ПОӘК 042-14-3-05. 01. 20. 02/01. 2009 Баспа №120. 02. 2008


Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді



бет7/14
Дата25.04.2016
өлшемі2.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтық инфрақұрылымның элементіне –тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы делдалдық және маркетинг қызметтері, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б жатады.



4- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы?

  2. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері қандай?

  3. Нарықтық шаруашылық қандай мәселелерді шешеді?

  4. Нарықтың атқаратын қызметтері қандай ?

  5. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.



Негізгі қолданылатын әдебиеттер

1. Аубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998

2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002


5-ДӘРІС. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Дәріс мазмұны

  1. Сұраныс және ұсыныс : заңы, факторлары

  2. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

  3. Нарықтық тепе-теңдік.

Нарықтық механизм - сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдер үшін өндіру керек?».

Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.Олардың бірнеше баламалы түрін былай көрсетеді.

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады.Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілетіде өзгеретінін көрсетіп тұр.



Шұжыққа сұраныс

1кг-ң бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг.)

900

3,5

800

4

700

4,5

600

5

500

5,5

400

6

300

6,5

200

7

100

7,5

Тұтынушының таңдау және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз,мысалы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап,таңдауына болады,бірақ оны сатып ақшасы болмаса,онда ол ой іске аспайды.Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзініңсатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады.2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.

Бұл сұраныс кстесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс-бұл тұтынушының,сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету керек,мысалы,күніне,айына,жылына және т.б.

Сұраныс көлемі- сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы,әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардын санын көрсетеді.

Сұраныс қисығы- зертеліп отырған тауардын сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Егер баға 500-ден 600 тенгеге дейін жоғарласа,опда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді.Бағныңтөмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді.Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап,сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керсінші.Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі,жинақталған мүлікпен сатып алушылар және басқалармен қалыптасады. Сұраныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:



мұндағы:-қолдағы тауар көлеміне сұраным;

Б - қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;

Ат- тұрғындардың ақшалай табысы;

Тт- тұтынушының талғамы және талғауы;

Жм- жинақталған мүлік;

Ғ- сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.

Сұраныстың жай-күйіне көптеген: экономикалық сипаттағы, ұлттық, аймақтық сипаттағы, мінез-құлықтық, демографияық, кәсіпқойлық, діни-психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.

Ұсыныс деп тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді:тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың әр бағаға сәйкес келктін тауардың саны.



Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 300теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болады, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарлағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылау ұсыныс көлемін көбейтеді.


Шұжықтың ұсыну көлемі.

1 кг-ң бағасы (теңгемен) Ұсыныс көлемі (1 айға,тонна)

900

8

800

7

700

6

600

5

500

4

400

3

300

2

100

1

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады: Qs=f(p)

Qs- ұсыныс көлемі,(m,кг),

Р- тауардың бағасы,тенге.

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине,бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, дотация мен салық, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілетін ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді.Технологиядан жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.

Тұтыну іс-әрекетінің теориясы.

Сұраныстың негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Алдымен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер(тауар) мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

Сондықтан тұтынушының болатын сипатына, әдетіне, талғамына көңіл-күйі мен хал-жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.



Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф.Визер (1851-1926жж.) ендірді.XIX-шы ғасыр мен XX-шы ғасырдың басында ірі экономистер:Г.Госсен, К.Менгер,У.Джевонс,Л.Вальрас, Р.Аллен, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.

Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраныс төмендеу қасиетіне ие. Бұл заңдылық «шекті пайдалылық кему заңы» деп аталады.



Нарықтағы тепе-теңдік

Әрбір экономикалық модельде тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.

Сұраныс мен ұсыныс қисық сызығының қиылысу нүктесін нарықтық тепе-теңдік деп атайды.Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикадағы диспропорцияның туына алып келеді. Өндііс пен қоғамдық тұтынудағы қозғалыстың баланстанбауын тудырып, әртүрлі жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға заңды түрде алып барады. Нарық бәсекелестігінде тепе-теңдік Е нүктесінде болады.

Егер Ро-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады (Qd=Qs). S және D қисықтарының қиылысу нүктелері тепе-теңдік жағдайы деп аталып,Ðo-теңдестеік бағасын,ал Qo-сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.

Егер нарықта тауардың бағасы P1 деп белгіленсе (P1
Q¾). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік болады.

Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса (P2>Pî), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да (Qd>Qs),нарықтық ұсыныс артықшылығы орын алады.Осы айтылғандар төмендегі 3-кестеде көрсетілген.


3-кесте

Нарықтық жағдай

Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланыс

Нарықтық баға

тепе – теңдік

Qd=Q¾

тепе – теңдік

Тапшылық

Qd>Q¾

төмендейді

Артықшылық

Qd

жоғарылайды

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеру нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Нарықтағы тепе-теңдік Е нүктесінде болған. Сұраныс көбейгеннен кейін (D→D2) тепе-теңдік Е2 нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (D→D1) тепе-теңдік нүктесін Е1 дейін өзгертті.

Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік Е нүктесінде орналасқан. Ұсыныс жоғарлауына (S→S1) байланысты нарықтағы теңдестік жағдайы Е1 нүктесіне жылжиды.

Ұсыныс азайған уақытты (S (→)S2) нарықтағы тепе-теңдік Е2 нүктесінде болады.

Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса онда нақтағы тепе-теңдік Е0 нүтесінен Е1 нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесіне де әр түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, Ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.

Экономикалық теорияда мойындалған нәрсенің бірі – тепе-теңдіктің нарықтық бағасы мәселесін тереңірек түрде ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924жж.), австриялық Ейген Бем-Баверк (1851-1914 жж), Карл Маркс (1818-1883 жж) және швейцарлық Леон Вальрас (1834-1910 жж) еңбектерінде қарастырылған

Икемділік ұғымы.

Нарықтық жағдайларды зерттеген уақытта, сұранысты не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффицентін пайдаланады. Бағаның әсер етуі арқылы сұранымның сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалы коэффиценті. Сондықтан сұраныстың икемділік коэффиценті зерттелгелі отырған сұраныс функциясын факторы бір пайызға өзгерсе онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымының сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш варианты бар:

Біріншісі-бағаның кез-келген өнімге белгілі пайызының төмендеуі ол өнімге сұранымның ұлғаюын (%-түрінде) туғызады және жалпы ақшалай түсімді өсіреді. Бұл сұраным икемді деп аталады.

Екіншісі-бағаның пайыздық (%) мөлшерінің азаюы сұраныстың сондай көп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл-біркелкі икемді сұраныс.

Үшіншісі - бағаның пайыздық төмендеуінен сұраныстың пайыздық ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділік коэффициенті былай белгіленеді - «Е». Егер «Е» көрсеткіші 1-ден көп болса (Е>1), онда сұраныс икемді, ал егер аз болса (E<1), сұраныс икемсіз болады. Икемділік коэффициенті былай анықталады:



мұндағы: - сұраным икемділігінің коэффициенті;

%- сұраным көлемінің өсу пайызы (%);

%Р - бағаның төмендеу пайызы(%).

Ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесінің нарықтық бағаның ұлғаюын сипаттауы ұсыныс икемділігі болып табылады. Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:

мұндағы: -ұсыныс икемділігінің коэффициенті;

%Q- ұсыныс көлемінің өсу пайызы (%);

%P- баға ұлғаюының пайызы (%).



5 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Сұраныс заңы дегеніміз не?

2. Сұраныс қисығықандай факторлардың әсерімен өзгереді?

3. Ұсыныс көлемін не қалыптастырады?

4. Икемділік ұғымы.


Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет