйлесім» ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымддағы ортақ ісің табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтағыларды ңбір-бірімен үйлесімділігі жасрасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса – онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, біреудің мінезін екіншісі ұнатпайтын жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді.

Негізгі ұғымдар: топ, ұжым, шағын топ, бастапқы топ, шартты топ, нақты топ, лидер, тұлғааралық қарым-қатынас, жеке қатынас, дара қатынас, формалды топ, формалды емес топ, референт топ.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Топ дегеніміз не?

  2. Ұжым дегеніміз не?

  3. Ұжымның негізгі белгілері қандай?

  4. Лидер деп кімді айтамыз?

  5. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  6. Топтағы және ұжымдағы тұлғағаралық қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 2010

2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 2011.

2. Немов Р.С. Психология. М., 2010.

3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1995

5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М.,-2001.

6.Андреева Г.М. Социальная психология.-М., 1996.


Модуль 3. Танымдық үрдістер психологиясы.
Тақырып. Түйсік. Қабылдау.

Дәріс жоспары:

1.Түйсік және қабылдау жалпы түсінік.

2.Түйсік пен қабылдаудың түрлері, ерекшеліктері мен өзара байланысы.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Түйсік туралы жалпы ұғым

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Тегі, дүние танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.



Түйсіктің физиологиялық негіздері

Түйсіктердің физиологиялық негіздері организмнің арнаулы нервтік механизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам - өзін - өзі басқаратын система. Анализаторлар - сол системаның негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысында өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттап береді. Ми қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализатор арқылы іске асып отыратын кері байланысқа сүйенеді.

Анализаторлар үш бөлшектен құралады:


  1. Перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар);

  2. Өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;

  3. мидағы орталықтар.

Бірінші компоненті-сезім мүшелері (рецепторлар)-әр түрлі құрылған нервтік аппараттар. Олардың міндеті –сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін нервтік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады.

Екінші компоненті-өткізгіш бөлім-сыртқы энергияның сезімтал нерв талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары төмен) жайып отырады. Бұл жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі органдарға өткізеді. Нерв талшықтарының бойымен қозу бір секундтің ішінде 120 метрдей тездікпен өтіп жатады.

Үшінші компоненті – мидағы орталықтар (анализатордың шешуші бөлімі).

Нерв системасындағы басқа бөлімдердің клеткаларының құрылысымен салыстырғанда, бұл орталықтың клеткаларының құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді.


Түйсіктердің түрлері

Түйсіктер, біздің сезім мүшелерімізге байланысты, көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, искеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнешеге бөлінеді. Қай жерде орналасуына, тітіркендіргішті қайдан алуына қарай, рецепторларды үш топқа бөлуге болады:



  1. экстерорецептор;

  2. проприорецептор;

  3. интерорцепторлар.

Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері экстерорцептор деп аталады. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді.

Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі.

Адам денесінің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелері интерорцептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ас қорыту, қан айналыс, тыныс алу басқа да ішкі мүшелерімізде нендей процестер болып жатқанын туралы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды.
Түйсіктердің жалпы заңдылықтары

Түйсіктердің жалпы заңдылықтары туралы әңгіме еткенде оларды екі түрде айырып қарау керек. Біріншісі - түйсіктер мен тітіркендіргіштердің арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар; екіншісі - түйсіктердің сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылқтар.


Сезгіштік және түйсік табалдырықтары

Анализатордың рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердің бәрі бірей түйсік тудыра бермейді. Бұл-түйсіну процесінде түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі-абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсіктің туған кезіндегі тітіркендіргіштердің минималдық мөлшерін айтады.



Қабылдау

Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылау дейді.

Тұтас, мағыналы түрде, затты бейнелеп қабылдау бірнеше түйсіну анализаторлары арқылы іске асады. Түйсінумен салыстырғанда, қабылдаудың айырмашылығы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды тұтастай сәулелендіруінде.

Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттері жекелеп бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осының өзінен қабылдау мен түйсіктің органикалық бірлікте екендігі көрінеді, себебі заттың сипаттары оның өзінен бөлек кездесуі мүмкін емес, заттың өзін оның сипаттарынан бөліп қарауға болмайды. Түйсіктер – қабылдаудың бір бөлігі, қабылдау - түйсіктердің жиынтығы. Бірақ бұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.

Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында (оған бірнеше түйсіктердің кіруінде) емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз. Адам дыбыстың биіктігін, күшін, тембрін түйсініп отырумен қатар, басқа біреудің дауысын, судың сарқырауын, балалардың айқай-шуын, трамвайдың салдарын айырып ұғына алады.

Сауатты адам, транскрипциясында әжептәуір айырмашылық болмағанымен, өзіне меншікті тұтастық ерекшеліктері сақталса болғаны, алфавиттің көрінген әріпін тани алады. Мысалы, А әріпінің танылатын ерекшелігі – ортасынан көлденең сызықпен қосылатын бір-біріне басы түйісіп тұрған екі сызық.

Бұл тоғыз түрлі жазылған әріптің бірінен-бірінің айырмашылығы әжептәуір, сөйте тұрса да оның А әріпі екенін біз қиналмай-ақ тани кетеміз, өйткені жеке элементтерінің бір-біріне қатынасы сақталған.

Әдетте адам қабылдаған объектілерін атап отырады, басқаша айтқанда, бұл процеске екінші сигналдық система да қатысады. Қабылдау процесі бейнелеп отырған затты түсінуді, аңғаруды, адамның өткен тәжірибесімен байланыстыруды тілейді. Бұл айтылғандардан қабылдау процесінің, түйсікпен салыстырғанда, анағұрлым күрделі екендігін көруге болады.


Қабылдаудың физиологиялық негіздері

Қабылдауға байланысты ми қатынастарындағы күрделі нерв процестерінің өзгешелігі әр түрлі рецепторларға бір мезгілде әсер ететін тітіркендіргіштердің комплекстілігінде және бұл рецепторлардың үйлесімді түрде ынтымақтаса жұмыс істеуінде. Бірақ рецепторлардың қозуы- сырттағы заттарды, құбылыстарды анализдеудің бірінші сатысы ғана. Оларды тереңірек талдап, қабылдау дәрежесіне жету үшін мида бұл психикалық процеске негіз болатын уақытша нервтік байланыстар туады. Ми қабығында орналасқан анализаторлардың орталықтары бір-бірімен ұласып жатады.

Қабылдау процесінің физиологиялық негізіне тікелей әсер еткен тітіркендіргіштен туатын жабайы рефлекстер ғана емес, екінші, үшінші, төртінші және одан да жоғары қатардағы рефлекстер қатынасады. Қабылдау тұтас объектіні бейнелей отырып, сол объектінің жеке бөлшектерін де тұрақты, белгілі қатынасымен қабылдайды. Мұндай қатынастың болуы адамға тітіркендіргіштердің сапасынан қол үзуге, объектінің құрылымын қабылдауға мүмкіншілік туғызады. Белгілі таныс әуенді ( мейлі ол ән болсын, рояльда ойнасын немесе скрипкада тартылсын т.б.) біз бірден қабылдап, тани кетеміз. Бұрын бір көрген картинаны оның фотографияға түсірген суретінен де, бояуынан да, гравюрасынан да тану бізге қиындық келтірмейді.

И.П.Павлов айтқандай, организмде тұратын «қатынасқа рефлекс»- қабылдаудың физиологиялық негізінің дәл өзі. Бұл рефлекс үшін сигналдық роль атқаратын тітіркендіргіштердің сипаты емес, олардың бір-бірімен қатынас ерекшеліктері. Мысалы, итке метрономның 120 соғуына ұнамды шартты рефлекс ( тамақпен нығайтылып) жасалады, ал оның 60 рет соғуына ұнамсыз рефлекс (тамақ бермейтін) жасалған. Содан кейін итке жарық тітіркендіргіш қолданылған. Ит 120 рет жарқылдаған жарыққа ғана сілекейін ағызатын болыпты да, 60 рет жарқылдағанда шартты рефлекс туғызбаған. Бұл жағдайда тітіркендіргішті қалай ұсыну шапшаңдығы маңыз алады. Осы секілді фактілер - қатынасқа жасалған рефлекс. Қорытып айтқанда, қабылдаудың физиологиялық негізі ми орталықтарынан қатынасқа рефлекс жасап, уақытша күрделі нервтік байлыныс тудырып отыруында.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет