ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет6/12
Дата02.05.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ерік туралы үғым

Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен кәрінетін сананың реттегіштік жағы — ерік. Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрінеді, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік таныммен байланысты қарастырылады. Сонымен бірге, ерік босатқыш және тежегіш механизм.

Мінез-құлықтың еріктік реттелуі мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы тұрде бағыттау. 1) әрекет үетінде адамның мақсаты елеуеіз болуы мүмкін; 2) кейде әрасан күш жүмсалса да кейбір жайтты ескермегендіктен; «Еңбегі еш кетеді». 3) Кейде ақылды адам дұрыс шешім қабылдайды, бірақ іске асыруы өте қиын. И.М.Сеченов: сезімнің әрекет жағы. Еріктің физиологиялық негіздері - үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл-қозғалысты басқаратын учаеке әрналасқан. Ол ми қыртысының басқа бөліктерімен байланысты. Мысалы: көру талдағышының ми қыртысы үшындағы қозу қимыл-қозғалыс учаскесіне беріледі де, онда қозу туғызады. Хабар алған соң қозғалыс клеткалары кез-келген сәтте қимыл жасауға бүйрық бере алады. Бірақ аралықта информацияны жинақтау, өңдеу, талдау бар. Ал бұл 2-сигнал системасы көмегімен іске асады. 2-сигнал байланыстары негізінде адамның саналы іс-әрекеті іске асады. Зейінді реттейді, сезімді туғызады. 2-еигнал байланыстары қимыл-әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады.

Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі,-дейді. И.П.Павлов ерік шартты рефлекстік табиғатқа ие. Еріктік әрекеттер күрделі және қарапайым болып 2-ге бөлінеді.

Қарапайымда — мақсат қою және орындау күрделіде — мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау.

Ерік сапалары әр түрлі: 1) ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.); 2) адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапалары (жеке мүддені қоғам мүддееіне бағындыру); 3) еріктің адам дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, тәртіптілік, жинақылық т.б.).

Ерік сапаларының ішіндегі ең негізгілері: 1) өз бетінше шешім қабылдай білу — ешкімге аландамай, өзінің сана-сезіміне, білім деңгейіне, ақыл-ойына сәйкес шешім қабылдау. Оған қарама-қарсы біреудің сөзіне ергіштік; 2) батылдық - шешімді тез, еш толқусыз қабылдай білу -қарама-қарсы батылсыздық; 3) табандылық - мақсатқа жетуде, кедергілерді жеңіп, әрта жолда тоқтамау. Бірбеткейлікпен шатыстыруға болмайды — көптеген объективті себептерге қарамай, ескермей өз пікірін өзгерте алмау; 4) өзін-өзі игере білу — жалқаулық, қорқынышқа қарамастан алға қойылған мқсатты орындай білу әр түрлі ашу-ыза, қорқыныш, күйзелуді көрсетпеу.

Негізгі ұғымдар: ерік, мақсат, талдау талқылау, түрткілер (мотив), шешім қабылдау; орындау, эмоция, сезім, адамгершілік сезім, интеллектуалды сезім, эстетикалық сезім, аффект, көңіл-күй, стресс, фрустрация.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ерік дегеніміз не?

2.Еріктік әркетті сипаттаңыз.

3.Эмоция дегеніміз не?

4.Сезім дегеніміз не?

5.Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз.

6.Аффект дегеніміз не?

7.Стресс дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993.

2.Жарықбаева Қ. Психология.А., 2010.

3.Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 2010.

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.
Тақырып. Психиқалық қасиеттер. Темперамент. Мінез. Қабілет.

Дәріс жоспары:

1.Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формалды өзара қасиеттері.

2.Темпераменттің мінезді реттеудегі рөлі.

3.Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі.

4.Мінез типологиясы.

5.Қабілет туралы түсінік. Жалпы және арнайы қабілет.

6.Нышандар қабілеттің органикалық алғышарты ретінде. Талант.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Темперамент — нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Адамдардың қозғыштығы, қимыл-қозғалысы, жалпы белсенділігі темпераменттерден көрінеді.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460-365) еңбектерінде айтылған. Гиппократ айтуынша, адамдар мен жануарлар денесінде 4 түрлі сұйық зат бар. Темперамент сол сұйықтардың басымдығына байланысты,-дейді.

1. Денені жылытып тұратын қан басым болса сангвиникалық


(латынша «сангиус» «қан») темпераменті;

2. Шырын басым болса (грекше «флегма» - «шырын») флегматик


темпераменті;

  1. Организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мсланхолс»
    - қара от) темпераменті;

  2. Сары өт (грекше «сһоіс» - өт) басым болса, холерик темпераменті;

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге жарайды,-дейді.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін шартты рефлекетер арқылы ғылыми тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. «Нерв жүйесініңтиптері» деген еңбегінде Павлов былай деп жазды: «Нерв жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу, тежелу процсетерінің 3 негізгі белгісінің (күші, тепе-тендігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Нерв процесінің күші — бүкіл нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жүмыс қабілеттілігінің кәрсеткіші. Күшті нерв жүйесі түрлі тітіркендіргіштерге төзімдікелсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей «мәрт сынып» жатады».

Нерв процесініңтепе-теңдігі — бұл қозу мен тежелудің бұл сайма-сайлығын көрсетеді. бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең келіп, кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болады.

Нерв процесінің қозғалғыштығы — бір процестің 2-ші процеспен алмасу, шапшаңдығы. бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды.

Осылардың ішінде 4 тип жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И.П.Павлов күшті типке, біреуін-әлсіз типке жатқызады.

Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам — холериктерді ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; Флематиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды.

Адам темпераменті эмоциялық, ақыл-ой және ерік процсетерінен көрінеді. (Үйге тапсырма: темпераменттің 4 типінің сипаттамасын конспектілеу).

Күнбе-күнгі өмірде адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дәрекі, батыл не жігерсіз, табанды, ер жүрек не күйгелек болып сипатталады. бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (мәральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Яғни, мінез негізінде жеке адамның мәральдық-еріктік қасиеттеріне жатады. Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Нақты адамның мінезін талқылағанда өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске ала отырып, тәрбиелену бағытын да ескерген дұрыс.


Мінез

«Мінез» гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мағынасы- із қалдыру. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адамның бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойының тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайтынды.

Мінезді классификациялауға алғаш қадам жасаған Платон болатын. Ол мінездің типологиясын этикалық принциптерге сүйене отырып жасады. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген.

ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, орыс медигі әрі педагог П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

И. Кант (18 ғ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сонымен қатар ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайа болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Мінез жөніндегі осында йекі түрлі көзқарас әлі күнге өзара тартыс туғызып келеді.

Ұлттық мінез

Ұлттық мінез адамарддың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың , ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ұлттық мінездің қалыптасуына тарихи, климаттық, географиялық, саяси, экономикалық және т.б. факторлар әсер етеді (жағымды және жағымсыз қасиеттер).

Мінездің физиологиялық негізі. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс беріп отырады. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі - динамикалық стереотип – жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл – жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. (Шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі). Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Бұл нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында.

Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт - жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне орай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:

1. Ойшыл тип – бұл негізінен сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.

2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылылығы.

3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.



Мінездің құрылымы мен қасиеттері. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір тұтас бірлікті мінез құрылымы дейді.

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психологияда мінез топтастырылып мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:

1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілікпен қарау, жалқаулық , немқұрайдылық т.б.

2. Ұжымға, адамдарға қатысты ққасиеттері: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.

3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, , даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік.

4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, салддыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы.

Мінез құрылымындағы қасиеттерге келетін болсақ: 1. Мінезің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамны ңжеке басының белсенділіг. Бұл қасиет мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінезддің тұрақтылығының ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әр түрлі қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.



Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасында байқалады. Адамның өзінің материалдық мұқтаждықтарын қамтамассыз етуі, жұмыссыздығы не болмаса болашаққа деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік – мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Отбасындағы климаттық ахуал балалардың мінезінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.



Мінез және темперамент. Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мсалы, сангвиник басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші бастайды, ал флегматик керісінше өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдадуға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен тез танысын кетеді, оның таныстары өте көп болады, бірақ олардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайды, кейбірін тіптен тез ұмытып та қалады. Темпераменттер адамның ұнамды және ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады.

Түлі іс-әрекеттің жүзеге сауы адам мінезінддегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені адам іс-әрекет үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалай да жеңіп шығу тәсілдерін іздестіреді. Бұл адамның жағымды мінезін ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.


Қабілет

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет мәселесін тереңнен талдаған Б.М. Теплов болды. Оның тұжырымдамасына сәйкес тума қасиет қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:


  1. Іс-әрекетті тез өзгерту.

  2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше керсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сөзім мушелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабыллау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу — баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекстсіз, еңбексі ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.



Нышан және қабілет

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның-қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер көзінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшандық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі — хирург дәрігер, екіншісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с с.Нышанның ерекше түрі адамда жас көзінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нүрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала көзінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік-Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші Қ. П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А. С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математикН. Н. Лузин, биолог Қ. Линией, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т.б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.



Қабілеттің даралық айырмашылығы.Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесін тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағ-дайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркеменер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, кабыса алады.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінін, іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мен өзінің, ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы көзге дейін ел есінде.

Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.

Адам қабілетіндегі дарындылык, пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нә-сір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бүқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.

Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет—адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы — еңбек..



Негізгі ұғымдар: темперамент, меланхолик, сангвигик, флегматик, холерик, мінез, мінез бітістері, жағымды, жағымсыз, кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік, өр-көкіректік, қабілет, икемділік, нышан, талант, дарындылық. данышпандық, арнайы қабылет, жалпы қабілет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темперамент типтерін атаңыз.

3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

4.Мінез дегеніміз не?

5.Мінез бітістері дегеніміз не?

6.Мінездің құрылымын ашыңыз.

7.Мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз.

8.Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

9.Қабілет дегеніміз не?

10.Нышан дегеніміз не?

11.Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

12.Дарындылық түсінігін ашыңыз.

13.Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз
Әдебиеттер:


      1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.

      2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 2011

      3. Жарықбаев Қ.Психология.-А., 2010.

      4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 2010.

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.2000

      6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет