Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)



бет2/3
Дата28.04.2016
өлшемі416.17 Kb.
түріРабочая программа
1   2   3

8-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920).

С.Торайғыров шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Айқап» журналындағы қызметінің ақындығына әсер етуі. Бұл кезеңдегі өлеңдерінде («Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не», т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген әсері.

Ақын шығармашылығының сипаты. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандығы. Лирикасы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет қылуға ұмтылуы. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Әлеуметтік теңсіздік мәселесін тереңдей жырлауы.

Көлемді туындыларындағы көркемдік, жанрлық озық үлгілер, «Қамар сұлу» романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы.

«Кім жазықты» романы. Романға үш ұрпақ өмірінің арқау болуы, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдері арасындағы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы және қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның құрлысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары. Екі поэманың өзара үндестігі. Бай мен кедей өмірін салыстырмалы бейнелеу арқылы, әлеуметтік теңсіздік арналарының ашылуы. Поэмаларда әлеуметтік теңсіздіктің қыр-сырына терең бойлау, астарын ашу суреткерлікпен шешімін табатыны. Поэмалардың өзара айырмашылықтары. Олардағы басты кейіпкерлер жан-дүниесіндегі қайшылықтар. Құрылымдық жүйелеріндегі ерекшеліктер.

9-тақырып. Сәбит Дөнентаев (1894-1933).

Өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасы. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі.

Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы. «Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.

Ақынның өлең-фельетондары. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымының кеңдігі. «Көркемтай» әңгімесінің көркемдік жетістігі. Оның прозасының маңыздылығы мен көркемдік ізденістер көрінісі.
10-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938).

Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ санаткер, ірі ғалым-лигвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келегі.

Қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсыновты қазақтың «рухани көсемі» деп тануы. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Оның шығармашылығы. Азаматтық тұлғасы туралы М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы.

Ахмет Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі.

Ахмет өміріндегі «Қазақ» газетінің орны. «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретіндегі саяси-әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақаларының құндылығы.

Поэзиясы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының, адамдарға өзінің бақыты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы.

Аударма саласындағы шығармашылығы. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. жасаған өлең аудармаларының көркемдік жетістіктері. Аударма жинағының белгілі жүйемен құрылуының өзіндік бет-бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені.

Көсемсөз саласындағы еңбегі. «Қазақ» газетінде жарияланған сан алуан тақырыптағы мақалалары («Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б.). Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті ғылымындағы әдебиеттануды қалыптастырушы ғалым ретіндегі орны. «Әдебиет танытқыш» атты кітабының (1926) бұл саладағы тұңғыш еңбек екені. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұғымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері. Оның ХХ ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Оның негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А.Байтұрсынов шығармаылығына деген жаңаша көзқарастар.


11-тақырып. Ғұмар Қарашев (1876-1921).

Ұлт-азатшыл бағыттағы көрнекті қоғам қайраткері екендігі. Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны. Поэзиясында реалистік шындықты жырлау басымдылығы. Тақырыптық тұрғыдан алғанда патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жататыны. өлеңдерінде тек жалаң күресті емес, өнер-білім арқылы жүзеге асатын саяси күресті алға қоятыны.

Дәстүрлі поэзиядағы Дулат, Шортанбай сықылды ел надандығын, өзге елден жұқтырған кесапатты қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, ақынның өзіндік ой айтуы басым екендігі.

Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі, елді мәдениет жолына жетелеуі. «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары. Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»).

Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы.

Ғ.Қарашев поэзиясының өмір-танымға мейлінше тереңдігі. Оның дүние, қоғам және адам, тарих және тарихтағы жеке адам орны туралы толғамдарының терең мәнділігі. Ғұмар Қарашев шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен алар орны.




12-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935). Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931).

Міржақып Дулатовтың ХХ ғасыр бас кезіндегі ірі азаматтық тұлға екендігі. Білімдарлығы. Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. Әр тұста жазғандарының патша тыңшыларының назарына ілінуі. «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз» шығармалары. Баспасөз өміріне араласуы. «Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі. «Қазақ» газеті және Міржақып Дулатұлы. Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі таза проза үлгісіндегі роман жанрының туып, қалыптасуынан алатын аса маңызды орны. Роман тақырыбының өз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы. Кейіпкерлері. Көркемдік ерекшелігі.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.

Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы.

Көсемсөз, аударма салаларында атқарған қызметі. Көсемсөздік мақалаларының молдығы. Ондағы замананың көкейкесті мәселелері көтеріліп, әдебиет пен мәдениетке, тарихқа қатысты құнды материалдар бар екені. М.Дулатовтың қазақтың ұлы тұлғалары жайлы мәліметі мол бірнеше мақалалар жазуы («Хазірет сұлтан», «Хан Абылай», «Абай», «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан», «Ахмет Байтұрсынұлы», т.б.). Әдеби-сын мақалаларының әдебиет сыны тарихындағы орны. Қазақ тілі туралы ой-пікірлері. Жалпы Міржақып Дулатов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы, қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі. Мәдени өмірге, әдебиетке сіңірген еңбегінің ұзақ жылдар бойы жөнсіз бұрмалануы. Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.

«Қарт Қожа», «Ақбілек» романдарымен «Күнікейдің жазығы» повесі. Олардың жанрлық сипаты. Тақырыбы мен идеясы. Жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романдарында тарихи шындық пен көркемдік шешімінің бірлік табуы.

«Қанапия мен Шорбану», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» пьесалары. Олардың қазақ драматургиясындағы орны. Тақырыбы мен идеясы, тартыс сипаты. Қаһарман мен оқиға арақатынасын көрсетудегі ұтымды тәсілдері. Кейіпкерлердің сөзі мен ісіндегі өзіндік шеберлік белгілері.

Аудармашылық қызметі. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларынан аудармалары. Олардың көркемдік деңгейінің жоғарылығы.

Әдебиет мәселелері жайында жазылған мақалалары. «Мағжанның ақындық туралы», «Аударма туралы», т.б. мақалаларында көтерілген әдебиет мәселелері және олардың маңызы мен мәні. Алғашқы мағжантанушы ретіндегі әдебиеттанудағы орны. Әдеби шығарманы талдау, күрделі мәселелерді шешу мәнері.

Ж.Аймауытов шығармашылығы және бүгінгі әдеби процесс. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Ж.Аймауытов шығармашылығы мен қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік үлгілерге тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Ж.Аймауытов әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.


13-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938).

М.Жұмабаевтың Абайдан кейінгі қазақтың ұлы ақыны екені. Ұзақ уақыт ақын шығармашылығына біржақты көзқарастың болуы. Мұның басты себебі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов негізін қалаған азатшыл бағыттан айнымауы болып табылатыны, 20 жылдардағы әдеби айтыстарда өзіндік бағыт ұстануы.

М.Жұмабаевтың сезімнің сыршыл суреткері, лирик ақын екені. Европа әдебиетіндегі ағымдардың ерекшелігін («символизм», т.б.) қазақ әдебиетіне алғашқылардың бірі болып ендіруі. Ақынның махаббат, сезім тақырыптарына жазылған өлеңдеріндегі суреткерлік шеберлігі («Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды – жүзік, айды – алқа ғып берейін», «Шолпан», т.б.). Ақын лирикасындағы ел тағдыры мен жер тағдыры, дала мен қала өмірінің салыстырмалы шындығы. Өмір мен өлім жайлы толғаныстарының терең философиялық түйіндеулермен берілуі. Өлеңдеріндегі саз, әуез, ырғақтың келісімді сипат табуы.

Ақынның көркем аударма саласындағы ізденістері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы өзіндік ерекшеліктері.

М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттық мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудың басымдылығы. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлауға бейімділігі. («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игеруі («Батыр Баян», «Оқжетпестің қасында»). Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желісі мен образдылығы. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі. «Батыр Баян» поэмасында халық трагедиясының жеке бас трагедиясынан жоғары қойылуының мәні. Отандық патриотизмнің жан-дүние, ішкі сезіммен ұштаса жырлануы. Ақынның кейіпкер характерін жасаудағы шеберліктері. Көркем образды ішкі сезім, мінез-құлық, психологиялық иірімдерді ашу арқылы сомдауы.

М.Жұмабаевтың әдеби-сын саласындағы еңбектерінің («Ақан сері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б.) құндылығы. Жалпы М.Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.


14-тақырып. Бернияз Күлеев (1899-1923). Бейімбет Майлин (1894-1938).

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі – Б.Күлеев. Ол романтикалық, реалистік бағыттарда жазған. Бейнелеу тәсілі ретінде астарлау, тұспалдау, перделеу, символдарды аса шебер пайдаланған. Оның өлеңдерін М.Жұмабаев лирикаға толы таңғажайып өлеңдер ретінде айтады. Б.Күлеев шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында айрықша орын алуға тиісті.

Ақын негізінен өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлген. Оның көркемдігін көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестік байқатады. Жазушы поэзиясында ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысады.

Қаламгер шығармашылығының басты тақырыбы - Өмір, Өлім. Оны автор метафораларға, күрделі символдарға орай философиялық тереңдікте бейнелейді. Ақын шығармашылығындағы жастық шақ, табиғат сұлулығы, жыл мезгілдері, махаббат тақырыбы айрықша орын алуы. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары арасынан бұл тақырыпты ерекше тоқтала, тереңдей тебірене жазған М.Жұмабаевтан басқаларды табу қиын екендігі.

Бернияз шығармашылығын зерттеудегі М.Жұмабаев орны. Б.Күлеевтің алуан түрлі, әрі бай, әдеби мұрасынан әзірше бізге белгілісі 200 шығарма. Толғаулар мен балладалар, поэмалар мен айтыстар және де шағын жырларының тосын сұлулығы.

Аудармалары. Пушкин мен Лермонтовтан аударған шығармаларының дәлдігі, поэтикасының түпнұсқаға ерекше жақындығы.



Бейімбет Майлиннің творчестволық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері.Оның поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы.

Бейімбеттің прозалық шығармалары. «Шұғаның белгісі» (1926) повесі. Оның тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының повестері - «Он бес үй», «Қырманда», әңгімелері - «Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы» көрініс тапқан өмір құбылыстары.

«Раушан-коммунист» повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы. «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Аманкелді» драматургиялық шығармалары. Пьесаларындағы («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей») көрініс тапқан ескіліктің қалдықтары, оны сынаудың мәні, жанрлық ерекшеліктері.

Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.
15-тақырып. Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938).

Сәкен Сейфуллиннің творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда», т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», «Қызыл майдан»). Пьесаларының қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері.

Сәкен - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

Ілияс Жансүгіров творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы., тілі. Ақынның образ жасау, мінез даярлау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьесалары. Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған «Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де шап» атты бір актілі пьесалары.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ». Ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасау арқылы Ілияс сатирик жазушы екендігін де танытады.

«Исатай-Махамбет» - жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образдарының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Таврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалауы.

әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны., маңызы.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1-тақырып. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі әдеби-көркемдік ізденістер.

Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. ХХ ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.

ХХғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. ХХғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына орыс, европа классиктерінің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете т.б.) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шәді Жәңгіров, т.б.) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.

2-тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. ХХғ.б. қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістер.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындар. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.



3-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев – діни-ағартушы ақын.

«Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.



Мақыш Қалтаев – діни-ағартушы ақын.

Дастандары. Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазылған туындылары.


4-тақырып. Шәкәрім поэзиясындағы Абай дәстүрі мен жаңашылдық. Шәкәрім поэмаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.

Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.



5-тақырып. Ахмет Байтұрсынов поэзиясындағы азаматтық сарын, азатшыл рух.

«Маса» жинағы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты.

«Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б. Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)
6-тақырып. М.Дулатов шығармаларындағы азатшылдық идея.

«Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.
7-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы.

- С.Торайғыров лирикасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

(«Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не», т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген әсері.

- С.Торайғыров поэмаларындағы әдеби-көркемдік ізденістер.

«Қамар сұлу» романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы.


  • С.Торайғыров романдарының жанрлық ерекшеліктері.

«Кім жазықты» романы. Романға үш ұрпақ өмірінің арқау болуы, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдері арасындағы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы және қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның құрлысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.
8-тақырып. М.Жұмабаев өлеңдеріндегі идеялық-көркемдік ізденістер. М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт-азатшыл идея.

М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттық мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудың басымдылығы. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлауға бейімділігі. («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игеруі («Батыр Баян», «Оқжетпестің қасында»). Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желісі мен образдылығы. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі.



9-тақырып. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының көркемдік жетістіктері. Ж.Аймауытов - әңгіме жанрының шебері.

«Ақбілек» романы. Оның жанрлық сипаты. Тақырыбы мен идеясы. Жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романда тарихи шындық пен көркемдік шешімінің бірлік табуы.

Әңгімелері. Тақырыбы мен идеясы, тартыс сипаты. Қаһарман мен оқиға арақатынасын көрсетудегі ұтымды тәсілдері. Кейіпкерлердің сөзі мен ісіндегі өзіндік шеберлік белгілері.
10-тақырып. С.Сейфуллин лирикаларындағы көркемдік. Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет