Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі 1 – қадам



бет1/3
Дата18.05.2020
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3
Power Point – та тест тапсырмаларын жасау алгоритмі

1 – қадам.

Ең бірінші пәнді және тақырыпты таңдаймыз. Содан кейін таңдалған пән бойынша сұрақтар құрастырамыз 4 – нұсқа жауаптарымен.



  1. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі қалай аталады?

А) антивирус

В) командалық жүйе

С) операциялық жүйе

Д) қолданбалы программа



  1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал қалай аталады?

А) сканер

В) принтер

С) компьютер

Д) тышкан



  1. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.

А) сканер, принтер, монитор

В) сканер, принтер

С) жүйелік блок, монитор, пернетақта

Д) пернетақта, монитор, принтер



  1. Деректерді өңдеудің, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылығыларды қамтамасыз ететін құрылғы атаңыз.

А) монитор

В) пернетақта

С) жүйелік блок

Д) тышқан



  1. Компьютердің ең басты бөлігі, «миы»

А) тұрақты жады

В) жедел жад

С) процессор

Д) монитор



  1. Шина – бұл .....

А) процессордан келіп түскен ақпараттыарды сигналдарға айналдырады

В) компьютердегі маселелерді шешеді

С) Процессор баска кұрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастыратын кеңарна

Д) компьютердің сырткы кұрылғысы



  1. Қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік беретін жады

А) ішкі жады

В) тұракты жады

С) жедел жады

Д) ішкі, тұракты жады



  1. Енгізу құрылғыларына не жатады?

А) принтер, дисплей, графиксалғыш

В) пернетакта, тышкан, джойстик, олшеу аспаптары, сканер

С) пернетакта, сканер, дыбыс колонкасы

Д) монитор, пернетакта, дыбыс колонкасы



  1. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы калай аталады?

А) сканер

В) принтер

С) дисплей

Д) пернетакта



  1. Алдыңғы символдарды өшіру үшін қолданылатын перне қалай аталады?

А)

В)

С)

Д)


2 – қадам.
1) MS Power Point бағдарламасын іске қосамыз. Іске қосу Microsoft Office MS PowerPoint.

2) Слайд құрып, оны өңдейміз. (фон түсі, шрифт).

3) Слайдқа бірінші сұрақты қоямыз.

4) Түр Құралдар тақтасы Басқару элементтері мәзірін таңдаймыз.


Сурет 1.


5) «Переключатель» элементін таңдап (нұсқағышты үстіне апарып шертеміз), оны слайдқа қоямыз.

Сурет 2.
5) Переключательдің үстіне апарып тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Ашылған контекстік менюден Қасиет бөлімін таңдаймыз.


Сурет 3.
6) Қасиет бөлімінде переключательдегі текстті және түрін өзгертеміз.


Сурет 4.

7) Тағы да үш переключатель қойып, оларға да жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындаймыз.



Сурет 5.


8) Батырма жасаймыз. Ол үшін Басқару элементтерінен батырманы таңдап оны слайдқа қоямыз.

Сурет 6.


8) Батырманың үстіне нұсқағышты апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Қасиет бөлімін таңдап, батырмадағы мәтінді және түрін өзгертеміз.

Сурет 7.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет